Мибрекс (Ривароксабан)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Мибрекс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ривароксабан
Дәрілік түрі, дозасы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 2,5 мг
Фармакотерапиялық тобы
Қан және қан түзу ағзалары. Тромбозға қарсы препараттар. Ха факторының тікелей тежегіштері. Ривароксабан.
АТХ коды В01AF01
Қолданылуы
- ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) бірге жеке немесе АСҚ плюс клопидогрель немесе тиклопидинмен бірге жоғары кардиологиялық биомаркерлері бар жедел коронарлық синдромнан (ЖКС) кейін ересек пациенттерде атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы
- коронарлық артериялар ауруы (ЖИА) бар ересек пациенттерде атеротромбоздық оқиғалардың немесе ишемиялық оқиғалар қаупі жоғары шеткері артериялардың симптоматикалық ауруларының (ШАА) профилактикасы.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
ривароксабанға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық
белсенді клиникалық маңызды қан кету
белсенді немесе жақында емделген асқазан-ішек ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, жақында мидың немесе жұлынның жарақаты, жақында миға, жұлынға немесе көзге хирургиялық араласу, жақында интракраниальді қан кету, өңештің варикозды тамырлары, артериовенозды ақаулар, тамырлы аневризмалар немесе жұлын немесе мидың үлкен тамырларының патологиясы сияқты жаппай қан кетудің маңызды факторы болып саналатын ауру немесе жағдай
басқа антикоагулянттық емге ауысудың ерекше жағдайларын қоспағанда, фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т. б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т. б.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен ілеспелі терапия немесе НФГ орталық веноздық немесе артериялық катетердің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозада енгізілгенде
инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл жасаған пациенттерде ЖКС қатарлас антитромбоциттік терапиясы
геморрагиялық немесе лакунарлық инсульт немесе бір ай ішінде кез келген инсульт алған пациенттерде ЖИА/ШАА ацетилсалицил қышқылымен қатарлас емдеу
В және С класындағы Чайлд-Пью бойынша бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, клиникалық маңызды қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы
жүктілік және емшек емізу кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
ЖКС бар пациенттерде ривароксабанның 2,5 мг тиімділігі мен қауіпсіздігі ацетилсалицил қышқылы немесе ацетилсалицил қышқылы плюс клопидогрел/тиклопидин сияқты антитромбоциттік дәрілермен біріктіріп зерттелген. Прасугрел және тикагрелор сияқты басқа антитромбоциттік дәрілермен бірге қолдану зерттелмеген, сондықтан ұсынылмайды.
Ишемиялық оқиғалардың даму қаупі жоғары ЖИА/ШАА бар пациенттерде 2,5 мг ривароксабанның тиімділігі мен қауіпсіздігі ацетилсалицил қышқылымен үйлескенде ғана зерттелді.
Емдеудің барлық кезеңінде антикоагуляциялық терапияның белгіленген практикасы шеңберінде клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.
Қан кету қаупі
Ривароксабанды қабылдау аясында басқа антикоагулянттарды қолданғандағыдай, қан кету белгілерін анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау қажет. Ривароксабанды қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен пайдалану ұсынылады. Ауыр қан кету дамыған кезде Мибрекс препаратын қабылдау тоқтатылуы тиіс.
Шырышты қабаттардан қан кету (мысалы, мұрын, қызыл иек, асқазан-ішек және несеп-жыныс жолдарынан, оның ішінде патологиялық қынаптық және анағұрлым ауыр етеккірден қан кету) және анемия монотерапия немесе қосарлы антитромбоциттік терапия шыңында ривароксабанмен ұзақ емдеу кезінде жиі байқалды. Стандартты клиникалық бақылаудан басқа, жасырын қан кетуді анықтау және айқын қан кетудің ауырлығын сандық бағалау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық анықтау қажет.
Төменде сипатталған пациенттердің бірнеше қосалқы тобында қан кету қаупі жоғары. Демек, ривароксабанды қосарлы антитромбоцитарлық еммен бірге қан кету қаупі жоғары пациенттерде қан кету қаупі мен ишемиялық құбылыстар профилактикасының басымдықтары арасындағы теңгерім сақталуы тиіс. Сонымен қатар, бұл пациенттер емдеу басталған сәттен бастап қан кету мен анемияның белгілері мен симптомдарын уақтылы анықтау үшін дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.
Гемоглобин деңгейінің немесе артериялық қысымның түсініксіз төмендеуімен қан кету көзін іздеу керек.
Мибрекс препаратымен емдеу экспозицияның күнделікті мониторингін қажет етпейтініне қарамастан, ерекше жағдайларда, мысалы, артық дозаланғанда немесе шұғыл операция кезінде ривароксабан деңгейін Анти-Ха белсенділігінің калибрленген сандық тестінің көмегімен өлшеу клиникалық тұрғыдан орынды болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) қан плазмасындағы ривароксабан концентрациясы едәуір жоғарылауы мүмкін (орта есеппен 1,6 есе), бұл қан кету қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Креатинин клиренсі 15-29 мл/мин ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу кезінде ривароксабанды сақтықпен қолдану қажет. Креатинин клиренсі <15 мл/мин пациенттерде Мибрекс препаратын қолдану ұсынылмайды.
Қан плазмасындағы ривароксабан концентрациясын арттыратын басқа препараттармен қатар ем қабылдап жүрген орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) бар пациенттерді емдеу кезінде Мибрексті сақтықпен қолдану қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Мибрекс азол тобының зеңге қарсы препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен, итраконазолмен, вориконазолмен және позаконазолмен) немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен) жүйелі ем алып жүрген пациенттерде қолдануға ұсынылмайды. Бұл препараттар CYP3A4 және Р гликопротеинінің күшті тежегіштері болып табылады, нәтижесінде бұл препараттар плазмадағы ривароксабан концентрациясын клиникалық маңызды деңгейге дейін (орта есеппен 2,6 есе) арттыруы мүмкін, бұл қан кету қаупін арттырады.
Мибрекс препаратын гемостазға әсер ететін дәрілік препараттарды, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП), ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін немесе серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СКҚСТ) және серотонин мен норепинефринді кері қармау тежегіштерін (СНКҚСТ) алатын пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет. Асқазан-ішек жолының ойық жара ауруының даму қаупі бар пациенттерге тиісті профилактикалық ем жүргізу туралы мәселені қарау керек.
Мибрекс препаратымен АСҚ-мен немесе АСҚ-мен Мибрекс препараты плюс клопидогрел/ тиклопидинмен біріктіріп ем алатын пациенттерге ҚҚСП тағайындау пайда қан кетудің бар қаупінен асып кеткен жағдайларда ғана қаралуы тиіс.
Қан кетудің басқа қауіп факторлары
Басқа да тромбозға қарсы препараттар сияқты, Мибрексті қан кету қаупі жоғары, атап айтқанда, осындай жағдайлары бар пациенттерді емдеу кезінде пайдалану ұсынылмайды:
туа біткен немесе жүре пайда болған қан ұюының бұзылуы;
бақыланбайтын ауыр артериялық гипертония;
қан кетумен асқынуы мүмкін белсенді ойық жараланусыз асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары (мысалы, ішектің қабыну аурулары, эзофагит, гастрит, гастроэзофагеальді рефлюкс);
тамыр ретинопатиясы;
бронхоэктаз немесе анамнезде өкпеден қан кету.
Мибрекс препаратын ЖКС және ЖИА/ШАА бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет:
ацетилсалицил қышқылымен немесе ацетилсалицил қышқылын және клопидогрел/тиклопидинді біріктіргенде Мибрекс қабылдайтын 75 және одан жоғары жаста. Басымдық-қауіп арақатынасын тұрақты негізде жекелей тәртіппен бағалау керек;
ацетилсалицил қышқылымен немесе ацетилсалицил қышқылын және клопидогрел/тиклопидинді біріктіргенде Мибрекс қабылдайтын дене салмағы төмен (< 60 кг);
жүректің ауыр клиникалық айқын жеткіліксіздігімен жүретін ЖИА бар пациенттер. Осы зерттеулер мұндай пациенттердің ривароксабанмен емдеуден аз ғана пайда көретіндігін көрсетеді.
Протездік жүрек клапаны бар пациенттер
Мибрексті жақында аорта клапанын (TAVR) транскатетерлі алмастыруды бастан өткерген пациенттерде тромбопрофилактика үшін пайдалануға болмайды. Жүректің жасанды клапаны бар пациенттерде Мибрекс препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан мұндай пациенттер популяциясында Мибрекс препаратының адекватты антикоагулянттық әсері туралы деректер жоқ. Мұндай пациенттерде Мибрекс препаратымен емдеу ұсынылмайды.
Антифосфолипидті синдромы (АФС) бар пациенттер.
Анамнезінде тромбозы бар, антифосфолипидті синдром диагнозы қойылған пациенттерге ривароксабанды қоса, тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттарды тағайындау ұсынылмайды. Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттармен емдеу К дәрумені антагонистерімен емдеумен салыстырғанда, әсіресе антифосфолипидті антиденелердің барлық үш типінің (жегілік антикоагулянт, кардиолипинге антиденелер және бета-2-гликопротеин-1 антиденелер) позитивтілігі бар пациенттерде қайталанатын тромбоздық оқиғалар жиілігінің артуымен байланысты болуы мүмкін.
Анамнезінде инсульті және/немесе транзиторлы ишемиялық шабуылы бар пациенттер
ЖКС бар пациенттер
Мибрекс препаратын 2,5 мг қабылдау анамнезінде ЖКС және инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуылы (ТИА) бар пациенттерді емдеуде қарсы көрсетілген. Анамнезінде ЖКС және инсульт немесе ТИА бар пациенттердің азында бар шектеулі деректер мұндай пациенттердің емделуден пайда ала алмайтынын көрсетеді.
ЖИА/ШАА бар пациенттер
Геморрагиялық немесе лакунарлық инсульт немесе ишемиялық, лакунарлық емес инсульт алған ЖИА/ШАА бар пациенттерде ривароксабанды қолдану өткен ай ішінде зерттелмеген.
Эпидуральді/жұлын анестезиясы немесе пункция
Жұлын/эпидуральді анестезия немесе жұлын/эпидуральді пункция жүргізу кезінде тромбоэмболиялық асқынулардың профилактикасы үшін тромбозға қарсы дәрілерді қабылдайтын пациенттер эпидуральді немесе жұлын гематомасының даму қаупіне ұшырайды, ол ұзақ немесе тұрақты параличке әкелуі мүмкін.
Мұндай құбылыстардың даму қаупі тұрақты эпидуральді катетерлерді қолданғанда немесе гемостазға әсер ететін препараттарды бірге тағайындағанда одан да артады. Жарақаттайтын немесе қайталанатын эпидуральді немесе жұлын пункциясынан кейін қауіп жоғарылауы мүмкін.
Мұндай пациенттерде неврологиялық бұзылулардың белгілері мен симптомдарын (мысалы, аяқтың ұюы немесе әлсіздігі, қуық немесе ішек дисфункциясы) анықтау мақсатында неврологиялық жағдайды жиі анықтау керек. Неврологиялық тапшылық симптомдары анықталған кезде пациентті жедел диагностикалау және емдеу қажет.
Антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде және тромбоздың профилактикасы үшін антикоагулянттық терапияны қажет ететін пациенттерде нейроаксиалді араласуды жүргізбес бұрын потенциалды пайда мен қауіп арақатынасын бағалау керек. Мұндай жағдайларда ривароксабанды АСҚ-мен немесе клопидогрелмен немесе тиклопидинмен біріктірілген АСҚ қолдану бойынша клиникалық тәжірибе жоқ.
Ривароксабанды бір мезгілде қолдану аясында эпидуральді/жұлын анестезиясын және/немесе жұлын пункциясын жүргізумен байланысты қан кетудің ықтимал қаупін төмендету мақсатында ривароксабанның фармакокинетикалық бейінін ескеру керек. Ривароксабанның антикоагулянттық әсері әлсіз деп бағаланған кезде эпидуральді катетерді немесе белді пункцияны орнату немесе алып тастау жақсы жүргізіледі. Алайда, әрбір пациентте әлсіз антикоагулянттық әсерге қол жеткізудің нақты уақыты белгісіз.
Тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тоқтату керек.
Инвазиялық процедуралар мен хирургиялық араласулар кезінде дозалау жөніндегінұсқаулар
Егер инвазиялық емшараны немесе хирургиялық араласуды жүргізу қажет болса, 2,5 мг Мибрекс препаратын қабылдауды тиісті клиникалық қорытындыдан кейін араласудан кемінде 12 сағат бұрын тоқтату керек. Егер ЖКС бар пациент жоспарлы операцияға дайындалса және тромбоциттерге қарсы әсері жағымсыз болса, тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін қабылдауды препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы нұсқауларға сәйкес тоқтату қажет.
Егер процедураны кейінге қалдыру мүмкін болмаса, қан кету қаупінің жоғарылығын араласудың шұғылдығына қатысты бағалау керек.
Ривароксабанды қабылдауды, егер клиникалық жағдай мүмкіндік берсе және емдеуші дәрігер қол жеткізілген гемостазды адекватты деп бағаласа, инвазиялық процедурадан немесе хирургиялық араласудан кейін мүмкіндігінше тезірек жаңарту керек.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттің жасы ұлғайған сайын қан кету қаупі артады.
Тері реакциясы
Стивенс-Джонсон синдромын/уытты эпидермальді некролизді және DRESS-синдромды қоса, терінің күрделі реакциялары ривароксабанды қолдануға байланысты маркетингтен кейінгі бақылау барысында хабарланды. Пациенттерде мұндай реакциялардың ең жоғары пайда болу қаупі емді бастауға келеді: көп жағдайда алғашқы белгілер емнің алғашқы апталарында пайда болады. Ривароксабанды қабылдауды ауыр формадағы тері бөртпесінің алғашқы пайда болуы кезінде (яғни бөртпенің таралуы, күшеюі және/немесе күлдіреуік түзілуі) немесе шырышты қабықтар тарапынан бөртпенің кез келген белгілері кезінде тоқтату керек.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Мибрекс препаратының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.
Мибрекс препаратының құрамында 1 таблеткаға кемінде 1 ммоль (23 мг) натрий бар,
яғни, іс жүзінде құрамында натрий жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
CYP3A4 тежегіштерімен және гликопротеинмен Р өзара әрекеттесуі
Ривароксабан мен кетоконазолды (тәулігіне 1 рет 400 мг) немесе ритонавирді (тәулігіне екі рет 600 мг) бірге қолдану ривароксабанның орташа тепе-тең AUC 2,6/2,5 есе артуына және препараттың фармакодинамикалық әсерінің күрделі күшеюімен қатар жүретін, қан кетулердің даму қаупінің жоғарылауына алып келетін ривароксабанның орташа Смакс 1,7/1,6 есе ұлғаюына әкелді. Осылайша, мибрекс препаратын кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол сияқты азолға қарсы зеңге қарсы препараттармен немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен жүйелі ем алатын пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Бұл заттар CYP3A4 және гликопротеин Р күшті тежегіштері болып табылады.
CYP3A4 немесе гликопротеин Р қатысуыммен ривароксабанды шығару жолдарының біреуін ғана қатты бәсеңдететін дәрілік заттар плазмадағы ривароксабанның концентрациясын аз дәрежеде арттырады деп күтілуде.
Мысалы, CYP3A4 күшті тежегіші және гликопротеинінің Р орташа тежегіші болып саналатын кларитромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг) орташа AUC 1,5 есе және Смакс. ривароксабан 1,4 есе ұлғаюына себеп болды. Кларитромицинмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде ықтимал маңызды болуы мүмкін (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін).
Эритромицин (тәулігіне 3 рет 500 мг), орташа басым CYP3A4 және гликопротеин Р, орташа AUC және Смакс ривароксабанның 1,3 есе ұлғаюын туындатты. Эритромицинмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде маңызды болуы мүмкін.
Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицин (тәулігіне үш рет 500 мг) қабылдау бүйрек функциясы қалыпты адамдармен салыстырғанда ривароксабанның орташа AUC 1,8 есе және Смакс. 1,6 есе жоғарылауын туындатты.
Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицин қолдану бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда орташа AUC 2,0 есе және Смакс 1,6 есе жоғарылауын туындатты. Эритромициннің әсері бүйрек жеткіліксіздігінің әсерін күшейтеді.
CYP3A4 орташа тежегіші болып саналатын флуконазол (тәулігіне бір рет 400 мг) ривароксабанның орташа AUC 1,4 есе ұлғаюына және орташа Cmax 1,3 есе ұлғаюына әкеледі. Флуконазолмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде ықтимал маңызды болуы мүмкін (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін).
Дронедаронды қолдану бойынша қолда бар клиникалық деректер шектеулі, сондықтан оны Мибрекс препаратымен бірге қолданудан аулақ болу керек.
Антикоагулянттар
Эноксапаринді (40 мг бір реттік доза) және ривароксабанды (10 мг бір реттік доза) біріктіріп қолданғаннан кейін Ха белсенділіктің күшеюі байқалды, бұл қанның ұюына тесттердің қосымша өзгерістерімен (протромбиндік уақыт, ІБТУ) қатар жүрмеді. Эноксапарин ривароксабанның фармакокинетикасына әсер етпеді.
Қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты пациенттер Мибрекс препаратын басқа антикоагулянттармен бірге қолданғанда сақ болу керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) / тромбоциттер агрегациясының тежегіштері
Ривароксабанды 15 мг дозада және напроксенді 500 мг дозада бірге тағайындағаннан кейін қан кету уақытының клиникалық мәнді ұзаруы байқалмады. Дегенмен, жекелеген адамдарда анағұрлым айқын фармакодинамикалық жауап болуы мүмкін.
Ривароксабанды және ацетилсалицил қышқылын 500 мг дозада бірге қолданғанда клиникалық маңызды фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Ривароксабан 15 мг және клопидогрел (екпінді дозасы 300 мг, содан кейін 75 мг демеуші доза) арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ, алайда кейбір пациенттерде тромбоциттердің агрегациясымен және Р-селектин деңгейімен немесе GPIIb/IIIa рецепторларының деңгейімен өзара байланыспаған қан кету уақытының елеулі ұлғаюы анықталды.
ҚҚСД (ацетилсалицил қышқылын қоса) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек, өйткені бұл препараттар, әдетте, қан кету қаупін арттырады.
Серотонинді/серотонинді-норэпинефринді кері қармаудың
селективті тежегіші (СКҚСТ/СНКҚТ)
Басқа антикоагулянттар жағдайындағыдай, тромбоциттерге әсер етуінен СКҚСТ-мен немесе СНКҚСТ-мен бірге қолданған жағдайда пациенттердің қан кету қаупі жоғары болуы ықтимал. Ривароксабанды клиникалық бағдарламада бір мезгілде қолданғанда емдеудің барлық топтарында үлкен және шағын клиникалық маңызды қан кетулердің неғұрлым жоғары жиілігі байқалды.
Варфарин
Пациенттердің К дәрумені антагонисті варфариннен (ХҚҚ 2,0-ден 3,0-ге дейін) ривароксабанға (20 мг) немесе ривароксабаннан (20 мг) варфаринге ауысуы протромбиндік уақытты/ХҚҚ (Неопластин реагенті) әсерлерін қарапайым жинақтау кезінде күткеннен көп дәрежеде арттырды (ХҚҚ-ның жекелеген мәндері 12-ге жетуі мүмкін), ал ІБТУ-ға әсер ету, Ха фактор белсенділігі мен тромбиннің эндогендік потенциалын бәсеңдету кезінде жинақталды.
Осындай өтпелі кезең кезінде ривароксабанның фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болғанда варфарин әсер етпейтін қажетті тест ретінде анти-Ха белсенділік, PiCT және HepTest анықтамаларын пайдалануға болады.
Варфаринді тоқтатқаннан кейінгі 4-ші күннен бастап талдаулардың барлық нәтижелері (соның ішінде ПУ, ІБТУ, анти-Ха белсенділік факторы және ТЭП (тромбиннің эндогендік потенциалы)) ривароксабанның әсерін ғана көрсетеді.
Өтпелі кезең кезінде варфариннің фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болғанда C0 ривароксабан (Мибрекс препаратының алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағат өткен соң) аясында ХҚҚ анықтамасын пайдалануға болады, өйткені ривароксабан осы кезеңде осы көрсеткішке ең аз әсер етеді.
Варфарин мен ривароксабан арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалмаған.
CYP3A4 индукторлары
Ривароксабан мен CYP3A4 рифампициннің күшті индукторын бірге тағайындау ривароксабанның орташа AUC шамамен 50%-ға төмендеуіне және оның фармакодинамикалық әсерінің қатар азаюына әкелді. Ривароксабанды басқа күшті CYP3A4 индукторларымен (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе тесілген шайқурай) бірге қолдану ривароксабанның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Тромбоз белгілері мен симптомдарына қатысты пациентті мұқият бақылаусыз, CYP3A4 күшті индукторларымен бірге Мибрекс препаратын тағайындаудан аулақ болу керек.
Басқа қатар жүретін ем
Ривароксабан мен мидазолам (CYP3A4 субстраты), дигоксин (гликопротеин Р субстраты) немесе аторвастатин (CYP3A4 субстраты және гликопротеин Р) немесе омепразол (протонды помпа тежегіші) арасында клиникалық маңызды фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Ривароксабан CYP3A4 сияқты CYP цитохромының негізгі изоферменттерін тежемейді немесе индукцияламайды.
Ривароксабанның тамақпен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.
Зертханалық параметрлер
Ривароксабан әсер ету механизмінің арқасында қанның ұю параметрлеріне (ПУ, ІБТУ, HepTest) әсер етеді деп күтілуде.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Ривароксабанның жасөспірімдердегі қауіпсіздігі 18 жасқа дейінгі балалар мен мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Сондықтан Мибрекс балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Ривароксабанның жүкті әйелдерді емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Потенциалды репродуктивті уыттылықты, қан кету қаупін және ривароксабанның гематоплацентарлық тосқауыл арқылы өтуінің дәлелдерін ескере отырып, ривароксабан жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге Мибрекс препаратымен емдеу кезеңінде жүктіліктің басталуынан аулақ болу керек (Мибрекс препаратымен емдеу кезеңінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану).
Ривароксабанның емшек сүтін емізу кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Мибрекс емшек емізу кезінде қарсы көрсетілген. Емшек емізуді тоқтату немесе емдеуді тоқтату/шегеру туралы шешім қабылдануы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ривароксабан автокөлік пен механизмдерді басқару қабілетіне аз әсер етеді. Бас айналуы немесе естен тану жағдайлары туралы хабарланды. Осындай реакциялар байқалған пациенттер автокөлікті немесе механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 2 рет 2,5 мг Мибрекс препаратының 1 таблеткасын құрайды.
Жедел коронарлық синдромнан (ЖКС) кейін ересек пациенттерде атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы
Тәулігіне 2 рет 2,5 мг Мибрекс қабылдайтын пациенттерге ацетилсалицил қышқылын 75-100 мг тәуліктік дозада немесе ацетилсалицил қышқылын 75 мг тәуліктік дозада клопидогрелмен немесе стандартты тәуліктік дозада тиклопидинмен біріктіріп 75-100 мг тәуліктік дозада қабылдау керек.
Жүргізілген емді әрбір пациентте ишемиялық оқиғалар мен қан кетулердің даму қаупі арасындағы теңгерім тұрғысынан жеке тәртіппен тұрақты бағалау керек. Емдеуді 12 айдан астам кезеңге ұзарту жеке тәртіппен жүргізілуі тиіс, өйткені 24 айға дейін қолдану тәжірибесі шектеулі.
Мибрекс 2,5 мг препаратымен емдеу реваскуляризация бойынша процедураларды қоса, ЖКС-мен байланысты жағдай тұрақтанғаннан кейін мүмкіндігінше ерте басталуы тиіс. Мибрекс препаратын қабылдауды пациент стационарға түскеннен кейін 24 сағаттан кейін ғана және парентеральді антикоагулянттармен емдеу әдетте тоқтатылғанда бастаған жөн.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) немесе шеткері артериялардың симптомдық ауруы (ШАА) бар ересек пациенттерде атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы
Тәулігіне 2 рет 2,5 мг Мибрекс қабылдайтын пациенттерге ацетилсалицил қышқылын 75-100 мг тәуліктік дозада қабылдау керек.
Жүргізілген емді әрбір пациентте ишемиялық оқиғалар мен қан кетулердің даму қаупі арасындағы теңгерім тұрғысынан жеке тәртіппен тұрақты бағалау керек.
