Максигра (50 мг) (Sildenafil)

МНН: Силденафил
Производитель: Фармацевтический завод Польфарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sildenafil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010330
Информация о регистрации в РК: 03.08.2017 - 03.08.2022
Номер регистрации в РБ: 10461/16/21
Информация о регистрации в РБ: 17.05.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 653.71 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Максигра

Халықаралық патенттелмеген атауы

Силденафил

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 50 мг, 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 70.24 мг немесе 140.48 мг силденафил цитраты, тиісінше 50.00 мг немесе 100.00 мг (силденафилге баламалы),

қосымша заттар: маннитол, кросповидон (А типті), повидон (К 25), коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза (15 mPas), макрогол 6000, титанның қостотығы Е171, тальк, индигокармин Е132.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, көгілдір түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препараттар.Силденафил.

ATХ коды G04BE03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Силденафил жылдам сіңеді. Препаратты ашқарынға пероральді түрде қабылдағаннан кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына 30-дан 120-ға дейінгі минут ішінде жетеді. Ішке қабылдағаннан кейін орташа абсолютті биожетімділігі 41%-ды (25-63% диапазонды) құрайды. Силденафилді пероральді түрде қабылдағаннан кейін AUC және Cmax мәндері ұсынылатын дозалар диапазонында (25-100 мг) қабылдаған дозаға пропорционалды түрде артады.

Силденафилді тамақпен бірге қабылдаған кезде сіңу жылдамдығы төмендейді, мұндайда Тmax орташа кідіруі 60 минутты, ал Cmax орташа төмендеуі 29% құрайды.

Таралуы

Тепе-тең концентрация (Vd) жағдайында силденафилдің орташа таралу көлемі 105 л-ді құрайды, бұл оның тіндерге таралғанын дәлелдейді. 100 мг дозада бір реттік пероральді түрде қабылдаудан кейін плазмадағы силденафилдің орташа ең жоғары концентрациясы шамамен 440 нг/мл-ді құрайды. Силденафил (және оның негізгі айналымдағы метаболиті N-дезметил) плазманың ақуыздарымен 96%-ға байланысады, плазмадағы бос силденафилдің орташа ең жоғары концентрациясы 18 нг/мл-ді (38 нМ) құрайды. Ақуыздармен байланысу препараттың жалпы концентрациясына ықпалын тигізбейді.

Силденафилді қабылдап жүрген дені сау еріктілерде (100 мг дозада бір реттік қабылдау) енгізілгеннен кейін 90 минуттан соң енгізілген дозаның 0,0002%-дан азы (орта есеппен 188 нг) ұрық сұйықтығынан табылды.

Метаболизмі

Силденафил көбіне бауырдың CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 (қосалқы жолы) микросомальді изоферменттерімен метаболизденеді.

Негізгі айналымдағы метаболит N-деметилдену арқылы силденафилден түзіледі. Бұл метаболиттің фосфодиэстеразаларға қатысты силденафилге ұқсас осындай селективтілік бейіні бар, оның ФДЭ5-ке қатысты in vitro белсенділігі бастапқы препарат белсенділігінің шамамен 50%-ын құрайды. Плазмадағы осы метаболиттің концентрациясы силденафил концентрациясының шамамен 40%-ын құрайды. Әрі қарай N-дезметил метаболиті метаболизденеді, бұл жағдайда оның жартылай шығарылу кезеңі 4 сағ-қа жуықты құрайды.

Шығарылуы

Силденафилдің жалпы клиренсі сағатына 41 л құрайды, мұндай жағдайда терминальді жартылай шығарылу кезеңі 3-5 сағ. құрайды. Пероральді түрде немесе вена ішіне енгізуден кейін силденафил метаболиттер түрінде көбіне нәжіспен (пероральді түрде енгізілген дозаның шамамен 80%-ы) және аз мөлшерде несеппен (пероральді түрде енгізілген дозаның шамамен 13%-ы) шығарылады.

Пациенттердің жекелеген топтарындағы препараттың фармакокинетикасы

Егде жастағылар

Егде жастағы дені сау еріктілерде (жасы 65-тен асқан) силденафил клиренсінің төмендегені байқалды, бұл жасы едәуір кіші дені сау еріктілермен (18-45 жас) салыстырғанда, плазмадағы силденафил мен белсенді метаболит N-дезметил концентрацияларының 90%-ға дейін артуына әкелді. Плазманың ақуыздарымен байланысуда жас айырмашылықтарының болуы салдарынан, плазмадағы бос силденафил концентрациясының тиісінше артуы шамамен 40%-ды құрады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған еріктілерде (креатинин клиренсі = 30-80 мл/мин) силденафилді 50 мг дозада пероральді бір реттік енгізуден кейін оның фармакокинетикалық параметрлері өзгерген жоқ. N-дезметил метаболиттің AUC және Cmax орташа мәндері бүйрек функциясы бұзылмаған осы жастағы еріктілермен салыстырғанда, сәйкесінше, 126% және 73%-ға дейін артты. Алайда, жеке пациенттер арасындағы ауытқудың жоғары болуы салдарынан, осы айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан маңызды болып табылған жоқ. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар еріктілерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) силденафил клиренсі төмендеді, бұл бүйрек функциясы бұзылмаған осы жастағы еріктілермен салыстырғанда, AUC және Cmax орташа мәндерінің сәйкесінше 100%-ға және 88%-ға дейін жоғарылауына әкелді. Бұдан басқа, N-дезметил метаболиті үшін AUC және Cmax орташа мәндері сәйкесінше 79%-ға және 200%-ға дейін едәуір артты.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр циррозы бар еріктілерде (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В класс) силденафил клиренсінің төмендегені анықталды, бұл бауыр функциясы бұзылмаған осы жастағы еріктілермен салыстырғанда, AUC (84%) және Cmax (47%) мәндерінің артуына әкелді. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде силденафилдің фармакокинетикалық параметрлері зерттелген жоқ.

Фармакодинамикасы

Силденафил эрекциялық дисфункцияларды емдеуге арналған пероральді препарат болып табылады. Табиғи жағдайда, мысалы, сексуалды стимуляция кезінде, препарат бұзылған эрекциялық функцияны жыныстық мүшеге қанның құйылуын күшейту арқылы қалпына келтіреді.

Жыныстық мүшенің эрекциясын жүзеге асыратын физиологиялық механизм сексуальді стимуляция кезіндегі каверналы денедегі азот тотығының (NO) босап шығуын қамтиды. Әрі қарай азот тотығы гуанилатциклаза ферментін белсенділендіреді, бұл каверналы денедегі тегіс бұлшық еттің босаңсуын тудыратын және қанның құйылуына мүмкіндік беретін циклдік гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейінің артуына әкеледі. Силденафил каверналы денедегі цГМФ-5-ші типті спецификалық фосфодиэстеразаның (ФДЭ5) селективтік тежегіші болып табылады, ФДЭ5 мұнда цГМФ-тың ыдырауына жауапты. Силденафил эрекцияға әсер етудің шеткері типіне ие. Силденафил адамның оқшауланған каверналы денесіне тікелей босаңсытатын әсер бермейді, бірақ кеуекті тінге NO-ның босаңсытатын әсерін белсенді түрде күшейтеді. NO/цГМФ-тің жолдарын белсендіргенде, сексуальді стимуляция жағдайындағы сияқты, силденафилдің әсер етуімен ФДЭ5 тежелуі каверналы денедегі цГМФ деңгейінің артуына әкеледі. Сондықтан силденафил күтілген тиімді фармакологиялық әсерді беруі үшін, сексуальді стимуляция қажет. Силденафил эрекция үдерісі барысында қатысатын ФДЭ5-ке қатысты селективті. Оның ФДЭ5-ке қатысты белсенділігі басқа белгілі фосфодиэстеразаларға қатысты белсенділігінен асып түседі. Бұл белсенділік жарықты көздің торқабығына беру үдерісіне қатысатын ФДЭ6 белсенділігінен 10 есе асып түседі. Силденафил артериялық қысымның, көпшілік жағдайда клиникалық тұрғыдан көрініс бермейтін, елеусіз және өткінші төмендеуін туындатады. Силденафилді 100 мг дозада пероральді түрде қабылдағаннан кейін, шалқадан жатқан қалыпта систолалық артериялық қысымның орташа барынша төмендеуі 8,4 мм с.б.-ны құрады. Шалқадан жату қалпында диастолалық артериялық қысымның тиісінше өзгеруі 5,5 мм с.б. құрады. Артериялық қысымның осылай төмендеуі сиденафилдің вазодилатациялық әсерімен үйлеседі, бұл қантамырлардың тегіс бұлшық етіндегі цГМФ деңгейінің жоғарылауымен байланысты болуы ықтимал. Силденафилді 100 мг дозада бір реттік пероральді түрде енгізу ЭКГ параметрлеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсерін тигізген жоқ.

Силденафилді 100 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін сперматозоидтардың қозғалғыштығы мен морфологиясына әсері байқалған жоқ.

Қолданылуы

- жыныстық қатынасты жеткілікті түрде қанағаттандыру үшін жыныс мүшесін эрекцияға жеткізуге немесе оны сақтауға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункцияда.

Максигра сексуальді стимуляция кезінде ғана тиімді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пероральді түрде қолдануға арналған.

Максиграны тамақпен бірге немесе онсыз қабылдай беруге болады. Дегенмен, тамақпен бірге қабылдаған жағдайда Максиграның әсер ете бастауы үшін көбірек уақыт кетуі мүмкін.

Дозалау режимі

Ересектерде қолданылуы

Максиграның ұсынылатын дозасы жыныстық қатынастан шамамен 1 сағат бұрын ішке қабылданатын 50 мг құрайды. Тиімділігін және жағымдылығын ескере отырып, доза 100 мг-ге дейін арттырылуы немесе 25 мг-ге дейін азайтылуы мүмкін. Ұсынылатын ең жоғары доза 100 мг құрайды.

Таблетканы стакан сумен ішіп, тұтастай жұту қажет.

Ұсынылатын ең жоғары қабылдау жиілігі – тәулігіне 1 рет.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы (≥ 65 жас) пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуында (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету қажет емес. Силденафил клиренсінің төмендеуімен байланысты, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде Максиграны 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Қажет болғанда, препараттың тиімділігі мен жағымдылығына қарай, оның дозасын 50 мг-ге дейін және 100 мг-ге дейін сатылап арттыруға болады.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған (мысалы, циррозы бар) пациенттерде силденафил клиренсінің төмендеуімен байланысты, препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Қажет болғанда, препараттың тиімділігі мен жағымдылығына қарай, оның дозасын 50 мг-ге дейін және 100 мг-ге дейін сатылап арттыруға болады.

Бала және жасөспірім жастағы пациенттер

Силденафил балалар (< 18 жас) үшін қолданылмайды.

Басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде қолданылуы

Силденафилмен бір мезгілде қабылдауға ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, CYP3A4 тежегіштерімен қатар ем қабылдап жүрген пациенттерде препаратты бастапқы 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

Альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерде, постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, силденафилмен емдеуді бастамас бұрын альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын тұрақтандырған жөн. Бұдан басқа, силденафилді 25 мг дозадан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Силденафилді қолданған кезде жиілігі бойынша жіктелген жағымсыз әсерлері олардың көрініс беру жиілігі бойынша былайша тіркелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес ( ≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000).

Өте жиі

- бас ауыру

Жиі

- бас айналу

- мұрынның бітелуі

- түрлі түстің бұрмаланып көрінуі (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көру бұзылыстары, көрудің жіті болмауы

- гиперемия, қан кернеулер

- диспепсия, жүректің айнуы

Жиі емес

- ринит

- аса жоғары сезімталдық

- ұйқышылдық, гипестезия

- көзден жас ағумен байланысты бұзылулар (көздің құрғауы, көз жасы безі функциясының бұзылуы, көзден жас ағудың көбеюі), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз қантамырларының гиперемиясы, көру сезімінің айқындылығы, конъюнктивит 

- кеңістікте бағдардан адасу (вертиго), құлақтың шуылдауы

- тахикардия, жүрек қағуының сезілуі

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия

- мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қуыстарының бітелуі

- іштің жоғарығы бөлігінің ауыруы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, ауыз ішінің кеберсуі

- бөртпе

- миалгия, аяқ-қолдың ауыруы

- гематурия

-кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу, қызу сезімі

Сирек

- ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлы ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамаларының қайталануы*, естен тану

- көру жүйесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық нейропатиясы*, көздің торқабығындағы қантамырлардың окклюзиясы*, көздің торқабығына қан құйылу, артериосклероздық ретинопатия, көздің торқабығының ауруы, глаукома, көру ауқымының кемістігі, диплопия, көру жітілігінің нашарлауы, миопия, астенопия, шыны тәріздес дененің беткейлік көмескіленуі, көздің нұрлы қабығының ауруы, мидриаз, көру аумағында құбылмалы дөңгелектердің болуы, көздің ісінуі, көздің ісуі, көру бұзылысы, конъюнктивальді гиперемия, көздің тітіркенуі, көзде әдеттен тыс сезім, қабақтардың ісінуі, склера түсінің өзгеруі

- кереңдік

- кенеттен жүректен өлу*, миокард инфарктісі қарыншалық аритмия*, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия

- кеудеде кернеу сезімі, мұрынның ісінуі, мұрынның шырышты қабығының құрғауы

- оральді гипестезия

- Стивенс-Джонсон синдромы*, уытты эпидермальді некролиз*

- пенистен қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекцияның күшеюі - ашушаңдық

*тіркеуден кейінгі бақылау кезінде ғана тіркелген жағымсыз әсерлер.

Болжамды жағымсыз реакциялар жөніндегі мәліметтерді мәлімдеу

Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін байқалған болжамды жағымсыз реакциялар жөніндегі мәліметтерді мәлімдеудің үлкен маңызы бар. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жасауды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлерінен және пациенттерден кез келген жағымсыз реакцияларды медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға мәлімдеп отыруын сұраймыз.

Қолдануға болмайын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторы (амилнитрит) немесе кез келген түрдегі нитраттар болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау

- гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигментті ретинит (осы пациенттердің аздаған бөлігінде көздің торқабығы фосфодиэстеразасы функциясының тұқым қуалайтын аурулары бар))

- көру жүйкесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық нейропатиясының салдарынан, бұл көріністің бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішін қолданумен байланысты екендігінен немесе еместігінен тыс, бір көздің көрмей қалуы

- артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм с. б.)

- жүрек-қантамырлардың ауыр аурулары (мысалы, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия)

- соңғы 6 айда миокард инфарктісін бастан кешу

- соңғы 6 айда инсультті бастан кешу

Сақтықпен:

  • жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы)

  • приапизмнің дамуына бейім болатын аурулар (орақ-жасушалы анемия (қызыл қан түйіршіктерінің аномалиясы), көптеген миелома (сүйек кемігінің обыры) немесе лейкемия (қан жасушаларының обыры) сияқты)

  • қанның ұюымен байланысты мәселелер (гемофилия)

  • қан кетумен қатар жүретін аурулар

  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

  • альфа-адреноблокаторлар тобының препараттарымен бір мезгілде қабылдау

Тіркелу көрсетілімі бойынша, препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге және әйелдерге қолдануға арналмаған.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттардың силденафилге әсері

Іn vivo зерттеулер

Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда силденафил клиренсінің төмендегені байқалады. Алайда жағымсыз құбылыстардың жиілігі осы пациенттерде көбейген жоқ. Егер силденафилмен емдеу CYP3A4 тежегіштерін қолдану аясында жүргізілсе, силденафилдің бастапқы дозасын 25 мг-ге дейін азайтқан жөн.

P450 цтохромының күшті тежегіші болып табылатын ритонавирдің АИТВ протеаза тежегіші тепе-тең жағдайда (тәулігіне екі рет 500 мг) силденафилмен (бір реттік 100 мг доза) бір мезгілде қабылдау қан плазмасында силденафилдің ең жоғары концентрациясының (Cmax) 300%-ға (4 есеге) артуына, сондай-ақ силденафилдің AUC мәнінің 1000%-ға (11 есеген) артуына әкеледі. 24 сағаттан кейін қан плазмасындағы силденафилдің деңгейі, сильденафилді ғана қабылдағаннан кейінгі шамамен 5 нг/мл-мен салыстырғанда, шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер P450 цитохромы субстраттарының кең ауқымына ритонавирдің айқын әсерлерімен сәйкес келеді. Жоғарыда көрсетілген деректерге негіздей отырып, силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Силденафилдің ең жоғары дозасы қандай жағдайда болмасын 48 сағат ішінде 25 мг-ден аспауы тиіс.

CYP3A4 тежегіші болып табылатын савинавирдің АИТВ протеазасы тежегішін тепе-тең жағдайда (тәулігіне үш рет 1200 мг) силденафилмен (бір реттік 100 мг дозада) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax мәнінің 140%-ға артуына, сондай-ақ силденафилдің AUC мәнінің 210%-ға артуына әкеледі. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 өте күшті тежегіштерінің өте айқын әсерлері бар.

Силденафилді 100 мг дозада эритромицинмен, CYP3A4 орташа тежегішімен тепе-тең жағдайда (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қабылдағанда силденафилдің жүйелік әсерінің 182%-ға артуы байқалады (AUC мәні бойынша анықталады).

Азитромицин (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада) силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминация жылдамдығының константасына немесе кейіннен болатын жартылай шығарылу кезеңіне ықпалын тигізбейді.

Дені сау еріктілерде P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) силденафилмен (50 мг доза) бір мезгілде қолдану қан плазмасында силденафил концентрациясының 56%-ға артуын туындатады.

Грейпфрут шырыны ішек қабырғасында CYP3A4 арқылы болатын метаболизмнің әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасында силденафил деңгейінің орташа жоғарылауын туындатуы мүмкін.

Антацидтік заттарды (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір мезгілде қабылдау силденафилдің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.

CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин және фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармап қалатын селективтік тежегіштер, үшциклді антидепрессанттар), тиазидтік және тиазидке ұқсас диуретиктер, ілмектік және калий жинақтайтын диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, кальций өзектерінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және P450 метаболизмдік белсенділігінің индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафилдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Эндотелин бозентан антагонисін (CYP3A4, CYP2C9 және, ықтимал, CYP2C19 орташа индукторлары) тепе-тең жағдайда (тәулігіне екі рет 125 мг) силденафилмен тепе-тең жағдайда (тәулігіне үш рет 80 мг) бір мезгілде қолдану силденафилдің AUC және Cmax мәндерінің, сәйкесінше, 62,6%-ға және 55,4%-ға төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, рифампин сияқты CYP3A4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану қан плазмасында силденафил концентрациясының өте айқын төмендеуіне себеп болады деп болжам жасалады.

Никорандил калий өзектері мен нитрат белсендіргішінің гибриді болып табылады. Нитратты компонент есебінен ол силденафилмен күрделі өзара әрекеттесуге потенциалды түрде қабілетті.

Силденафилдің басқа дәрілік заттарға ықпалы

Іn vitro зерттеулер

Силденафилдің теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстеразаның спецификалық емес тежегіштерімен өзара әрекеттесуі жөніндегі деректер жоқ.

Іn vivo зерттеулер

Силденафилдің NO/цГМФ дабыл жолына белгілі әсеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерінің күшеюіне, ал соның ішінде артериялық қысымның едәуір төмендеуіне әкеледі. Сондықтан азот тотығының донаторларымен (амилнитрит) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Риоцигуат

Клиникалық зерттеулерде риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтті. Зерттелген популяцияда осындай біріктірілімді қолданғанда жағымды клиникалық әсері жөнінде деректер болған жоқ. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, соның ішінде силденафилмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерде силденафилді бір мезгілде қолдану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияның туындауына әкеп соғуы мүмкін. Оның силденафилді қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде пайда болу мүмкіндігі жоғары.

Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуіне жүргізілген арнайы үш зерттеу барысында қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) бар пациенттерде альфа-адреноблокатор, доксазозин (4 мг және 8 мг дозада) және силденафил (25 мг, 50 мг немесе 100 мг дозада) бір мезгілде қолданылды, ауру барысы доксазозинмен емдеу жәрдемімен тұрақталды. Пациенттердің осы зерттелген топтарында шалқадан жатқан кезде артериялық қысымның, сәйкесінше, 7/7 мм с. б.-ға, 9/5 мм с. б.-ға және 8/4 мм с. б.-ға орташа қосымша төмендегені, ал түрегеліп тұрған кезде артериялық қысымның, сәйкесінше, 6/6 мм с. б.-ға, 11/4 мм с. б.-ға және 4/5 мм с. б.-ға орташа қосымша төмендегені байқалды. Доксазозинмен емдеу жәрдемімен тұрақталған пациенттерде силденафил мен доксазозинді бір мезгілде қолданғанда пациенттерде симптоматикалық постуральді артериялық гипотензияның пайда болуының сирек жағдайлары жөнінде мәлімделді. Бұл мәлімдемелерге бас айналу және естен тану алдындағы жағдайлар да қамтылды, бірақ естен тану емес.

Силденафилді (50 мг дозада) толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, олардың екеуі де CYP2C9-бен метаболизденеді, айтарлықтай өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Силденафил (50 мг дозада) ацетилсалицил қышқылын (150 мг дозада) қабылдау әсерінен туындаған қан кету уақытының артуына мүмкіндік берген жоқ.

Силденафил (50 мг дозада) дені сау еріктілерде қандағы алкогольдің орташа ең жоғары 80 мг/дл деңгейінде алкогольдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне ықпал бермейді.

жағымсыз әсерлері

Силденафил тепе-тең жағдайларда (100 мг дозада) АИТВ протеаза тежегіштерінің, саквинавирдің және ритонавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді, олардың екеуі CYP3A4 субстраты болып табылады.

Дені сау ерікті еркекте бозентанмен бір мезгілде қолданғанда силденафил тепе-тең жағдайда (тәулігіне үш рет 80 мг) бозентанның (тәулігіне екі рет 125 мг) AUC және Cmax мәндерін, сәйкесінше, на 49,8%-ға және 42%-ға арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Эректильді дисфункцияны диагностикалау және оның ықтимал алғашқы себептерін анықтау үшін фармакологиялық емдеу ықтималдылығын қарастырғанға дейін ауру тарихын білу және медициналық тексеру жүргізген жөн.

Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары

Эректильді дисфункцияны емдеуді бастар алдында емдеуші дәрігер өз пациенттерінің жүрек-қантамырлық статусына баға бергені жөн, өйткені сексуальді белсенділікпен байланысты жүрек асқынуларының белгілі бір дәрежедегі қаупі бар.

Силденафилді тағайындар алдында дәрігерлер белгілі бір негізгі аурулары бар, әсіресе олар сексуальді белсендікпен біріккен кезде, пациенттердің жағдайына осы препараттың қантамырларды кеңейтетін әсерінің болуы мүмкін жағымсыз зардаптарын мұқият тексеруі керек. Қантамырларды кеңейтетін дәрілерге жоғары сезімтал болатын топқа сол жақ қарыншаның шығатын бөлімі тарылған (мысалы, аорталық клапанның стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы бар) пациенттер, сондай-ақ артериялық қысымды автономды бақылаудың ауыр дәрежелі түріндегі бұзылуларымен көрініс беретін көптеген жүйелік атрофияның сирек синдромы бар пациенттер жатады.

Максигра нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Тіркеуден кейінгі кезең барысында силденафилді қолдану кезінде миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардияны, кенеттен жүректен болатын өлімді, қарыншалық аритмияны, цереброваскулярлық қан кетуді, транзиторлы ишемиялық шабуылды, артериялық гипертензияны және артериялық гипотензияны қоса, күрделі жүрек-қантамырлық асқынулар жағдайлары тіркелді. Осы пациенттердің көбісінде, бірақ барлығында емес, жүрек-қантамыр ауруларының бұдан бұрынғы қауіп факторлары болған. Осы құбылыстардың көбісі жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін көп ұзамай тіркелген, сондай-ақ силденафилді қабылдағаннан кейін көп ұзамай, сексуальді белсенділіксіз бірнеше құбылыстар да тіркелген. Осы құбылыстардың силденафилді қабылдаумен, сексуальді белсенділікпен, бұрыннан бар жүрек-қантамыр ауруымен, осы факторлардың біріктірілімімен немесе басқа факторлармен тікелей байланысының бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік жоқ.

Приапизм

Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттарды, соның ішінде силденафилді жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) бар пациенттерге, сондай-ақ приапизмның (орақ-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкемия сияқты) дамуына бейім аурулары бар пациенттерге абайлап қолданған жөн.

Силденафилді тіркеуден кейін қолдану кезеңінде ұзаққа созылған эрекция және приапизм жағдайлары жөнінде мәлімделді. Эрекция 4 сағаттан астамға созылған жағдайда пациент шұғыл медициналық жәрдемге жүгінуі керек. Приапизмді шұғыл емдеу болмаған жағдайда ол пенис тіндерінің зақымдануына және потенцияның қайтымсыз жоғалуына әкеп соғуы мүмкін.

Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған басқа дәрілермен бірге қолдану

ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе өкпелік артериялық гипертензияны емдеуге арналған құрамында силденафил бар басқа препараттармен (мысалы, Ревацио) немесе эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған басқа дәрілермен біріктірілген Максигра препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ, сондықтан осындай біріктірілім қолдануға ұсынылмайды.

Көруге ықпалы

Силденафилді және ФДЭ-5 басқа тежегіштерін қабылдаумен байланысты көрудің бұзылу жағдайлары, атап айтқанда сирек аурулар – көру жүйкесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық нейропатиясы жағдайлары болды. Көру жітілігінің кез келген кемістігі пайда болған жағдайда Максиграны қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.

Альфа-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолдану

Альфа-адреноблокаторлар тобының препаратын қабылдап жүрген пациенттерде силденафилді сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені оларды бір мезгілде қолдану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияға әкеп соғуы мүмкін. Бұл әсіресе силденафилді қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін азайту үшін альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерде силденафилмен емдеуді бастамас бұрын гемодинамикалық тұрақтылық жағдайына қол жеткізген жөн. Силденафилді 25 мг дозадан бастай отырып қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек. Бұдан басқа, дәрігерлер постуральді гипотензия симптомдары пайда болған жағдайда пациенттерге қандай әрекеттер жасау керектігі жөнінде нұсқау бергені жөн.

Қанның ұйығыштығына ықпалы

Адам тромбоциттерін пайдаланып жүргізілген in vitro зерттеулер натрий нитропруссидінің антиагрегациялық әсерін силденафилдің күшейтетінін айғақтады. Қан ұйығыштығының бұзылулары немесе белсенді пептикалық ойық жарасы бар пациенттерде силденафилді қолданудың қауіпсіздігі жөнінде мәліметтер жоқ, сондықтан силденафилді пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін ғана қолданған жөн.

Максиграны сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы бар еркектерге, препарат қабығының құрамында лактоза бар болғандықтан, қолданбау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Максиграны әйелдерге қолдануға болмайды.

Жүкті және бала емізетін әйелдерге силденафилді қолдануға тиісінше және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Силденафилді 100 мг дозада пероральді түрде бір реттік қабылдағаннан кейін, препараттың сперматозоидтардың қозғалғыштығына немесе олардың морфологиясына ықпалы білінген жоқ.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлік құралдарын басқару немесе потенциалды қауіпті механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне силденафилдің ықпалы зерттелген жоқ.

Автокөлік құралын басқарар немесе механизмдермен жұмыс жасар алдында пациенттерге, бас айналу және көру сезімінің бұзылуы сияқты препараттың жағымсыз әсерлерімен байланысты, олардың организмінің Максиграны қабылдауға қалай әсер беретіндігін түсіндірген жөн.

Артық дозалануы

Еріктілердің қатысуымен 800 мг-ге дейінгі дозадағы препаратты бір реттік қабылдауға жүргізілген зерттеулерде тіркелген жағымсыз реакциялар препараттың өте төмен дозаларын пайдаланған кезде байқалғандармен ұқсас болды, бірақ олардың туындау жиілігі және көрініс беру ауырлығы өте жоғары болды. Максигра препаратының жоғары дозаларын (200 мг) қабылдау препараттың тиімділігінің артуына әкелмейді, ол тек жағымсыз реакциялар (бас ауыру, гиперемия, бас айналу, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру жүйкесінің бұзылуы) жиілігінің артуына әкеледі.

Артық дозаланған жағдайда стандартты симптомаиткалық шараларды қабылдаған жөн.

Гемодиализ силденафилдің клиренсін жылдамдатпайды, өйткені силденафил қан плазмасы ақуыздарымен белсенді түрде байланысады және несеппен бірге шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған 50 мг және 100 мг таблеткалар

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1 немесе 4 таблеткадан салынған.

Пішінді 1, 2, 3 немесе 4 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босату шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты

Пельплиньска к-сі. 19, 83-200 Старогард Гданьски, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

049378141477977034_ru.doc 64.91 кб
593448891477978217_kz.doc 215 кб
10461_16_p.pdf 0.37 кб
10461_16_s.pdf 1.06 кб
10461_16_21_p.pdf 0.44 кб
10461_16_21_s.pdf 1.21 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