Меновазин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар - 2,5 г рацемиялық ментол, 1,0 г новокаин, 1,0 г анестезин,
қосымша зат – 100 мл-ге дейін 70 % этил спирті
Сипаттамасы
Ментол иісі бар, түссіз мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті жансыздандыратын препараттар.
АТХ коды D04AB
Фармакологиялық қасиеттері
Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Жергілікті жансыздандыратын әсерге ие.
Ментол терінің беткейлі тамырларын кеңейтеді, ауруды басатын әсермен қатар жүретін салқынды сезінуді тудырады, сонысымен анестезиннің, новокаиннің жансыздандыратын әсерін күшейтеді, қышынуды азайтады.
Қолданылуы
-
невралгияда
-
миалгияда
-
артралгияда
-
қышитын дерматозда
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа. Терінің ауырған жерлерін күніне 2-3 рет 5-10 мл сұйықтықпен сылау керек. Емдеу курсы – 7-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
Ұзақ қабылдаған кезде мынандай жағдайлар болуы мүмкін
-бас айналуы, жалпы әлсіздік
- артериялық қысымының төмендеуі
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғарғы сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Дәрігердің тағайындауымен қолдануға болады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті және бала емізетін әйелдерді емдеу үшін, егер күтілетін емдік әсер болуы мүмкін жағымсыз әсерлердің қаупінен артқанда дәрігердің тағайындауы бойынша препарат қолданылуы мүмкін.
Көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың қолдану автокөлікті құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 мл, 40 мл және 50 мл-ден бұрандалы қақпағы және полиэтилен тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны құтыларда немесе тығынмен және қақпақпен жабылған полимер құтыларда. Құтыларды қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе орама қағазбен қапталған бумаларға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Б.Бұлқышев к-сі, 4е
Тіркеу куәлігінің иесі
“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Б.Бұлқышев к-сі, 4е
Тел./факс +7 727 233-27-58
Электронды пошта: farm-4@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Б. Бұлқышев к-сі, 4е
Тел./факс +7 727 233-27-58
Электронды поштасы: farm-4@mail.ru