Жедел тромботикалық құбылысы немесе қосарланған антитромбоциттік терапияны қажет ететін тамырларға араласу қажеттілігі бар пациенттерде тромбоздық құбылыстың немесе емшараның түріне, сондай-ақ алынатын антитромбоциттік терапияның түріне байланысты күніне екі рет 2,5 мг Мибрекс препаратын қабылдауды жалғастыру қажеттілігін бағалау керек.
Ацетилсалицил қышқылымен және клопидогрелмен немесе тиклопидинмен біріктіріп күніне екі рет қабылдаған кезде 2,5 мг ривароксабанның қауіпсіздігі мен тиімділігі жақында ЖКС бастан өткерген пациенттерде ғана зерттелген. ЖИА немесе ШАА бар пациенттерде күніне екі рет 2,5 мг ривароксабанды қабылдаумен біріктірілімде қосарлы антитромбоцитарлық терапияны қолдану зерттелмеген.
ЖИА немесе ШАА диагнозы қойылған пациенттерге күніне екі рет 2,5 мг Мибрекс препаратымен ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп емдеу күніне бір рет 75-100 мг кез келген уақытта басталуы мүмкін.
Таблетканы қабылдауды өткізіп алған жағдайда келесі жоспарланған қабылдау уақытында Мибрекс препаратының 2,5 мг ұсынылған дозасын тұрақты қабылдауды жалғастыру қажет. Өткізіп алған доза жағдайында қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.
К дәруменінің антагонисттерінен (КДА) Мибрекске ауысу
КДА-дан Мибрекске пациенттер ауысқан кезде, Мибрекс препаратын қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәндері жалған жоғарылауы мүмкін. ХҚҚ мибрекс препаратының антикоагулянттық белсенділігін анықтау үшін жарамайды, сондықтан оны осы мақсатта қолдануға болмайды.
Мибрекс препаратынан К дәруменінің (КДА) антагонистеріне ауысу
Мибрекс препаратынан КДА-ға ауысқан кезде антикоагулянттық әсердің жеткіліксіз болу мүмкіндігі бар. Басқа антикоагулянтқа ұқсас ауысу кезінде үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық емдеуді қамтамасыз ету қажет. Ривароксабан ХНО жоғарылауына ықпал етуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Мибрекс препаратынан КДА-ға ауысқан кезде Мибрексті ХҚҚ ≥2,0 көрсеткішке жеткенге дейін КДА-мен бір мезгілде қабылдау керек. Өтпелі кезеңнің алғашқы екі күні ішінде ХҚҚ анықтамалары негізінде КДА дозасын кейіннен тағайындай отырып, КДА стандартты бастапқы дозасын қолдану керек. Мибрекс және КДА, ХҚҚ препараттарын бір мезгілде қабылдау кезінде алдыңғы дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан кейін ғана, бірақ Мибрекс препаратының келесі дозасын қабылдау алдында анықтаған жөн. Мибрекс препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ-ны сенімді анықтауды препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағаттан соң жүргізуге болады.
Парентеральді антикоагулянттардан Мибрекске ауысу
Парентеральді антикоагулянттар алатын пациенттер үшін парентеральді антикоагулянтты тоқтату және парентеральді препаратты келесі жоспарлы енгізу сәтіне дейін 0 2 сағат бұрын (мысалы, төмен молекулалы гепарин) немесе парентеральді препаратты үздіксіз енгізу тоқтатылған сәтте (мысалы, фракцияланбаған гепаринді вена ішіне енгізу) Мибрекс қабылдау керек.
Мибрекс препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу
Мибрексті тоқтатып, Мибрекс препаратының келесі дозасы қабылданған сәтте парентеральді антикоагулянттың бірінші дозасын енгізген жөн.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ривароксабанды қолдану туралы шектеулі клиникалық деректер (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) плазмадағы ривароксабан деңгейінің елеулі жоғарылауын көрсетеді. Осыған байланысты Мибрексті пациенттердің осы тобында сақтықпен қолдану қажет. Креатинин клиренсі <15 мл/мин пациенттерде Мибрекс препаратын қолдану ұсынылмайды.
Креатинин клиренсі 50-80 мл/мин жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі немесе креатинин клиренсі 30-49 мл/мин орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Мибрекс препаратының дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Мибрекс препаратын қолдану Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В және С класындағы бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, коагулопатиямен және клиникалық маңызды қан кетудің даму қаупімен бірге жүретін бауыр аурулары бар пациенттерде қарсы көрсетілген.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес. Пациенттің жасына байланысты қан кету қаупі артады.
Дене салмағы
Дозаны түзету қажет емес.
Жынысы
Дозаны түзету қажет емес.
Балалар мен жасөспірімдер
Ривароксабанның жасөспірімдердегі қауіпсіздігі 18 жасқа дейінгі балалар мен мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Сондықтан Мибрекс балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдау үшін. Мибрексті тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблеткаларды тұтасымен жұта алмайтын пациенттер үшін таблетканы тікелей қабылдағанға дейін сумен немесе алма езбесі сияқты жеңіл тағаммен араластырып, ішуге болады.
Ұсақталған таблетканы асқазан зонды арқылы енгізуге болады. Мибрекс препаратын қолданар алдында асқазанда зондтың дұрыс қойылуын растау керек. Ұсақталған таблетканы асқазан зонд арқылы судың аз мөлшерімен бірге енгізу керек, содан кейін оны сумен жуу керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Ривароксабанды 600 мг-ға дейін қабылдаған кезде артық дозаланудың сирек жағдайлары қан кетулердің немесе басқа да қолайсыз реакциялардың дамуынсыз тіркелді. Шектеулі сіңуіне байланысты емдік дозадан асатын, 50 мг және одан жоғары дозаларды қолдану кезінде препарат концентрациясының төмен деңгейлі платоны оның қан плазмасындағы экспозициясын одан әрі ұлғайтпай дамыту күтілуде.
Андексанет альфа ривароксабанның фармакодинамикалық әсерін бейтараптандыратын спецификалық антидот (немесе кері әсер ететін препарат) болып табылады (андексанет альфа дәрілік заттың жалпы сипаттамасындағы ақпаратты қараңыз). Артық дозаланған жағдайда ривароксабанның сіңуін төмендету үшін белсендірілген көмірді пайдалануға болады.
Қан кету кезіндегі тактика
Егер ривароксабан алатын пациентте қан кету түрінде асқыну пайда болса, препаратты келесі қабылдауды кейінге қалдыру немесе қажет болғанда тоқтату керек. Ривароксабанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5-13 сағатты құрайды. Емдеу қан кетудің ауырлығына және орналасуына байланысты жекелей болуы керек. Қажет болса, тиісті симптоматикалық емді қолдануға болады, мысалы, механикалық компрессия (мысалы, мұрыннан ауыр қан кету), қан кетуді тоқтату процедураларымен хирургиялық гемостаз, сұйықтықты толтыру және гемодинамикалық демеу, қан препараттарын ауыстырып құю (эритроциттік масса немесе жаңа мұздатылған плазма, қатар жүретін анемия немесе коагулопатияның болуына байланысты) немесе тромбоциттер.
Егер жоғарыда аталған іс-шаралар қан кетудің тоқтауына әкелмесе, ривароксабанның фармакодинамикалық әсерін бейтараптандыратын Ха фактордың (андексанет альфа) әсерін тежейтін кері әсер ететін ерекше препаратты тағайындауды немесе протромбин кешенінің концентраты (КҚК), активтендірілген протромбин кешенінің концентраты (ПКК) немесе рекомбинантты VIIa факторы (рФVIIa) сияқты кері әсер ететін ерекше прокоагулянтты препараттарды тағайындауды қарастыру керек. Алайда, қазіргі уақытта ривароксабан қабылдайтын пациенттерде осы препараттарды қолдану тәжірибесі шектеулі. Ұсыныс та шектеулі клиникалық емес мәліметтерге негізделген. рФVIIa қайта енгізу және титрлеу қан кетудің оң динамикасына байланысты қарастырылуы тиіс. Үлкен қан кету жағдайында жергілікті деңгейде қол жетімділікке байланысты коагулолог маманының консультациясын алу туралы мәселені шешу керек.
Протамин сульфаты мен К дәрумені ривароксабанның ұюға қарсы белсенділігіне әсер етпейді деп күтілуде.
Транексам қышқылын қолданудың тәжірибесі шектеулі және ривароксабан алатын пациенттерде аминокапрон қышқылы мен апротининді қолдану тәжірибесі жоқ.
Ривароксабан қабылдайтын пациенттерде десмопрессин сияқты жүйелі гемостатикалық препараттарды қолданудың орындылығының ғылыми негіздемесі немесе тәжірибесі жоқ. Қан плазмасы ақуыздарымен қарқынды байланысты ескере отырып, диализ жүргізу кезінде ривароксабан шығарылмайды деп күтілуде.
Мибрекс препаратын қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
анемия (тиісті зертханалық көрсеткіштерді қоса)
бас айналуы, бас ауруы
көзге қан құйылу (конъюнктиваға қан құйылуын қоса)
артериялық гипотензия, гематома
мұрыннан қан кету, қан түкіру
Қызыл иектің қанағыштығы, асқазан-ішектен қан кету (ректальді қан кетуді қоса), асқазан-ішек жолы аумағындағы ауырсыну, диспепсия, жүрек айнуы, іш қату А, диарея, құсу А.
трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
қышу (жалпыланған қышудың сирек жағдайларын қоса), бөртпе, нүктелік қан кетулер, тері және тері астындағы қан кетулер
аяқ-қолдың ауыруы А
урогенитальді жолдан қан кету (гематурия мен меноррагияны B қоса), бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин концентрациясының жоғарылауын, мочевина концентрациясының жоғарылауын қоса)
қызба А, шеткері ісіну, жалпы бұлшықет күші мен тонусының төмендеуі (әлсіздік пен астенияны қоса)
Жүргізілген процедуралардан кейінгі қан құйылулар (операциядан кейінгі анемия мен жарадан қан кетуді қоса), қан тебу, жарадан ағып кету A
Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін)
тромбоцитоз (тромбоциттер санының ұлғаюын қоса)А, тромбоцитопения (тромбоциттер санының төмендеуі)
аллергиялық реакция, аллергиялық дерматит, ангионевроздық ісіну және аллергиялық ісіну
миішілік және бассүйекішілік қан құйылу, естен тану
тахикардия
ауыздың құрғауы
бауыр функциясының бұзылуы, билирубин, сілтілік фосфатаза А, гамма-глутамилтрансфераза (ГГТ) А деңгейінің жоғарылауы
есекжем
гемартроз (буынға қан құйылу)
жалпы көңіл-күйдің нашарлауы (дімкәстікті қоса)
лактатдегидрогеназаның (ЛДГ) жоғары деңгейі А, липазаның жоғары деңгейі А, амилазаның жоғары деңгейіА
Сирек (≥ 1/10000-ден <1/1000 дейін)
сарғаю, конъюгацияланған билирубин деңгейінің жоғарылауы (аланинаминотрасфераза (АЛТ) қатарлас жоғарылауымен/онсыз), холестаз, гепатит (гепатоцеллюлярлық зақымдануды қоса)
бұлшықетке қан кету
жергілікті ісіну А
тамыр псевдоаневризмалары С
Өте сирек (< 1/10000)
анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар
Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз, DRESS-синдром
Белгісіз жиілікпен (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
қан кету салдарынан қысылу синдромы (компартмент-синдром)
бүйрек жеткіліксіздігі/бүйректің жеткіліксіз қанмен қамтамасыз етілуіне (гипоперфузия) жеткілікті қан кету салдарынан жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
А: тізе немесе жамбас буынын жоспарлы протездеуден кейін ересек пациенттерде веноздық тромбоэмболияның (ВТЭ) профилактикасы кезінде тіркелді
B: ТГВ мен ТЭЛА емдеу және рецидивтің профилактикасы кезінде < 55 жастағы әйелдерде өте жиі тіркелетін
C: жедел коронарлық синдромнан кейін (тері арқылы араласулар жүргізгеннен кейін) пациенттерде кенеттен өлімнің және миокард инфарктісінің профилактикасында жиі емес ретінде тіркелді.
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Ривароксабан әсерінің фармакологиялық механизмін ескере отырып, оны қолдану кез келген ағзалар мен тіндерден жасырын немесе айқын қан кету қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін, бұл постгеморрагиялық анемияға әкелуі мүмкін. Белгілері, симптомдары және ауырлығы (өліммен аяқталуды қоса) қан кетудің және/немесе анемияның орналасқан жеріне және ауырлық дәрежесіне немесе ауқымдылығына байланысты өзгереді.
Шырышты қабаттардан қан кету (мысалы, мұрын, қызыл иек, асқазан-ішек, несеп-жыныс жолдарынан патологиялық қынаптық және күшейтілген етеккірден қан кетуді қоса) және анемия K дәрумені антагонистерімен (КДА) емдеумен салыстырғанда ривароксабанмен ұзақ емдеу кезінде жиі байқалды. Сондықтан, тиісті клиникалық тексеруден басқа, қажет болғанда жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық анықтау және айқын қан кетудің клиникалық маңыздылығын сандық бағалау маңызды болуы мүмкін.
Қан кетудің даму қаупі пациенттердің кейбір топтарында, мысалы, бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензиясы бар және/немесе гемостазға әсер ететін препараттармен қатар ем қабылдайтын пациенттерде жоғарылауы мүмкін. Етеккірлік қан кету ұзағырақ және қарқынды болуы мүмкін. Геморрагиялық асқынулар әлсіздік, бозару, бас айналуы, бас ауыруы, түсініксіз ісіну, ентігу немесе түсініксіз шок күйінде көрініс табуы мүмкін. Кейбір жағдайларда анемияға байланысты миокард ишемиясының белгілері байқалды, мысалы, төс артындағы ауырсыну немесе стенокардия.
Ауыр қан кету салдарынан Мибрекс препаратын қолданғанда компартмент-синдром және гипоперфузия нәтижесінде бүйрек жеткіліксіздігі сияқты белгілі асқынулар тіркелді. Сондықтан антикоагулянттар алатын кез-келген пациенттің жағдайын бағалау кезінде қан кету мүмкіндігін қарастырған жөн.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – ривароксабан 2,5 мг,
қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза, 2910 типі (5 мПа), магний стеараты;
қабық: гипромеллоза, 2910 типі (6 мПа), титанның қостотығы (Е171), лактоза моногидраты, макрогол, 3000 типі, триацетин, аллюра қызыл АС, алюминий лагы (Е129), темірдің сары тотығы (Е172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ашық-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, беті екі дөңес және бір жағында «2.5» нақыштамасы бар таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 немесе 14 таблеткадан Аl/ПВХ/ПВД үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәлімет
"ПОЛЬФАРМА" фармацевтикалық зауыты АҚ
Пельплиньска к-сі 19, 83-200 Старогард Гданьски, Польша
Телефон нөмірі: +48 58 5631600
Факс нөмірі: +48 58 5622353
Электронды поштасы: phv@polpharma.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электронды поштасы: infomed@santo.kz
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электронды поштасы: complaints@santo.kz; phv@santo.kz