Медексол (капли глазные, 0.1%)

МНН: Дексаметазон
Производитель: Е.И.П.И.Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexamethasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004366
Информация о регистрации в РК: 31.12.2013 - 31.12.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 185.79 KZT
Предельная цена реализации в РК: 874.35 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Медексол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дексаметазон

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі 0,1% 5 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат 1 мг дексаметазон натрий фосфаты (дексаметазон фосфатына баламалы),

қосымша заттар: креатинин, натрий цитраты, натрий бораты, полисорбат 80, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, 5М хлорсутек қышқылы, натрий метабисульфиті, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Иіссіз, түссіз немесе әлсіз сары түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Қабынуға қарсы препараттар.

Глюкокортикостероидтар. Дексаметазон

АТХ коды S01BA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде жүйелік сіңірілуі төмен. Көзге тамызғаннан кейін мөлдір қабық эпителийі және коньюктива арқылы жақсы өтеді, сонымен бірге көздің сулы ортасында емдік концентрацияларға жетеді. Шырышты қабықтың қабынуы немесе зақымдануы кезінде пенетрация жылдамдығы артады. Дексаметазонның аздаған мөлшері жүйелі қан ағымына келіп түседі. Дексаметазон плазманың ақуыздарымен 60-70%-ға байланысады. Құрамында цитохром бар ферменттердің әсерімен бауырда метаболизденеді; метаболиттер ішек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 3 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Жергілікті қолдануға арналған синтетикалық фторланған глюкокортикоидты препарат. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және антиэкссудативті әсер етеді. Нысана-тіндерде айрықша ақуыздық рецептормен өзара әрекеттесіп, кортикоид-тәуелді гендерінің экспрессиясын реттейді және осылайша ақуыз синтезіне әсер етеді. Қабыну медиаторларының эозинофилдермен босатылуын бәсеңдетеді; липокортиндердің түзілуін және гиалурон қышқылын өндіретін жуан жасушалар санының азаюын индукциялайды; қылтамырлардың өткізгіштігін азайтады. Лейкоциттер жарғақшаларының лизосомальді ферменттерін тұрақтандырады; кининдердің, митоздың синтезін және лейкоциттердің орын ауыстыруын тежейді; антиденелердің синтезін тежейді және антигендердің анықталуын бұзады. Айналымдағы базофилдердің санын азайтады, бұл жедел аллергия медиаторларының бөлінуінің төмендеуіне әкеледі; эффекторлық жасушаларға аллергия медиаторларының әсерін төмендетеді.

Барлық бұл әсерлер механикалық, химиялық немесе иммундық зақымдануларға жауап ретінде тіндердегі қабыну реакцияларын басуға қатысады.

Препараттың 1 тамшысын тамызғаннан кейін қабынуға қарсы әсердің ұзақтығы 4 сағаттан 8 сағатқа дейінді құрайды.

Қолданылуы

- конъюнктивиттің, кератиттің, кератоконъюнктивиттің және блефариттің іріңсіз түрлері, жедел және созылмалы қабыну үдерістерінде; склерит және эписклеритте; ирит, иридоциклит және әртүрлі генездегі басқа да увеиттерде; қабақтың жұқпалы емес дерматозында; симпатикалық офтальмияда

- мөлдір қабықтың толығымен эпитализациясынан кейін әртүрлі (химиялық, физикалық немесе иммундық) этиологиядағы мөлдір қабықтың беткейлік жарақатында

- көздің аллергиялық ауруларында: аллергиялық конъюнктивит немесе кератоконъюнктивитте

- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі кезеңде қабыну жағдайының алдын алу және емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға жедел қабыну үдерістері кезінде Медексолды конъюнктива қабына 1-2 тамшыдан 2 күн бойы тәулігіне 4-5 рет тамызады, содан кейін 4-6 күн бойы тәулігіне 3-4 рет қолданады.

Егер 3-4 күн ішінде қалаулы әсері көріне бастамаса, қосымша жүйелі емдеуді қолдануға болады.

Созылмалы үдерістер кезінде препаратты 4 апта бойы тәулігіне 2 рет тамызады. Препаратты қолданудың ең жоғары ұзақтығы – 2-3 апта.

Операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі кезеңдерде қабыну үдерісі қарқындылығының дәрежесіне қарай Медексолды 1-2 тамшыдан 2-4 апта бойы тәулігіне 2-4 рет тамызады.

Аллергиялық және қабыну үдерістерін емдеу кезінде 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 7-10 күн бойы тәулігіне 2-3 рет 1 тамшыдан тамызады.

Қажет болған жағдайда (мөлдір қабық эпителийінің бүтіндігін тексеру үшін) флюоресцеинді сынаманы жүргізгеннен кейін 10-күні емді жалғастырады.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар: препаратты тікелей тамызғаннан кейін жылдам өтетін күйдіру сезімі, көзден жас ағу, көрудің көмескіленуі, мидриаз, мөлдір қабықтың ашуы, көздің ауыруы болуы мүмкін

- көзішілік қысымның көтерілуі; көру жүйкесінің зақымдануымен глаукоманың дамуы, көру өткірлігінің төмендеуі және көру өрістерінің төмен түсуі, сондай-ақ артқы субкапсулярлы катарактаның қалыптасуы мүмкін, тағы мөлдір қабықтың жұқаруы және тесілуі де ықтимал

- гормональді препараттарды қолдану жаралардың жазылуын баяулатуы мүмкін

Өте сирек

- қабақ птозы

- герпестік және бактериялық жұқпалардың таралуы

- стероидтарды ұзақ қолданған кезде салдарлы жұқпаның дамуы, мөлдір қабықтың зеңдік зақымдануы

Дексаметазонға немесе бензалконий хлоридіне аса жоғары сезімталдығы бар емделушілерде аллергиялық конъюнктивит пен блефариттің дамуы мүмкін.

- қышыну, палпебральді эритема немесе конъюнктивальді эритема

Ұзақ қолданғанда глюкокортикостероидтарға тән жүйелі жағымсыз әсерлерінің даму қаупі артуы мүмкін:

- глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, стероидты қант диабеті немесе жасырын қант диабеті манифестациясы, бүйрек үсті безі қызметінің бәсеңдеуі, Иценко-Кушинг синдромы

- жүрек айну, құсу, тәбеттің артуы немесе төмендеуі, созылмалы асқазан-ішек жолы ауруларының өршуі

- аритмиялар, брадикардия, артериялық қысымның көтерілуі

- бас-сүйек ішілік қысымның жоғарылауы, ашушаңдық немесе мазасыздық, ұйқысыздық, бас айналу, бас ауыру.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- herpes simplex туындатқан кератит, желшешек және басқа да вирусты аурулар

- көздің микобактериялық жұқпалары

- көздің зеңдік аурулары

- мөлдір қабық эпителийінің зақымдануымен көздің жедел іріңді аурулары

- мөлдір қабық эпителиопатиясы

- жоғары көзішілік қысым

- трахома

- 12 жасқа дейінгі балалар

- көз туберкулезі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Медексол бауырдың микросомальді ферменттерінің индукциясы есебінен фенитоиннің, барбитураттардың, дигитоксиннің, левомицитиннің, эритромициннің, кальций өзекшелерін бөгегіштердің, хинидиннің және варфариннің жартылай шығарылу кезеңін қысқартады. Дегенмен барбитураттар, фенотоин, микросомальді ферменттердің белсенділігін индукциялап, Медексолдың элиминациясын тездетеді. Жергілікті қолданудың кәдімгі режимі кезінде доза индукцияны немесе бауыр ферменттерінің қанығуын тудыру үшін жеткілікті емес.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты жанаспалы линза киген кезде қолдануға болмайды. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаны шешу керек және оны 15 минуттан соң ғана киюге болады.

Егер препарат 2 және одан көп апта бойы қолданылса, онда көзішілік қысымды жүйелі түрде өлшеу керек.

Мөлдір қабықтың герпесімен емделушілерге тағайындау кезінде оның тесілуі мүмкіндігін ескеру керек.

Препаратпен емдеу бактериялық немесе зеңдік жұқпаның көрінісін жасыруы мүмкін, сондықтан көздің және құлақтың жұқпалы ауруларын емдеу кезінде препаратты барабар микробқа қарсы емдеумен біріктіру керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану жөніндегі клиникалық деректер жоқ, сондықтан да анасы үшін болжанған пайда ұрық немесе нәрестеге төнетін қауіптен жоғары болған жағдайда, дәрігердің тағайындауымен ғана Медексолды қолдануға болады.

Препаратты қолдану кезінде бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тамызғаннан кейін жас ағу, айқын көрмеу мүмкіндігін ескере отырып, оны тікелей көлік құралдарын басқару және механикалық жабдықтар қызметін көрсету алдында қолдануға болмайды.

Артық дозалануы

Препаратты жергілікті қолдану кезінде артық дозалану мүмкіндігі аз.

Артық дозалау кезінде жергілікті, сондай-ақ жүйелік сипаттағы жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін. Симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан сақтандыратын сақинамен жабдықталған, бұралып жабылатын қорғаныш қалпақшасы және тамшылатқыш-тығыны бар пластик құтыға құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 1 ай ішінде.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сауда маркасының және тіркеу куәлігінің иесі «УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС» болып табылады, Ұлыбритания

Өндіруші

Е.И.П.И. Ко., Мысыр,

Тенс ов Рамадан Сити,

Алғашқы Өндірістік Аймақ В1, а/ж 149 Тенс

(«E.I.P.I.CO.» Egypt, Tenth of Ramadan City, First Industrial Area B1, P.O. box: 149 Tenth)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР, Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 222 Б

Тел/факс: 8(7272)529090

www.worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

947639821477976839_ru.doc 51.5 кб
694204021477977997_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники