МакLцет

МНН: Левоцетиризин
Производитель: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levocetirizine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022814
Информация о регистрации в РК: 22.02.2017 - 22.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

МакLцет

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левоцетиризин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Р101), натрий кроскармеллоза моногидраты (AC-Di-SolSD711), коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы (аэросил 200), лактоза моногидраты, магний стеараты,

қабығының құрамы: әмбебап Instacoat (A05G10679) (гипромеллоза 5 cps, полиэтиленгликоль 400, титанның қостотығы (Е171))

Сипаттамасы

Ақ немесе сұршыл-ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «М17» жазуы және екі жағында да ойығы бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік әсері бар антигистаминдік препараттар. Пиперазиннің туындылары. Левоцетиризин.

АТХ коды R06AЕ09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Левоцетиризиннің фармакокинетикалық параметрлері дозаға байланысты өзгереді және іс жүзінде цетиризиннің фармакокинетикасынан ерекшеленбейді.

Сіңірілуі

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңріледі. Тамақ қабылдау абсорбцияның толықтығына ықпал етпейді, алайда оның жылдамдығы төмендейді. Ересектерде препаратты емдік дозада (5 мг) бір рет қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрацияға (Сmах) 0,9 сағ. соң жетеді және 270 нг/мл құрайды, 5 мг/тәул дозада қайта қабылдаған соң – 308 нг/мл. Концентрацияның тұрақты деңгейіне 2 тәуліктен кейін жетеді.

Таралуы

Левоцетиризин 90 %-ға қан плазмасының ақуаздарымен байланысады. Таралу көлемі (Vd) 0,4 л/кг құрайды. Биожетімділігі 100 %-ға жетеді.

Метаболизмі

Аздаған мөлшерде ( 14 %) организмде N- және О-деалкилдену жолымен (цитохромдар жүйесінің көмегімен бауырда метаболизделетін Н1-гистаминді рецепторлардың басқа антагонистерінен ерекшелігі) фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес метаболит түзе отырып метаболизделеді. Деалкилдену бірінші кезекте CYP 3A4 арқылы жүреді, хошиістік тотығу уақытында көптеген және/немесе белгісіз CYP изоформалары қатысады. Левоцетиризин 5 мг дозаны қабылдағанда жеткен ең жоғарғы концентрациясынан біршама асатын концентрацияларда CYP 1A2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоферменттерінің қызметіне ықпал етпейді.

Метаболизмнің төмен деңгейінен және метаболизмдік потенциалдың жоқтығынан левоцетиризиннің басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Шығарылуы

Ересектерде жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 8 ± 2 сағ. құрайды; кіші балаларда Т1/2 қысқартылған. Ересектерде жалпы клиренс 0,63 мл/мин/кг құрайды. Препараттың қабылданған дозасының шамамен 85,4 % шумақтық сүзіліс және өзекшелік секреция арқылы өзгермеген күйде бүйрекпен; шамамен 12,9 % – ішек арқылы шығарылады. Емшек сүтіне өтеді. Левоцетиризиннің фармакокинетикасы дозасына және уақытына тәуелсіз дозаға байланысты және түрлі зерттелетіндерде аздаған айырмашылықтары бар.

Бір энантиомердің және цетиризиннің фармакокинетикалық бейіндері ұқсас.

Сіңірілуі немесе шығарылуы кезінде хиральді инверсия болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі (КК) 40 мл/мин) препарат клиренсі төмендейді, ал T1/2 ұзарады (сөйтіп, гемодиализдегі науқастарда жалпы клиренс 80 %-ға төмендейді), бұл дозалау режимін тиісінше өзгертуді талап етеді. 10 %-дан аз левоцетиризин стандартты 4-сағаттық гемодиализ емшарасы барысында шығарылады.

Фармакодинамикасы

МакLцет препаратының белсенді заты – левоцетиризин, цетиризиннің R-энантиометрі, гистаминнің бәсекелес антагонисінің тобына жатады, Н1– гистаминдік рецепторларды тежейді. Левоцетиризиннің Н1-рецепторларына ұқсастығы цетиризиннен 2 есе жоғары.

Левоцетиризиннің (Кі = 3,2 нмоль/л) гистаминдік Н1-рецепторларына ұқсастығы цетиризиннен 2 есе жоғары (Кі = 6,3 нмоль/л). Левоцетиризин шығарылу кезеңі 115±38 минут Н1-рецепторларымен диссоциацияланады. Бір рет қолданғаннан кейін 4 сағаттан кейін левоцетиризин рецепторлардың 90%, ал 24 сағаттан кейін 57% орнын алады. Дені сау еріктілерде фармакокинетика зерттеулері дозаның жартысын мұрынның терісіне және шырышты қабығына жаққан кезде левоцетиризиннің белсенділігі цетиризинмен бірдей екенін көрсетті. Левоцетиризин тері және өкпе жасушаларында эозинофилдердің эотаксин-индукцияланған транэндотелиальді миграциясын бәсеңдетеді. Фармакодинамикалық зерттеулер тозаңмен жанасқаннан кейін алғашқы 6 сағатта 5 мг дозада левоцетиризиннің бәсеңдететін үш негізгі әсерін көрсетті: VCAM-1 шығарылуын бәсеңдету, тамырлық өткізгіштіктің өзгеруі және эозинофилдер белсенділігінің төмендеуі. Цетиризиндегі сияқты гистамин-индукцияланған тері реакцияларына қатысты әсері препараттың плазмалық концентрацияларына тәуелді емес. Левоцетиризиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі маусымдық аллергиялық риниті, жыл бойы болатын аллергиялық риниті немесе тұрақты аллергиялық риниті бар ересек пациенттердің қатысуымен бірнеше қосарланған соқыр плацебо-бақыланатын клиникалық сынақтарда көрсетілген. Кейбір клиникалық зерттеулердің мәліметтері бойынша левоцетиризин аллергиялық риниттің симптомдарын, мұрынның бітелуін қоса жақсартатынын көрсетті.

МакLцет аллергиялық реакциялардың дамуының алдын алады және ағымын жеңілдетеді, антиэкссудативті, қышынуға қарсы әсер етеді; антихолинергиялық және серотонинге қарсы әсер етпейді дерлік.

Левоцетиризин 5 мг дозада 10 мг дозадағы цетиризин сияқты гистаминге қабыну-эксудативті реакциясын бәсеңдетуге көмектеседі. ЭКГ левоцетиризиннің QT интервалына елеулі әсерін анықтаған жоқ.

Созылмалы идиопатиялық есекжем есекжемді зерттеу үшін модель қызметін атқарды. Гистаминнің шығарылуы осындай жағдайларда себеп-салдарлық фактор болып табылатындықтан, созылмалы идиопатиялық есекжемнен басқа левоцетиризин есекжеммен қатар жүретін басқа жағдайларды емдеуге тиімді дәрі болуы мүмкін екендігін күтуге болады.

Препараттың әсері бірреттік дозаны қабылдағаннан кейін 50% 12 минуттан кейін және 1 сағаттан кейін – 95% науқастарда басталады және 24 сағат ішінде сақталады.

Қолданылуы

- аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды тамақ қабылдауға байланыссыз ішке қабылдайды, аз мөлшердегі сумен бүтіндей жұтады. Тәуліктік дозаны бір рет қабылдау ұсынылады.

6 жастан асқан балалар және ересектер: ұсынылатын доза тәулігіне 1 таблеткадан.

Бүйрек функциясының қалыпты немесе айқын бұзылуы бар егде пациенттерге дозаны нақтылау қажет.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге енгізу кезеңділігін бүйрек функциясына сәйкес жеке белгілеген жөн. Төменде көрсетілген кестеде дозаның қажетті өзгерістері көрсетілген. Осы кестені пайдалану үшін пациентте креатини клиренсін мл/мин (CLcr) бағалаған жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/дл) анықтағаннан кейін CLcr (мл/мин) мәнін келесі формуламен бағалауға болады:

Ерлер үшін: [140 – жасы (жылдар)] салмағы (кг)

Clcr = ———————————————

0,82 сарысу креатинині (мкмоль/л)

Әйелдер үшін: алынған мән 0,85

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету:

Топ

Креатинин клиренсі

(мл/мин)

Дозасы және қабылдау жиілігі

Бүйрек функциясы қалыпты

80

тәулігіне 5 мг

Бүйрек функциясының жеңіл бұзылуы

50 – 79

тәулігіне 5 мг

Бүйрек функциясының орташа бұзылуы

30 – 49

күнара 5 мг

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

< 30

5 мг 3 күнде 1 рет

Бүйрек ауруының соңғы сатысы – диализдегі пациенттер

< 10

Қарсы көрсетілген

Бауыр функциясы бұзылған науқастар

Бауыр функциясының оқшауланған бұзылуы бар пациенттерге препаратты тағайындаған кезде дозаны қандай да бір өзгертудің қажеті жоқ. Бауыр және бүйрек функциясының аралас бұзылуы бар пациенттерге дозаны нақтылау ұсынылады.

Кезеңдік аллергиялық ринитті емдеудің ұзақтығы (симптомдардың ұзақтығы 4 аптадан кем) аурудың түріне, ұзақтығына, симптомдарының барысына және аурудың анамнезіне тәуелді. Емдеуді симптомдар жойылғаннан кейін ғана тоқтатуға болады және симптомдар пайда болғанда қайта жаңғыруы мүмкін.

Персистирленетін аллергиялық ринитті емдеу үшін (симптомдардың ұзақтығы 4 аптадан астам) үздіксіз емдеу пациентке аллергендермен экспозициясы кезеңінде ұсынылуы мүмкін. Қабықпен қапталған таблеткалардағы 5 мг левоцетиризинді 6 ай бойы қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Созылмалы есекжем және созымалы аллергиялық ринит үшін 1 жылға дейін рацематты қолданудың клиникалық тәжірибесі бар.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (<1/10 және >1/100)

  • бас ауыруы, ұйқышылдық, шаршағыштық

- ауыздың құрғауы

Жиі емес (<1/100 және >1/1000)

- астения

- іштің ауыруы

Өте сирек (<1/10000)

- жоғары сезімталдық, оның ішінде анафилаксия

- ангионевроздық ісіну, бекітілген дәрілік бөртпе, қышыну, тері бөртпесі, есекжем

- дене салмағының артуы

- диспноэ

- жүрек айнуы, құсу

- гепатит, функционалдық бауыр сынамаларының бұзылуы

- агрессия, ажитация, елестеулер, депрессия

- құрысулар

- көрудің бұзылуы

- жүрек қағуы, тахикардия

- миалгия

Егер жоғарыда көрсетілген әсерлердің қандай да бірінің клиникалық маңызы бар қарқындылыққа жетсе, ал оның себебін нақты анықтау мүмкін емес болса препаратты қабылдауды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компоненттеріне немесе пиперазин туындыларына жоғары сезімталдық

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем)

- 6 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

- галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МакLцеттің басқа препараттармен (соның ішінде СҮР3А4 индукторларымен) өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілген жоқ. Жалған эфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен клиникалық маңызы бар жағымсыз өзара әрекеттесуі жоқ.

Цетиризин клиренсінің төмендеуі (16%) теофиллинді көп рет енгізу (400 мг тәулігіне бір рет) кезінде байқалған; бұл ретте теофиллиннің фармакокинетикасы цетиризинді бір мезгілде енгізген кезде өзгермеген.

Ритонавирдің (600 мг тәулігіне екі рет) және цетиризиннің (10 мг тәулігіне) қайта дозаларымен зерттеулерде плазмадағы цетиризиннің концентрациясы шамамен 40% артқан, ал ритонавирдің фармакокинетикалық параметрлері (цетиризинмен бір мезгілде қолданған кезде) біршама өзгерген (-11%). Левоцетиризиннің сіңірілу деңгейі тамақ болса төмендемейді, дегенмен сіңірілу жылдамдығы төмендейді.

Сезімтал пациенттерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ бәсеңдететін басқа дәрілермен бір уақытта қолдану орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қабықпен қапталған әр таблетканың құрамында лактоза бар, мұны сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, тұқым қуалайтын саами лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның сіңірілмеу синдромы бар пациенттерге ескеру қажет.

Несеп іркілісі факторларына бейім пациенттерге аса сақтықпен қабылдау керек (мысалы, жұлынның хордасының зақымдануы, қуық асты безінің гиперплазиясы), өйткені левоцетиризин несеп іркілуінің даму қаупін ұлғайтуы мүмкін.

МакLцет препаратын қолдану кезінде алкогольді қабылдаудан аулақ болған жөн.

Жүктілік және лактация

Левоцетиризинді жүктілік кезінде клиникалық зерттеулердің деректері жоқ. Сондықтан препаратты әйелдерге жүктілік және емшек емізу кезінде тағайындау ұсынылмаған.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті басқаратын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығы мен қозғалыс реакцияларын талап ететін қызмет түрлерімен шұғылданатын тұлғаларға сақтықпен тағайындаған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ересектерде ұйқышылдық, балаларда ұйқышылдықпен ауысатын алдымен қозу және мазасыздық болуы мүмкін.

Емі: Левоцетиризиннің арнайы антидоты жоқ.

Симптоматикалық және демеуші ем ұсынылған. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін қысқа уақыттан кейін асқазанды шаюға болады. Левоцетиризин гемодиализ арқылы тиімді шығарылмайды.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30 таблеткадан HDPE (тығыздылығы жоғары полиэтилен) жасалған контейнерде.

1 контейнерден мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Macleods Pharmaceuticals Limited» ЖШК филиалы, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Төлебаев к-сі 38/61, 5-қабат

Тел./факс. +7 727 2734593

E-mail: danielt@macleodspharma.com.

Прикрепленные файлы

МакLцет_инструкция_рус.doc 0.07 кб
МакLцет_инструкция_каз.doc 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники