Марукса® (20 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Марукса®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мемантин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – мемантин гидрохлориді 10 мг, 20 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты
үлбірлі қабығы: метакрил қышқылы – этилакрилат кополимері (1:1) 30% дисперсия*, тальк, триацетин, симетикон эмульсиясы
* Эудрагит L30D дисперсиясы– этилакрилат кополимер қышқылынан және судан басқа, сондай-ақ құрамында натрий лаурилсульфаты және эмульгатор ретінде полисорбат 80 бар
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы дөңес, бір бетінде сызығы бар таблеткалар (10 мг доза үшін).
Сопақша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы дөңес таблеткалар (20 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Деменцияны емдеуге арналған басқа да препараттар. Мемантин.
ATХ коды N06DX01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Мемантиннің абсолюттік биожетімділігі 100% жуықты құрайды. Препараттың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты (Тmax) - 3-тен 8 сағатқа дейін.
Тамақ ішудің мемантин сіңуіне әсерінің белгілері жоқ.
Таралуы.
Тәуліктік доза 20 мг елеулі жеке ауытқулары бар 70-тен 150 нг/мл (0,5-1 мкмоль) дейінгі шектегі қан плазмасындағы мемантиннің тұрақты концентрациясын шарттайды. 5-тен 30 мг дейінгі тәуліктік доза қолданғандағы препараттың жұлын-ми сұйықтығындағы (ЖМС) және қан плазмасындағы құрамының арақатынасы 0,52 тең. Таралу көлемі 10 л/кг жуыққа тең. Мемантиннің шамамен 45% қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады.
Биотрансформациясы
Адам организміндегі мемантиннің 80% жуығы айналымда бастапқы зат түрінде болады. Негізгі метаболиттер – бұл N-3,5-диметил-глудантан 4 және 6-гидроксимемантин және L-нитрозо-3,5-диметил-адамантанның изомерлік қоспасы. Бұл метаболиттердің ешбірі NMDA қатысты антагонистік белсенділік танытпайды. Катализденетін метаболизмде in vitro цитохром Р450 қатысатыны анықталмады. Дозаның орташа 84%-ы 20 күн ішінде шығарылады, 99% астамы организмнен несеппен шығарылады.
Элиминация
Мемантин тәуелділік қисығы бойынша 60 –тан 100 сағатқа дейінгі жартылай шығарылу кезеңімен t½ элиминацияланады. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде жалпы клиренсі 170 мл/мин/1,73 м2 тең және жалпы бүйрек клиренсінің бөлігіне өзекшелік секреция жолымен жетеді. Бүйректік сатысына сондай-ақ өзекшелік қайта сіңірілуі қосылады, ол тасымалдағыш ақуыздар катиондары арқылы болуы ықтимал. Несептің сілтілік реакциялары жағдайында мемантиннің бүйректік элиминациялану жылдамдығы 7-9 есе азаюы мүмкін. Несептің сілтіленуі емдәмнің елеулі өзгерістері нәтижесінде жүруі мүмкін, мысалы рациондағы ем тамақтарының вегетариандыққа алмасуы немесе алкализдейтін асқазан дәрілерін қарқынды қабылдау салдары болуы мүмкін.
Дозаға тәуелділігі
Мемантиннің фармакокинетикасы 10 -40 мг доза диапазонында дозаға тәуелді сипатта.
Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық байланысы
Мемантиннің күніне 20 мг дозасында жұлын-ми сұйықтығының құрамындағы деңгейі мемантиннің ki (ki – тежеу константасы) шамасына сәйкес келеді, адам миының фронтальді қыртысы аумағында 0,5 мкмоль құрайды.
Фармакодинамикасы
Мемантин глутаматты N-метил-D-аспарат (NMDA)-рецепторларының бәсекелес емес антагонисі болып табылады, глутаматергиялық нейротрансмиссияны және нейродегенеративті үдерістердің үдеуін тежейді, нейромодуляциялаушы әсер етеді. Психикалық белсенділіктің қалыпты болуына (есте сақтауды және зейін шоғырландыру қабілетін жақсартады, қажығыштықты, депрессия симптомдарын және т.б. азайтады) және қозғалыс бұзылуларын түзетуге ықпал етеді.
Әсер ету механизмі
Нейродегенеративті деменцияның симптомдары мен үдеуінің біліністерінде, әсіресе NМDА-рецепторлары қатысуы бар, глутаматергиялық нейротрансмиссия бұзылуының маңызды рөлі бар.
Мемантин NМDА-рецепторларының потенциалға тәуелді, орташа аффинділіктегі бәсекелес емес антагонисі. Ол нейрондардың дисфункциясына алып келуі мүмкін глутаматтың патологиялық жоғары деңгейінің әсерін реттейді.
Қолданылуы
- орташа және ауыр түрдегі Альцгеймер ауруы бар емделушілерді емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақ ішу кезінде ішке қабылдау керек. Дозалау режимін жеке анықтайды, емді ең төмен тиімді дозада дәрігер бақылауымен бастау ұсынылады. Терапияны емделушінің препаратты қабылдағанын ұдайы бақылайтын тек қамқоршы болған жағдайда ғана бастау керек. Аталған емді қабылдағанда жай-күйді бағалаудың қағидаттарына сәйкес ұдайы диагностика жүргізу керек. Мемантиннің жағымдылығы мен дозалануын ұдайы, ең дұрысы - ем басталғаннан кейін 3 ай бойына бағалау керек. Одан әрі қарай мемантиннің клиникалық әсерін және емделушінің емге реакциясын қолданыстағы клиникалық ұсыныстарға сәйкес ұдайы бағалау керек. Демеуші терапияны емдік әсері қолайлы болып тұрғанша және емделушіге мемантин препараты жағымды болған кезге дейін жалғастыруға болады. Емдік әсерінің белгілері жоқ болған немесе емделушіге ем жағымсыз болған жағдайда мемантинмен емді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Марукса® препаратын күн сайын бір ғана уақытта күніне бір рет қабылдау керек. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды тамақпен бірге немесе тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Ересектерге: бастапқы доза — 5 мг/тәулік, қажет болғанда дозаны апта сайын 5 мг, демеуші дозаны -10 - 20 мг/тәулік жоғарылатуға болады.
Ең жоғары тәуліктік доза 20 мг құрайды.
Дозалау сызбасы:
1-ші апта (1-7-ші күн):
Емделуші үлбірлі қабықпен қапталған жарты таблетка қабылдауы тиіс,
күніне 10 мг (яғни, 5 мг) 7 күн бойына.
2- ші апта (8-14- ші күн):
Емделуші үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетка қабылдауы тиіс,
күніне 10 мг (яғни, 15 мг) 7 күн бойына.
3- ші апта (15-21-ші күн):
Емделуші үлбірлі қабықпен қапталған бір жарым таблетка қабылдауы тиіс, күніне 10 мг (яғни, 15 мг) 7 күн бойына.
4- ші аптадан бастап :
Ұсынылатын демеуші доза күніне 20 мг құрайды.
Егде жастағы емделушілер
65 жастан асқан емделушілер үшін ұсынылатын доза жоғарыда келтірілгендей күніне 20 мг (10 мг 2 таблетка немесе 20 мг бір таблетка күніне бір рет) құрайды.
Балалар
Марукса® препаратын балаларға және 18 жастан кіші жасөспірімдерге препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ болуына байланысты қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер
Жеңіл дәрежелі бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілер үшін (креатинин клиренсі (КК) 50–80 мл/мин) препарат дозасын түзету талап етілмейді. Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге (КК 30–49 мл/мин) 10 мг тәуліктік доза қолдану ұсынылады. Егер препарат жағымды болса, ең болмағанда 7 күн емнен кейін, дозаны стандартты сызба бойынша тәулігіне 20 мг дейін жоғарылатуға болады. Ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге (КК 5–29 мл/мин) 10 мг тәуліктік доза қабылдау ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер
Жеңіл немесе орта дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін (Чайлд-Пью A және B жіктемесі бойынша) доза түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде мемантин қолдану туралы деректер жоқ. Марукса® препаратын ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥ 1/100 , <1/10:
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, тепе-теңдік бұзылуы
- артериялық гипертензия
- ентігу
- іш қатуы
- бауырдың функционалдық сынамасы көрсеткіштерінің жоғарылауы
Жиі емес (≥1/1000 , <1/100):
- зеңдік инфекциялар
- сананың шатасуы, мазасыздық, жоғары қозғыштық, ұйқысыздық, қажығыштық, елестеулер (елестеулер, негізінен ауыр ағымды Альцгеймер ауруы бар емделушілерде бақыланды)
- жүрістің бұзылуы
- көзішілік қысым жоғарылауы
- жүрек жеткіліксіздігі, көктамырлық тромбоздар/тромбоэмболиялар
- тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзаларының функциясы бұзылуы
- құсу
Өте сирек (<1/10000):
- құрысу ұстамалары
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкіндігі жоқ):
- Альцгеймер психоздық реакциялары
- панкреатит
- гепатит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың әсер етуші затына немесе кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының айқын бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жас
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
NМDА-антагонистерімен бір уақытта қолданғанда мемантиннің әсер ету механизмі L-допа, допаминергиялық агонистердің және антихолинергиялық дәрілердің әсерінің күшеюі ықтималдығын жорамалдайды. Барбитураттар және нейролептиктік дәрілердің тиімділігі азаюы мүмкін. Мемантин және спазмолитикалық дәрілерді, дантролен немесе баклофенді бір уақытта қолданғанда олардың әсерін өзгертуі мүмкін, бұл доза түзету қажеттігін шарттауы мүмкін. Мемантин және амантадинді фармакоуыттылыққа байланысты психоздың даму қаупі салдарынан бір уақытта қолдануға болмайды. Екі қосылыс та NMDA-антагонистерімен химиялық тұрғыда байланысқан. Бұл кетамин және декстрометорфанды қолдануға да қатысты. Бір жарияланған есепте сондай-ақ мемантин және фенитоин біріктірілімінің болжамды қаупі туралы анықталды.
Амантадин сияқты бүйректің дәл сол катиондық тасымал жүйесін пайдаланатын циметидин, ранитидин, прокаинамид, хинидин, хинин және никотин сияқты басқа да белсенді заттар бұл препараттардың қан плазмасындағы концентрациясының потенциалды жоғарылау қаупін туындата отырып, мемантинмен өзара әрекеттесуге ықпалды болуы мүмкін.
Мемантинді гидрохлоротиазидпен немесе оның кез келген біріктірілімімен бір уақытта қолданғанда гидрохлоротиазидтің қан сарысуындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін.
Маркетингтен кейінгі зерттеулерде бір мезгілде варфарин қабылдайтын емделушілерде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауының жеке –дара жағдайлары туралы хабарланған.
Себеп-салдарлы байланысы анықталмаса да, бір мезгілде пероральді антикоагулянттар қабылдайтын емделушілерде протромбиндік уақытты немесе ХҚҚ мұқият мониторинг керек.
Мемантиннің глибуридпен/метформинмен немесе донепезилмен өзара әрекеттесуі, сондай-ақ галантамин фармакокинетикасына әсері анықталмаған.
In vitro жағдайында мемантин құрамында флавин бар монооксигеназа, эпоксидгидролаза немесе сульфатион СУР 1А2, 2А6, 2С9, 2D6, 2Е1, 3A тежегіштері болып табылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты эпилепсиямен науқастарға, сыртартқысында құрысу эпизодтары бар емделушілерге, сондай-ақ эпилепсия даму қаупі факторы бар емделушілерге де сақтықпен тағайындау керек.
Амантадин, кетамин немесе декстрометорфан сияқты N-метил-D-аспартат (NMDA)-антагонистерін бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Көрсетілген қосылыстар да мемантин сияқты осы рецепторлар жүйесіне әсер ететіндіктен жағымсыз әсерлері (негізінен орталық жүйке жүесіне байланысты (ОЖЖ)) жиірек немесе айқынырақ болуы мүмкін.
Несептің рН жоғарылауын туындатуы мүмкін кейбір факторлар емделушілерді мұқият бақылау қажеттігін шарттауы мүмкін. Бұл факторларға ем-дәмнің елеулі өзгерістері, мысалы рациондағы ет тамақтарынан вегетариандық емдәмге ауысу немесе алкализдейтін асқазан дәрілерін қарқынды қабылдау жатады.
Бұдан басқа, несептің рН бүйректің тубулярлық ацидозы (БТА) жай-күйі немесе Proteus bacteria туындаған несеп шығару жолдарының ауыр инфекциялары салдарынан жоғарылауы мүмкін.
Клиникалық зерттеулердің көбіне жуырда миокард инфарктісін өткерген, компенсацияланбаған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының жіктемесіне сәйкес III–IV дәрежелі) немесе бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар емделушілер қосылмады. Тиісінше, тек шектеулі деректер бар, және бұндай ауруы бар емделушілер дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс.
Марукса® препаратының құрамында лактоза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар емделушілерге бұл препарат ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация
Мемантинді жүктілік кезеңінде қолданудың әсері туралы клиникалық деректер жоқ. Адам үшін потенциалды қаупі белгісіз. Мемантинді ерекше қажеттілік жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.
Мемантиннің емшек сүтіне өтетіні белгісіз, бірақ бұл субстанциялардың липофильдігінен болуы мүмкін. Мемантин қолданатын әйелдерге баланы емшекпен емізуге болмайды.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Орташа дәрежеліден ауыр түріне дейінгі Альцгеймер ауруының әдетте көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетінің нашарлауын шарттайды. Одан басқа Марукса® препараты көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз немесе орташа әсер етеді, сондықтан амбулаторлық емделушілерге ерекше сақ болу қажеттігі туралы ескерту керек.
Артық дозалануы
Клиникалық зерттеулердегі және маркетингтен кейінгі тәжірибедегі артық дозалануы туралы деректер шектеулі.
Симптомдары: елеулі артық дозалануы (200 және 105 мг/тәулік тиісінше 3 күн бойына) қажығыштық, әлсіздік және/немесе диарея симптомдары білінген немесе симптомсыз ағымда болды. 140 мг дейінгі артық дозалануында немесе дозасы анықталмаған емделушілерде орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (сананың шатасуы, ұйқышылдық, гиперсомния, вертиго, қозу, озбырлық, елестеулер, жүрістің бұзылуы) және/немесе асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар (құсу және диарея) анықталды.
Артық дозалануының ең қауіпті жағдайында емделуші 2000 мг мемантинді пероральді қабылдағаннан кейін, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін жағымсыз әсерлер (10 күн бойына кома, содан кейін диплопия және қозу) пайда болғанда тірі қалды,
Мазасыздық, психоз, көру арқылы елестеулер, проконвульсивтілік, ұйқышылдық, мелшию және 400 мг мемантинді ішке қабылдаудан кейінгі естен тану сияқты орталық жүйке жүйесінің бұзылу симптомдары анықталды.
Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Қажет болғанда мысалы, асқазанды шаю, белсендірген көмір қабылдау (ішек-бауыр рециркуляция әсерінің тоқтауы), несеп реакциясының қышқылдануы, жылдамдатылған диурез сияқты белсенді заттарды организмнен шығаруға арналған стандартты клиникалық емшараларды қолдану керек.
ОЖЖ шамадан тыс стимуляциясының белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда симптоматикалық емдік шараларды сақтықпен жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан салынған.
2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., әл-Фараби даңғ.19,
корпус 1 б, 2-қабат , 207 кеңсе
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
info.kz@krka.biz