Мезатон (Phenylephrine)

МНН: Фенилэфрин
Производитель: Опытный завод ГНЦЛС ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Phenylephrine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012489
Информация о регистрации в РК: 14.02.2024 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 1107/98/02/06/07/09/12/17/20
Информация о регистрации в РБ: 26.05.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 38.47 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Мезатон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенилэфрин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 1 % ерітінді, 1 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 0,01г фенилэфрин гидрохлориді бар,

қосымша заттар: глицерин, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Шығу тегі гликозидтік емес кардиотонустық дәрілер. Адрено- және допамино-стимуляторлар. Фенилэфрин.

АТХ коды С01СА06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат организм тіндеріне тез түседі, қан плазмасы ақуыздарымен 95% байланысады. Бауырда және асқазан-ішек жолдарында моноаминооксидазаның қатысуымен метаболизденеді (катехол-О-метилтрансферазаның қатысуынсыз). Көбіне несеппен бірге экскрецияланады. Көктамыр ішіне енгізген кезде әсері 20 минутқа, тері астына енгізген кезде 40-50 минутқа созылады. Жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Мезатон – 1-адреномиметик, жүректің -адренорецепторларына елеусіз әсер етеді. Хош иісті ядросында тек бір ғана гидроксильді топ болуына байланысты катехоламин емес. Артериолды тарылтады және артериялық қысым жоғарылауына әсер етеді (болуы мүмкін рефлекторлық брадикардиясымен). Норэпинефринмен және эпинефринмен салыстырғанда катехол-о-метилтрансфераза әсеріне бейімділігі аздау болғандықтан артериялық қысымды дереу жоғарылатуы азырақ, бірақ ұзағырақ әсер етеді. Қанның минуттық көлемін ұлғайтпайды. Әсері енгізуден соң дереу басталады және көктамыр ішіне енгізуден кейін 5-20 минут бойына созылады. Тері астына енгізуде әсері 50 минутқа дейін жалғасады. Бұлшықет ішіне енгізуде – 1-2 сағатқа дейін .

Қолданылуы

  • артериялық гипотензияда

  • шок жағдайында (оның ішінде жарақаттық, уыттылық)

  • тамырлық жеткіліксіздікте (оның ішінде вазодилататорлардың артық дозалануы аясында)

  • интраназальді – вазомоторлық және аллергиялық ринитте

  • жергілікті анестезия жүргізуде вазоконстриктор ретінде

  • қарашықты кеңейтуге арналған жергілікті анестетиктер ерітіндісіндегі адреналинді алмастырушы ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектерге көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне және тері астына қолданады. Коллапста көктамыр ішіне енгізуде препараттың бір реттік дозасы – 0,1-0,3-0,5 мл 1 % ерітіндісі. Көктамыр ішіне енгізуде препараттың бір реттік дозасын 20 мл 5 % глюкоза ерітіндісінде немесе 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады, баяу сорғалатып енгізеді. Қажет болғанда енгізуді қайталайды.

Препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізуге рұқсат етіледі, ол үшін 1 мл 1 % Мезатон ерітіндісін 250-500 мл 5 % глюкоза ерітіндісінде ерітеді.

Бұлшықет ішіне және тері астына енгізуге ересектерге арналған бір реттік доза 0,3-1 мл 1 % ерітіндіні құрайды.

Жергілікті анестезияда 0,3-0,5 мл 1 % ерітіндіден анестетиктің 10 мл ерітіндісіне қосады.

Препараттың ұзақ уақыттық инфузиясынан кейін «тоқтату синдромын» болдырмау үшін (препаратты тоқтатқанда артериялық қысымның қайта төмендеуі) дозаны біртіндеп азайту керек.

Егер систолалық артериялық қысым 70-80 мм сын. бағ. дейін төмендесе инфузияны қалпына келтіреді.

Бұлшықет ішіне және тері астына енгізуге ересектерге арналған жоғары доза: бір реттік – 10 мг, тәуліктік – 50 мг. Көктамыр ішіне енгізуге ересектерге арналған жоғары доза: бір реттік – 5 мг, тәуліктік – 25 мг.

Жағымсыз әсерлері

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан: стенокардия ұстамалары, брадикардия, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, тахикардия, қарыншалық аритмиялар (әсіресе жоғары дозаларда қолданғанда), жүрек қағуының жиілеуі.

Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, ашушаңдық, мазасыз қозғалыстар, бас айналуы, қорқыныш сезімі, мазасыздық, әлсіздік, бет терісінің бозаңдануы, тремор, құрысулар, миға қан құйылуы.

Ас қорыту жолдары тарапынан: жүрек айнуы, құсу.

Тыныс алу жүйесі тарапынан: диспноэ.

Аллергиялық реакциялар: тері бөртпелері, қышыну.

Көру органдары тарапынан: көз ауыруы, конъюнктива гиперемиясы, қабақ тарапынан аллергиялық реакциялар, мидриаз.

Несеп шығару жүйесі тарапынан: несеп шығару бұзылуы, несеп іркілуі.

Басқалары: қатты тершеңдік, гиперсаливация, аяқ-қолдардың шаншуын және мұздауын сезіну, ысынулар, гипергликемия.

Препарат тітіркендіретін әсер береді, енгізу орнында өзгерістер болуы мүмкін, некроз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне өте жоғары сезімталдық

- артериялық гипертензияның барлық түрлері

- кардиосклероз

- галотанды немесе циклопропанды наркоз

- гипертрофиялық кардиомиопатия

- феохромоцитома

- қарыншалар фибрилляциясы

- тамырлардың окклюзиялық аурулары: артериялық тромбоэмболия, атеросклероз, облитерациялаушы тромбангиит (Бюргер ауруы), Рейно ауруы), үсігендегі тамырлардың түйілуге бейімділігі, диабеттік эндартериит

- тиреотоксикоз

- тахиаритмия

- метаболизмдік ацидоз

- гиперкапния

- гипоксия

- жабық бұрышты глаукома

- аорта сағасының ауыр стенозы

- жедел миокард инфарктісі

- порфирия

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- қант диабеті

- несеп іркілуінің қаупі жоғары, қуық асты безі ауруы бар емделушілер

- МАО тежегіштерімен бір уақытта қабылдау және оларды қолдануды тоқтатқаннан кейін 14 тәулік бойына

- еге жастағы емделушілер

- жүктілік және лактация кезеңі (препаратты қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтату)

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диуретиктер мен гипотензиялық дәрілік заттардың гипотензиялық әсерін төмендетеді. Нейролептиктер, фенотиазин туындылары препараттың гипертензиялық әсерін азайтады. МАО тежегіштері, окситоцин, қаттауыш алкалоидтары, үшциклді антидепрессанттар, метилфенидат, адреномиметиктер Мезатонның прессорлық әсерін және аритмогендігін күшейтеді.

-адреноблокаторлар препараттың кардиостимуляциялайтын белсенділігін азайтады. Препаратты оның алдында резерпин қабылдау аясында қолдану адренергиялық ұштарда катехоламиндер қорының сарқылуы және адреномиметиктерге сезімталдық жоғарылауы салдарынан гипертониялық криз дамуын туындатуы мүмкін. Ингаляциялық анестетиктер (оның ішінде хлороформ, энфлуран, галотан, изофлуран, метоксифлуран) миокардтың симпатомиметиктерге сезімталдығын күрт арттыратындықтан жүрекшелік және қарыншалық ауыр аритмия туындау қаупін ұлғайтады. Эргометрин, эрготамин, метилергометрин, окситоцин, доксапрам вазоконстрикторлық әсердің айқындығын ұлғайтады. Нитраттардың антиангиналдық әсерін төмендетеді, ол өз кезегінде Мезатонның прессорлық әсерін және артериялық гипотензия туындау қаупін (бір мезгілде қолдану қажетті емдік әсерге қол жеткізуіне қарай рұқсат етіледі) төмендетуі мүмкін. Тиреоидтық гормондар препараттың тиімділігін (өзара) және соған байланысты болатын коронарлық жеткіліксіздіктің (әсіресе коронарлық атеросклерозда) туындау қаупін ұлғайтады.

Мезатонды босану қызметін стимуляциялайтын дәрілер (вазопрессин, эрготамин, эргометрин, метилэргометрин) қолдану аясында артериялық гипотензияны түзету үшін босану уақытында қолдану босанудан кейінгі кезеңде артериялық қысымның тұрақты жоғарылауының себебі болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Шок жағдайын емдеуді бастар алдында немесе емдеу уақытында гиповолемияны, гипоксияны, ацидозды және гиперкапнияны міндетті түрде түзету керек.

Препаратты жүрекше фибрилляциясы, қан айналымының кіші шеңберіндегі артериялық гипертензияда, гиповолемияда, қарыншалық аритмияда сақтықпен қолданады.

Емдеу кезеңінде ЭКГ, артериялық қысымды, минуттық қан көлемін, аяқ-қолдардағы және инъекция орнындағы қан айналымын бақылау керек.

Артериялық гипертензиясы бар науқастардағы дәрі-дәрмектік коллапс жағдайында систолалық артериялық қысымды әдеттегіден 30-40 мм сын. бағ. төмен деңгейде ұстап тұру жеткілікті

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдануда көлік құралдарын басқаруға немесе қозғалыс және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: қарыншалық экстрасистолия, қарыншалық тахикардияның қысқа пароксизмалары, бас және аяқ-қолдарда ауырлық сезіну, артериялық қысымның елеулі жоғарылауы.

Емі: әсер етуі қысқа мерзімді альфа-адреноблокаторларды (фентоламин), бета-адреноблокаторларды (ырғақ бұзылуында) көктамыр ішіне енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл препараттан ампулаға құяды.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және скарификатормен немесе кесетін керамикалық дискімен бірге картон немесе макулатуралық хром-эрзац типті картоннан жасалған пәшкеге салынады. Ампулада сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі болған жағдайда пәшкеге скарификатор немесе кесетін керамикалық диск салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“ ДЗМҰО” Тәжірибе зауыты ” ЖШҚ.

Украина, Харьков қ., Воробьев к-сі, 8.

Тіркеу куәлігінің иесі

“ ДЗМҰО” Тәжірибе зауыты ” ЖШҚ.

Украина, Харьков қ., Воробьев к-сі, 8.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: “ ДЗМҰО” Тәжірибе зауыты ” ЖШҚ.

Украина, Харьков қ., Воробьев к-сі, 8.

Телефон: 752-30-17

Факс: 752-30-17

Электронды поштасы: phoenix@gncls.com

Қазақстан Республикасы аумағындағы сенімді тұлға

Мекенжайы: «КФК Медсервис Плюс» ЖШС

050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мәметова к-сі, 54

Телефон/факс: (727) 279 98 21

Электронды поштасы: pharmanadzor@medservice.kz

 

Прикрепленные файлы

423806781477976817_ru.doc 59 кб
523913591477977974_kz.doc 70 кб
1107_98_02_06_07_09_12_17_20_i.pdf 0.35 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