Месопраль (20 мг)

МНН: Эзомепразол
Производитель: Этифарм
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Esomeprazole
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022684
Информация о регистрации в РК: 30.09.2021 - 30.09.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Месопраль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эзомепразол

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қатты капсулалар, 20 мг және 40 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 21.69 мг немесе 43.37 мг эзомепразол магний дигидраты, 20.0 мг және 40.0 мг эзомепразолға шаққанда,

қосымша заттар: қант сфералары (сахароза, жүгері крахмалы), гипромеллоза, диметикон, полисорбат 80, маннитол, диацетилденген моноглицерид, тальк, метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері (1:1) дисперсия 30%, триэтилцитрат, стеарилмакроголглицеридтер, тазартылған су.

Желатин капсулалардың құрамы

корпусы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), қара тушь,

қақпағы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172)

Сипаттамасы

20 мг доза үшін. Қатты желатин капсулалар № 4, корпусыақ, мөлдір емес, қара сиямен «20 mg» жазылған, қақпағысары мөлдір емес. Капсуланың ішіндегісі – ақ дерліктен сұр түске дейінгі сфералық ұсақ түйіршіктер.

40 мг доза үшін. Қатты желатин капсулалар № 3, корпусысары, мөлдір емес, қара сиямен «40 mg» жазылған, қақпағысары мөлдір емес. Капсуланың ішіндегісі – ақ дерліктен сұр түске дейінгі сфералық ұсақ түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті (GORD) емдеуге арналған препараттар. Протондық сорғы тежегіштері. Эзомепразол. АТХ коды А02ВС05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эзомепразол қышқылды ортада тұрақсыз болып табылады және ішекте еритін қабықпен қапталған түйіршіктер түрінде пероральді қабылданады. Эзомепразолдың сіңірілуі тез жүреді, қан плазмасындағы шегі қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң басталады. Абсолюттік биожетімділігі 40 мг бір реттік дозадан кейін 64% құрайды және бір реттік дозаны қайта қабылдағаннан кейін 89%-ға дейін артады. 20 мг эзомепразол үшін бұл мәндер тиісінше 50% және 68% құрайды. Эзомепразол 97%-ға плазма ақуыздарымен байланысады.

Ас ішу эзомепразолдың сіңірілуін тежейді, әрі төмендетеді, бірақ бұл тұз қышқылы секрециясын тежеу тиімділігіне айтарлықтай әсер көрсетпейді.

Метаболизмі және шығарылуы

Эзомепразол Р450 (CYP) цитохромы жүйесінің қатысуымен толық метаболизденеді. Негізгі бөлігі эзомепразолдың гидрокси- және десметилметаболиттерінің түзілуіне жауап беретін полиморфтық CYP2C19 қатысуымен метаболизденеді. Қалған бөлігінің метаболизмі қан плазмасындағы негізгі метаболит - эзомепразол сульфонның түзілуіне жауап беретін басқа спецификалық изоформаға, CYP3A4 байланысты.

Төменде келтірілген параметрлер CYP2C19 белсенді ферменті бар пациенттерде (экстенсивті метаболизмі бар пациенттерде) негізінен фармакокинетика сипатын көрсетеді. Жалпы плазмалық клиренсі препаратты бір рет қабылдағаннан кейін шамамен 17 л/сағ және қайта қабылдағанда 9 л/сағ құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі препаратты тәулігіне бір рет қайталап қабылдағанда 1.3 сағатты құрайды. Тәулігіне екі рет 40 мг дозада эзомепразолды қабылдағанда «концентрация – уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданы эзомепразолды қайта енгізгенде артады. Бұл ұлғаю дозаға байланысты болып табылады және қайта енгізгеннен кейін AUC дозаға пропорционалды ұлғаюына әкеледі. Бұл уақыт- және дозаға тәуелділік бауыр арқылы «бірінші өту» барысында метаболизмнің төмендеуімен, сондай-ақ эзомепразолдың жүйелік клиренсінің төмендеуімен түсіндіріледі, бұл эзомепразолмен және/немесе оның құрамында сульфон бар метаболитімен CYP2C19 ферментін тежеумен байланысты болуы мүмкін.

Эзомепразол дозалар арасында плазмадан толық шығарылады, тәулігіне бір рет қолданғанда препараттың жинақталуына үрдістер байқалмайды.

Эзомепразолдың негізгі метаболиттері асқазандағы қышқыл секрециясына әсер етпейді. Пероральді қолданғанда препарат дозасының 80%-ға дейінгісі метаболиттер түрінде несеппен, басқа бөлігі нәжіспен шығарылады. Несепте өзгермеген эзомепразолдың 1%-дан азы анықталады.

Пациенттердің ерекше санаты

Шамамен 2.9 ± 1.5% тұрғындарда CYP2C19 ферментінің белсенділігі төмен (метаболизмі баяу пациенттер). Мұндай пациенттерде эзомепразол метаболизмі, негізінен, CYP3A4 көмегімен жүзеге асырылады. Тәулігіне бір рет 40 мг эзомепразолды ішке қайталап қабылдағанда «концентрация – уақыт» қисығы астындағы орташа аудан CYP2C19 белсенді ферменті бар пациенттерге қарағанда 100%-ға жоғары (метаболизмі жедел пациенттер). Метаболизмі баяу пациенттердің плазмасындағы шектік концентрациялардың орташа мәні шамамен 60%-ға жоғарылаған. Белгіленген ерекшеліктер эзомепразолдың дозасына және қолдану тәсіліне әсер етпейді.

Егде жастағы (71-80 жас) пациенттерде эзомепразол метаболизмі айтарлықтай өзгермейді.

Эзомепразолдың 40 мг бір реттік дозасынан кейін «концентрация уақыт» қисығы астындағы ауданның орташа шамасы ерлерге қарағанда әйелдерде шамамен 10%-ға жоғары. Қайталанатын бір реттік дозаны қолданғаннан кейін жынысы бойынша ешқандай айырмашылықтар байқалған жоқ. Белгіленген ерекшеліктер эзомепразолдың дозасына әсер етпейді.

Ағзалар функциясы бұзылуында

Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде эзомепразол метаболизмі баяу болуы мүмкін. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде метаболизм жылдамдығы төмен, бұл эзомепразол үшін «концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданның екі еселенуіне әкеледі. Сондықтан ағзалар функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер үшін эзомепразолдың ең жоғары дозасы 20 мг құрайды және одан арттыруға болмайды. Эзомепразол мен оның негізгі метаболиттерінің жинақталуына үрдістер препаратты тәулігіне бір рет қабылдағанда байқалмайды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде эзомепразол метаболизмі өзгермейді деп күтілуде, себебі бүйрек бастапқы заттың емес, эзомепразол метаболиттерінің шығарылуына жауап береді.

12-18 жастағы пациенттерде жалпы экспозиция (AUC) және препараттың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты (tmax) 20 мг және 40 мг дозада эзомепразол қабылдаған кезде ересектердегімен ұқсас болды.

Фармакодинамикасы

Эзомепразол омепразолдың S-изомері болып табылады және спецификалық көзделген әсер ету механизмі арқылы асқазандағы қышқыл секрециясын төмендетеді. Препарат париетальді жасушалардағы протондық сорғы тежегіші болып табылады. Омепразолдың S- және R-изомерлері ұқсас фармакодинамикалық белсенділікке ие.

Эзомепразол әлсіз негіз болып табылады, концентрацияланады және париетальді жасушалардың секреторлық өзекшелерінің өте қышқыл ортасында белсенді түрге айналады және Н+, К+-АТФаза ферментін – қышқылды сорғыны тежейді және қышқылдың базальді және көтермеленген секрециясын тежейді.

Асқазандағы қышқыл сөлінісіне әсері

20 мг немесе 40 мг Месопраль препаратын пероральді қабылдағаннан кейін әсері 1 сағат ішінде дамиды. Препаратты тәулігіне бір рет 20 мг дозада 5 күн бойы күнделікті қабылдағанда емдеудің 5-ші күні дозаны қабылдағаннан кейін 6-7 сағаттан соң қышқыл концентрациясын өлшегенде пентагастринмен көтермелегеннен кейін қышқылдың орташа шектік концентрациясы 90%-ға төмендейді. Эзомепразолды 20 мг және 40 мг дозада 5 күн пероральді қабылдаған соң асқазандағы рН орта есеппен 13 және 17 сағат ішінде 4-тен жоғары, тиісінше симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруы (ГЭРА) бар пациенттерде 24 сағаттан артық болды. Эзомепразолды 20 мг дозада қабылдағаннан кейін асқазандағы рН 8 сағат бойы 76% пациентте, 12 сағат бойы 54% пациентте және 16 сағат бойы 24% пациентте 4-тен жоғары болды. Эзомепразол үшін 40 мг дозада тиісті арақатынастар 97%, 92% және 56% құраған.

Плазмадағы эзомепразол концентрациясын бағалау үшін алмастырушы параметр ретінде AUC параметрін пайдалана отырып, қышқыл сөлінісі мен препарат концентрациясы арасында өзара байланыс анықталды.

Қышқыл сөлінісін тежеу нәтижесінде қол жеткізілген емдік әсері

40 мг дозада Месопраль препаратымен рефлюкс-эзофагиттің жазылуы 4 аптадан кейін пациенттердің шамамен 78%-да және 8 аптадан кейін 93%-да басталады. Бір апта ішінде тиісті антибиотиктермен біріктірілімде тәулігіне 2 рет 20 мг дозада Месопраль препаратымен емдеу шамамен 90% пациентте Helicobacter pylori эрадикациясына әкеледі.

Он екі елі ішектің асқынбаған ойық жарасында ойық жараны тиімді жазу үшін бір апталық эрадикация курсынан кейін секрецияға қарсы препараттармен кейінгі монотерапия жүргізу қажет емес.

Қышқыл сөлінісін тежеумен байланысты басқа да әсерлер

Секрецияға қарсы препараттармен емдеген кезде плазмадағы гастрин деңгейі қышқыл сөлінісінің төмендеуі нәтижесінде артады.

Ұзақ уақыт бойы эзомепразол қабылдаған пациенттерде энтерохромаффин тәрізді жасушалар (ECL-жасушалар) мөлшерінің артқаны байқалады, ол плазмадағы гастрин деңгейінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.

Эзомепразол циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаған пациенттерде (соның ішінде 60 жастан асқан және/немесе анамнезінде пептидтік ойық жарасы бар пациенттерде) асқазанның ойық жарасының жазылуына, сондай-ақ асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы профилактикасына қатысты жоғары тиімділігін көрсетті.

Қолданылуы

Ересектер

Гастро-эзофагеальді рефлюкстік ауруда (ГЭРА)

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеуде

- эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін қайталануды болдырмау үшін ұзақ демеуші емдеуде

- гастро-эзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеуде

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін тиісті бактерияға қарсы емдеу сызбаларымен біріктірілімде

- Helicobacter pylori туғызған он екі елі ішектің ойық жарасын жазу үшін

- Helicobacter pylori туғызған ойық жарасы бар пациенттерде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануын болдырмау үшін

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) ұзақ емдеу қажет етілетін пациенттер

- ҚҚСП емдеумен байланысты асқазанның ойық жарасын жазу үшін

- қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП емдеуден туындаған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының профилактикасында

Пептикалық ойықжарадан қан кеткен өткерген пациенттерде ұзақ қышқыл басатын емде (асқазан безінің сөлінісін төмендететін препараттарды вена ішіне қолданғаннан кейін, қайталанулардың профилактикасы үшін)

Золлингер-Эллисон синдромын емдеуде

12 жасқа дейінгі және одан үлкен балалар

Гастро-эзофагеальді рефлюксті ауруда (ГЭРА)

- рефлюкс-эзофагитте эрозияларды емдеуде

- рефлюкс-эзофагит қайталануының профилактикасында

- гастро-эзофагеальді рефлюксті ауруды симптоматикалық емдеуде

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін бактерияға қарсы емнің тиісті сызбаларымен біріктірілімде

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсулаларды тұтастай, аздаған мөлшердегі сумен ішу керек. Капсулаларды шайнауға немесе бөлуге болмайды.

Жұту кезінде қиналатын пациенттер үшін капсулаларды ашуға және пеллеттерді газдалмаған жарты стақан суда ерітуге болады. Басқа сұйықтықтарды пайдаланбған жөн, өйткені қорғағыш қабық еріп кетуі мүмкін. Микротүйіршіктер қосылған суды бірден немесе 30 минут ішінде ішу керек. Қайтадан стақанға суды жартылай толтырып, қалдығын араластырып, сосын ішу керек. Микротүйіршіктерді шайнауға немесе бөлуге болмайды.

Жұта алмайтын пациенттерге капсулаларды ашуға және пеллеттерді газдалмаған суда ерітуге, зонд арқылы енгізуге болады. Препаратты шприц және түтік көмегімен енгізудің талапқа сәйкестігі мұқият қарастырылуы маңызды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар

Гастро-эзофагеальді рефлюксті ауру: 4 апта бойы тәулігіне 1 рет 40 мг. Бірінші курстан кейін эзофагит жазылмаған немесе симптомдар сақталған жағдайда қосымша 4-апталық емдеу курсы ұсынылады.

Қайталанулардың алдын алу үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін ұзақ демеуші емде: тәулігіне бір рет 20 мг.

Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды симптоматикалық емдеуде: тәулігіне бір рет 20 мг – эзофагиті жоқ пациенттерге. Егер 4 апта емдеуден кейін симптомдар кетпесе пациентке қосымша тексеріс жүргізу керек. Ауру симптомдарын жойғаннан кейін препарат қабылдауды “қажет болса” режиміне ауысуға болады, яғни Месопральді симптомдар жаңғырған жағдайда тәулігіне бір рет 20 мг қабылдауға болады. ҚҚСП қабылдайтын және асқазан немесе он екі елі ішек ойықжарасының даму қаупі тобына жататын пациенттер үшін «қажет болса» режиміндегі емді ұзарту ұсынылмайды.

Ересектер

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем құрамында Helicobacter pylori астасқан он екі елі ішек ойықжарасын емдеуде: Месопраль 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг. Барлық препараттар 1 апта бойы тәулігіне екі рет қолданылады.

Пептикалық ойықжарадан қан кетуді өткерген пациенттерде ұзақ қышқыл басатын емде (асқазан безінің сөлінісін төмендететін препараттарды вена ішіне қолданғаннан кейін, қайталанулардың профилактикасы үшін): асқазан безінің сөлінісін төмендететін препараттарды вена ішіне қолдану аяқталғаннан кейін 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг.

ҚҚСП үздіксіз ем қажет болатын пациенттер

ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан ойықжарасының жазылуы: әдеттегі доза тәулігіне бір рет 20 мг. Емдеу ұзақтығы 4-8 аптаны құрайды.

Қаупі бар пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойықжарасының профилактикасында: тәулігіне бір рет 20 мг.

Пептикалық ойықжарадан қан кеткен қайталануының вена ішіне индукцияланған профилактикасынан кейін ұзақ емде: пептикалық ойықжарадан қан кету қайталануының вена ішіне индукцияланған профилактикасынан кейін 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг.

Золлингер-Эллисон синдромын емдеу: ұсынылған бастапқы доза тәулігіне екі рет 40 мг. Сосын дозаны жекелей таңдау керек, емдеу ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісімен анықталады. Клиникалық деректер негізінде пациенттердің көпшілігінің жағдайын эзомепразолды тәулігіне 80-нен 160 мг дейінгі дозаларда қабылдаумен бақылауға болады. Күніне 80 мг жоғары дозаларда дозаны бөлу және тәулігіне екі рет қабылдау керек.

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем құрамында Helicobacter pylori астасқан он екі елі ішек ойықжарасын емдеуде: Месопраль 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг. Барлық препараттар 1 апта бойы тәулігіне екі рет қолданылады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем құрамында Helicobacter pylori астасқан он екі елі ішек ойықжарасын емдеуде:

Салмағы

Дозалануы

  • кг

  • Екі антибиотикпен біріктірілімде: 20 мг эзомепразол, 750 мг амоксициллин және 7.5мг/кг м.т. кларитромицин. Барлық препараттар бір апта бойы тәулігіне 2 рет қолданылады.

    >40 кг

    Екі антибиотикпен біріктірілімде: 20 мг эзомепразол, 1 г амоксициллин және 500 мг кларитромицин. Барлық препараттар бір апта бойы тәулігіне 2 рет қолданылады.

    12 жасқа толмаған балаларға қауіпсіздік бойынша деректердің жоқтығына байланысты Месопральді тағайындамаған жөн.

    Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер арасындағы шектеулі тәжірибеге байланысты мұндай пациенттерді емдегенде сақтық таныту керек.

    Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауырының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ең жоғарғы тәуліктік доза 20 мг аспауы тиіс.

    Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

    Препаратты назогастральді зонд арқылы енгізу

    1. Капсула ішіндегісін көлемі 25 мл немесе 50 мл суға себу керек. Зондтардың кейбір түрлерін қолданған жағдайда зондтың препарат түйіршіктерімен бітеліп қалмау үшін капсуланы 50 мл суда еріту керек. Араластырыңыз.

    2. Жүзіндіні шприцке салыңыз және шамамен 5 мл ауа қосыңыз.

    3. Түйіршіктерді жүзіндіге бөлу мақсатында шприцті шамамен 2 минут шайқайды.

    4. Шприцтің ұштығын жоғары қаратып төңкеру және шприц бітеліп қалмағанын тексеру керек.

    5. Жоғары қарай бағытталған шприцті ұстап тұрып, зонд пен шприцтің ұштықтарын біріктіру керек.

    6. Шприцті сілку және ұштықпен төмен қаратып бұраңыз, аударыңыз және шамамен 5-10 мл жүзіндіні зондқа бірден енгізу керек. Енгізгеннен кейін шприцті ұштығын жоғары қаратып төңкеру және сілку керек (бітеліп қалмау үшін шприцті ұштығын жоғары қаратып ұстау керек).

    7. Шприцті ұштығын төмен қаратып төңкеру және 5-10 мл жүзіндіні зондқа бірден енгізу керек. Шприц босамағанша аталған операцияны қайталау керек.

    8. Егер қажет болса, шприцті 25 мл сумен және 5 мл ауамен толтыру және шприцте қалуы мүмкін жүзінді шөгіндісін сұйылту үшін 6 тармақта сипатталған операцияны қайталау керек. Зондтардың кейбір түрлерін қолданған жағдайда 50 мл су қосу қажет болуы мүмкін.

    Жағымсыз әсерлері

    Жиі (>1/100, <1/10)

    - бас ауыруы

    - іш ауыруы, диарея, метеоризм, жүрек айнуы, құсу, іш қату

    Жиі емес (>1/1000, <1/100)

    - дерматит, қышыну, есекжем, бөртпе

    - бас айналуы

    - ауыздың құрғауы

    - ұйқысыздық, парестезия, ұйқышылдық

    - “бауыр” ферменттері беленділігінің жоғарылауы

    - шеткері ісінулер

    - омыртқа бағанының, жамбас мойны, білек сынуының даму қаупі

    Сирек (>1/10000, <1/1000)

    - лейкопения, тромбоцитопения

    - аллергиялық реакциялар: қызба, ангионевроздық ісіну, анафилактоидтық реакция/шок

    - қозу, депрессия, дімкәстік, абдырау

    - дәм сезудің бұзылуы

    - гипонатриемия

    - бронх түйілуі

    - стоматит және асқазан-ішек кандидозы

    - гепатит, сарғаюымен (немесе онсыз)

    - фотосенсибилизация, алопеция

    - артралгия, миалгия

    - көрудің нашарлауы

    - тершеңдік

    Өте сирек (<1/10000)

    - агранулоцитоз, панцитопения

    - елестеулер (көбінесе әлсіреген пациенттерде), озбыр мінез-құлық

    - бауыр жеткіліксіздігі, бауыр энцефалопатиясы

    - мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальный некролиз

    - бұлшықет әлсіздігі

    - интерстициальді нефрит

    - гинекомастия

    Жиілігі белгісіз

    - гипомагнезиемия, ауыр гипомагнезиемия гипокальциемияға әкелуі мүмкін

    - микроскопиялық колит

    - терінің жеделге жуық қызыл жегісі

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    - эзомепразолға, орын басушы бензимидазолдарға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

    - нелфинавирмен бір уақытта қабылдау

    - жүктілік және лактация кезеңі

    - балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген)

    Сақтықпен

    - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Протеазалардың тежегіштері

    Омепразол протеазалардың кейбір тежегіштерімен әрекеттесетіні белгіленген. Мұндай әрекеттесу туралы бұрыннан бар хабарламалардан басқа клиникалық мәні және әсер ету механизмі әлі зерттелмеген. Омепразолмен емдеу уақытында асқазан сөлінің рН ұлғаюы протеазалардың тежегіштерінің сіңірілуіне ықпал етуі мүмкін. CYP2C19 изоферменті әсерінің бәсеңдеуінен туындаған басқа да әрекеттесулер пайда болуы ықтимал. Атазанавир мен нелфинавир тағайындаған жағдайда омепразолмен бір уақытта қолданғанда олардың плазмадағы концентрациясының төмендеуі байқалған, сондықтан бұл препараттарды біріктіру ұсынылмайды. Омепразол (тәулігіне бір рет 40 мг дозада) мен атазанавирді 300 мг дозада/ритонавирді 100 мг дозада дені сау еріктілерде біріктіріп қолдану атазанавир экспозициясының төмендеуіне (AUC, Cmax және Cmin шамамен 75% төмендеуі) әкелді. Атазанавир дозасының 400 мг ұлғаюы омепразолдың атазанавир экспозициясына ықпалының орнын толтырмайды. Омепразол (тәулігіне бір рет 20 мг дозада) мен атазанавирді 400 мг дозада және (немесе) ритонавирді 100 мг дозада дені сау еріктілерде біріктіріп қолдану атазанавир экспозициясының төмендеуіне (тәулігіне бір рет 20 мг омепразолсыз тәулігіне бір рет 300 мг атазанавир және (немесе) 100 мг ритонавир жағдайында байқалатын экспозициямен салыстырғанда шамамен 30%) әкелді. Омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг дозада) біріктіріп қолдану нелфинавирдің орташа экспозициясының, Cmax және Cmin 36‑39%-ға және AUC, Cmax және Cmin фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболит М8 үшін 75-92%-ға төмендеуіне әкелді. Омепразол мен эзомепразолдың ұқсас фармакодинамикалық және фармакокинетикалық қасиеттерін ескере отырып, эзомепразол мен атазанавирді бір уақытта қолдану ұсынылмайды, нелфинавирдің эзомепразолмен біріктірілімі қарсы көрсетілген.

    Саквинавир жағдайында (ритонавирмен қолданылатын) омепразолды бір уақытта қолданғанда (тәулігіне бір рет 40 мг) оның қандағы концентрациясының жоғарылауы (80-100%) белгіленген. Омепразолды 20 мг дозада қолдану дарунавир (ритонавирді бір уақытта қолданумен) мен ампренавирдің (ритонавирмен біріктірілім) экспозициясына ықпал етпеді. Омепразолды тәулігіне 20 мг дозада қолдану ампренавир (ритонавирді бір уақытта қолданумен немесе онсыз) экспозициясына ықпал етпеді. Омепразолды тәулігіне 40 мг қолдану лопинавир (ритонавирді бір уақытта қолданумен) экспозициясына ықпал етпеді.

    Метотрексат

    ППТ мен метотрексатты біріктіріп қабылдағанда кейбір пациенттердегі концентрацияның жоғарылауы байқалған. Метотрексатты жоғарғы дозаларда қолданғанда эзомепразол қабылдауды тоқтата тұру қажет.

    Такролимус

    Эзомепразолмен біріктіріп тағайындау такролимустың сарысудағы концентрациясының ұлғаюына әкелді.

    Сіңірілуі рН мәніне байланысты дәрілік препараттар

    Эзомепразолмен және протондық помпаның басқа тежегіштерімен емдеу аясында асқазан сөлінің қышқылдығын бәсеңдету сіңірілуі қышқылды ортаға байланысты болатын препараттардың абсорбциясының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Эзомепразол, асқазандағы қышқыл сөлінісін төмендететін басқа дәрілер сияқты кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб абсорбциясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ол кезде эзомепразолды дигоксинмен біріктіріп қолданғанда соңғысының концентрациясы ұлғаюы мүмкін.

    CYP2C19 биотрансформацияланатын әсер ететін заттар

    Эзомепразол оның метаболизміне қатысатын негізгі фермент CYP2C19 тежейді. Тиісінше, эзомепразолды диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин және т.б. сияқты метаболизміне CYP2C19 қатысатын басқа препараттармен біріктіріп қолдану бұл препараттардың плазмадағы концентрацияларының жоғрылауына әкелуі мүмкін, бұл, өз кезегінде, дозаны төмендетуді талап етуі мүмкін. Бұл әрекеттесу туралы әсіресе Месопраль препаратын «қажет болса» режимінде тағайындағанда есте сақтау маңызды.

    Диазепам

    30 мг эзомепразол мен CYP2C19 цитохромының субстраты болып табылатын диазепамды біріктіріп қолданғанда диазепам клиренсінің 45% төмендеуі белгіленді.

    Фенитоин

    Эзомепразолды 40 мг дозада тағайындау эпилепсиясы бар пациенттерде фенитоинның қалдық концентрациясының 13% жоғарылауына әкелді. Осыған байланысты эзомепразолмен емдеудің басында және оны тоқтатқанда плазмадағы фенитоин концентрациясын бақылау ұсынылады.

    Вориконазол

    Омепразол (тәулігіне бір рет 40 мг) мен вориконазолды (CYP2C19 үшін субстрат) бір уақытта қолдану Cmax және AUCτ тиісінше 15% және 41% ұлғайтты.

    Цилостазол

    Омепразол, сондай-ақ эзомепразол CYP2C19 тежейтін әсер көрсетеді. Омепразолды дені сау адамдарда 40 мг дозада қолдану бойынша айқаспалы дозалау сызбасымен болған зерттеуде цилостазолдың Сmax және AUC тиісінше 18% және 26%, ал метаболиттердің негізгілерінің бірін тиісінше 29% және 69% жоғарылатты.

    Цизаприд

    Цизапридті 40 мг эзомепразолмен бірге қолдану цизапридтің дені сау еріктілердегі фармакокинетикалық параметрлерінің мәндерінің жоғарылауына әкелді: AUC - 32%-ға және жартылай шығарылу кезеңі 31%-ға, алайда цизапридтің плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы бұл ретте қатты өзгермейді. Цизапридпен монотерапия кезінде байқалған QT аралығының аздаған ұзаруы эзомепразолды қосқанда ұлғаймады.

    Варфарин

    Варфаринді 40 мг эзомепразолмен біріктіріп қабылдау варфаринді ұзақ қабылдайтын пациенттерде коагуляция уақытының өзгеруіне әкелмеді. Алайда варфарин мен эзомепразолды бірге қолданғанда ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) индексінің клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылауының бірнеше жағдайлары туралы хабарланған. Сондықтан бұл препараттарды бірге қолданудың басында және аяқталғанда ХҚҚ бақылау ұсынылады.

    Клопидогрел

    Дені сау еріктілерге жасалған зерттеу нәтижелері бойынша клопидогрел (жүктеме доза 300 мг/тәуліктік демеуші доза 75 мг) мен эзомепразол (ішке тәулігіне 40 мг) арасында клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының орташа есеппен 40% төмендеуіне әкелетін және тромбоциттер агрегациясы АДФ туындаған ең жоғарғы тежелуінің орташа есеппен 14% төмендеуіне әкелетін фармакокинетикалық/ фармакодинамикалық әрекеттесу белгіленген.

    Дені сау еріктілерге жасалған клиникалық зерттеуде эзомепразолдың 20 мг және клопидогрелмен бірге ацетилсалицил қышқылының (ASA) 81 мг тұрақты дозаларын бір уақытта қолдану кезінде тек клопидогрелдің экспозициясымен салыстырғанда клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының 40% төмендеуі белгіленген. Тромбоциттердің АДФ-индукцияланған агрегациясының ең жоғарғы тежелуі бұл пациенттерде екі топта да осындай болды.

    Қадағалаушы және клиникалық зерттеулерден шығатын күрделі жүрек-қантамыр бұзылыстарына қатысты аталған фармакокинетикалық/ фармакодинамикалық әрекеттесудің клиникалық әсерлерінің нәтижелері бір жақты емес. Фармакотерапия қауіпсіздігін ескере отырып эзомепразолды клопидогрелмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

    Амоксициллин және хинидин

    Эзомепразол амоксициллин мен хинидин фармакокинетикасының клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістерін туындатпайды.

    Напроксен немесе рофекоксиб

    Эзомепразол мен напроксеннің немесе рофекоксибтің қысқа мерзім біріктіріп қодланылуын бағалау бойынша зерттеулер клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық әрекеттесулерін анықтамады.

    Өзге дәрілік препараттардың эзомепразолдың фармакокинетикалық қасиеттеріне ықпалы

    Эзомепразол CYP2C19 және CYP3A4 метаболизденеді. Эзомепразол мен кларитромицин (500 мг, тәулігіне екі рет) сияқты CYP3A4 тежегішін қатар қолдану эзомепразол экспозициясының (AUC) екі еселенуіне әкеледі. Эзомепразол мен CYP2C19 және CYP3A4 біріккен тежегішін біріктіріп қолдану эзомепразол экспозициясының екі еседен артық ұлғаюына әкелуі мүмкін. Вориконазол (CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші) AUCτ 280% ұлғайтты. Осындай жағдайларда эзомепразол дозасын түзету әдетте талап етілмейді. Дегенмен, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және ұзақ емдеу кезінде дозаны түзету мүмкіндігін ескеру керек.

    CYP2C19 немесе CYP3A4 немесе екі цитохромды да индукциялайтын препараттар (мысалы рифампицин және шайқурай) эзомепразолдың сарысулық деңгейлерінің ұлғаюына оның метаболизмнің ұлғаюы арқылы әкелуі мүмкін.

    Айрықша нұсқаулар

    Кез келген үрей симптомдары (мысалы, дене салмағының кенеттен елеулі төмендеуі, қайталанған құсу, дисфагия, қан қоспаларымен құсу немесе мелена) болғанда, сондай-ақ асқазан ойықжарасы болғанда (немесе асқазан ойықжарасына күдіктенгенде) қатерлі жаңа түзілімнің болуын жоққа шығару керек, өйткені Месопраль препаратымен емдеу симптоматиканың бүркемеленуіне және диагноз қоюдың кейінге шегерілуіне әкелуі мүмкін.

    Препаратты ұзақ кезең (әсіресе бір жылдан астам) бойы қабылдайтын пациенттер дәрігердің үздіксіз қадағалауында болуы тиіс.

    Месопральді «қажеттілік бойынша» қабылдайтын пациенттер симптомдар сипаты өзгерген кезде өз дәрігерімен байланысу қажеттілігі туралы хабарлануы тиіс. Плазмадағы эзомепразол концентрациясының ауытқуын назарға ала отырып, емді «қажеттілік бойынша» тағайындағанда препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін ескеру керек.

    Месопраль препаратын Helicobacter pylori эрадикациясы үшін тағайындағанда үштік емнің барлық компоненттері үшін дәрілік әрекеттесулер мүмкіндігі ескерілуі тиіс.

    Кларитромицин CYP3А4 мықты тежегіші болып табылады, сондықтан CYP3А4 қатысуымен метаболизденетін басқа препараттар (мысалы, цисаприд) қабылдайтын пациенттерге эрадикация емін тағайындағанда ықтимал қарсы көрсетілімдерді және кларитромициннің осы дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін ескеру қажет.

    Протондық помпаның тежегіштерімен емдеу Salmonella және Campylobacter туындатқан асқазан-ішек инфекциялары қаупінің аздаған ұлғаюына әкелуі мүмкін.

    Месопраль, қышқыл сөлінісін бөгейтін басқа да препараттар сияқты гипо- немесе ахлоргидрия салдарынан В12 витаминінің (цианкобаламин) абсорбциясын төмендетуі мүмкін. Мұны ұзақ мерзімді ем кезінде организмде В12 витаминінің қоры төмендеген немесе В12 абсорбциясының төмендеу қаупі факторлары бар пациенттерде назарға алу керек.

    Ауыр гипомагниемия кемінде үш ай бойы және көптеген жағдайларда бір жыл бойы қолданғанда эзомепразол сияқты протондық помпа тежегіштерімен (ППТ) емделіп жатқан пациенттерде байқалды. Қажу, тартылу, делирий, конвульсия, бас айналуы және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның күрделі көріністері орын алуы мүмкін, бірақ олар кенеттен басталуы мүмкін және оларды анықтау қиын. Көптеген пациенттерде гипомагниемия орын басатын магний емінен және ППТ емдеуді тоқтатқаннан кейін төмендейді.

    Ұзақ емделу болжанған немесе ППТ дигоксинмен немесе гипомагниемия туындатуы мүмкін препараттар (мысалы, диуретиктер) қабылдайтын пациенттерде ППТ ем басталғанға дейін және ем барысында ауық-ауық магний деңгейін өлшеу керек.

    Протондық сорғының тежегіштері, әсіресе оларды жоғарғы дозаларда және ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) қолданғанда сан-жамбас буынының, білектің немесе омыртқаның сыну қаупінің орташа ұлғаюы мүмкін, негізінен егде жастағы пациенттерде немесе басқа да танылған қауіп факторлары болғанда. Обсервациялық зерттеулер протондық помпаның тежегіштері жалпы сынулар қаупін 10-40% ұлғайтуы мүмкін екенін болжамдауға мүмкіндік береді. Остеопороз қаупі жоғары пациенттер қадағалануы және ағымдағы клиникалық ұсынымдарға сәйкес емделуі тиіс, сондай-ақ D витамині мен кальцийдің талапқа сай мөлшерін қабылдау керек.

    Протондық сорғы тежегіштерін (ПСТ) қолдану терінің жеделге жуық қызыл жегісінің (ТЖЖҚЖ) өте сирек даму жағдайларымен астасқан. Егер, әсіресе күн сәулесіне ашық аумақтарда артралгиямен қатар терінің зақымдануы туындаса онда пациент уақытымен медициналық көмекке жүгінуі тиіс және дәрігер Месопраль препаратын қолдануды тоқтату туралы шешімді қарастыруы тиіс. ТЖЖҚЖ анамнезде ПСТ емдеу кезінде басқа ПСТ қолданған кезде ТЖЖҚЖ даму қаупі жоғрылауы мүмкін.

    Зертханалық зерттеулерге ықпалы

    CgA деңгейінің ұлғаюы нейроэндокриндік ісіктер бойынша зерттеулерге ықпал етуі мүмкін. Бұл ықпалға жол бермеу үшін эзомепразолмен емді CgA өлшегенге дейін кемінде 5 күн бұрын уақытша тоқтату қажет.

    Месопраль құрамында сахароза бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер бұл препаратты қабылдауы керек.

    Месопраль құрамында парагидроксибензоаттар бар, олар аллергиялық реакциялар (кеш типті реакциялар болуы мүмкін) туындатуы мүмкін.

    Жүктілік және лактация

    Эзомепразолдың жүктілік кезіндегі ықпалы бойынша клиникалық деректер жеткіліксіз.

    Препаратты жүктілерге ана үшін күтілетін пайда шаранаға төнетін қауіптен басым жағдайда ғана тағайындалуы тиіс.

    Эзомепразол емшек сүтімен бөліне ме, белгісіз, сондықтан Месопральді бала емізу кезінде тағайындамаған жөн.

    Дәрілік заттың көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

    Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.

    Артық дозалануы

    Симтомдары: жалпы әлсіздік, жағымсыз әсерлердің, оның ішінде асқазан-ішек жолы тарапынан болатын әсердің күшеюі.

    Емі: симптоматикалық және демеуші ем. Диализдің тиімділігі аз. Спецификалық антидоттары белгісіз.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    7 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден (ішкі қабаты поливинилхлорид/алюминий/полиамидті үлбір) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

    4 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

    Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға салуға болады.

    Сақтау шарттары

    Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші ұйымның атауы және елі

    Этифарм, Франция

    Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

    «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

    Қаптаушы ұйымның атауы және елі

    Польфарма фармацевтикалық зауыты АҚ, Польша

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

    «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

    160019 г. Шымкент, ул. Рашидова, 81

    Телефон нөмірі 7252 (561342)

    Факс нөмірі 7252 (561342)

    Электрондық поштасы infomed@santo.kz

    Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

    «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

    160019 Шымкент қаласы, Рашидов к-сі, 81

    Телефон нөмірі 7252 (561342)

    Факс нөмірі 7252 (561342)

    Прикрепленные файлы

    196414591498795352_ru.doc 144 кб
    601411901498795885_kz.doc 191.5 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники