Макмирор Комплекс (Крем вагинальный)

МНН: Нистатин, Нифурател
Производитель: Доппель Фармацеутици С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nifuratel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013145
Информация о регистрации в РК: 17.09.2020 - 17.09.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Макмирор Комплекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сықпадағы 30 г қынаптық крем белгі салынған еккішпен жиынтықта

Құрамы

100 г қынаптық кремнің құрамында

белсендi заттар: нифурател 10,0 г

нистатин 4 000 000 ХБқосымша заттар: ксалифин 15, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, глицерин (глицерол), 70% сорбитол ерітіндісі, пропиленгликоль, карбомер, 30% триэтаноламин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сары түсті гомогенді крем

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілгенін қоспағанда). Бактерияға қарсы препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген нистатин.

АТХ коды G01AА51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Макмирор Комплекс препараты қынап ішіне енгізгенде жүйелік әсер етуі үшін жеткілікті мөлшерде қынаптың шырышымен сіңірілмейді, тек жергілікті әсер етеді. Препаратты жергілікті қолданғанда, уыттылыққа бейімділіксіз, доза мен тиімділігі арасындағы желілік тәуелділік болады. Қынап ішіне енгізгенде нифурател Cmax орташа мәнін - 4,54 мкг/мл және Tmax - 8 сағатты көрсеткен; AUC (трапеция әдісімен есептелген) 10,27 тең болған. Жартылай шығарылу кезеңін (Т1/2), жалпы клиренсін, таралу көлемі мен ұсталуының орташа уақытын есептеп шығару мүмкін болмады. Кездейсоқ артық дозалану салдарынан қандай болмасын қауіптің туындау мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат. Макмирор Комплекс – біріктірілген препарат, оның құрамына нифурател мен нистатин кіреді, вульвоқынаптық жұқпаларды емдеуде поливалентті ем ретінде пайдаланылады, өйткені бактерияға қарсы, протозойға қарсы және зеңдерге қарсы әсері бар.

Нифурател – нитрофуран туындысы. Фармакодинамикасын зерттеу жұқпа туындататын микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты нифурателдің in vivo, сондай-ақ in vitro түрінде де тиімділігін көрсеткен.

Аэробты және анаэробты бактериялардың бірқатарына қатысты: Chlamydia trachomatis, Salmonella typhi, Salmonella paratyphi B, Klebsiella pneumoniae, Shigella sonnei, Escherichia coli, Micrococcus pyogenes (S.aureus), Gardnerella vaginalis, атап айтқанда бактериялық вагиноздың негізгі маркерлерінің бірі – Atopobium vaginae қатысты тиімді. Нифурател микоплазмаларға қатысты тиімді. Нифурател зеңдерге - Candida қосалқы түрлеріне қарсы жоғары белсенділік көрсетеді: C. Albicans, C. Krusei, C. Pseudotropicalis, C. Globratta, C.Guilliermondi, C.Parapsilopsis және т.б. Нифурател әсіресе қарапайымдыларға, оның ішінде Trichomonas vaginalis қарсы белсенді.

Нифурател әсеріне патогендік штаммдар төзімділігі феноменінің дамуы байқалмаған.

Нифурател әсерінің механизмі бактериялар өсуіне қажетті ферменттермен байланысты үдерістердің тежелуіне негізделген. Нифурател белсенділігінің дәрежесі нифурателдің МТК (минимальді тежегіш концентрациясын) анықтау арқылы бағаланды.

Нистатин - полиендер тобының зеңге қарсы антибиотигі. Зеңдер жарғақшасы құрамындағы стеролды байланыстыра отырып, өзінің фунгицидтік әсерін көрсетеді, оның өткізгіштігін өзгертеді, бұл калий иондарын және басқа да шағын молекулаларды жоғалтуға әкеледі, ал липидтермен, атап айтқанда биологиялық жарғақшалар холестеринімен өзара әрекеттесіп, оларды бұзады да, жасушалардың жойылуына алып келеді. Candida тектес зеңдерге (C. Albicans, C. Krusei, C. Tropicalis, C. Globratta және т.б.) қатысты белсенді.

Нифурател мен нистатиннің біріктірілімі анағұрлым айқын зеңге қарсы тиімділігіне қол жеткізуге және микробқа қарсы әсер ету ауқымын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Макмирор Комплекс физиологиялық флораны бұзбайды, бұл дисбактериоз дамуын болдырмауға және қынап нормоценозын жылдам қалпына келтіруге жағдай жасайды.

Қолданылуы

  • препаратқа сезімтал қоздырғыштар: бактериялармен, трихомонадтармен, Кандида тектес саңырауқұлақтармен, хламидиялармен туындаған вульвовагинальді жұқпаларда

 

Қолдану тәсілі және дозалары

2,5 г крем дәрігердің кеңесіне сәйкес кешке немесе таңертең күніне бір немесе екі рет қынап ішіне енгізіледі.

Кремнің қажетті дозасын белгі салынған аппликатордың көмегімен қынап ішіне енгізу керек.

Белгі салынған аппликаторды қолдану жөніндегі нұсқаулық:

Белгі салынған аппликаторды жақпамай бар сықпаға бұрап бекіту керек. Сықпаны қыса отырып, кремнің қажетті мөлшерін (көлемі грамдармен белгіленетін шкала сызықтарына сәйкес) толтырып алу қажет. Сықпадан ажыратып алып, қынапқа енгізу керек, оның ішіндегісін стерженді қыса отырып, қынап ішіне сығып шығарады.

Арнайы қондырманың болуы кремді қыздық перденің жарғақшасын зақымдамай енгізуге мүмкіндік береді. Ол үшін кремді қынапқа енгізудің алдында канюляны стерженнің жоғарғы бөлігінен шығарып алып, еккіш басының қарама- қарсы жағына бұрап бекіту керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • тері бөртпесі

  • қышыну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Макмирор Комплекс препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Қайталап жұқтыру қаупіне байланысты жыныстық жұптастың да бір мезгілде емделуі қажет. Емделу кезеңінде жыныстық қатынастардан іркіле тұру немесе Макмирор Комплексті әрбір жыныстық актінің алдында қосымша қолдану керек.

Жағымсыз әсерлерінің күшеюінен сақтану үшін Макмирор Комплекс препаратымен емдеу кезеңінде алкогольдік ішімдіктерді қолдануға болмайды.

Препаратты ұзақ қолдану жоғары сезімталдықты туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қандай да бір жағымсыз әсері анықталмаған.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы мәлімделмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан алюминий сықпада. Аппликаторы бар (белгіленген еккішімен) 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Доппель Фармацеутици С.р.л.», Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Поликем С.р.л.», Италия

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

05051, Алматы қ., Достық д-лы 105, телефон/факс +7 (727) 3171464

e-mail: gulmira,pharm@yahoo.com

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

679269161477976426_ru.doc 50.5 кб
353150181477977687_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники