Медиаторн (15 мг/мл)

МНН: Ипидакрина гидрохлорид
Производитель: Галичфарм ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антихолинэстеразные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024004
Информация о регистрации в РК: 29.12.2023 - 29.12.2028

Инструкция

Саудалық атауы

МЕДИАТОРН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ипидакрин

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне және тері астына енгізуге арналған ерітінді, 15 мг/мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - ипидакрин гидрохлориді моногидраты, 15,0 мг ипидакрин гидрохлоридқа шаққанда;

қосымша зат - инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Басқа жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Парасимпатомиметиктер. Антихолинэстеразалық препараттар.

АТХ коды N07АА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ипидакрин гидрохлориді парентеральді енгізуден кейін жылдам сіңірелді. Белсенді заттар қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 2530 минуттан кейін жетеді. Белсенді зат тіндерге жылдам түседі, гематоэнцефалдық бөгеттен өтеді. Таралуының тепе-теңдік жай-күйіне жеткеннен кейін қан плазмасында белсенді заттың 2 %-на жуығы қалады. Негізінен бауырда гидроксилирлену жолымен метаболизденеді. Метаболиттер әсерінің сол бейінін сақтайды, бірақ олардың әсерінің айқындығы елеулі түрде әлсіз. Элиминациясы ренальді және экстраренальді жүреді, несеппен өзекшелік сөлініс жолымен шығарылуы басым, және дозаның 1/3 ғана шумақтық сүзіліс жолымен шығарылады. Жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 23 сағатты құрайды. Парентеральді енгізуден кейін дозаның 2035 %-ы өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Жинақталмайды.

Фармакодинамикасы

Медиаторн – холинэстеразаның қайтымды тежегіші. Препарат жарғақшаның калий өзекшелерін бөгеуі салдарынан жүйке-бұлшықет синапста және ОЖЖ импульс жүруін дереу стимуляциялайды. Медиаторн тегіс бұлшықеттерге тек ацетилхолинның ғана емес, адреналин, серотонин, гистамин және окситоциннің де әсерін де күшейтеді.

Медиаторн келесі фармакологиялық әсерлерге ие:

  • жүйке-бұлшықет берілісін жақсартады және стимуляциялайды;

  • әртүрлі факторлардың (жарақат, қабыну, жергілікті анестетиктердің, кейбір антибиотиктердің, калий хлоридінің және т.б. әсері) әсері салдарынан бұзылған шеткері жүйке жүйесінде импульстар жүруін қалпына келтіреді;

  • калий хлоридін қоспағанда, барлық агонистердің әсерімен тегіс бұлшықетті органдардың жиырылуын күшейтеді;

  • біріктірілімде ОЖЖ жеке-дара тыныштандыратын әсері білінумен орташа стимуляциялайды;

  • есте сақтауды жақсартады.

Қолданылуы

Шеткері жүйке жүйесі аурулары: этиологиясы әртүрлі моно- және полинейропатия, полирадикулопатия, миастения және миастениялық синдром.

Орталық жүйке жүйесі аурулары (ОЖЖ): бульбарлық параличтер және парездер; қимыл-қозғалысының бұзылуымен бірге жүретін ОЖЖ органикалық зақымдануындағы қалпына келтіру кезеңі.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұлшықет ішіне немесе тері астына инъекция енгізуге арналған ерітінді. Емнің дозасы мен ұзақтығын аурудың ауырлық дәрежесіне қарай жеке анықтау керек.

Шеткері жүйке жүйесі аурулары.

Генезі әртүрлі моно- және полинейропатия: тері астына немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 1-2 рет 5 15 мг енгізеді, емдеу курсы 10 15 күн (ауыр жағдайларда 30 күнге дейін); әрі қарай емді ипидакриннің пероральді түрімен жалғастыру керек.

Миастения және миастениялық синдром: тәулігіне 1-3 рет тері астына немесе бұлшықет ішіне 5 30 мг енгізеді, ал содан кейін таблетка түріне ауысу керек. Емнің жалпы курсы 1 2 айды құрайды. Емдеу қажет болғанда курс аралығында 1-2 ай үзіліспен бірнеше рет қайталауға болады.

Орталық жүйке жүйесі аурулары.

Бульбарлық паралич және парездер: тәулігіне 1-2 рет тері астына және бұлшықет ішіне 5 15 мг енгізеді, емдеу курсы 10 15 күн, мүмкіндігінше таблетка түріне ауысу керек.

ОЖЖ органикалық зақымдануындағы қалпына келтіру кезеңі: бұлшықет ішіне тәулігіне 1-2 рет 10 15 мг енгізеді, емдеу курсы 15 күнге дейін.

Балалар.

Ипидакриннің парентеральді түрін балаларға (18 жасқа дейінгі жаста) қолдану бойынша жүйеленген деректері жоқ, сондықтан препаратты балаларға қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- гиперсаливация, жүрек айнуы

- жүрек қағуы, брадикардия

- қатты терлеу

Жиі емес

- бронх сөлінісінің қатты бөлінуі

- жоғары дозаларды қолданудан кейін

- бас айналуы, бас ауруы, әлсіздік, ұйқышылдық, бұлшықет құрысулары

- аллергиялық реакциялар (тері қышынуы, бөртпе)

- құсу

Сирек

- эпигастриядағы ауырулар, іш өту

Белгісіз

- бронх түйілуі

Сілекей ағу және брадикардияны м-холиноблокаторлармен (атропин және т.б.) азайтуға болады. Бұл жағдайларда дозасын азайтады немесе препарат қабылдауды қысқа мерзімге (1-2 күнге) үзе тұрады.

Егер сізде қолдану бойынша нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болса немесе аталған жағымсыз әсерлердің қандай да бірі ерекше күшті білінсе дәрігерге қаралуды өтінеміз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ипидакринге жоғары сезімталдық

- эпилепсия

- гиперкинезасы бар экстрапирамидалы бұзылулары

- стенокардия

- айқын брадикардия

- бронх демікпесі

- вестибулярлық бұзылыстар

- ішектің және несеп шығару жолдарының механикалық бітелуі

- өршу сатысындағы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Медиаторн орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілермен біріктірілімде тыныштандыратын әсерін күшейтеді. Басқа холинэстераза тежегіштерімен және м-холиномиметикалық дәрілермен бірге қолданылғанда әсері және жағымсыз әсерлері күшейеді. Егер Медиаторнды холинергиялық дәрілермен бір мезгілде қолданылса миастениясы бар науқастарда «холинергиялық» криз даму қаупі жоғарылайды. Егер β-адреноблокаторлар Медиаторн препаратымен ем басталғанға дейін қолданылса брадикардия даму қаупі жоғарылайды.

Медиаторнды ноотропты препараттармен біріктірілімде қабылдауға болады.

Алкоголь препараттың жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Егер кезекті доза енгізілмей қалса, оны мүмкін болғанша жылдамдатып, бірақ тағайындалған бір реттік дозадан асырмай енгізу керек. Жіберіп алған дозаның орнын басу үшін екі есе доза енгізуге болмайды.

Тиреотоксикозда, жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларында, сондай-ақ анамнезінде тыныс алу жолдарының аурулары бар пациенттерге немесе тыныс алу жолдарының жедел ауруларында сақтықпен тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Медиаторн тыныштандыратын әсер беруі мүмкін, сондықтан орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер, мысалы ұйқышылдық бақыланатын адамдарға көлік құралдарын басқарудан аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: бронх түйілуі, көздің жасы ағуы, күшті тершеңдік, қарашықтың кішіреюі, нистагм, асқазан-ішек жолдарының жиырылуының күшеюі, өздігінен болатын дефекация және несеп бөліну, құсу, сарғаю, брадикардия, жүрекішілік өткізгіштік бұзылуы, аритмия, артериялық қысымның төмендеуі, мазасыздық, үрейлену, қозу жай-күйі, қорқу сезімі, атаксия, құрысулар, кома, сөйлеу бұзылуы, ұйқышылдық, жалпы әлсіздік.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу, м-холиноблокаторлар қолдану керек: атропин, циклодол, метацин және т.б.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ампулада 1 мл-ден, пішінді ұяшықты қаптамаға 10 ампуладан, қорапшада 1 пішінді ұяшықты қаптамадан.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Галичфарм» ЖАҚ, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8, Украина

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Галичфарм» ЖАҚ, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Фармамед сауда үйі» ЖШС, Алматы қ., Ходжанов к-сі, 67 ғимарат, 4а т.е.

Тел.: +7 (727) 344-99-05/06

Е-mail: Almaty@pharmamed-arterium.kz

Прикрепленные файлы

Медиаторн_р-р_РК_29.05_.2018_.docx 0.04 кб
Н_каз_Медиаторн_р-р_А.Р_._2018_эксперттен_.doc 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту