Мексидол® (50 мг/мл)

МНН: Этилметилгидроксипиридина сукцинат
Производитель: Эллара
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015744
Информация о регистрации в РК: 27.07.2020 - 27.07.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Мексидол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 2 мл немесе 5 мл-лік 50 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: этилметилгидроксипиридин сукцинаты - 50 мг,

қосымша заттар: натрий метабисульфиті, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды N07XX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізгенде препарат қан плазмасында енгізгеннен кейін 4 сағат ішінде анықталады. Ең жоғары концентрацияға жету уақыты 0,45 – 0,50 сағатты құрайды. 400-500 мг дозадағы ең жоғары концентрациясы 3,5-4,0 мкг/мл құрайды. Мексидол® қантамыры арнасынан ағзалар мен тіндерге жылдам өтеді және организмнен жылдам шығарылады. Препаратты организмде ұстау уақыты (MRT) 0,7-1,3 сағатты құрайды. Препарат организмнен негізінен глюкуроноконъюгирленген түрде және аздаған мөлшерде өзгермеген күйде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Антигипоксиялық, жарғақшапротекторлы, ноотропты, құрысуға қарсы, анксиолитикалық әсер етеді, организмнің стресске төзімділігін жоғарлатады. Мексидол® организмнің негізгі зақымдаушы факторлардың әсеріне, оттекке тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қан айналымының бұзылуы, алкогольмен және антипсихотикалық препараттармен (нейролептиктермен) улану) төзімділігін жоғарлатады.

Мексидол® ми метаболизмі мен мидың қанмен қамтылуын жақсартады, қанның микроциркуляциясы мен реологиялық қасиеттерін жақсартады, тромбоциттер агрегациясын азайтады. Гемолизде қан жасушаларының жарғақшалық құрылымдарын (эритроциттер және тромбоциттер) тұрақтандырады. Гиполипидемиялық әсер етеді, жалпы холестерин мен тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) деңгейін төмендетеді.

Жедел панкреатитте ферментативті токсемияны және эндогенді уыттануды азайтады.

Мексидолдың® әсер ету механизмі оның антигипоксантты, антиоксидантты және жарғақшапротекторлық әсеріне байланысты. Ол липидтердің асқын тотықты - тотығу үдерісін тежеп, супероксиддисмутазаның белсенділігін арттырады, липид-ақуыз арақатынасын жақсартады, жарғақшаның тұтқырлығын төмендетеді, оның аққыштығын арттырады. Жарғақшаларды байланыстыратын ферменттердің (кальцийге тәуелді емес фосфодиэстеразаның, аденилатциклазаның, ацетилхолинэстеразаның), рецепторлық кешендердің (бензодиазепиндік, гамма-аминмай қышқылының (ГАМҚ), ацетилхолиндік) белсенділігін модульдайды, бұл олардың лигандалармен байланысу қабілетін күшейтіп, биожарғақшалардың құрылымдық-функционалдық құрылуының сақталуына, нейромедиаторлардың тасымалдануына және синапстық берілістердің жақсаруына көмектеседі. Мексидол® мидағы дофамин мөлшерін жоғарлатады. Аэробтық гликолиздің компенсаторлы белсенділігін арттырып және гипоксия орын алғанда Кребс цикліндегі тотығу үдерісін бәсеңдету дәрежесін азайтып, аденозинтрифосфаттың (АТФ) және креатинфосфаттың мөлшерін көбейтеді, митохондрийлердің қуатөндіретін функциясын белсендіріп, жасуша жарғақшаларын тұрақтандырады.

Мексидол® ишемияланған миокардта метаболизм үдерістерін қалыпқа түсіреді, некроз аймағын азайтады, миокардтың қуаттық белсенділігі мен жиырылғыштығын қалпына келтіреді және жақсартады, сондай-ақ ишемия аймағында коронарлық қан ағымын ұлғайтады, жедел коронарлық жеткіліксіздік кезінде реперфузиялық синдромның салдарын азайтады. Нитропрепараттардың антиангинальді белсенділігін жоғарылатады. Мексидол® үдемелі нейропатия кезіндегі торқабықтың ганглиозды жасушалары мен көру жүйкесі талшықтарының сақталуына ықпал етеді, ал оның себептері созылмалы ишемия және гипоксия болып табылады. Торқабық пен көру жүйкесінің функциональді белсенділігін көру өткірлігін арттыра отырып, жақсартады.

Қолданылуы

  • ми қанайналымының жедел бұзылуларында

  • бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарында

  • дисциркуляторлы энцефалопатияда

  • вегето-қантамырлық дистонияда

  • шығу тегі атеросклероздық жеңіл когнитивті бұзылыстарда

  • невроздық және невроз тәрізді жағдайдағы үрейлі бұзылыстарда

  • жедел миокард инфарктінде (бірінші тәуліктен бастап) кешенді ем құрамында

  • әр түрлі сатыдағы бастапқы ашық бұрышты глаукомада кешенді ем құрамында

  • невроз тәрізді және вегетативті-қантамырлық бұзылыстар басым болатын алкоголизм кезінде абстиненттік синдромды басуда

  • антипсихотикалық дәрілермен жедел уыттанғанда

  • іш қуысының жедел іріңді–қабыну үдерістерінде (жедел некротикалық панкреатит, перитонит) кешенді ем құрамында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып). Инфузиялық енгізу тәсілінде Мексидолды® 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылту керек. Мексидолды® сорғалатып баяу 5-7 минут бойы, тамшылатып – минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг аспауы тиіс.

Ми қан айналымының жедел бұзылуларында Мексидолды® алғашқы 10-14 күнде – көктамыр ішіне тамшылатып 200 - 500 мг тәулігіне 2-4 рет, содан соң бұлшықет ішіне 200 - 250 мг тәулігіне 2 - 3 рет 2 апта бойы қолданады.

Бассүйек-ми жарақаты және бассүйек-ми жарақатының салдарында Мексидолды® көктамыр ішіне тамшылатып 200 - 500 мг-ден тәулігіне 2 - 4 рет 10 - 15 күн бойы қолданады.

Дисциркуляторлы энцефалопатияның қалпына келмейтін фазасында Мексидолды® көктамыр ішіне сорғалатып немесе тамшылатып 200-500 мг дозада тәулігіне 1 - 2 рет 14 күн бойы тағайындаған жөн. Содан соң бұлшықет ішіне тәулігіне 100 - 250 мг-ден кейінгі 2 апта бойы.

Дисциркуляторлы энцефалопатияның курстық профилактикасы үшін Мексидолды® бұлшықет ішіне 200 - 250 мг дозада тәулігіне 2 рет 10 - 14 күн бойы енгізеді.

Егде жастағы науқастардағы жеңіл когнитивті бұзылуларда және үрейленуге байланысты бұзылыстарда Мексидолды® бұлшықет ішіне 100 -300 мг тәуліктік дозада 14 - 30 күн бойы қолданады.

Жедел миокард инфарктінде кешенді ем құрамында Мексидолды® нитраттар, бета-адреноблокаторлар, ангиотензинөзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, тромболитиктер, антикоагулянтты және антиагрегантты дәрілер, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша симптоматикалық дәрілерді қамтитын миокард инфарктісін дәстүрлі емдеу аясында көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 14 тәулік бойы енгізеді. Алғашқы 5 тәулікте ең жоғары әсеріне қол жеткізу үшін Мексидолды® мүмкіндігінше көктамыр ішіне енгізген дұрыс, одан кейінгі 9 тәулікте Мексидолды® бұлшықет ішіне енгізуге болады. Мексидол® 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5 % декстроза ерітіндісінде (глюкоза) 30 -  90 мин бойы 100 -  150 мл көлемінде көктамыр ішіне тамшылатып, баяу (жағымсыз әсерлерін болдырмас үшін) енгізіледі. Қажет болғанда Мексидолды® ұзақтығы кем дегенде 5 минут болатындай, баяу сорғалатып енгізуге болады.

Мексидол® (көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне) тәулігіне 3 рет әрбір 8 сағат сайын енгізіледі. Тәуліктік емдік дозасы дене салмағының әр кг тәулігіне 6 -  9 мг, бір реттік доза – дене салмағының әр кг 2 -  3 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 800 мг, бір реттік доза - 250 мг аспауы тиіс.

