Мемория®

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013854
Информация о регистрации в РК: 11.04.2014 - 11.04.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Мемория®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық тамшылар, 20 және 50 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

Шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum) D1– 15 мл,

Екі қалақты гинкго (Ginkgo) D6 – 10 мл,

Теңбіл убалдырған (Conium) D6 – 10 мл,

Женшень (Ginseng) D6 – 10 мл,

Тау арникасы (Arnica) D12 – 10 мл

қосымша заттар: этил спирті 43%, тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір, түсі сарғыш реңнен қызғыш-сары түске дейін болатын, ерекше иісі жоқ және сәл кермек дәмі бар сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған өзге препараттар.

АТХ коды N07Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі уақытта гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы олардың сұйылтылуы жоғары болғандықтан хабарланбаған.

Фармакодинамикасы

Мемория® тамшылары – бұл әртүрлі жекелеген гомеопатиялық дәрілердің қоспасы. Тиімділігі жағынан бір-бірін толықтыратын ингредиенттердің спецификалық біріктірілімі және бір бағытта әсер етеді.

Шілтер жапырақты шайқурай бұл өсімдіктің фармакологиялық қасиеті –баяу тыныштандыратын, антидепрессанттық және транквилизациялайтын әсерімен білінетін серотонинге ұқсас әсер. Ол көңіл-күйді жақсартады, ұйқыны қалыпты етеді, психикалық және дене белсенділігін жоғарылатады. Шайқурайдың әсер ету механизмі оның белсенді заттарының серотониннің және басқа да нейротрансмиттердің кері қармауын тежеу қабілетіне байланысты.

Екі қалақты гинкгоның құрамдастары терпендер және флавоноидтар болып табылады. Төмендегі әсерге ие: тіндік перфузияны, тіндердің оксигенациясын және трофикасын арттырады, қан ұюға қарсы белсенділікке және бос радикалдардан тазалануға ықпал ететін, сондай-ақ жадының және когнитивті функциялардың жақсаруына ықпал ететін антиоксидантты әсерге ие.

Төмендегі симптомдары: есте сақтаудың төмендеуі, зейін қоюдың бұзылуында, депрессиялық- эмоционалдық жай-күйде, бас айналуы, құлақтағы шуыл және бас ауыруы бар жеңіл және орташа дәрежедегі цереброваскулярлық жеткіліксіздікті емдеуде қолданады.

Теңбіл убалдырған оның алкалоидтары, ішінара кониин, функциясы және құрылымы бойынша никотинге ұқсас және полярлық никотинге ұқсас әсер береді. Никотин сияқты, олар да никотин рецепторлары арқылы әсер ете отырып, шеткергі және орталық жүйке жүйесінің қуатты стимуляторлары болып табылады. Егде жастағыларға тән жай-күйлерді, мысалы: дірілді, жүріс кезіндегі орнықтылықтан кенет айырылу, әлсіздікте, есте сақтаудың төмендеуінде емдеу үшін пайдаланылады.

Женьшень, женьшень түбірінің негізгі құрамдасы даммаранды сапониндер болып табылады.

Адаптогендік әсері бар, яғни организмнің стресстік факторларға қарсыласуын жоғарылатады, және дене статусын және психофизикалық статусты жақсартады. Женьшень, әдетте, секреторлық бездер үшін стимулятор болып табылады. Ол сондай-ақ жұлынның төменгі бөліктеріне әсер етеді және сондықтан люмбагоны, радикулитті және ревматизмді емдеуде көрсетілген. Бұдан бөлек, женьшень хош иісті стимулятор болып табылады және шаршағандық сезімін жояды. Ол айқын әлсіздікте, бас ауруы бар ұйқышылдықта, есте сақтау қабілеті төмендегенде, бас айналуында, қорқыныштың эмоцианалдық ұстамаларымен, мазасыздықпен сипатталатын сананың шатасуында пайдаланылады.

Тау арникасы, арника тамыры мен тамырсабақтың негізгі құрамдастары эфир майы, негізінен тимол және оның туындылары болып табылады. Арниканың негізгі фармакодинамикалық әсері негізінен қабынуға қарсы, бактерицидті және фунгицидті белсенділігі бар тимол туындыларына байланысты. Өсімдіктің тамырсабағын ашушаңдықта, бас ауыруында және созылмалы бас айналуында қолданады.

Қолданылуы

- жадының бұзылуын және зейінді жұмылдырудың генезі әртүрлі бұзылуларын емдеуге

- церебральді атеросклерозда және онымен бас ауыру және бас айналуы қоса қабаттасқанда (жиынтық ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жасы

Дозасы

Дозалануы

Ересектер және 12 жастан бастап жасөспірімдер

10 тамшы

2-3 ай бойы күніне 3 рет .

Қажет болғанда курсты қайталауға болады

Аурудың жедел түрінде әрбір жарты сағат сайын немесе сағат сайын (күніне 8 реттен асырмай) қабылдау керек.

Жай-күйі жақсарғанда дозаны күніне 3 ретке дейін азайту керек.

Мемория® тамшыларын тамақтың алдында 30 минут бұрын немесе тамақтан соң 1 сағаттан кейін қолдану керек.

Таза түрде немесе судың аздаған мөлшерімен сұйылтылған Мемория® тамшыларын қолдану керек, балаларға сұйылтылған түрінде қолдану керек..

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда

- фотосенсибилизация (препарат құрамында шайқурай бар болғандықтан), бұл жағдайда препарат қабылдауды тоқтату керек

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе толтырғыштардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешбір ақпарат жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Мемория® тамшыларының бір дозасы (5/10тамшы) құрамында 0,08 / 0.16 г этил спирті бар, сондықтан алкогольге тәуелділіктен зардап шегуші адамдар бұны қабылдауына болмайды.

Құрамында алкогольдің бары препаратты жүкті және бала емізуші әйелдерге, сондай-ақ балаларға және бауыр аурулары бар немесе эпилепсиясы бар емделушілерге тағайындаған жағдайда ескерілуі тиіс.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммундық жүйесінің стимуляциялануына байланысты ағымдағы жай-күйдің бастапқы асқынуы жүруі мүмкін. Бұл жай-күй қауіпті емес.

Мемория® тамшыларының құрамында өсімдік текті шикізат бар болғандықтан иісі мен дәмі өзгеруі мүмкін, сондай-ақ ерітінді лайлануы мүмкін, бұл препараттың сапасы мен тиімділігіне еш әсер етпейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану туралы деректер жоқ.

Салмағы бойынша құрамында 43% алкоголь бар екенін ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Мемория® тамшысы автокөлік құралдарын басқару қабілетіне әсер етпейді. Бірақ препараттың құрамында спирт болуы жоғары зейін қоюды, жылдам қозғалыстық және психикалық реакцияларды қажет ететін жұмыстарды орындағанда сақ болуды талап етеді.

Артық дозалануы

Ешбір артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 немесе 50 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы және бұралып жабылатын тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған қақпағы бар қоңыр шыны құтыға құйылады. Құтыға заттаңба жапсырады.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада күн сәулесінен және күшті электромагнитті сәуледен қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Рихард Биттнер АГ», Австрия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Рихард Биттнер АГ», Австрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Хербс Трэйдинг ГмбХ» ҚР өкілдігі Алматы қ., Бегалин к-сі 115

Телефон +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-85-34

Электрондық поштасы: www.omegapharma.kz

 

Прикрепленные файлы

349238111477976752_ru.doc 59 кб
910565621477977919_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники