Максилин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Максилин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кларитромицин
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 500 мг
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат- кларитромицин - 500 мг;
қосымша заттар: лактобион қышқылы, натрий гидроксиді.
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияға қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.
АТХ коды J01FA09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Кларитромицин және оның негізгі белсенді 14-ОН-метаболиті организмнің барлық тіндері мен сұйық орталарына жақсы таралады. Тіндердегі концентрациясы, әдетте, қан сарысуындағыға қарағанда бірнеше есе. Ең үлкен концентрациясы бауырда және өкпеде тіркелді. Төменде тіндердегі және қан сарысуындағы концентрация мәндеріне мысалдар келтірілген:
КОНЦЕНТРАЦИЯ (әр 12 сағат сайын 250 мг енгізгеннен кейін) |
||
Тіннің түрі |
Тін (мкг/г) |
Қан сарысуы (мкг/мл) |
Бадамшалар |
1.6 |
0.8 |
Өкпе |
8.8 |
1.7 |
500 мг кларитромицинді 1 сағат бойы инфузия жасағаннан кейін кларитромициннің ең жоғары концентрациялары (Сmax) 5.16 мкг/мл құрайды.
500 мг кларитромицинді инфузия жасағаннан кейін 14-ОН-кларитромициннің Сmax 0.66 мкг/мл құрайды.
Кларитромициннің жартылай шығарылу кезеңі препараттың дозасына тәуелді және 3.8 сағаттан 4.5 сағатқа дейінді құрайды. 14-ОН-кларитромициннің жартылай шығарылу кезеңі 7.3 сағатты құрайды (500 мг енгізген кезде).
Тепе-теңдік күйінде «концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданының мәні (AUC) дозаның ұлғаюына қарай өзгеруі пропорционалды емес болды, яғни AUC мәнінің дозаға тәуелсіздігі орын алды – 1 сағат ішінде 500 мг дозаны енгізген кезде 22.29 сағ•мкг/мл болды. 14-ОН-кларитромициннің AUC мәндері 8.16 сағ•мкг/мл-ден 14.76 сағ•мкг/мл аралығында болды.
Фармакодинамикасы.
Кларитромицин – Максилиннің әсер етуші заты – макролидтер тобындағы жартылай синтетикалық антибиотик. Максилиннің бактерияға қарсы әсері оның сезімтал бактериялардың 5OS-рибосомалық субъбірлігімен байланысуы және ақуыздың биосинтезін бәсеңдетуі арқылы анықталады. Препарат ауруханалық штамдарды қоса алғанда, аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қарсы in vitro жоғары тиімділік көрсетеді. Кларитромициннің ең аз тежегіш концентрациялары (ЕАТК) әдетте эритромициннің ЕАТК қарағанда екі есе төмен.
Кларитромициннің Legionella pneumophila және Mycoplasma pneumoniae-ге қарсы in vitro тиімділігі жоғары. Кларитромицин Helicobacter pylori-ге қарсы бактерицидті әсер етеді, кларитромициннің бейтарап рН жағдайындағы белсенділігі қышқыл рН қарағанда жоғары. In vitro және in vivo деректер кларитромициннің микобактериялардың клиникалық мәнді штамдарына қарсы тиімділігі жоғары екенін айғақтайды. Іn vitro зерттеулер Enterobacteriaceae және Pseudomonas штамдары, лактозаны өндірмейтін грамоң бактериялар сияқты, кларитромицинге сезімтал емес екенін көрсетті.
МикробиологияКларитромицин мынадай микроорганизмдердің көптеген штамдарына қатысты алғанда белсенді.
Аэробты грамоң микроорганизмдер:
Staphylococcus aureus
Streptococcus pneumoniae
Streptococcus pyogenes
Listeria monocytogenes.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Haemophilus influenzae
Haemophilus parainfluenzae
Moraxella catarrhаlis
Neisseria gonorrhоeae
Legionella pneumophila
Басқа микроорганизмдер:
Mycoplasma pneumoniae
Chlamydia pneumoniae (TWAR)
Микобактериялар:
Mycobacterium leprae
Mycobacterium kansasii
Mycobacterium chelonae
Mycobacterium fortuitum,
Mycobacterium avium сomplex (MAC), бұлар Mycobacterium avium, Mycobacterium Intracellulare қамтиды.
Микроорганизмдердің бета-лактамазалары Максилиннің тиімділігіне ықпал етпейді.
Стафилококктардың метициллинге және оксациллинге төзімді штамдарының басым көпшілігі Максилинге сезімтал емес.
Helicobacter рylori
Кларитромицин in vitro осындай микроорганизмдердің көптеген штамдарына қатысты алғанда белсенді, алайда оны қолданудың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Аэробты грамоң микроорганизмдер:
Streptococcus agalactiae
Streptococci (C,F,G тобы)
Viridans group streptococci.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Bordetella pertussis
Pasteurella multocida
Басқа микроорганизмдер:
Chlamydia trachomatis
Анаэробты грамоң микроорганизмдер:
Clostridium perfringens
Peptococcus niger
Propionibacterium acnes
Анаэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Bacteriodes melaninogenicus
Спирохеттер:
Borrelia burgdorferi
Treponema pallidum
Кампилобактериялар:
Campylobacter jejuni.
Кларитромициннің адам организміндегі негізгі метаболиті микробиологиялық белсенді 14-гидроксикларитромицин (14-ОН–кларитромицин) болып табылады. Көптеген микроорганизмдер үшін метаболиттің микробиологиялық белсенділігі аналық субстанциядағымен тең немесе 1 - 2 есе әлсіз, H. Influenzae бұған жатпайды, метаболиттің оған қатысты тиімділігі 2 есе жоғары.
Қолданылуы
жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары
төменгі тыныс жолдарының инфекциялары
терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары
Қолдану тәсілі және дозалары
18 жастағы н жасқан ересектер үшін Максилиннің орташа дозасы препаратты қажетті инфузиялық ерітіндіде сұйылтқаннан кейін вена ішіне ұзақ уақыт (60 минут бойы) инфузия түрінде күніне 2 рет 500 мг құрайды.
Жасөспірімдер үшін (12-18 жас) дозасы ересектердікімен бірдей.
Максилин болюсті немесе бұлшықет ішіне енгізу үшін қолданылмайды.
Микобактериялық инфекциясымен пациенттерде қолдану.
M.аvium, M.Intracellulare, M.chelonae, M.fortuitum, M.kansasii туындатқан ошақталған және диссеминацияланған микобактериялық инфекциялары бар науқастарға Максилиннің ұсынылатын дозасы ересектер үшін 2 инфузия түрінде тәулігіне 1.0 г құрайды.
Ауруы күрделі түрдегі пациенттерде препаратты вена ішіне қабылдауды 2-ден 5 күнге дейін жүргізеді, содан кейін дәрігер мүмкіндігінше ішу арқылы қабылдауды тағайындайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану: бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз) Максилин дозасы әдеттегі ұсынылған дозаның жартысына дейін азайтылуы тиіс.
Инфузиялық ерітіндіні дайындау.
1. Инъекцияға арналған стерильді судан 500 мг лиофилизацияланған Максилин ұнтағы бар құтыға 10 мл қосып, вена ішіне енгізуге арналған бастапқы ерітіндіні дайындау керек. Инъекцияға арналған стерильді суды ғана қолдану керек, өйткені басқа еріткіштер тұнбаның түзілуіне әкелуі мүмкін. Құрамында консерванттар немесе бейорганикалық тұздары бар еріткіштерді қолдануға болмайды.
2. Химиялық және физикалық тұрақтылығы 5С температурада сақтаған жағдайда 48 сағат бойы және 25 С температурада – 24 сағат бойы сақталады. Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, сұйылтылған препарат дереу пайдаланылуы тиіс. Егер ол бірден пайдаланылмаса, оның асептикалық жағдайларда сақталуын қамтамасыз ету керек, әдетте бұл 2-ден 8 С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспайды.
3. Максилиннің бастапқы ерітіндісін енгізер алдында (инъекцияға арналған 10 мл стерильді суда 500 мг) төмендегі еріткіштердің біреуін кем дегенде 250 мл-де сұйылту керек: Рингер лактат ерітіндісіндегі 5 % декстроза, 5 % декстроза, Рингер лактат ерітіндісі, 0.3 % натрий хлоридіндегі 5% декстроза, Нормосол-М 5 % декстрозада, Нормосол-R 5 % декстрозада, 5 % декстроза 0.45 % натрий хлоридінде және 0.9 % натрий хлориді.
4. Химиялық және физикалық тұрақтылығы 5С температурада сақтаған жағдайда 48 сағат бойы және 25 С температурада – 6 сағат бойы сақталады. Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, сұйылтылған препарат дереу пайдаланылуы тиіс. Егер ол бірден пайдаланылмаса, оның асептикалық жағдайларда сақталуын қамтамасыз ету керек, әдетте бұл 2-ден 8 С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспайды.
Антибиотик ерітіндісінің химиялық және физикалық тұрақтылығына олардың ықпалы анықталмайынша, Максилиннің инфузиялық ерітіндісіне ешқандай дәрілер немесе реагенттер қосылмауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Ересектер мен балаларды кларитромицинмен емдеу кезінде болатын ең жиі әрі ортақ жағымсыз реакциялар іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу және дәм сезудің бұзылуы болып табылады. Бұл жағымсыз реакциялар әдетте жеңіл білінеді және макролидті антибиотиктердің белгілі қауіпсіздік бейінімен үйлеседі. Клиникалық зерттеулер кезінде микобактериялық инфекциялары бар және басқа инфекция түрлері бар пациенттер тобы арасында бұл жағымсыз реакциялардың жиілігі бойынша елеулі айырмашылық анықталған жоқ.
Жағымсыз реакциялар пайда болу жиілігі бойынша бөлінді: өте жиі ≥ 1/10, жиі ≥1/100 және ≤1/10, жиі емес ≥1/1.000 және ≤ 1/100.
Өте жиі
– енгізілген жердегі флебит1
Жиі
– ұйқысыздық
– бас ауыруы
– дизгевзия (дәм сезудің бұзылуы), дәм сезудің бұрмалануы
– вазодилатация1
–жүрек айнуы, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, диарея
– бауырдың функционалдық тестілерінің қалыптан ауытқуы
– бөртпе, гипергидроз
– енгізілген жердегі ауыру1, енгізілген жердегі қабыну1
Жиі емес
целлюлит1, кандидамикоз, гастроэнтерит2
инфекция3, қынаптық инфекциялар
лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4
анафилактоидты реакциялар1, аса жоғары сезімталдық
анорексия, тәбеттің төмендеуі
үрейлену, күйгелектік3
естен тану1, дискинезия1, бас айналуы, ұйқышылдық, тремор
вертиго, естудің нашарлауы, құлақтағы шуыл
жүректің тоқтап қалуы1, жүрекшелер фибрилляциясы1, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы, экстрасистолия1, жүрек қағуының жиілеуі
демікпе1, мұрыннан қан кету2, өкпе тамырларының эмболиясы1
эзофагит1, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру2, гастрит, прокталгия2, стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іш қатуы, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм
холестаз4, гепатит4, АЛТ, АСТ, ГГТП4 деңгейлерінің жоғарылауы
буллезді дерматит1, қышыну, есекжем, макуло-папулёзді бөртпе3
бұлшықет түйілуі3, қаңқа -бұлшықет сіресуі1, миалгия2
қандағы креатининнің жоғарылауы1, қандағы мочевинаның жоғарылауы1
дімкәстік4, қызба3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, қатты шаршағыштық4
альбумин-глобулин арақатынасының өзгеруі1, қан сарысуында сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қан сарысуында лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы 4
Бірен-саран хабарлар
1,2,3,4 Аталған жағымсыз реакциялар туралы тек препаратты төмендегідей түрде қолданғанда хабарланды: 1 – инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 2 – әсер етуі ұзартылған таблеткалар, 3 – суспензиялар, 4 – дереу босап шығатын таблеткалар.
Маркетингтен кейінгі хабарлар (іс жүзінде қолданғанда)
Жиілігі белгісіз, өйткені осы реакциялар туралы пациенттердің анықталмаған популяциясынан өз еркімен хабарланды. Олардың жиілігін немесе препаратты қабылдаумен себептік байланысын әрдайым дәл анықтау мүмкін емес. Максилинді қабылдаудың жалпы тәжірибесі 1 миллиардтан астам пациент-күнді құрайды.
жалған жарғақшалы колит, эризипелоид
агранулоцитоз, тромбоцитопения
анафилаксиялық реакция, Квинке ісінуі
психоздар, сананың шатасуы, өзін өзі танымау, депрессия, бағдардан адасу, елестеулер, қорқынышты түстер көру, мания
бұлшықет түйілуі, агевзия (дәм сезгіштің жоғалуы), паросмия, аносмия, парестезия
естімей қалу
пируэтті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), қарыншалық тахикардия
қан құйылу
жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тіс түсінің өзгеруі
бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы сарғаю
– Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилия және жүйелі біліністермен (DRESS) қатар жүретін, дәрі-дәрмектік тері реакциясы, акне
– рабдомиолиз2 (рабдомиолиздың пайда болуы туралы кейбір хабарларда Максилинді рабдомиолиздың дамуымен байланысты басқа дәрілік препараттармен (статиндер, фибраттар, колхицин немесе алопуринол секілді) бір мезгілде қабылдаған), миопатия
- бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
халықаралық қалыптастырылған арақатынастың жоғарылауы, протромбиндік уақыттың артуы, несеп түсінің өзгеруі.
ЖИТС-пен науқастарда және кларитромициннің микобактериялық инфекцияларды емдеуге ұсынылғаннан жоғары дозаларын ұзағырақ қабылдаған иммундық жүйенің бұзылуы бар басқа пациенттерде, препаратты қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды және негізгі немесе қатар жүретін аурулардың симптомдарын әрдайым айыра алмайсың.
Препаратты 1000 мг тәуліктік дозада қабылдаған ересек науқастарда ең жиі кездесетін жағымсыз әсерлер жүрек айнуы, құсу, дәм сезудің бұзылуы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыруы, іш қату, естудің бұзылуы, АЛТ және АСТ мөлшерінің жоғарылауы болды. Диспноэ, ұйқысыздық және ауыздың құрғауы жиі емес. Пациенттердің 2–3 %-да АЛТ және АСТ деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы және қанда лейкоциттер мен тромбоциттер санының айтарлықтай төмендеуі байқалды. Бірнеше пациентте қандағы мочевина мөлшерінің жоғарылауы байқалды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық.
- Максилинді төмендегі препараттармен бірге тағайындау:
астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин
қастауыш алкалоидтары (мысалы, эрготамин немесе дигидроэрготамин)
ішу арқылы қолдануға арналған мидазолам
CYP3A4 кеңінен метаболизденетін (ловастатин немесе симвастатин) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері
колхицин
тикагрелор немесе ранолазин
анамнезінде QT аралығының ұзаруы (туа біткен немесе жүре пайда болған анықталған QT аралығының ұзаруы), қарыншалық жүрек аритмиялары (екі бағытты тахикардияны қоса);
гипокалиемия (QT аралығының ұлғаю қаупі);
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі;
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі;
- 12 жасқа дейінгі балалар;
- жүктілік және лактация (бала емізу) кезеңі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Келесі дәрілік препараттарды Максилинмен бір мезгілде қолдануға мүлде болмайды, өйткені олардың біріктірілімі өзара әрекеттесудің ауыр салдарларын туындатуы мүмкін:
Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин
Кларитромицин мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде цизаприд деңгейінің жоғарылауы байқалды. Бұл қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясын және екі бағытты тахикардияны қоса, QT аралығының ұзаруына және жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Осыған ұқсас құбылыстар кларитромицин мен пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалды.
Макролидтерді қабылдағанда терфенадин метаболизмінің өзгеруі туралы деректер бар, ол жекелеген жағдайларда QT аралығының ұзаруымен жүрек аритмиясын, қарыншалар тахикардиясын, қарыншалар фибрилляциясын және екі бағытты тахикардияны туындатады.
Қастауыш алкалоидтары
Постмаркетингтік зерттеулер көрсеткендей, кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қолдану қан тамырларының тарылуы, орталық жүйке жүйесін қоса, аяқтардың және басқа тіндердің ишемиясымен білінетін қастауыштардың уытты әсеріне әкелуі мүмкін. Максилинді және қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде қолдануға болмайды.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)
Максилинді статиндермен бір мезгілде қолдануға сақтықпен тағайындау керек.
Максилинді ловастатин немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені осы статиндер елеулі дәрежеде CYP3A4 метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың плазмадағы концентрациясының артуына әкеледі, соның салдарынан миопатия және рабдомиолиз даму қаупі артады.
Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде рабдомиолиздің даму жағдайлары туралы деректер бар. Егер Максилинді міндетті түрде қолдану керек болса, ловастатин немесе симвастатинді қабылдауды Максилин қабылдау кезінде тоқтатады.
Максилин мен статиндерді бір мезгілде қолданбауға болмайтын жағдайда, CYP3A метаболизміне тәуелсіз статинді мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Статиннің мүмкіндігінше ең төмен дозасын тағайындаған жөн. Пациенттерде миопатияның симптомдары мен белгілерін бақылау керек.
Басқа дәрілік препараттардың Максилиннің емдік тиімділігіне әсері
CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің емдік концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін, сөйтіп Максилиннің де тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Одан басқа, CYP3A жоғарылататын басқа дәрілік заттардың деңгейін бақылау қажет болуы мүмкін, олар кларитромициннің CYP3A-ны (сондай-ақ CYP3A4 сәйкес тежегішін медициналық қолдануға қатысты нұсқаулықты қараңыз) тежейтін әсері салдарынан жоғарылауы мүмкін. Рифабутин мен Максилинді бір мезгілде қолдану рифабутин деңгейінің жоғарылауы және қан сарысуында кларитромицин деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ увеит қаупінің артуына әкелетіні белгілі.
Төмендегі препараттар кларитромициннің айналымдағы концентрациясының өзгеруін туындатуы, немесе теория жүзінде туындатуы мүмкіндігі белгілі. Максилин препаратының дозасын түзету талап етілуі мүмкін. Сондай-ақ емдеудің басқа нұсқаларын қарастыру керек.
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин мен рифапентин секілді P450 цитохромы метаболизмдік жүйесінің күшті индукторлары кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін, осылайша оның плазмадағы деңгейін төмендетіп, сонымен бір мезгілде микробиологиялық белсенділік білдіретін метаболит 14(R)-гидрокси-кларитромициннің (14-OH-кларитромициннің) деңгейін жоғарылатады. Кларитромицин және 14-OH-кларитромициннің әртүрлі бактерияларға микробиологиялық әсері бір-бірінен ерекшеленетін болғандықтан, Максилинді энзимдер индукторларымен бір мезгілде қолдану көздеген емдік әсерге кедергі жасауы мүмкін.
Этравирин
Этравиринді қабылдағанда, Максилиннің экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге қарсы (MAC) тиімділігі төмен дәрі болғандықтан, препараттың аталған патогенге қатысты жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті, MAC емдеу үшін емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыру керек.
Флуконазол
Күніне 200 мг флуконазол мен күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау дені сау 21 еріктіде кларитромициннің орташа ең төменгі тепе-теңдік концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданының (AUC) сәйкесінше 33% және 18% артуына алып келді.
Белсенді метаболиті 14-ОН-кларитромициннің тепе-теңдік концентрациялары флюконазолмен бір мезгілде қолданған кезде айтарлықтай өзгерген жоқ. Максилиннің дозасын түзету қажет емес.
Ритонавир
Фармакокинетикасын зерттеулер көрсеткендей, 200 мг ритонавирді әрбір сегіз сағатта және кларитромицинді әрбір 12 сағатта бір мезгілде қолдану кларитромициннің метаболизмінің айтарлықтай тежелуіне әкеледі. Ритонавирмен бір мезгілде қолданғанда кларитромициннің Cmax 31% жоғарылады, ал Cmin 182% төмендеді, AUC 77% жоғарылады. 14-OH-кларитромициннің түзілуінің іс жүзінде толық тежелуі байқалды. Емдік диапазонының кеңдігіне байланысты кларитромициннің дозасын бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде азайту қажет етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету керек: CLCR 30–60 мл/минут болғанда Максилиннің дозасын 50 % азайту, CLCR < 30 мл/минут болғанда – 75 % азайту керек. Максилиннің күніне 1 г-ден асатын дозаларын ритонавирмен бірге қолдануға болмайды. Осыған ұқсайтын дозаны түзетуді ритонавирді атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ-протеазаның басқа тежегіштерімен бірге бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда жүргізу керек.
Максилиннің басқа дәрілік препараттарға әсері
Аритмияға қарсы препараттар
Постмаркетингтік есептердің деректері бойынша кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда екі бағытты тахикардияның (torsades de pointes) пайда болу жағдайлары тіркелген.
Максилинді аталған препараттармен бір мезгілде қолданғанда QT аралығының ұзаруын дер кезінде анықтау үшін ЭКГ-мониторингтеу ұсынылады. Максилинмен емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрациясын бақылау керек. Сондай-ақ постмаркетингтік есептерде кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда гипогликемия жағдайлары тіркелді. Максилин мен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда қандағы глюкоза деңгейін бақылауға алу керек.
Ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер және инсулин
Натеглинид пен репаглинид секілді жекелеген гипогликемиялық препараттар, CYP3A энзимінің кларитромицинмен тежелуін туындатуы мүмкін, сондықтан оларды бір мезгілде қолданғанда гипогликемия дамуы мүмкін. Қант диабетімен науқастарда Максилинді қолданғанда глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
CYP3A өзара әрекеттесуі
CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі Максилинді және негізінен CYP3A метаболизденетін кез келген басқа препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, ол, өз кезегінде, оның емдік әсерін және жағымсыз реакцияларының пайда болу қаупін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.
Максилинді CYP3A субстраттары – дәрілік заттармен ем алатын пациенттерде қолданғанда, әсіресе егер CYP3A-субстраттың емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе, сақтық шараларын сақтау керек.
Бір мезгілде Максилинді қабылдайтын пациенттерде CYP3A метаболизденетін дәрілік заттардың дозасын өзгерту және қан сарысуындағы концентрациясын мониторингтеу қажет болуы мүмкін.
Келесі дәрілік препараттар немесе препараттар тобы бірдей CYP3A изоферменттерімен метаболизденетіні белгілі: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, ішілетін антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, сильденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластинмен, бірақ бұл тізім толық емес. Өзара әрекеттесудің осындай механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін, фенитоин, теофиллин мен вальпроатты қолданғанда байқалды.
Омепразол
Максилин (әрбір 8 сағатта 500 мг) мен омепразолдың (күнделікті 40 мг) ішуге арналған түрін бір мезгілде қолданған дені сау ересек еріктілерді зерттеу нәтижелері бар. Кларитромицинмен бір мезгілде қолданғанда омепразолдың плазмадағы тепе-тең концентрациясының жоғарылауы байқалды (Cmax, AUC0-24 және t1/2 сәйкесінше 30%, 89%-ға және 34%-ға жоғарылауы). Асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды жеке қолданғанда 5.2, және омепразолды кларитромицинмен бірге қолданғанда 5.7 құрады.
Силденафил, тадалафил және варденафил
Оларды Максилинмен бір мезгілде қолданғанда, фосфодиэстераза тежегіштерінің (силденафилдің, тадалафилдің және варденафилдің) плазмалық концентрациясының жоғарылау мүмкіндігі бар, ол фосфодиэстераза тежегіштерінің дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.
Теофиллин, карбамазепин
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері, Максилинмен бір мезгілде қолданғанда теофиллин мен карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының аздаған, бірақ статистикалық мәнді (p≤0,05) жоғарылауы барын көрсетеді.
Толтеродин
Толтеродин негізінен Р450 цитохромы 2D6-изоформасымен (CYP2D6) метаболизденеді. Әйтсе де CYP2D6 жоқ пациенттерде метаболизмі CYP3A арқылы жүреді. Аталған популяцияда CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына әкеледі. Осындай пациенттер үшін, толтеродиннің дозасын төмендету, оны Максилин сияқты CYP3A тежегіштерімен қолданғанда қажет болуы мүмкін.
Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам)
Мидазолам мен кларитромицин таблеткаларын бір мезгілде тағайындағанда (күніне екі рет 500 мг), мидазоламды вена ішіне енгізген кезде мидазоламның AUC 2.7 есе артқан. Мидазоламды Максилинмен вена ішіне қолданғанда дозасын дер кезінде түзету үшін, пациенттің жағдайына мұқият мониторинг жүргізу керек.
Мидазоламды енгізудің оромукозальді жолы кезінде препараттың жүйеалдылық элиминациясы жоққа шығарылуы мүмкін, мұның мидазоламды ішу арқылы емес, вена ішіне енгізген кезде байқалатынға ұқсас өзара әрекеттесуге алып келу ықтималдығы зор.
Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A метаболизденетін басқа бензодиазепиндерді қолданғанда да осындай сақтық шараларын сақтау керек. Элиминациясы CYP3A тәуелді емес (темазепам, нитразепам, лоразепам) бензодиазепиндер үшін, Максилинмен клиникалық мәні бар өзара әрекеттесудің даму ықтималдығы аз.
Максилин мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда орталық жүйке жүйесі тарапынан дәрілік өзара әрекеттесуі және жағымсыз әсерлерінің (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) дамуы туралы постмаркетингтік хабарлар бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлердің жоғарылау мүмкіндігін ескеріп, пациентті бақылау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Колхицин СYP3A үшін, сондай-ақ Р-гликопротеиннің эффлюксті тасымалдаушысына субстрат болып табылады. Максилин және басқа да макролидтер CYP3A және Р-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатыны белгілі. Максилин мен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, кларитромициннің Р-гликопротеинді және CYP3A тежеуі колхициннің экспозициясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Максилин мен колхицинді бірге қолдануға болмайды.
Дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) субстраты деп саналады. Кларитромицин Pgp бәсеңдетуге қабілетті екені белгілі. Бір мезгілде қолданғанда, Pgp бәсеңдеуі дигоксиннің экспозициясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылауда Максилинді дигоксинмен қабылдайтын пациенттердің қан сарысуында дигоксиннің концентрациясының жоғарылауы анықталған. Кейбір пациенттерде дигиталистік уыттылық белгілер, соның ішінде әлеуетті фатальді аритмиялар пайда болды. Оны Максилинмен қабылдағанда пациенттердің қан сарысуында дигоксиннің концентрациясын мұқият бақылау керек.
Зидовудин
Максилин таблеткаларын және зидовудинді АИТВ-жұқтырған ересек пациенттерде бір мезгілде ішу арқылы қабылдау зидовудиннің тепе-тең концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Максилин оларды ішу арқылы бір мезгілде қолданғанда зидовудиннің сіңірілуіне әсер етеді, мұны Максилин мен зидовудинді қабылдауда 4 сағаттық аралықты сақтау жолымен айтарлықтай дәрежеде болдырмауға болады. АИТВ жұқтырған пациент-балаларда Максилин суспензиясын зидовудин және дидеоксиинозинмен бір мезгілде қабылдағанда бұл өзара әрекеттесу пайда болмайды. Максилинді вена ішіне енгізгенде осындай өзара әрекеттесудің пайда болу мүмкіндігі өте аз.
Фенитоин және вальпроат
Өздігінен келіп түскен және жарияланған есептердің нәтижесі бойынша Максилин сияқты CYP3A тежегіштері және CYP3A метаболизміне теория жүзінде қатыспайтын препараттар (мысалы, фенитоин және вальпроат) арасында өзара әрекеттесу байқалады.
Осындай препараттарды Максилинмен бірге тағайындағанда олардың қан сарысуындағы деңгейіне талдау жүргізу ұсынылады. Осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауы туралы деректер бар.
Дәрілік препараттармен екі бағытты өзара әрекеттесуі
Атазанавир
Кларитромицин мен атазанавир CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Осы препараттар арасында екі бағытты өзара әрекеттесудің бары дәлелденген. Максилин (күніне екі рет 500 мг) мен атазанавирді (күніне бір рет 400 мг) бірге қолдану кларитромициннің экспозициясының екі есе жоғарылауына, 14-OH-кларитромициннің экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавирдің AUC 28%-ға артуына әкеледі. Кларитромициннің емдік терезесі айтарлықтай деп сипатталатын болғандықтан, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Максилиннің дозасын төмендету талап етілмейді. Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/мин дейін) пациенттер үшін Максилиннің дозасы 50%-ға төмендетілуі керек. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан кем пациенттер үшін сәйкес дәрілік түрін қолданумен Максилиннің дозасы 75%-ға төмендетілуі керек. Протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда Максилиннің дозасы күніне 1000 мг-ден аспауы керек.
Кальций өзекшелері блокаторлары
Артериялық гипотензия даму қаупіне байланысты Максилинді CYP3A4 метаболизденетін (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) кальций өзекшелері блокаторларымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттесу кезінде кларитромициннің, сондай-ақ кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Верапамилмен бірге кларитромицин қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалды.
Итраконазол
Кларитромицин мен итраконазол CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, екіжақты бағытталған өзара дәрілік әреукеттесуге алып келеді. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейлерін арттыруы мүмкін, ал итраконазол кларитромициннің қан плазмасындағы деңгейлерін арттыруы мүмкін. Итраконазол мен Максилинмен бірге қолданғанда, фармакологиялық әсерінің күшеюінің немесе ұзаруының көріністері мен симптомдарын анықтау үшін, пациенттер дәрігердің қатаң қадағалауында болуы тиіс.
Саквинавир
Кларитромицин мен саквинавир CYP3A субстраттары мен тежегіштері болып табылады. Осы препараттар арасында екі бағытты өзара әрекеттесудің дәлелі бар. 12 дені сау еріктімен жүргізілген зерттеу көрсеткендей, Максилин (күніне екі рет 500 мг) мен саквинавирді (жұмсақ желатинді капсулаларда, күніне үш рет 1200 мг-ден) бір мезгілде қабылдау саквинавирді жеке қолданумен салыстырғанда саквинавирдің тепе-тең көрсеткіштерінің AUC және Cmax 177% және 187%-ға жоғарылауын туындатады. Максилинді жеке қабылдаумен салыстырғанда, кларитромициннің AUC және Cmax көрсеткіштері шамамен 40%-ға жоғарылады. Зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, зерттелетін дозалары мен дәрілік түрлерін қолданған жағдайда, дозаны түзету талап етілмейді. Жұмсақ желатинді капсула түріндегі дәрілік түрін зерттеу нәтижелері қатты желатинді капсуладағы саквинавирдің көрсеткіштеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавирмен өзара әрекеттесулерді зерттеу нәтижелері саквинавирмен және ритонавирмен біріктірілген ем қабылдағандағы көрсеткіштерге сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавир ритонавирмен бір мезгілде тағайындалған жағдайда ритонавирдің кларитромицинге әсер ету мүмкіндігін ескеру керек.
Айрықша нұсқаулар
Антибиотикті ұзақ немесе қайталап қолдану сезімтал емес бактериялардың және зеңдерді шамадан тыс өсуін тудыруы мүмкін. Суперинфекция пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату және тиісті емді бастаған жөн.
Бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты абайлап қолданған жөн.
Максилинді қолданған кезде бауыр функциясының бұзылуы, оның ішінде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы және гепатоцеллюлярлы немесе сарғаюмен немесе онсыз холестаздық гепатит туындаған жағдайлар байқалды.
Бауыр функциясының бұл бұзылуы ауыр дәрежеде болуы мүмкін және әдетте қайтымды болып табылады. Сондай-ақ өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігі жөнінде мәлімделген, ол күрделі, қатар жүретін аурулармен және/немесе дәрілік препараттарды қатар қабылдаумен байланысты болды. Гепатиттің анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іш тұсының ауыруы сияқты симптомдары пайда болған кезде препаратты қолдануды дереу тоқтату қажет.
Кларитромициннің көп бөлігі бауыр арқылы шығарылады. Сондықтан, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге аталған антибиотикті сақтықпен тағайындаған жөн.
Макролидтерді қоса, бактерияға қарсы препараттардың көбін қабылдағанда жалған жарғақшалы колит жағдайлары тіркелген, оның дәрежесі орташадан өмір үшін қауіпті дәрежеге дейін ауытқыды.
Максилинді қоса, көптеген бактерияға қарсы препараттарды қабылдағанда, дәрежесі орташадан өліммен аяқталатын колитке дейін Clostridium difficile (CDAD) астасқан диарея жағдайы тіркелген. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, ол өз кезегінде C.Difficile өсуінің артуына әкеледі. Антибиотиктерді қабылдаудан туындаған диареядан зардап шегетін барлық пациенттерде CDAD пайда болу мүмкіндігін ескеру керек. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдаудан кейін екі айдан соң CDAD пайда болу жағдайы тіркелген, сондықтан мұқият медициналық анамнез жинау керек.
Колхицин
Постмаркетингтік есептерде кларитромицинмен бір мезгілде қолданғанда колхициннің уыттылығы туралы хабарланды, әсіресе егде жастағы пациенттерде, олардың кейбіреуі бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шекті. Кейбір пациенттерде өліммен аяқталу жағдайлары тіркелді («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Максилин мен колхицинді бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Максилинді вена ішіне немесе оромукозальді енгізуге арналған триазолам және мидазолам сияқты триазолобензодиазепиндермен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
QT аралығының ұзаруы
Кларитромицинді қоса, макролидтермен емдеген кезде жүрек аритмиясының және «пируэт» типті (torsades de pointes) қарыншалық тахикардияның даму қаупімен астасқан миокард реполяризациясының және QT аралығының ұзаруы байқалды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Төмендегі жағдайлар вентрикулярлы аритмияның ( «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса) даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін болғандықтан, Максилинді мынадай пациенттерде сақтықпен пайдалану қажет:
ишемиялық жүрек ауруы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, өткізгіштіктің бұзылуы немесе клиникалық мәнді брадикардиясы бар пациенттерде;
гипомагниемия сияқты, электролиттік теңгерімі бұзылған пациенттерде. Максилин гипокалиемиясы бар пациенттерде қолданылмауы тиіс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз);
QT аралығын ұзартуы мүмкін басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз);
Максилинді астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен және терфенадинмен бір мезгілде тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Максилинді анамнезінде туа біткен немесе анықталған жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы немесе қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Пневмония
Streptococcus pneumoniae-ның макролидтерге төзімділігі мүмкін болғандықтан, ауруханалық емес пневмонияны емдеу үшін Максилинді тағайындағанда сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында Максилинді басқа да тиісті антибиотиктермен біріктіріп қолдану керек.
Тері мен жұмсақ тіндердің елеусіз және орташа дәрежедегі ауырлықтағы инфекциялары
Мұндай инфекциялардың ең жиі қоздырғыштары Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes болып табылады, олар да макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Сондықтан сезімталдыққа зерттеу жүргізу қажет. Бета-лактамдық антибиотиктерді қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайларда (мысалы, аллергияға байланысты) басқа препараттарды, мысалы, клиндамицинді қолдану дұрысырақ болады. Қазіргі таңда макролидтер тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялық зақымдануларының кейбір түрлерін, мысалы, Corynebacterium minutissimum туындатқан ауруларды, қарапайым безеу және жайылған эритеманы емдеу үшін, сондай-ақ пенициллиндермен емдеуге болмайтын жағдайларда ғана қолданылады.
Анафилаксия, Стивенс–Джонсон синдромы, токсикодермальді некролиз немесе эозинофилиямен және жүйелі біліністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы секілді күрделі жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған жағдайда, Максилинді қолдануды дереу тоқтату және шұғыл түрде сәйкес ем жүргізу керек.
Максилинді CYP3A4 цитохромды энзимін индукциялайтын препараттармен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.
Кларитромицин мен басқа макролидті препараттар, сондай-ақ линкомицин мен клиндамицин арасында болуы мүмкін айқаспалы қарсыластық мүмкіндігін де ескеру керек.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер):
Максилинді статиндермен бір мезгілде қабылдауға сақтықпен тағайындау керек. Кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде рабдомиолиздің пайда болуы жөнінде деректер бар. Осындай пациенттерде миопатияның белгілері мен симптомдарының пайда болуын қадағалау керек. Максилин мен статиндерді бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, статиннің мүмкіндігінше ең төмен дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A метаболизміне тәуелді емес статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.
Максилинді ловастатинмен немесе симвастатинмен бірге қабылдауға болмайды.
Ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілер және инсулин
Максилинді және ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілерді (мысалы, сульфонилмочевина туындылары), сондай-ақ инсулинді бір мезгілде қолдануда айтарлықтай гипогликемия дамуы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар
Максилин мен варфаринді бір мезгілде қолданған кезде ауыр қан кету, ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) көрсеткіштерінің және протромбинді уақыттың елеулі жоғарылау қаупі бар. Максилинді және ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда ХҚҚ көрсеткіштерін және протромбинді уақытты жиі бақылаған жөн.
Балалар жасы
Клиникалық сынақтар кларитромицин суспензиясының балаларға арналған дозаларын 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда пайдалану арқылы жүргізілді. Осылайша, бұл жастағы балаларға препаратты суспензия түрінде қолдануға болады.
Жүктілік және емшек емізу кезеңі
Максилиннің жүктілік және сәбилерді емшекпен қоректендіру кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Тышқандарға, егеуқұйрықтарға, үй қояндары мен маймылдарға жүргізілген зерттеулерден алынған айнымалы нәтижелер негізінде, шарананың дамуына қолайсыз әсер ету мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Жүкті әйелдерге пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға бермей тұрып, әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айында тағайындамау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Максилиннің автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне қатысты мәліметтер жоқ. Бұл препаратты қолданған кезде туындауы мүмкін бас айналудың, вертигоның, сананың шатасуының және бағдардан адасудың зор мүмкіндігін ескеріп, көлік құралдарын және механизмдерді басқарған кезде сақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: кларитромицинді көп мөлшерде ішке қабылдау асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз симптомдардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Биполярлы бұзылысы болған бір пациент туралы мәлімет бар, ол 8 г кларитромицинді қабылдаған, содан кейін оның психикалық жай-күйі өзгеріске ұшыраған, параноидальді мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия дамыған.
Емі: артық дозаланумен қатар жүретін жағымсыз реакцияларды сіңірілмеген препаратты тез арада элиминациялау және демеуші ем арқылы емдеу керек. Басқа макролидтердегі сияқты, гемодиализдің немесе перитонеальді диализдің қан сарысуындағы кларитромицин мөлшеріне елеулі ықпал ету ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 500 мг лиофилизацияланған ұнтақ.
500 г кларитромицинге баламалы препаратты, сыйымдылығы 15 мл, жыртып алынатын жапсырмалы қалпақшасы бар алюминий қақпақты сұр бромбутил резеңке тығынмен мықтап жабылған шыны құтыларға (І тип) салады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Инъекцияға арналған 10 мл сумен сұйылтқаннан кейін 48 сағат (2° C - 8° C температурада) немесе 24 сағат (25° C-ден аспайтын температурада).
250 мл сәйкес сұйылтқышта сұйылтқаннан кейін 6 сағат (25° C-ден аспайтын температурада) немесе 48 сағат (2° С - 8° С температурада).
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
ANFARM HELLAS S.A.
61st km NAT.RD.ATHENS-LAMIA
Schimatari Viotias, 32009, Greece
+30 22620 58391
Тіркеу куәлігінің иесі
ANFARM HELLAS S.A. Грекия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
ЖК Өтегенова Б.А.
010000, Қазақстан, Астана қ., Рамазан к-сі, 33, п. 9
Тел/факс +7(701)7076181
e-mail: b.utegenova_ip@mail.ru
17