Меновазин

МНН: Бензокаин, Прокаина гидрохлорид
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Местные анестетики для наружного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025338
Информация о регистрации в РК: 09.11.2021 - 09.11.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Меновазин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 50 мл және 100 мл-ден

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антигистаминдерді, жергілікті жансыздандыратындарды және басқаларын қоса, қышуға қарсы препараттар. Жергілікті жансыздандыратын препараттар.

АТХ коды D04AB

Қолданылуы

  • - невралгия, миалгия, артралгия

  • - қышитын дерматоздар

  • Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    - белсенді затқа немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары жеке сезімталдық

    - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

    - жүктілік және бала емізу кезеңі

    Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

    ергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.

    - ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.

    Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

    Анықталмаған.

    Арнайы ескертулер

    Аллергиялық реакциялар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек. Шырышты қабықтарға және көзге түспеңіз. Көзге кездейсоқ тиген жағдайда оларды молынан шайыңыз. Қолданғаннан кейін қолды жақсылап шайыңыз.

    Педиатрияда қолдану

    Балалар

    Препаратты балалық кезеңде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.

    Жүктілік немесе лактация кезеңі

    Препаратты жүктілік кезеңінде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.

    Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Әсер етпейді

    Қолдану жөніндегі нұсқаулар

    Дозалау режимі

    Күніне 2-3 рет терінің ауырған жерлерін сылайды.

    Дәрігердің тағайындауымен қолдану керек. Емдеу курсы 7-10 күн.

    Енгізу әдісі және жолы

    Сыртқа.

    Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар  

    Анықталмаған.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

    Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдануға болмайды.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар

    Жиілігі белгісіз

  • ергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.

  • - ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.

  • Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препараттың құрамы

    1 мл препараттың құрамында:

    белсенді заттар: прокаин гидрохлориді – 10.0мг,

    бензокаин – 10.0мг;

    қосымша зат: левоментол, этил спирті 70%.

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Ментол иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    50 мл немесе 100 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы пластмасса қақпақтармен тығындалған шыны құтыларда. Әрбір құтыға қағаздан заттаңба немесе жазудан, немесе өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың саны бойынша топтық ыдысқа салады. Құтыларға және топтық ыдыстарға заттаңба немесе жазу қағазынан өздігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады.

    Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецептісіз

    Өндіруші туралы мәлімет

    «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгина к-сі, 3

    тел./факс: +7(727) 2530388, эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «Житофарм» ЖШС, Қазақстан, 050035, Алматы қ-сы, 10 ы-ауданы, 23 үй,35пәт

    тел./факс: (727) 3870606, эл.пошта: Jf_apteka@mail.ru

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгина к-сі, 3

    тел./факс: (727) 2530388, эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz

    Прикрепленные файлы

    IB2_ИМП_Меновазин_раствор_рус.docx 0.03 кб
    2._IB2_ИМП_Меновазин_раствор_каз_.docx 0.04 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники