МЕЗО Крем

МНН: Мометазона фуроат
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mometasone
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024945
Информация о регистрации в РК: 03.03.2021 - 03.03.2026

Инструкция

Саудалық атауы

МЕЗО Крем Халықаралық патенттелмеген атауы

Мометазон фуроаты

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған крем, 0,1 %

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Кортикостероидтар, дерматологиялық препараттар. Кортикостероидтар, қарапайымдардар. Белсенділігі айқын кортикостероидтар (III топ). Мометазон

АТХ коды D07AC13

Қолданылуы

- псориаз (кеңінен таралған псориаздан басқа) және атопиялық дерматит кезіндегі қабыну құбылыстарында және қышынуда

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- қызғылт безеу, периоральді дерматит

- тері атрофиясы

- зақымданған тері (жарақаттар, ойық жаралар)

- терінің бактериялық, вирустық (герпес вирусы, желшешек) немесе зеңдік инфекциясы

- туберкулез, мерез

- вакцинадан кейінгі реакциялар

- 2 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препарат тек сыртқа қолдануға арналған.

Егер препаратты қолдану кезінде тітіркену немесе жоғары сезімталдық байқалса, емдеуді тоқтатып, науқасқа басқа емді таңдау керек.

Дерматологиялық инфекция бар болған жағдайда, тиісті зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы ем тағайындау керек.

Ұзақ уақыт бойы терінің үлкен аумақтарына жаққан кезде, әсіресе окклюзиялы таңғыштарды қолданғанда ГКС жүйелі әсерінің дамуы ықтимал. Осыны ескере отырып, науқастар гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесінің функциясын тежеу белгілеріне және Иценко-Кушинг синдромының дамуына қатысты байқалуы тиіс.

ГКС кейбір тері ауруларының көріністерін өзгерте алатынын ескерген жөн, бұл диагнозды анықтауды қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, ГКС-ты қолдану жараның жазылу кідірісіне себеп болуы мүмкін.

ГКС-пен ұзақ уақыт емдеуді күрт тоқтатқанда күшті қызаратын әрі күйдіріп ашитын дерматит түрінде білінетін рикошет синдромының дамуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан ұзақ емдеу курсынан кейін препарат тоқтатуды біртіндеп, мысалы, оны толық тоқтатар алдында интермиттирлеуші емдеу схемасына ауыса отырып, жүргізу керек.

Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль теріні тітіркендіруі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Мометазонды балаларда 6 аптадан асатын уақыт бойы қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға МЕЗО Крем препаратын тағайындау ұсынылмайды.

Балаларда тері беткейі ауданының дене салмағымен арақатынасы ересектерге қарағанда үлкен болуына байланысты, балаларда гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйесі функциясының бәсеңдеу және жергілікті әсер ететін кез келген ГКС қолданғанда Иценко-Кушинг синдромының даму қаупі жоғары болады. Балаларды ГКС-пен ұзақ уақыт емдеу олардың бой өсуі мен дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін. Балаларда жергілікті кортикостероидтарды пайдалану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен және қолданудың мейлінше аз кезеңімен шектелуі тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

МЕЗО Кремін жүктілік пен лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген.

Глюкокортикостероидтар плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Шарананың дамуына теріс әсер ету қатеріне байланысты жүктілік кезінде ұзақ мерзімді емдеуден және үлкен дозаларды қолданудан аулақ болған жөн.

Лактация

Глюкокортикостероидтар емшек сүтімен бөлінеді. ГКС-ты үлкен дозаларда және/немесе ұзақ уақыт бойы қолдану көзделген жағдайда, бала емізуді тоқтату керек.

Фертильділігі

Деректер жоқ

Препараттың көлік құралын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препараттың автомобильді немесе қозғалмалы механизмдерді басқару қабілетіне әсері байқалмаған.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

МЕЗО Кремін терінің зақымданған аумағына күніне бір рет жұқалап жағады. Балаларда немесе бет аймағында жергілікті кортикостероидтарды пайдалануды тиімді емдеу режиміне қол жеткізу үшін қажетті мейлінше аз мөлшерге дейін шектеген жөн.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолдануға арналған.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Емдеу курсы аурудың ауырлығына байланысты және оны емдеуші дәрігер анықтайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ уақыт қолдану гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуін туындатуы мүмкін, бұл бүйрекүсті безі функциясының салдарлы жеткіліксіздігінің пайда болуына себеп болады.

Емі: симптоматикалық. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары әдетте қайтымды. Қажет болған жағдайда, электролиттік теңгерімнің бұзылуын түзету көрсетілген. Созылмалы уытты әсер ету жағдайында глюкокортикостероидтарды біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Өте сирек

- фолликулит

- күйдіру және қышыну түріндегі жергілікті реакциялар

Белгісіз

- бактериялық инфекциялар, фурункулез

- парестезия

- жанаспалы дерматит, тері гипопигментациясы, гипертрихоз, тері стриялары, безеу тәрізді бөртпе, тері атрофиясы

- препаратты қолданған жердің ауыруы және жергілікті реакциялар

Топикалық дерматологиялық кортикостероидтарды қолдану салдарынан төмендегідей жергілікті жағымсыз реакциялардың туындауы туралы деректер болған:

- терінің құрғауы және тітіркенуі

- дерматит, периоральді дерматит

- тері мацерациясы

- баздану және телеангиоэктазиялар

ГКС-тың сыртқа қолданылатын түрлерін ұзақ уақыт бойы қолданғанда және/немесе терінің үлкен аумақтарына жаққанда немесе окклюзиялы таңғыштарды пайдаланғанда, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі мен Иценко-Кушинг синдромын қоса, жүйелі әсер ететін ГКС-ға тән жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 г кремнің құрамында:

белсенді зат - мометазон фуроаты 1.000 мг,

қосымша заттар: метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат, натрий дигидрофосфатының дигидраты, цетомакрогол 1000, цетостеарил спирті, ақ жұмсақ парафин, жеңіл сұйық парафин, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі біртекті крем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г кремнен бұралатын қақпағы бар алюминий сықпада.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Аджио Фармацевтикалз Лтд, Үндістан

A-38, Нандижиот Индастриал Эстайт, Курла-Андхери Роад, Сафедпул, Мумбай- 400 072

Тел: +91-22-28518206/ 42319000

Факс: +91-22-28518204

E-mail: regulatory@agio-pharma.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Аджио Фармацевтикалз Лтд, Үндістан

A-38, Нандижиот Индастриал Эстайт, Курла-Андхери Роад, Сафедпул, Мумбай- 400 072

Тел: +91-22-28518206/ 42319000

Факс: +91-22-28518204

E-mail: regulatory@agio-pharma.com

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

Аджио Фармацевтикалз Лтд өкілдігі

Алматы қ., Достық даңғылы, 43 үй, 414 кеңсе

тел: +7(727)3390105

E-mail: regulatory@agio-pharma.com

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«ConsultAsia» ЖШС

Шевченко к-сі 165Б

050061, Алматы, Қазақстан,

тел.: +7705-1708825/+7777-8051116

Е-mail: pv@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

Мезо_крем_каз.docx 0.03 кб
Мезо_крем_рус.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту