Макмирор Комплекс (Суппозитории вагинальные)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Макмирор Комплекс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер
Құрамы
Бір қынаптық суппозиторийдің құрамында
белсендi заттар: нифурател - 500 мг, нистатин - 2000 000 ХБ,
қосымша заттар: диметилполиксилосан АК 1000,қабығының құрамы: желатин, глицерин, натрий этилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172).
Сипаттамасы
құрамы
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерін қоспағанда). Антибактериялық препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген нистатин.
АТХ коды G01AА51
Фармакологиялық әсері
Фармакокинетикасы
Макмирор Комплекс препараты қынап ішіне енгізгенде жүйелік әсер етуі үшін жеткілікті мөлшерде қынаптың шырышымен сіңірілмейді, тек жергілікті әсер етеді. Препаратты жергілікті қолданғанда, уыттылыққа бейімділіксіз, доза мен тиімділігі арасындағы желілік тәуелділік болады. Қынап ішіне енгізгенде нифурател Cmax орташа мәнін - 4,54 мкг/мл және Tmax - 8 сағатты көрсеткен; AUC (трапеция әдісімен шамаланған) 10,27 тең болған. Жартылай шығарылу кезеңін (Т1/2), жалпы клиренсін, таралу көлемі мен ұстаудың орташа уақыты есептеп шығару мүмкін болмады. Кездейсоқ артық дозалану салдарынан қандай болмасын қауіптің туындау мүмкіндігі жоқ.
Фармакодинамикасы
Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат. Макмирор Комплекс – біріктірілген препарат, оның құрамына нифурател мен нистатин кіреді, вульвоқынаптық жұқпаларды емдеуде поливалентті ем ретінде пайдаланылады, өйткені бактерияға қарсы, протозойға қарсы және зеңдерге қарсы әсері бар.
Нифурател – нитрофуран туындысы. Фармакодинамикасын зерттеу жұқпа туындататын микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты нифурателдің in vivo, сондай-ақ in vitro түрінде де тиімділігін көрсеткен.
Аэробты және анаэробты бактериялардың бірқатарына қатысты: Chlamydia trachomatis, Salmonella typhi, Salmonella paratyphi B, Klebsiella pneumoniae, Shigella sonnei, Escherichia coli, Micrococcus pyogenes (S.aureus), Gardnerella vaginalis, атап айтқанда бактериялық вагиноздың негізгі маркерлерінің бірі – Atopobium vaginae қатысты тиімді. Нифурател микоплазмаларға қатысты тиімді. Нифурател зеңдерге - Candida қосалқы түрлеріне қарсы жоғары белсенділік көрсетеді: C. Albicans, C. Krusei, C. Pseudotropicalis, C. Globratta, C.Guilliermondi, C.Parapsilopsis және т.б. Нифурател қарапаймдыларға, оның ішінде Trichomonas vaginalis қарсы белсенді.
Нифурател әсеріне патогендік штаммдар төзімділігі феноменінің дамуы байқалмаған.
Нифурател әсерінің механизмі бактериялар өсуіне қажетті ферменттермен байланысты үдерістердің тежелуіне негізделген. Нифурател белсенділігінің дәрежесі нифурателдің ТТК (төменгі тежегіш концентрациясын) анықтау арқылы бағаланды.
Нистатин - полиендер тобының зеңге қарсы антибиотигі. Зеңдер жарғақшасы құрамындағы стеролды байланыстыра отырып, өзінің фунгицидтік әсерін көрсетеді, оның өткізгіштігін өзгертеді, бұл калий иондарын және басқа да шағын молекулаларды жоғалтуға әкеледі, липидтермен, атап айтқанда биологиялық жарғақшалар холестеринімен өзара әрекеттесіп, оларды бұзады да, жасушалардың қырылуына алып келеді. Candida тектес зеңдерге (C. Albicans, C. Krusei, C. Tropicalis, C. Globratta және т.б.) қатысты белсенді.
Нифурател мен нистатиннің біріктірілімі анағұрлым айқын зеңге қарсы тиімділігіне қол жеткізуге және микробқа қарсы әсер ету ауқымын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Препарат компоненттері тиімділігінің жоғары және уыттылығының төмен болуы этиологиясы аралас вагиниттерді емдеуде, атап айтқанда, трихомониазды спецификалық емдеуден туындаған микоздардың алдын алу үшін пайдалануда оның клиникалық қолдану ауқымын кеңейте түседі.
Макмирор Комплекс физиологиялық флораны бұзбайды, бұл дисбактериоз дамуын болдырмауға және қынап нормоценозын жылдам қалпына келтіруге жағдай жасайды.
Қолданылуы
-
препаратқа сезімтал қоздырғыштар: бактериялар, трихомонадтар, Кандида тектес cаңырауқұлақтар, хламидиялар туғызған вульвоқынаптық жұқпаларды кешенді емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Гинекологиялық немесе венерологиялық ауруларда жергілікті қолдануға арналған препарат.
1 қынаптық суппозиторий кешкілікте ұйықтар алдында 8 күн бойы күнделікті немесе дәрігердің ұсынымы бойынша енгізіледі.
Ең жоғары емдік тиімділікке қол жеткізу үшін суппозиторийді қынаптың жоғары бөлігіне енгізу керек .
Суппозиторий балаларды емдеуге қолданылмайды.
Жағымсыз әсері
Сирек
-
тері бөртпесі, қышыну.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Макмирор Комплекс препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттестігі анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Қайталап жұқтыру қаупіне байланысты жыныстық жұптастың да бір мезгілде емделуі қажет. Препаратпен емделу кезеңінде жыныстық қатынастардан тартына тұрған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Препаратты жүктілік және лактация (емшекпен қоректендіру) кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілімдер анықталмаған. Алайда Макмирор Комплекс препаратын дәрігердің тағайындауы бойынша және оның бақылауымен қолданған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті басқару, жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалану оқиғалары туралы мәлімделмеген.
Шығарылу түрі және қаптамасы
8 капсуладан поливинилхлорид/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Доппель Фармацеутици С.р.л.», Италия
Тіркеу куәлігінің иесі
«Поликем С.р.л.», Италия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
05051, Алматы қ., Достық д-лы 105, телефон/факс +7 (727) 3171464
e-mail: gulmira.pharm@yahoo.com
4