Әр түрлі сатыдағы бастапқы ашық бұрышты глаукомада кешенді ем құрамында Мексидолды® бұлшықет ішіне тәулігіне 100 -  300 мг-ден, тәулігіне 1 -  3 рет 14 күн бойы енгізеді.

Абстиненттік алкогольдік синдромда Мексидолды® 200-500 мг дозада көктамыр ішіне тамшылатып немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 2-3 рет 5-7 күн бойы енгізеді.

Антипсихотикалық дәрілермен жедел уыттанғанда Мексидолды® көктамыр ішіне тәулігіне 200-500 мг дозада 7-14 күн бойы енгізеді.

Іш қуысының жедел іріңді–қабыну үдерістерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) Мексидолды® операцияның алдындағы және операциядан кейінгі алғашқы күндерде тағайындайды. Енгізілетін дозалар аурудың түріне және ауырлығына қарай, үдерістің таралғандығына, клиникалық ағымының нұсқаларына байланысты болады. Мексидолды® тоқтату біртіндеп, тек оңды клиникалық-зертханалық әсерден кейін ғана жүргізілуі тиіс.

Жедел ісінумен (интерстициальді) панкреатитте Мексидолды® 200-500 мг-ден күніне 3 рет, көктамыр ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне тағайындайды.

Жеңіл дәрежелі ауырлықтағы некроздық панкреатит – 100-200 мг-ден күніне 3 рет көктамыр ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне. Аурылығы орташа дәрежеде – 200 мг-ден күніне 3 рет, көктамыр ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) тағайындалады. Ауыр түрінде – алғашқы тәулікте 800 мг пульс-дозалануда, екі рет енгізу режимінде; бұдан әрі тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, 200-500 мг-ден күніне 2 рет.

Өте ауыр түрінде – бастапқы дозалауда панкреатогенді шоктың байқалуы тұрақты басылғанға дейін тәулігіне 800 мг-ден, жағдай қалыптанған соң 300-500 мг-ден күніне 2 рет тәуліктік дозалауды біртіндеп төмендете отырып, көктамыр ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы және ауыздың құрғауы, ауызда металл дәмін сезіну

  • ұйқышылдық

  • аллергиялық реакциялар

  • жағымсыз иіс, тамақтың ашуы және кеуде тұсындағы жайсыздық.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жекелей жоғары сезімталдық

  • бауыр мен бүйрек функциясының жедел бұзылулары

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бензодиазепиндік анксиолитиктердің, құрысуға қарсы дәрілердің (карбамазепиннің), паркинсон ауруына қарсы дәрілердің (леводопаның), нитраттардың әсерін күшейтеді. Этил спиртінің уытты әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Жекелеген жағдайларда, әсіресе бронх демікпесі бар әрі сульфиттерге жоғары сезімталдыққа бейім емделушілерде аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: препаратты уақытша тоқтатады. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мг/мл ерітінді 2 мл немесе 5 мл-ден көк түсті сындыру нүктесі немесе ақ түсті сындыру нүктесі және үш таңбалағыш сақинасы бар (жоғарғысы – сары, ортаңғысы – ақ, төменгісі – қызыл) түссіз немесе жарықтан қорғайтын шыныдан жасалған ампулаларда. 5 ампуладан алюминий фольгамен жабындалмаған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 (5 мл ампула үшін) немесе 2 (2 мл ампула үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада cақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Эллара» ЖШҚ

Мекенжайы: Ресей, 601122, Владимир облысы, Петушинск ауданы, Покров қ-сы, Франц Штольверк к-сі, 20 үй

Тіркеу куәлігінің иесі

«ҒӨК «ФАРМАСОФТ» ЖШҚ, Ресей

Ресей, 115280, Мәскеу қ., Автозаводская к-сі, 17 үй., 3 корп., 4 бөлме

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, сондай-ақ дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Казахстан Республикасында «Векторфарм» ЖШҰ өкілдігі.

Казахстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Желтоксан к-сі, 37, 301 «B» кенсе

Тел. : +7(727)279-24-31

E-mail: info-kz@vektorpharm.ru

Прикрепленные файлы

767762351477976501_ru.doc 79 кб
933947681477977663_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники