Меновазин
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Меновазин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Сыртқа қолдануға арналған спрей, 50 мл
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антигистаминдерді, жергілікті жансыздандыратындарды және басқаларын қоса, қышынуға қарсы препараттар. Жергілікті жансыздандыратын препараттар.
АТХ коды D04AB
Қолданылуы
- невралгия, миалгия, артралгия
- қышитын дерматоздар
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары жеке сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
-жергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.
- ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Арнайы сақтандырулар
Аллергиялық реакциялар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Шырышты қабықтар мен көзге тигізбеу керек. Көзге кездейсоқ тиген жағдайда мұқият шаю керек. Қолданғаннан кейін қолды жақсылап шаю керек.
Педиатрияда қолдану
Балалар
Препаратты балалық кезеңде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезеңінде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Күніне 2-3 рет терінің ауырған жерлерін сылайды.
Дәрігердің тағайындауымен қолдану керек. Емдеу курсы 7-10 күн.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар
Жиілігі белгісіз
-жергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.
- ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл препараттың құрамында:белсенді заттар: прокаин гидрохлориді – 10.0 мг,
бензокаин – 10.0 мг;
қосымша зат: левоментол, этил спирті 70%.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ментол иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұрандалы пластикалық бүріккіш саптамалары және қорғаныш қалпақшасы бар 50 мл шыны құтылар. Әр құтыларда қағаздан, затбелгіден немесе жазудан жасалған немесе өздігінен жабысатын заттаңбамен жабылған. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қазақ және орыс тілдеріндегі құтылар санына сәйкес топтық ыдысқа салынады. Жапсырма қағаздан немесе жазу қағазынан өздігінен жабысатын жапсырмалар құтылар мен топтық ыдыстарға жабыстырылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгина к-сі, 3
тел./факс: +7(727) 2530388, эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Житофарм» ЖШС, Қазақстан, 050035, Алматы қ-сы, 10 ы-ауданы, 23 үй
тел./факс: (727) 3870606, эл.пошта: Jf_apteka@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгина к-сі, 3
тел./факс: (727) 2530388, эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz