Меновазин (40 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Меновазин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 40 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат: 2.5 г рацемиялық ментол; 1.0 г прокаин гидрохлориді (новокаин); 1.0 г бензокаин (анестезин),
қосымша зат - этанол 70% 100.0 мл-ге дейін
Сипаттамасы
Ментол иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті жансыздандыратын препараттар
ATХ коды D04AB
Фармакологиялық қасиеттері
Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Жергілікті жансыздандыратын әсері бар. Ментол салқындату сезімін туындата отырып ауыруды басатын әсерімен қатар терінің беткі қабатындағы қан тамырларын кеңейтеді, анестезин және новокаиннің жансыздандыратын әсерін күшейтеді, қышынуды басады.
Қолданылуы
-
невралгияда, миалгияда, артралгияда
-
қышымалы дерматоздарда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа. Күніне 2-3 рет терінің ауырған жерлерін сылайды.
Дәрігердің тағайындауымен қолдану керек. Емдеу курсы 7-10 күн.
Жағымсыз әсері
Жергілікті аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну болуы мүмкін.
Ұзақ қолдану кезінде: бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Балалар
Препаратты балалық кезеңде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезеңінде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат 40 мл-ден бұралатын қақпақтармен және полиэтилен тығынмен тығындалған немесе тығыздайтын элементтері бар полиэтилен қақпақтармен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны массада жасалған құтыларда немесе дәрілік заттарға арналған бұрандалы қақпағы бар полиэтилен құтыларда.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге тиісті мөлшерде орама қағаздан жасалған бумада немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзiмi
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы,
Қарағанды қ-сы. Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34
Тіркеу куәлігінің иесі
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардан өнім сапасы тауар туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Фармация» 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ-сы Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34, E-mail-farmaciyakrg@mail.ru