Метотрексат Сандоз® (20 мг/ 1 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Метотрексат Сандоз®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Метотрексат
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 7.5 мг/0.375 мл, 10мг/0.5 мл, 15 мг/0.75 мл, 20 мг/1 мл, 25 мг/1.25 мл ерітінді
Құрамы
Инъекцияға арналған 1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - метотрексат (сусыз) 20 мг,
қосымша заттар: натрий хлориді, натри й гидроксиді, инъекцияға арналған су, азот.
Сипаттамасы
Сары түсті мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Фолий қышқылының аналогтары. Метотрексат.
АТХ коды L01BA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдаудан кейін метотрексат асқазан-ішек жолынан сіңеді. Төмен дозалардағы (7,5-тен, дене беткейі ауданы 80 мг/м2 дейін) метотрексаттың сіңуі, орта есеппен, 70%-ға жуық, бірақ 25%-дан 100%-ға дейін елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Сарысуда ең жоғары концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді. Вена ішіне, бұлшықет ішіне және тері астына енгізген кездегі биожетімділігі бірдей. Плазма ақуыздарымен байланысуы 50%-ға жуық.
Тіндерде таралуынан кейін полиглутаматтар түріндегі метотрексаттың жоғары концентрациялары бауырдан, бүйректен және, әсіресе, көкбауырдан табылады, оларда метотрексат бірнеше апта немесе тіпті айлар бойы жиналуы мүмкін. Шағын дозаларда қолданғанда метотрексат тым аз мөлшерлерде ғана жұлын-ми сұйықтығына өтеді; жоғары дозалардағы (дене салмағына 300 мг/кг) метотрексат концентрациялары жұлын-ми сұйықтығында 4 мг/мл-ден 7 мг/мл дейінді құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі, орта есеппен, 6-7 сағатты құрайды және жоғары өзгергіштігімен сипатталады (3-17 сағат). Жартылай шығарылу уақыты қосымша таралу көлемі (плевралық жалқықтың, асциттің болуы) бар пациенттерде орташа мәндерден 4 есе асып кететін шамаларға дейін ұзаруы мүмкін. Метотрексаттың 10%-ға жуығы бауырда метаболизденеді. Негізгі метаболиті – 7-гидроксиметотрексат.
Шумақтық сүзіліс және өзекшелік секреция жолымен өзгермеген күйінде көбінесе бүйрек арқылы шығарылады.
Метотрексаттың 5-20%-ға және 7-гидроксиметотрексаттың 1-5%-ға жуығы өтпен шығарылады. Айқын энтерогепатиттік қан ағымы байқалады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде метотрексаттың шығарылуы едәуір баяулаған.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде метотрексаттың баяу шығарылуы жөнінде деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Метотрексат фолий қышқылының антагонисі болып табылады, антиметаболиттер ретінде белгілі цитоуытты дәрілер класына жатады. Метотрексат ДНҚ синтезіне кедергі жасай отырып, дигидрофолаттар редуктазаларын бәсекелі тежеу арқылы әрекет етеді. Псориазды, псориаздық артритті және созылмалы полиартритті емдеуде метотрексаттың тиімділігі мыналардың қайсысымен жүзеге асқаны анықталған жоқ: метотрексаттың қабынуға қарсы немесе иммуносупрессорлық әсері; сондай-ақ қабыну аймақтарында метотрексат әсерінен туындаған аденозиннің жасуша сыртындағы концентрацияларының жоғарылауына осы әсерлерінің қандай дәреже ықпалын тигізуі.
Қолданылуы
- ересек пациенттердегі ревматоидты артритте
- қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың (ҚҚСП) тиімділігі жеткіліксіз болғанда белсенді түрдегі ауыр ювенильді созылмалы артриті бар пациенттердегі полиартритте
- стандартты емге (соның ішінде фототерапияға, фотохимиотерапияға, ретиноидтарға) резистентті псориаздың ауыр түрлерінде, ересек пациенттердегі псориаздық артриттің ауыр түрлерінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Метотрексат Сандоз препаратын қолдану жөнінде маңызды ескерту: Түзетілмеген доза және Метотрексат Сандоз препаратын дұрыс пайдаланбау өліммен аяқталуды қоса, күрделі жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Медицина қызметкерлері және пациенттер медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығуы және оны нақты орындауы тиіс. Инъекцияға арналған Метотрексат Сандоз препаратының ерітіндісі тек бір реттік қолдануға ғана арналған. Пациенттер Метотрексат Сандоз препараты аптасына тек бір рет енгізілуі тиіс екендігінен (күн сайын енгізуге болмайды) хабардар болуы тиіс. Аптаның «инъекцияға арналған» белгілі бір күні тағайындау ұсынылады. Метотрексат Сандоз препаратын жеткілікті білімі, метаболизмге қарсы ем жүргізу және метотрексатты қолдану тәжірибесі бар маман дәрігер ғана тағайындауы тиіс. Метотрексат Сандоз препаратымен емдеу ұзақтығы ұзақ болады және оны маман дәрігер белгілейді. Метотрексат Сандоз дәрілік затының алғашқы инъекциясы дәрігердің тікелей бақылауымен жүргізілуі тиіс. Метотрексат Сандоз препаратымен емделіп жүрген пациенттерде азырақ кідірген ықтимал уытты әсер белгілерін және жағымсыз әсерлерді анықтау және оларды бағалау үшін тиісінше бақылау жүргізуді жүзеге асыруы керек. |
Ересек пациенттерге Метотрексат Сандоз препаратын тері астына, немесе бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (болюсті инъекция түрінде) енгізеді.
Балаларға және жасөспірімдерге Метотрексат Сандоз препаратын тері астына немесе бұлшықет ішіне ғана енгізеді.
Ересек пациенттердегі ревматоидты артрит:
Метотрексат Сандоз препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы: 7,5 мг аптасына бір рет тері астына, немесе бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (болюсті инъекция түрінде). Аурудың айқындылығына және пациенттерге жағымдылығына байланысты Метотрексат Сандоз препаратының бастапқы дозасы аптасына 2,5 мг-ге біртіндеп арттырылуы мүмкін. Мұндайда ең жоғары доза аптасына 25 мг-ден аспауы тиіс.
Аптасына 20 мг-ден асатын дозаларда қолдану уытты жағымсыз әсерлері жиілігінің едәуір артуымен, әсіресе сүйек кемігі функциясының басылуымен қатар жүреді. Емдеуге жауап әдетте Метотрексат Сандоз препаратын қолдануды бастағаннан кейін 4-8 аптадан соң басталады.
Қалаған емдік нәтижеге қол жеткізгеннен кейін Метотрексат Сандоз препаратының дозасын тиімді өте төмен демеуші дозаға дейін біртіндеп азайтқан жөн.
Ауру симптомдары емдеуді тоқтатқаннан кейін қайта оралуы мүмкін.
16 жасқа толмаған жасөспірімдерде және балаларда ауыр ювенильді созылмалы артриті бар полиартрит:
Метотрексат Сандоз препаратының ұсынылатын дозасы: тері астына аптасына бір рет дене бетінің әр м2 ауданына шаққанда 10-15 мг. Емдеу тиімділігі жеткіліксіз болғанда Метотрексат Сандоз препаратының дозасы тері астына аптасына бір рет дене бетінің әр м2 ауданына шаққанда 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Мұндайда дозаны арттырған жағдайда тексеру жиілігі де сәйкесінше арттырылуы тиіс. Вена ішіне қолдану жөнінде деректер шектеулі болғандықтан, балаларда Метотрексат Сандоз препаратын тері астына қолданған жөн. Пациенттер балалар мен жасөспірімдерді емдеуге маманданған ревматологқа тексерілуі тиіс.
3 жасқа толмаған балаларға, препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректер осы жас тобында шектеулі болғандықтан, препаратты қолдану ұсынылмайды.
Артропатиялық немесе әдеттегі псориаздың ауыр түрлері:
Емдеуді бастаудан бір апта бұрын, жақпаушылық реакциясын анықтау үшін, Метотрексат Сандоз препаратының 5-10 мг тест-дозасын парентеральді түрде енгізу ұсынылады. Метотрексат Сандоз препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы: 7,5 мг аптасына бір рет тері астына, немесе бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (болюсті инъекция түрінде).
Дозаны біртіндеп арттырған жөн, мұндайда метотрексаттың ең жоғары дозасы аптасына 25 мг-ден аспауы тиіс.
20 мг-ден асатын дозалар уытты жағымсыз әсерлері жиілігінің едәуір артуымен, әсіресе сүйек кемігі функциясының басылуымен қатар жүреді. Емдеуге жауап әдетте Метотрексат Сандоз препаратын қолдануды бастағаннан кейін 2-6 аптадан соң басталады. Қалаған емдік нәтижеге қол жеткізгеннен кейін Метотрексат Сандоз препаратының дозасын тиімді өте төмен демеуші дозаға дейін біртіндеп азайтқан жөн.
Клиникалық көрінісіне және зертханалық көрсеткіштеріне байланысты емдеуді жалғастырады немесе тоқтатады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Метотрексат Сандоз препаратын келесі сызбаны пайдалана отырып, сақтықпен қолданады:
Тағайындалатын дозаның пайызы (%)
Креатинин клиренсі (мл/мин)
-
60 мл/мин көбірек – Метотрексат Сандоз препаратының 100% дозасы
-
30- 59 мл/мин – Метотрексат Сандоз препаратының 50% дозасы
-
30 мл/мин азырақ – Метотрексат Сандоз препаратын қолдану ұсынылмайды
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Әсіресе алкоголь әсерінен туындағандарын қоса, бауыр функциясының күрделі бұзылулары бар пациенттерде Метотрексат Сандоз препараты аса сақтықпен қолданылады.
Егде жастағы пациенттер
Метотрексат Сандоз препаратын сақтықпен қолданады, бауыр және бүйрек функцияларының төмендеуіне, сондай-ақ организмдегі фолаттар қорының аз болуына байланысты дозаны азайту қажет.
Организмде сұйықтықтың патологиялық жиналуы (плевралық жалқық, асцит) орын алған пациенттер
Қосымша таралу көлемі бар пациенттерде метотрексаттың жартылай ыдырау кезеңі стандартты ұзақтығынан 4 есе асатын болғандықтан, дозаны азайту немесе, кейбір жағдайларда, метотрексатты қолдануды тоқтату қажет болуы мүмкін.
Ескерту Метотрексатты пероральді қолданудан парентеральді енгізуге ауыстырған кезде, пероральді қолданудан кейін метотрексаттың биожетімділігі өзгеретін болғандықтан, дозаны азайту қажет болуы мүмкін.
Емдеу нұсқауларына сәйкес фолий немесе фолиной қышқылын қосымша қолдану қарастырылады.
Метотрексат Сандоз препаратын (тері астына, немесе бұлшықет ішіне немесе вена ішіне болюсті инъекция түрінде) қолданар алдындағы ерекше сақтандырулар.
Цитостатикалық дәрілерді қолдануды арнайы оқытылған медициналық қызметкерлер жүзеге асыруы тиіс.
Жүкті медициналық қызметкерлердің цитостатикалық дәрілермен жұмыс жасауына тыйым салынады.
Емдеуді бастар алдында міндетті түрде қолды мұқият жуып-шайыңыз.
Метотрексаттың теріге немесе көзге тиіп кетуіне жол бермеу үшін қорғаныш қолғапты және көзілдірікті пайдалану керек.
Пайдаланар алдында Метотрексат Сандоз препаратының ерітіндісін көзбен қарап тексереді. Бөгде бөлшектері жоқ мөлдір ерітіндіні ғана пайдалану керек. Метотрексат Сандоз препараты теріге немесе шырышты қабыққа тиіп кететін кез келген жағдайға жол бермеу керек! Тиіп кеткен жағдайда, зақымданған жерді судың мол мөлшерімен дереу шайған жөн!
Инъекцияны жүргізер алдында Метотрексат Сандоз препаратымен бірге картон қорапшаға салынған спиртті сүрткімен терінің бетін тазарту және дезинфекциялау қажет.
Инъекцияға арналған Метотрексат Сандоз препаратының ерітіндісі алғаш ашылғаннан кейін дереу пайдаланылуы тиіс, пайдаланылмаған кез келген ерітінді жойылуы тиіс.
Метотрексат Сандоз препаратын тері астына енгізу бойынша қадамдық нұсқаулар.
Жұмыс істейтін орын пластицирленген сіңіргіш қағазбен жабылуы тиіс, оны қолданып болғаннан кейін жоюға болады.
Дәрілік затты енгізу үшін іш немесе сан аймағын пайдалану ұсынылады.
Инъекция жасалған жердің тітіркенуіне жол бермеу үшін, әрбір апта сайын енгізуге әртүрлі жерді пайдаланыңыз.
- Ішінде толтырылған шприці және инесі бар пішінді ұяшықты қаптаманы картон қорапшадан шығарып алыңыз.
- Пішінді ұяшықты қаптаманы, ұш жағын тарта отырып, ашыңыз.
- Алдын ала толтырылған шприцті шығарып алыңыз.
1 қадам
Қорғаныш қалпақша қалпақша 1 қадам Ашылудан қорғайтын заттаңба
|
Таңбасын тексеріңіз – заттаңба жапсырулы болуы тиіс
|
2 қадам
-
Қалпақшасын айналдырыңыз және алып тастаңыз
(ашылу заттаңбасын сындырыңыз)
-
Заттаңбасы мен қалпақшасына қатысты саусақтарды қалай ұстау керектігіне назар аударыңыз
-
Қалпақшаны қыспаңыз
2 қадам
Қалпақшасын алу
3 қадам
3 қадам
-
Алдын ала толтырылған шприцтің саңылауына тигізбей, шприцтен сұр резеңке қалпақшаны шығарып алыңыз (бұрап шығарыңыз).
-
Шприцті қайтадан ішкі қаптамасына салыңыз. Сары ерітінді ағып кетпейді.
4 қадам
4 қадам
Шприцті бекітіңіз
Luer Lock адаптерін бұраңыз
-
Инені қорғаныш қалпақшасымен бірге шприцке жалғаңыз және оны бұрай отырып белгілеп қойыңыз (адаптерді сағат тілінің бағыттаушысы бойымен түбіне дейін ине бекітілгенше бұраңыз)
-
Қыспаңыз және тартпаңыз.
-
Қайталап пайдалануға арналмаған.
5 қадам
Қалпақшаға қол тигізбеңіз
Көгілдір индикатор =пайдалануға дайын
5 қадам
-
Корпусын бірден тартыңыз
-
Көзге көрінетін индикатор көгілдір = демек, пайдалануға дайын
-
Инъекцияны енгізуге арналған жерді таңдап алыңыз.
-
Назар аударыңыз: Метотрексат Сандоз дәрілік затының картон қорапшасында спиртті екі сүрткі бар
-
Инъекцияға арналған жерді – спирттті сүрткімен сүртіңіз.
-
Іш: кіндіктен ең аз, ең кемінде, 5 см арақашықтықты сақтаңыз және Метотрексат Сандоз дәрілік затын төменгі қабырға үстіне енгізбеңіз.
-
Сан: тізеден және шап аймағынан, ең кемінде, 5 см арақашықтықты сақтаңыз
6 қадам
6 қадам
Инені енгізіңіз
Үздіксіз бір қимыл
-
Екі саусақпен теріні қымқырып ұстаңыз
-
Инені тербелтпей үзіліссіз бір қимылмен енгізіңіз
-
Енгізу кезінде иненің корпусын қыспаңыз
7 қадам
7 қадам
-
Инъекция кезінде тұрақты қысымды сақтаңыз
(инъекция кезінде шприцті жібермеңіз)
-
Инъекцияны аяқтағаннан кейін инені теріден шығарып алыңыз
8 қадам
8 қадам
Түсі жоқ = бөгелген
Түрлі түс индикаторы:
Түсі жоқ=қауіпсіз режим (бөгелген)
Пайдаланылған шприцтерді жоюға арналған арнайы контейнерге тастап жойыңыз.
Нақтырақ ақпарат алу үшін «Препаратпен жұмыс жасау және оны жою жөнінде ерекше сақтандырулар» тарауын қараңыз
ҚАУІПСІЗ ЖОЮ
9
-
Инъекция енгізілген жерді спиртті сүрткімен сәл қаққылаңыз.
-
Инъекция жасалған жерді уқаламаңыз, өйткені бұл тітіркендіруі мүмкін.
қадам
Метотрексат Сандоз препаратымен жұмыс жасау және жою жөнінде ерекше сақтандырулар.
Барлық қалдықтарды (пайдаланылған шприцтерді қоса), қауіпті қалдықтарды жоюға қатысты қолданыстағы жергілікті заңдылықты ескере отырып, цитостатикалық дәрілер қолданылатын стационардың стандартты процедураларына сәйкес жойған жөн.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлердің жиілігі және ауырлығы Метотрексат Сандоз препаратының дозасына және емдеу жиілігіне байланысты. Дегенмен, тіпті аз дозалардың өзінде ауыр жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін. Сондықтан пациентті дәрігердің үнемі және жиі бақылап отыруы қажет.
Ерте байқалған жағымсыз әселердің көпшілігі қайтымды болып табылады. Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дозаны азайту немесе емдеуді тоқтату және тиісті шаралар қабылдау қажет. Метотрексат Сандоз препаратымен емдеуді емдеу қажеттілігіне мұқият баға бергенде және, уытты жағымсыз әсерлері қайталануы мүмкін екендігін ескеріп, үлкен сақтықпен қайта жаңғыртқан жөн.
Жағымсыз әсерлер жиілігінің жіктеуі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 < 1/10), жиі емес (≥1/1000 < 1/100), сирек (≥1/10.000 < 1/1000), өте сирек (< 1/10.000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігіне баға беру мүмкін емес).
Өте жиі
- тәбеттің жоғалуы, жүректің айнуы, іштің ауыруы, стоматит, диспепсия;
- бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ), сілтілік фосфатаза, билирубин деңгейлерінің жоғарылауы;
Жиі
- лейкопения, тромбоцитопения, анемия, диарея6, ауыз қуысының ойық жарасы6;
- бас ауыру, қажығыштық, ұйқышылдық;
- интерстициальді альвеолитпен/пневмонитпен байланысты өліммен аяқталуға дейінгі өкпе асқынулары5;
- экзантема, эритема, қышыну;
Жиі емес
-фарингит;
-белдемелі герпес;
- жекелеген лимфома жағдайлары1;
- панцитопения, қан көрінісінің гематопоэздік бұзылулары;
- анафилаксиялық шокқа дейін болатын ауыр аллергиялық реакциялар;
- қант диабетінің дамуы;
- депрессия;
-гемипарез, вертиго, сананың шатасуы, бас айналу, лейкоэнцефалопатия/энцефалопатия;
- васкулит (ауыр уытты симптом сияқты);
- өкпе фиброзы, плевралық жалқық;
- асқазан-ішек ойық жаралары және қан кетулер, энтерит, құсу, панкреатит;
- бауырдың майлы дистрофиясы және бауыр циррозы8, сарысулық альбумин деңгейінің төмендеуі;
- есекжем, фотосезімталдық, терінің ұлғайған пигменациясы, шаштың түсуі, псориаз түйіндақтарының ауыртатын зақымданулары, ауыр уытты реакциялар: герпеске ұқсас бөртпелер,
- артралгия, миалгия, остеопороз;
- қуықтың қабынуы және ойылуы (гематуриямен болуы мүмкін), дизурия;
- фетальді мальформация;
- қынаптың қабынуы және ойылуы;
- жергілікті жағымсыз әсерлер (күйдіру) немесе зақымданулар (стерильді абсцестердің түзілуі, шелмайдың ыдырауы) метотрексатты бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін инъекция жасаған жерде пайда болуы мүмкін;
Сирек
- инфекция (белсенді емес созылмалы инфекцияның қайта жаңғыруын қоса) сепсис, конъюнктивит;
- аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, гипогаммаглобулинемия;
- мегалобластты анемия;
- көңіл-күйдің құбылуы, түйсіктің уақытша бұзылулары;
- ішінара салдану, сөйлеу бұзылысы, соның ішінде дизартрия және сөйлей алмау;
- көрудің қатты нашарлауы (көрудің бұлдырауы немесе нашарлауы) этиологиясы белгісіз ауыр дистопия;
-артериялық қысымның төмендеуі;
- артериялық гипертензия, тромбоэмболия4 (соның ішінде артериялық тромбоз, церебральді қантамырлардың тромбозы, тереңдегі веналар тромбозы, торқабық веналарының тромбозы, тромбофлебит, өкпе эмболиясы);
- фарингит, апноэ, демікпеге ұқсайтын жөтелі бар реакциялар, ентігу және өкпенің функциональді тестісінің патологиялық нәтижелері;
- энтерит, мелена, гингивит;
- жедел гепатит және гепатоуыттылық;
- акне, петехиялар, экхимоздар, мультиформалы эритема, терінің эритематозды бөртпелері, аллергиялық васкулит;
- күйзелістен түбірлі өзгеріс;
- азотемия;
- түсік;
-перикардит, перикардиальді жалқық, перикард қуысының тампонадасы;
-пневмосклероз, пневмоцистті пневмония, ентігу, бронх демікпесі, плеврит;
- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, анурия, олигурия, электролитті бұзылулар;
- қызба3;
- жараның жазылу үдерісінің бұзылуы;
- мальабсорбция;
Өте сирек
- лимфоманың дамуы, олар метотрексатпен емдеуді тоқтату бойына бірқатар жағдайларда бәсеңдеген. Метотрексатпен емдеу лимфомалардың даму жағдайларының жиілігін арттырады.
- агранулоцитоз;
- герпестік гепатит;
- сүйек кемігі қызметі басылуының ауыр жағдайлары, апластикалық анемия; гипогаммаглобулинемия;
- ауыру, бұлшықет астениясы немесе аяқ-қолдың парестезиясы, дәмді сезінудің өзгеруі (ауыздан тот тату), құрысулар, менингизм, жедел асептикалық менингит, сал;
- қан құсу, мол қан кету, уытты магаколон;
- бауыр функциясының жеткіліксіздігі;
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), тырнақ пигментациясының ұлғаюы;
-овогенездің немесе сперматогенездің бұзылулары, либидоның болмауы, импотенция, қынаптық бөлінділер, бедеулік, гинекомастия, олигоспермия, етеккір оралымының бұзылуы;
- ретинопатия;
- гематемезис;
- бауырдың жедел некрозы;
- жедел паронихий, фурункулез, телеангиоэктазия, гидраденит;
- тері астына қолданғанда метотрексаттың жағымдылығы жақсы болады. Мұндайда емдеу кезінде азайған терінің аздаған жергілікті реакциялары ғана байқалды.
Метотрексатты вена ішіне қолданған кезде, кейде инъекция жасаған жерде жергілікті жағымсыз әсерлер (күйдіру) немесе зақымдану (стерильді абсцестердің түзілуі, май тіндерінің ыдырауы) туындауы мүмкін.
- уақытша соқырлық/ көрмей қалу;
Белгісіз
-энцефалопатия, лейкоэнцефалопатия;
-протеинурия;
-астения;
- оппортунистік инфекциялар (кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын), өліммен аяқталатын сепсис, гистоплазмоз, нокардиоз, микоз криптококкозы жағдайлары, диссеминацияланған қарапайым герпес, цитомегаловирус әсерінен туындаған инфекциялар, пневмонияны, В гепатиті инфекциясының реактивациясын және С гепатиті инфекциясының өршуін қоса;
-апластикалық анемия, лимфаденопатия, лимфопролиферативтік бұзылыстар (ішінара қайтымды), эозинофилия және нейтропения2;
- иммуносупрессия, гипогаммаглобулинемия;
- инфекциялық емес перитонит;
Өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алғашқы симптомдары: қызба, ангина, шырышты қабықтың ойылулары, тұмауға ұқсас синдром, қатты жүдеу, мұрыннан қан кету және қанталаулар пайда болғанда, егер қан жасушаларының саны едәуір азайса, метотрексатпен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.
1 кейбір жағдайларда метотрексатпен емдеу тоқтатылу бойына кері дамиды.
2 өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алғашқы белгілері: қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысының шырышты қабығында ойық жаралар, тұмауға ұқсас синдром, қатты жүдеу, мұрыннан қан кету және қанталаулар. Метотрексатпен емдеуді қан талдамасының көрсеткіштері едәуір нашарлағаннан кейін бірден тоқтатқан жөн.
3 сепсистік қызбаның бактериялық немесе зеңдік екендігін нақтылау қажет етіледі!
4 соның ішінде артериялық және церебральді тромбоз, тромбофлебит, терең веноздық тромбоз, торлы венозды тромбоз және өкпе эмболиясы.
5 метотрексат дозасына және онымен емдеуге байланыссыз.
6 диарея, ауыз ішінде немесе тамақта ойық жара пайда болған кезде, гастроинтестинальді тесілу немесе геморрагиялық энтерит қаупі бар болғандықтан, емдеуді тоқтату қажет.
7 әсіресе метотрексатты қолданудан кейін алғашқы 24-48 сағат ішінде
8 әдеттегідей, мониторингке және бауыр ферменттерінің стандартты деңгейіне қарамай-ақ көрініс береді.
9 метотрексатты тері астына енгізудің жергілікті жағымдылығы жақсы. Емдеу барысында азаятын орташа ошақтық тері реакциялары ғана байқалды.
Болжамды жағымсыз әсерлер жөніндегі жағдайларды мәлімдеу
Дәрілік заттарды тіркеуден кейін білінген болжамды жағымсыз әсерлер жөніндегі жағдайларды мәлімдеудің үлкен маңызы бар. Бұл дәрілік заттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді.
Медицина қызметркерлерінен және пациенттерден кез келген жағымсыз әсерлерді медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңғы бөлімінде көрсетілген мекенжайға мәлімдеу сұралады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- метотрексатқа және/немесе препараттың кез келген басқа қосымша затына жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі, сарысудағы билирубин деңгейі 5 мг/дл-ден (85.5 ммоль/л) көбірек
- алкоголизм
- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 20 мл-ден азырақ, қан плазмасы креатинині 2 мг/дл-ден көбірек)
- анамнезде сүйек кемігінің гиперплазиясы, лейкопения, тромбоцитопения немесе айқын анемия сияқты қан түзудің бұзылулары
- иммундық жүйенің әлсіреуі
- ауыр, жедел немесе созылмалы инфекциялар (туберкулез және АИТВ инфекциялары сияқты)
- стоматит, ауыз қуысының ойық жаралары және асқазан мен он екі елі ішектің белсенді фазадағы ойық жаралы ауруы
- жүктілік және лактация кезеңі
- тірі вакциналармен бір мезгілде вакцинациялау
- 3 жасқа толмаған балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жануарларға жүргізілген сынақтардың нәтижелері қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП), соның ішінде салицил қышқылын қолдану метотрексат элиминациясының төмендеуіне және, осылайша, оның уытты әсерінің ұлғаюына әкелетінін көрсетті. Клиникалық зерттеулерде жағымсыз әсерлерінің ұлғаюы байқалған жоқ, алайда ревматоидты артриті бар пациенттерде ҚҚСП және салицил қышқылы бір мезгілде қолданылды. Ревматоидты артритті осындай дәрілік заттармен емдеу метотрексаттың төмен дозасымен жалғастырылуы мүмкін, бірақ бұл қатаң медициналық бақылаумен ғана жүргізіледі.
Протонды сорғы тежегіштерін (омепразол, пантопразол, лансопразол) бір мезгілде тағайындау метотрексаттың бүйрек арқылы бөлініп шығуының кідіруіне немесе тежелуіне, және, демек, метотрексат уыттылығының клиникалық белгілері мен симптомдарымен плазмада метотрексат деңгейінің артуына әкеп соғуы мүмкін. Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерге қатысты аса сақтық таныту керек.
Алкогольді үнемі пайдалану және метотрексатты гепатоуытты препараттармен бір мезгілде қолдану метотрексат гепатоуыттылығының көрініс беру қаупін ұлғайтады. Басқа гепатоуытты препараттарды (мысалы, лефлуномид, азатиоприн, сульфасалазин, және ретиноидтар) қолданып жүрген пациенттерді мұқият бақылауды жүзеге асыру қажет. Метотрексатпен емделу кезінде алкогольді пайдалануға болмайды.
Салицилаттар, фенилбутазон, фенитоин, барбитураттар, транквилизаторлар, ішуге арналған контрацептивтер, тетрациклиндер, амидопирин туындылары, сульфаниламидтер және р-аминобензой қышқылы метотрексатты сарысулық альбуминмен байланыстан ығыстырады және сол арқылы биожетімділікті арттырады (дозаның жанама көтерілуі).
Метотрексатты және ацитретин немесе этретинат сияқты ретиноидтарды біріктіріп қолдану гепатоуыттылықтың даму қаупін арттырады.
Пробенецид және ілмектік диуретиктер пен пиразолдар (фенилбутазон) сияқты жұмсақ органикалық қышқылдар метотрексаттың элиминациясын нашарлатуы, оның қандағы концентрациясын арттыруы мүмкін, гемоуыттылықтың даму қаупі ұлғаяды. Метотрексаттың төмен дозаларын және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді немесе салицилаттарды біріктіріп қолданғанда уыттылықтың ұлғаю қаупі де бар.
Антибиотиктер (пенициллиндер, гликопептидтер, сульфаниламидтер және цефалотин) жекелеген жағдайларда метотрексаттың бүйректік клиренсін төмендетуі мүмкін.
Несептің тубулярлы бөлініп шығуы ципрофлоксацинмен төмендейді; метотрексатты осы дәрілік препаратпен бір мезгілде пайдалануға мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Сондықтан қан сарысуында метотрексат концентрациясының артуы гематологиялық және асқазан-ішектік уыттылықпен бір мезгілде пайда болуы мүмкін.
Пероральді антибиотиктер (тетрациклиндер, хлорамфеникол, әсер ету ауқымы кең сіңбейтін антибиотиктер) ішекте сіңуін азайтуы немесе ішек флорасын тежеу немесе бактериялар метаболизмінің басылу жолымен энтерогепатиттік айналымға кедергі жасауы мүмкін.
Метотрексат плазма ақуыздарымен байланысты дәрілік зат болып табылады. Ол плазма ақуыздарымен байланысатын, мысалы, салицилаттар, гипогликемиялық дәрілер, диуретиктер, сульфаниламидтер, дифениндер, тетрациклиндер, хлорамфеникол және п-аминобензой қышқылы, және қабынуға қарсы қышқыл түзетін дәрілер сияқты басқа дәрілік заттардың орнын алмастыруы мүмкін, бұл бір мезгілде қолданған кезде уыттылықтың ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін.
Егер сүйек кемігіне ықпалын тигізетін жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін дәрілік заттар (мысалы, сульфаниламидтер, триметоприм/сульфаметоксазол, хлорамфеникол, пириметамин) алдын ала қолданылса, метотрексатпен емдеу кезінде айқын гемопоэздік бұзылулар қаупі ескерілуі тиіс.
Фолий қышқылының тапшылығын туындататын дәрілік заттарды (мысалы, сульфаниламидтер, триметоприм/сульфаметоксазол, пириметамин) бір мезгілде қолдану метотрексаттың уыттылығын арттыруға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан фолий қышқылының тапшылығы бар пациенттерде ерекше сақтық таныту қажет. Бұған қарама-қарсы, құрамында фолий қышқылы бар дәрілік заттарды немесе фолий қышқылы құрамында болатын дәрумендерді немесе оның туындыларын бір мезгілде қолдану метотрексаттың тиімділігін төмендетеді.
Метотрексат пен ревматизмге қарсы басқа да препараттарды (мысалы, алтын қосылыстары, пеницилламин, гидроксихлорохин, сульфасалазин, азатиоприн, циклоспорин) бір мезгілде қолданғанда, әдеттегідей, метотрексат уыттылығының ұлғаюы байқалмайды.
Метотрексат пен сульфасалазинді біріктіріп қолдану сульфасалазинмен фолий қышқылының синтезделуін бәсеңдету аясында метотрексаттың тиімділігін арттырып, осылайша, оның жағымсыз әсерлерінің жоғарылау қаупіне әкелуі мүмкін.
Омепразол немесе пантопразол сияқты протонды помпа тежегіштерін бір мезгілде қолдану келесі өзара әрекеттесулерге әкелуі мүмкін: метотрексат пен омепразолды бір мезгілде қолдану метотрексаттың бүйрек арқылы шығарылуының кідіруіне әкелді. Метотрексат пен пантопрозолды бір мезгілде қолданған бір жағдайда 7-гидроксиметотрексат метаболитінің бүйрек арқылы шығарылуының азайып, миалгияның және тремордың дамуы байқалды.
Метотрексат пен теофилинді бір мезгілде қолдану теофиллиннің клиренсін төмендетуі мүмкін, сондықтан қандағы теофиллин концентрациясын бақылаған жөн.
Метотрексатпен емделу кезінде құрамында кофеин- немесе теофиллин бар сусындарды (кофе, кофеин бар сусындар, қара шай) шамадан тыс пайдалануға жол бермеген жөн, өйткені аденозинді рецепторларда метотрексат пен метилксантин арасында ықтимал өзара әрекеттесу болатындықтан, метотрексаттың тиімділігі төмендейді.
Метотрексат пен лефлуномидті біріктіріп қолдану панцитопенияның пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Метотрексат қан плазмасында меркантопуриндердің деңгейін арттырады. Сондықтан біріктіріп қолданған кезде дозаны түзету қажет.
Айрықша нұсқаулар
Ауыр және тіпті өліммен аяқталатын уытты реакциялардың немесе жағымсыз реакциялардың даму қаупі бар болғандықтан, дәрігер пациенттерді болуы мүмкін қауіптерден (уыттылықтың ерте сатыларын және симптомдарын қоса) және ұсынылатын қауіпсіздік шараларынан хабардар етуі тиіс.
Пациенттерге, егер олар уыттану симптомдарын байқаса, дереу дәрігерге қаралу керектігі, және артынан уыттану симптомдарын бақылауы керектігі (соның ішінде зертханалық тестілерді жиі жүргізу) жөнінде нұсқау берілуі тиіс.
Аптасына 20 мг-ден асатын дозалар уыттылықтың едәуір жоғарылауымен, әсіресе сүйек кемігінің супрессиясымен байланысты болуы мүмкін.
Атап айтқанда, апталық дозаны байқамай күн сайын қолданумен байланысты егде жастағы пациенттерде өліммен аяқталу жағдайлары жөнінде мәлімделді.
Гепатоуыттылық әсерлері мүмкін болатындықтан, өте қажет жағдайларды қоспағанда, метотрексатпен емделу кезінде қандай да болсын қосымша гепатоуытты дәрілік заттарды қабылдау, сондай-ақ алкогольді пайдалану немесе оны пайдалануды едәуір азайту ұсынылмайды.
Бүйрек функциясы
Мұндай, бүйрек функциясының бұзылулары сияқты, тіпті шектес қауіп факторлары бар болғанда метотрексатты қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолдануға ұсынылмайды (уыттылық ұлғаюы мүмкін).
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді метотрексатпен емдеу аса сақтықпен және осы пациенттерде метотрексат баяу бөлініп шығатын болғандықтан өте төмен дозаларда жүргізілуі тиіс.
Метотрексат көбіне бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, сарысудағы метотрексаттың жоғары концентрациясы бүйрек функциясының жеткіліксіздігі жағдайларында болуы ықтимал, ол бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігіне дейін болатын бүйрек функциясының бұзылулары сияқты ауыр жағымсыз әсерлерге әкеп соғуы мүмкін. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдау аясында ауыр жағымсыз жағдайлар, соның ішінде өліммен аяқталу жағдайлары жөнінде мәлімделді.
АІЖ-ге уытты әсер етуі
Дегидратацияға әкелетін факторлар да (құсу, диарея және стоматит) метотрексаттың деңгейін жоғарылататын болғандықтан, метотрексаттың уыттылығын арттыруы мүмкін.
Мұндай жағдайларда метотрексатты қолдануды симптомдар жоғалғанша тоқтата тұрған жөн.
Метотрексат және плевралық жалқық/асцит
Қосымша таралу көлемі (асцитте, плевралық жалқықта организмде сұйықтықтың патологиялық жиналып қалуы) бар пациенттерде метотрексат баяу шығарылады, бұл плазмадан жартылай шығарылу кезеңінің созылуына және уыттылығының ұлғаюына әкеледі. Асцит немесе плевралық жалқық метотрексат тағайындағанға дейін дренаждалуы тиіс.
Инсулинге тәуелді қант диабеті және бауыр функциясының бұзылулары бар болған жағдайларда аса сақтық таныту қажет.
Инфекциялар немесе иммундық жүйенің аурулары
Метотрексат иммундық жүйеге ықпалын тигізеді, вакцинацияға реакцияны нашарлатуы және иммунологиялық тестілердің нәтижелеріне әсерін тигізуі мүмкін.
Метотрексатпен емдеу кезінде тірі вакцинамен вакцинация жүргізуге тыйым салынады.
Метотрексатпен емделген пациенттерде сиыр шешегіне қарсы вакцинациядан кейін сиыр шешегінің диссеминацияланған инфекцияларының болғаны жөнінде мәлімдемелер бар.
Метотрексат В гепатиті реактивациясын немесе С гепатитінің өршуін туындатты, олар кейбір жағдайларда өлімге әкеп соқты. В гепатиті реактивациясының кейбір жағдайлары метотрексатты қолдануды тоқтатқаннан кейін жүрді. Клиникалық және зертханалық зерттеулерді бұрын В немесе С гепатиті сияқты инфекциялары болған пациенттердегі бұрыннан бар бауыр ауруларына баға беру үшін жасау қажет. Бұл метотрексатпен емдеудің кейбір пациенттерге жарамауына әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ бұрыннан белсенді емес созылмалы инфекциялар (мысалы, белдемелі герпес, туберкулез, В немеме С гепатиті) бар болған жағдайларда да ықтимал белсенділігін ескеріп, барынша сақ болу қажет.
Метотрексатпен емдеу кезінде шартты-патогенді организмдерден туындайтын инфекциялар, соның ішінде өліммен аяқталуға әкелетін пневмоцистті пневмония көрініс беруі мүмкін.
Өкпеге уытты әсері
Өкпелік асқынулар, плевралық жалқығы, альвеолит немесе метотрексатпен емдеу кезінде туындайтын: жалпы дімкәстік, құрғақ жөтел, ентігу және тыныштық кезеңіндегі ентігуге дейін, жөтел, кеуденің ауыруы, қызба, гипоксемия және флюорографияда инфильтраттар сияқты симптомдары бар пневмония өліммен аяқталуы мүмкін потенциалды қауіпті бұзылулардың белгілері болуы мүмкін.
Метотрексаттың әсерінен туындаған пневмония сияқты өкпе аурулары емдеу кезінде кенеттен көрініс беруі мүмкін және олар әрдайым қайтымды сипатта бола бермейді, және сонымен қатар осы кезеңде препараттың барлық дозаларына (аптасына метотрексаттың төмен 7,5 мг дозаларын қоса) қатысты мәлімдемелер де бар.
Осындай асқынуларға күдіктену метотрексатпен емдеуді дереу тоқтатуға, әрі қарай инфекциялардың, соның ішінде пневмонияның таралуына жол бермеуге негіз болып табылады.
Теріге уытты әсері
Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы) сияқты сирек өліммен аяқталатын ауыр аллергиялық тері реакциялары тіркелді.
Дерматит және күннен болған күйік метотрексатты қолданған кезде қайталануы мүмкін (ремиссия реакциясы). Псориаз индукцияланған тері зақымдары УК-сәулелену кезінде және метотрексатты бір мезгілде қолданғанда асқынуы мүмкін.
Триметоприм/сульфаметоксазол сияқты фолий қышқылының антагонистерін бір мезгілде қолдану, мәлімдемелер бойынша, сирек жағдайларда жедел мегалобластты панцитопенияның дамуын туындатады.
Құрамында дәрумендер бар дәрілік заттар және құрамында фолий қышқылы, фолиной қышқылы немесе олардың туындылары бар басқа да дәрілік заттар метотрексаттың тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Метотрексаттың төмен дозаларын қолдану кезінде қатерлі лимфоманың дамуының сирек жағдайлары жөнінде мәлімдемелер тіркелді, олар кейбір жағдайларда метотрексатпен емдеуді тоқтатқаннан кейін кері дамыған. Егер лимфома өздігінен кері дамымаса, цитоуытты препараттармен емдеуді қолдану қажет. Жақын арада жүргізілген зерттеулерде метотерксатпен емдеу кезіндегі лимфома ауруларының жағдайлары жиілігінің артуын анықтай алмады.
Метотрексатты вена ішіне қолдану жедел энцефалитке (мидың қабынуына) және өліммен аяқталатын жедел энцефалопатияға (мидың органикалық зақымдануына) әкеп соғуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Атап айтқанда егде жастағы адамдарда апталық дозаны жүйелі түрде күн сайын қолданумен байланысты өліммен аяқталу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Сонымен қатар, егде жастағы пациенттер уыттылықтың ерте белгілерін анықтау үшін мезгіл-мезгіл тексерілуден өтуі тиіс. Егде жаста бауыр немесе бүйрек функцияларының нашарлауына байланысты метотрексаттың дозасы түзетіледі.
Балалар
Балалар мен жасөспірімдерді метотрексатпен емдеу жеткілікті білімі және тиісті ревматизмдік ауруларды диагностикалау және емдеу тәжірибесі бар маман дәрігер тағайындауы және бақылауы тиіс.
Ұсынылатын зерттеулер және қауіпсіздік шаралары
Метотрексатпен емделген кезде пациенттердегі ерте кезеңде байқалуы және баға берілуі мүмкін уыттылық белгілері немесе жағымсыз әсерлер бақылануы тиіс.
Метотрексат Сандоз препаратымен емдеуді бастар алдында: лейкоциттер мен тромбоциттерді анықтау үшін қанға толық жалпы талдама; бауыр ферменттерінің деңгейін билирубинді, сарысулық альбуминді анықтау үшін қанға биохимиялық талдама; кеуде қуысын рентгенологиялық тексеру, бүйрек функциясын зерттеу (қажет болғанда креатинин клиренсін), гепатитке (А, В, С) тестілер, туберкулездің бар-жоқтығын анықтауға тестілер (қажет болғанда) жүргізілуі тиіс.
Емдеу кезінде.
Алғашқы екі аптада апта сайын, содан кейін келесі ай ішінде әрбір екі апта сайын; әрі қарай лейкоциттердің деңгейіне және пациенттің тұрақты жағдайына байланысты келесі алты ай ішінде айына кем дегенде бір рет, содан кейін әрбір үш ай сайын кем дегенде бір рет. Дозаны арттырған кезде деңгейін өте жиірек бақылау қажеттілігі жөнінде мәселе шешілуі тиіс:
-
Ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабығын тексеру.
-
Тромбоциттер деңгейін анықтау үшін қанды толық талдау.
Метотрексаттың әсерінен туындаған қан түзудің бәсеңдеуі кенеттен және анық қауіпсіз дозаларды қабылдаған кезде жүруі мүмкін. Лейкоциттер немесе тромбоциттер санының кез келген елеулі төмендеуінде метотрексат қабылдауды дереу тоқтату және тиісті демеуші ем жүргізу қажет.
3. Бауыр функциясын зерттеу.
Қан сарысуындағы «бауыр» ферменттерін бақылау: пациенттердің 13-20%-да трансаминазаның қалыпты деңгейінің транзиторлы түрде 2-3 есе артқаны жөнінде мәлімделді. «Бауыр» ферменттерінің деңгейі тұрақты жоғарылаған және/немесе ауыр гепатоуыттылықтың белгілері болуы мүмкін сарысулық альбумин төмендеген жағдайда дозаны төмендету немесе емдеуді тоқтату мәселесі қарастырылуы тиіс.
«Бауыр» ферменттерін бақылау бауырдың морфологиялық тұрғыдан айғақталған уыттылығының пайда болу болжамының сенімділігін алдын ала көздемейді. Мысалы, трансаминазалар деңгейі қалыпты болған жағдайда гистологиялық тұрғыдан ғана айғақталатын бауыр фиброзы, немесе сирек жағдайларда бауыр циррозы байқалуы мүмкін. «Бауыр» ферменттерінің деңгейі тұрақты жоғарылаған жағдайда дозаны төмендету немесе содан кейін емдеуді тоқтату жөніндегі мәселені қарастыру қажет.
Бауыр биопсиясы.
Бауырға ықтимал уытты әсерінің байқалуына аса көңіл бөлінуі тиіс. Тиісті талдамалар жүргізу барысында, емдеуді бастағанға дейін болған немесе емдеу үдерісінде дамыған бауыр функциясының бұзылулары анықталғанда немесе оның биопсиясында емдеу басталмауы тиіс, немесе тоқтатылуы тиіс. Әдетте емдеу барысында дамыған бұзылулар метотрексатпен емдеуді тоқтатқаннан кейін екі апта ішінде қалыпқа келеді, содан кейін ем жүргізуші дәрігердің қарауымен емдеу қайта жаңғыртылуы мүмкін. Ревматизмдік көрсетілімдер бойынша метотрексатты қолданғанда гепатоуыттылықты бақылау үшін бауыр биопсиясын жүргізудің айқын қажеттілігі жоқ.
Псориазда емге дейін және ем кезінде биопсия жүргізу қажеттілігі жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Дағдылы бауыр сынамасына қабілеттілігін анықтау және гепатоуыттылық әсерін тиісінше бақылайтын ІІІ коллаген пропептидін анықтау үшін әрі қарай зерттеулер жүргізу керек. Шешім жекелей қабылдануы және пациенттерде әсіресе алкогольді шамадан тыс пайдалану, бауыр ферменттері деңгейінің тұрақты жоғарылауы, анамнезде бауырдың тұқым қуалайтын ауруларының болуы, қант диабеті, семіздік, гепатоуытты препараттарды қолдану және жиынтық дозасы 1,5 г және одан көбірекке жеткенше метотрексатпен ұзақ уақыт емдеу сияқты қауіп факторларының жоқ/бар болуы ескерілуі тиіс.
4. Бүйрек функциясын және сарысулық креатинин деңгейлерін бақылау.
Сарысулық креатинин деңгейін арттырған кезде метотрексаттың дозасын төмендету қажет. Метотрексатпен емдеу, егер сарысулық креатинин деңгейі > 2 мг/дл болса, тағайындалмауы тиіс.
Бүйрек функциясын бақылау бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне және несепке жалпы талдау жүргізуге тестілер арқылы жүзеге асырылуы тиіс: өйткені метотрексат негізінен бүйрек арқылы шығарылады, бүйрек функциясы жеткіліксіз болған жағдайда плазмадағы метотрексат деңгейінің жоғарылауын күткен жөн, бұл күрделі жағымсыз жанама әсерлердің көрініс беруіне әкеп соғуға қабілетті.
Бүйрек функциясының төмендеуі мүмкін болатын жағдайда (мысалы, егде жастағы пациенттерде) бақыланатын зерттеулерді жиі жүргізген жөн. Сондай-ақ бұл метотрексаттың шығарылуына ықпалын тигізетін препараттарды, бүйректің зақымдануына әкеп соғуға қабілетті препараттарды (мысалы, ҚҚСП), сондай-ақ қан түзу жүйесіне ықпал етуге қабілетті препараттарды бір мезгілде тағайындаған жағдайларға да қатысты.
Дегидратация да метотрексаттың уыттылығын күшейтуі мүмкін.
5. Тыныс алу жүйесін зерттеу.
Пациенттен қандай да болсын өкпе ауруларының болғаны-болмағаны жөнінде сұрау, қажет болған жағдайда өкпе функциясына зерттеу жүргізу керек.
Өкпе функциясының нашарлау симптомдарына ерекше көңіл бөлу қажет, керек болған жағдайда тиісті тесті жүргізілуі тиіс. Өкпе тарапынан патология белгілері дереу диагностиканы және метотрексатты тоқтатуды қажет етеді. Тыныс ағзаларының зақымдану симптомдары (әсіресе құрғақ өнімсіз жөтел), метотрексатпен емдеу кезінде спецификалық емес пневмонит потенциалды қауіпті аурудың бар екендігін айғақтайды және емдеуді тоқтатуды және мұқият тексерілуді қажет етеді. Бұл көбіне эозинофилиямен қатар жүретін, және өмірге қауіп төндіретін жағдай болып табылатын жедел немесе созылмалы интерстициальді пневмониттің даму ықтималдылығымен байланысты. Метотрексатты қолданудан туындаған өкпе зақымдануының клиникалық симптомдары алуан түрлі, алайда оған тән белгілер қызба, жөтел, тыныстың тарылуы, гипоксемия және рентгенограммадағы өкпе инфильтраты болып табылады. Өкпе тарапынан патология белгілері дереу диагностиканы және метотрексатты тоқтатуды қажет етеді. Метотрексатты қолданудан туындаған тыныс ағзаларының ауруларының мүмкін болуы қолданылатын препарат дозасына байланысты емес.
6. Метотрексат иммундық жүйеге өзінің ықпал етуіне байланысты вакцинацияға реакцияны төмендетуі және иммунологиялық тестілердің нәтижелеріне ықпалын тигізуі мүмкін. Белсенді емес, созылмалы инфекциялар (мысалы, белдемелі герпес, туберкулез, В немесе С гепатиті) бар болғанда, белсенділенуі мүмкін болғандықтан, аса сақтық таныту қажет. Тірі вакциналарды пайдаланып иммунизациялау метотрексатпен емдеу кезінде жүргізілуі тиіс.
Қатерлі лимфомалар метотрексаттың төмен дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде дамуы мүмкін, мұндай жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс. Егер лимфома кездейсоқ кері даму белгілерін білдірмесе, онда цитоуыттық ем жүргізу қажет.
Айрықша ескерту
Метотрексат Сандоз препаратын теріге немесе шырышты қабыққа тигізіп алудың кез келгеніне жол бермеу керек! Тигізіп алған жағдайда зақымданған жерді судың мол мөлшерімен дереу жуып-шайған жөн!
Метотрексат Сандоз препаратының құрамында 1 ммольден азырақ дозада (23 мг) натрий бар және мәні бойынша «құрамында натрий жоқ».
Жүктілік және лактация
Метотрексат Сандоз препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Бала туа алатын жастағы әйелдерде метотрексатпен емдеуді бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоқтығы анықталуы тиіс. Қажет болғанда, лактация кезеңінде метотрексатпен емдеуді бастағанға дейін бала емізуді тоқтата тұруы қажет.
Еркектердегі және әйелдердегі контрацепция
Әйелдер метотрексатпен емделу кезінде жүкті болуды қоя тұрғаны жөн. Еркектер мен әйелдер метотрексатпен емделу кезінде (және, емдеуден кейін, ең жоқ дегенде, 6 ай) тиімді контрацепцияны пайдалануы тиіс. Метотрексатпен емделу кезінде жүктілік пайда болса, дәрігер оған нәрестеге жағымсыз әсер ету қаупіне қатысты медициналық кеңес беруі тиіс.
Фертильділік.
Метотрексатпен емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін қысқа уақыт кезеңі ішінде фертильділікті, олигоспермияны, етеккірлік дисфункцияны және аменореяны туындатады. Метотрексат эмбриоуыттылықты, түсікті және ұрықтың кемістігін туындатады. Сондықтан дәрігер бала туа алатын жастағы пациенттермен (әйелдер және еркектер) мұның ұрпақ өрбіту функциясына тигізетін ықтимал қаупін талқылағаны жөн.
Еркектер емдеуді бастар алдында спермасын сақтау мүмкіндігіне (сперматогенездің ауыр және қайтымсыз нашаралауы мүмкін болғандықтан) қатысты кеңес алуы тиіс.
Көлік құралын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Метотрексатпен емдеу барысында орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің (шаршау сезімі, бас айналу) дамуы мүмкін болғандықтан, кейбір жағдайларда автомобильді және потенциалды қауіпті механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: лейкопения, тромбоцитопения, анемия, панцитопения, нейтропения, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі, мукозит, ауыз қуысындағы ойық жаралар, жүректің айнуы, құсу, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары, асқазан-ішектік қан кетулер. Артық дозалану қан плазмасындағы метотрексаттың концентрациясы бойынша диагностикаланады.
Емі: Метотрексаттың уытты әсерін бейтараптандыру үшін кальций фолинатының спецификалық антидотын енгізу.
Кездейсоқ артық дозаланғанда алғашқы сағаттың ішінде метотрексат дозасына тең немесе одан асып кететін кальций фолинатының дозасы вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізілуі тиіс. Әрі қарай, қажет болса, кальций фолинатын енгізу қан сарысуындағы метотрексат деңгейі 10-7 моль/л-ден төменге жеткенше жалғастырылуы тиіс.
Айтарлықтай артық дозаланған жағдайда метотрексат және/немесе оның метаболиттерінің бүйрек өзекшелерінде преципитациялануына жол бермеу үшін организмді гидратациялау және несепті сілтілендіру қажет, бұл метотрексаттың шығарылуын жеделдетеді. Гемодиализ және перитонеальді диализ метотрексаттың шығарылуын жеделдетпейді. Жылдамдығы жоғары диализ аппаратын қолданып жүргізілетін үзік-үзік (мезгіл-мезгіл) гемодиализ тиімді.
Ревматоидты артритке, белсенді түрдегі ауыр ювенильді созылмалы артриті бар полиартритке, артропатиялық псориазға немесе кәдімгі псориазға шалдыққан пациенттерге фолий немесе фолин қышқылы препараттарын қолдану метотрексаттың уыттылығын (асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз әсерлерді, шырышты қабықтың қабынуын, шаштың түсуні және бауыр ферменттері деңгейінің көтерілуін) төмендетуі мүмкін. Фолий қышқылы препараттарын қолданар алдында, әсіресе, 50 жастан асқан ересек пациенттерде В12 дәруменінің тапшылығын бүркемелеуі мүмкін болғандықтан, В12 дәрумені деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Инъекцияға арналған 0.375 мл, 0.5 мл, 0.75 мл, 1 мл немесе 1.25 мл ерітінді поршенді стерженьмен және бөгетпен жабдықталған және сұр түсті резеңке поршеньмен тығындалған, бромбутил ұштығы және қатты пластик ұштығы бар Луер Лок (Luer Lock) адаптерімен жабдықталған, сыйымдылығы 1.25 мл, 2.25 мл немесе 3.00 мл, I типті түссіз шыныдан жасалған шприцке алдын ала құйылып толтырылған. Алдын ала толтырылған шприцтің қорғағыш қалпағы бар инъекциялық инесі және инъекция жасаудан кейінгі инеге арналған арнаулы қауіпсіздік қалпақшасы (инені абайсызда кіргізіп алу салдарынан болатын жарақаттанудан сақтану үшін) болады.
Пішінді ұяшықты қаптамаға алдын ала толтырылған 1 шприцтен салынған. Пішінді ұяшықты 1 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және екі спиртті сүрткімен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Тіркеу куәлігінің иесі
Эбеве Фарма Гес.м.б.Х. Нфг. КГ, Австрия
Mondseestraβe 11, A-4866 Unterach Austria
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Луганский к-сі, 96, «Керуен» бизнес орталығы, 3-қабат.
Тел +7 (727) 2581048 Факс: +7 (727) 2581047,
kzsdz.drugsafety@sandoz.com
8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу нөмірі