Майсепт-С (Микофеноловая кислота)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Майсепт-С
Халықаралық патенттелмеген атауы
Микофенол қышқылы
Дәрілік түрі, дозасы
Босап шығуы ұзаққа созылатын қабықпен қапталған таблеткалар, 180 мг және 360 мг
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуносупрессанттар. Иммуносупрессанттар. Селективті иммуносупрессанттар. Микофенол қышқылы.
АТХ коды L04AA06
Қолданылуы
Майсепт-С препараты бүйректің аллогендік трансплантатын қабылдаған ересек пациенттерде трансплантаттың қабылданбай жедел ажырауына профилактика жүргізу үшін циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілімде қолданылады.
Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- натрий микофенолатына, микофенол қышқылына немесе микофенолат мофетилге немесе «Құрамы» бөлімінде берілген қосымша компоненттердің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын, бала туу потенциалы бар әйелдерге
- жүктілік кезінде байқамай пайдалануға жол бермеу үшін, жүктілікке тест нәтижелерінсіз, бала туу потенциалы бар әйелдерге
- жүктілік кезінде, трансплантаттың қабылданбай ажырауын болдырмау үшін егер қолайлы баламалы ем жоқ болса
- лактация кезеңі.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
МФҚ және басқа дәрілік заттар арасында келесі өзара әрекеттесулер туралы мәлімделді:
Ацикловир және ганцикловир
Миелосупрессияның даму ықтималдылығы микофенол қышқылын, ацикловирді немесе ганцикловирді қабылдап жүрген пациенттерде зерттелген жоқ. Ацикловирді/ганцикловирді және Майсепт-С препаратын бір мезгілде қолданғанда микофенол қышқылы глюкуронидінің (МФҚГ) және ацикловирдің/ганцикловирдің деңгейлері, сірә, секрецияның өзекшелік жолымен бәсекелесуі нәтижесінде жоғарылауы мүмкін,
МФҚГ фармакокинетикасы өзгерістерінің бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде клиникалық маңызының болуы екіталай. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде плазмадағы микофенол қышқылы глюкурониді (МФҚГ) және ацикловир/ганцикловир концентрацияларының жоғарылау қаупі бар; ацикловирді/ганцикловирді дозалау жөніндегі нұсқауларды орындау және пациенттерді мұқият бақылауға алу керек.
Гастропротекторлар
Құрамында магний және алюминий бар антацидтер
Құрамында магний-алюминий бар антацидтердің бір реттік дозасын МФҚ-мен бір мезгілде қолданғанда МФҚ-ның AUC және Cmax мәндері, сәйкесінше, шамамен 37%-ға және 25%-ға азаятыны байқалды. Құрамында магний-алюминий бар антацидтер жүйесіз диспепсияны емдеген кезде мезгіл-мезгіл қолданылуы мүмкін. Алайда құрамында магний-алюминий бар антацидтерді Майсепт-С препаратымен күн сайын пайдалану, микофенол қышқылының әсері және оның тиімділігі төмендейтін болғандықтан, ұсынылмайды.
Протонды помпа тежегіштері
Клиникалық зерттеулерде мұның алдында төрт күн ішінде күніне екі рет 40 мг доза пантопразолмен бір мезгілде қабылдағаннан кейін МФҚ-ның фармакокинетикалық параметрлерінде өзгерістер байқалған жоқ. Үлкен дозаларда енгізілген протонды помпаның басқа тежегіштері туралы деректер жоқ.
Оральді контрацептивтер
Микофенолат мофетил мен оральді контрацептивтердің өзара әрекеттесулеріне жүргізілген зерттеулер өзара әрекеттесулердің жоқ екендігін анықтады. МФҚ-ның метаболизмдік бейінін ескерер болсақ, Майсепт-С препараты мен оральді контрацептивтер өзара әрекеттеседі деп болжам жасауға болмайды.
Холестирамин және өт қышқылымен байланысатын препараттар
Өт қышқылдарымен, мысалы өт қышқылдарының секвестраттарымен немесе пероральді белсендірілген көмірмен байланыса алатын дәрілік заттарды немесе емдеу әдістерін бір мезгілде тағайындағанда, МФҚ-ның әсер етуі азаятындықтан және, осылайша, Майсепт-С препаратының тиімділігі төмендейтіндіктен, сақтық таныту керек.
Циклоспорин
Бүйректің тұрақты трансплантаты бар пациенттерде циклоспориннің фармакокинетикасын зерттеген кезде МФҚ стационарлық дозасы циклоспориннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ. Микофенолаты мофетилмен бірге қолданған кезде циклоспорин МФҚ-ның әсерін төмендететіні белгілі. МФҚ-мен бірге қолданған кезде циклоспорин сондай-ақ оның концентрациясын (шамамен 20%-ға, микофенолат мофетил туралы деректер негізінде) төмендетуі мүмкін, бірақ осы төмендетудің нақты дәрежесі белгісіз, өйткені мұндай өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Тиімділігін зерттеу циклоспоринмен біріктіріп жүргізілгендіктен, бұл өзара әрекеттесу Майсепт-С препаратының ұсынылған дозасын өзгертпейді. Циклоспорин қабылдауды доғарған немесе тоқтатқан жағдайда Майсепт-С препаратының дозасын иммуносупрессиялық емнің режиміне байланысты қайта қарау керек.
Такролимус
Бүйректің тұрақты трансплантациясы бар пациенттерде кальциневринге жүргізілген зерттеуде микофенол қышқылының фармакокинетикалық параметрлерінің тұрақтылығы Неоралмен де, сонымен қатар такролимуспен де емдеу кезінде өлшенді. Бұдан басқа, субъектіде микофенол қышқылының AUC мәнінің құбылуы Неоралдан такролимусқа көшкен кезде екі еселенді. Клиницистер осы микофенол қышқылының AUC мәнінің де, сонымен қатар құбылмалылығының да артуы екендігін атап өтуі тиіс, және Майсепт-С препаратының дозасын түзету клиникалық жағдайларға негізделуі тиіс. Егер кальциневриннің бір тежегішінен басқасына ауысу жоспарланса, клиникалық мұқият мониторинг жүргізу керек.
Аттенуирленген тірі вакциналар
Тірі вакциналарды иммундық жауабы бұзылған пациенттерге енгізбеу керек. Басқа вакциналарға антидененің жауабы төмендеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Препараттардың біріктірілімін, соның ішінде Майсепт-С препаратын қамтитын иммуносупрессиялық сызбалар бойынша ем қабылдап жүрген пациенттерде лимфомалардың және басқа да, әсіресе терінің, қатерлі жаңа түзілімдерінің жоғары даму қаупі бар. Қауіп, сірә, иммуносупрессияның қарқындылығымен және ұзақтығымен байланысты, ол қандай да болсын нақты агентті пайдаланумен байланысты емес. Тері обыры қауіптерін барынша азайту жөніндегі жалпы нұсқаулар ретінде күн сәулесі жарығының әсерін және ультракүлгін сәулеленудің әсерін, қорғаныш киім кию және қорғау коэффициенті жоғары күннен қорғайтын кремдерді пайдалана отырып, шектеу керек.
Майсепт-С препаратын қабылдап жүрген пациенттер кез келген инфекциялардың, күтпеген көгерулердің, қан кетулердің пайда болулары немесе сүйек кемігінің бәсеңдеуінің кез келген біліністері туралы дереу мәлімдеп отыруы тиіс.
Майсепт-С препаратын қоса, иммунодепрессанттарды қабылдап жүрген пациенттерде оппортунистік инфекциялардың (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық), өлімге апаратын инфекциялардың және сепсистің жоғары қаупі бар. Шартты-патогендік инфекциялар – ВК вирусымен байланысты нефропатия, және JC вирусымен байланысты үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ). Бұл инфекциялар жалпы иммуносупрессиялық жүктемемен жиі байланысты және күрделі немесе фатальді жағдайларға әкелуі мүмкін, мұны дәрігерлер бүйрек функциясы нашарлаған, иммунитеті әлсіз немесе неврологиялық симптомдары бар пациенттерде дифференциальді диагностика кезінде ескеруі тиіс.
Микофенол қышқылын басқа иммунодепессанттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде қайталанатын инфекциялармен біріккен гипогаммаглобулинемия туралы мәлімделді. Осы жағдайлардың кейбіреулерінде МФҚ (микофенол қышқылы) туындыларының баламалы иммунодепрессантқа ауысуы IgG сарысулық деңгейінің қалыпқа келуіне әкелді. Инфекциялардың қайталануы дамыған, микофенол қышқылын қабылдап жүрген пациенттер сарысудағы иммуноглобулиндер деңгейін өлшеуі қажет. Клиникалық тұрғыдан маңызды тұрақты гипогаммаглобулинемия жағдайларында Т- және В-лимфоциттерге микофенол қышқылының цитостатикалық күшті әсерін ескере отырып, тиісті клиникалық шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.
Микофенол қышқылын басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде бронхоэктаз туралы мәлімделді. Осы жағдайлардың кейбіреулерінде МФҚ туындыларының (микофенол қышқылы) басқа иммунодепрессанттарға ауысуы респираторлық симптомдардың жақсаруына әкелді. Бронхоэктаздар қаупі гипогаммаглобулинемиямен немесе өкпеге тікелей әсер етуімен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ өкпенің интерстициальді ауруы туралы жекелеген мәлімдемелер болды. Өкпенің, мысалы, жөтел және ентігу сияқты тұрақты симптомдары дамитын пациенттеріне өкпенің негізгі интерстициальді аурулары тұрғысында тексерілу ұсынылады.
Микофенол қышқылының (МФҚ) туындыларын және микофенолат мофетилді (ММФ) қоса, иммунодепрессанттар қабылдаған пациенттерде B гепатитінің (HBV) немесе C гепатитінің (HCV) реактивациясы туралы мәлімделді. Инфекция жұқтырған пациенттерді белсенді HBV немесе HCV инфекцияларының клиникалық және зертханалық белгілері тұрғысында бақылау ұсынылады.
МФҚ туындыларын (микофенолат мофетил және натрий микофенолатын қоса) басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде сүйек кемігінің парциальді қызыл жасушалы аплазиясы (ПҚЖА) жағдайлары туралы мәлімделді. МФҚ туындыларымен индукцияланған ПҚЖА механизмі белгісіз. ПҚЖА дозаны төмендеткенде немесе емдеуді тоқтатқанда қайтымды сипатта болады. Трансплантаттың қабылданбай ажырау қаупін барынша азайту үшін МФҚ-мен емдеуді түзетуді реципиенттерді мұқият бақылай отырып қана жүргізу керек.
Микофенол қышқылын қабылдап жүрген пациенттер қан түзу жүйесінің бұзылулары тұрғысында (мысалы, нейтропения немесе анемиялар) бақылауда болуы тиіс, олар МФҚ-ны, қатар қолданылатын препараттарды қабылдаумен, вирустық инфекциялармен немесе берілген себептердің біршама бірігуімен байланысты болуы мүмкін. МФҚ қабылдап жүрген пациенттер емдеудің алғашқы айы ішінде апта сайын, екінші және үшінші ай ішінде айына екі рет, содан кейін алғашқы жыл ішінде ай сайын қанға жалпы талдама тапсыруы тиіс. Егер қан түзу жүйесінде бұзылулар (мысалы, нейтрофилдердің абсолюттік саны <1,5 x 103/мкл болатын нейтропения немесе анемия) туындаса, препарат қабылдауды доғару немесе тоқтату мақсатқа сай болуы мүмкін.
Пациенттерге МФҚ-мен емделу кезінде вакцинацияның тиімділігі азырақ болуы мүмкін екендігін және тірі аттенуирленген вакциналарды пайдалануға жол бермеу керектігін айту керек.
Тұмауға қарсы вакцинация жасалуы мүмкін. Препаратты тағайындайтын дәрігерлер тұмауға қарсы вакцинация жөніндегі ұлттық нұсқауларға жүгінуі керек.
МФҚ туындыларын қабылдау ас қорыту жүйесі тарапынан, мысалы, асқазан-ішек жолы ойық жараларын, қан кетулерді және тесілулерін қоса, жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауына мүмкіндік беретіндіктен, микофенол қышқылын ас қорыту жүйесінің белсенді күрделі аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Микофенол қышқылын азатиопринмен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды, өйткені олардың біріктіріліміне баға берілген жоқ.
Микофенол қышқылын (натрий тұзы түрінде) және микофенолат мофетилді талдаусыз өзара алмастыруға немесе олардың фармакокинетикалық бейіндері әртүрлі болғандықтан, орнын алмастыруға болмайды.
Микофенол қышқылы кортикостероидтармен және циклоспоринмен біріктіріп қолданылды.
Оны анти-Т-лимфоцитарлы глобулин немесе базиликсимаб сияқты индукциялық еммен бірге қолдану тәжірибесі шектеулі. Микофенол қышқылын басқа иммунодепрессанттармен (мысалы, такролимуспен) бірге қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелген жоқ.
Майсепт-С препаратын және энтерогепатиттік қан айналымын бұзатын препараттарды, мысалы, холестираминді немесе белсендірілген көмірді бір мезгілде қабылдау микофенол қышқылының субтерапиялық жүйелік әсеріне және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Майсепт-С препараты инозинмонофосфатдегидрогеназа тежегіші болып табылады. Демек, Леш-Найхан және Келли-Сигмиллер синдромы сияқты сирек туа біткен гипоксантин-гуанинфосфорибозил-трансферазасы бар пациенттер препаратты қабылдауға жол бермеуі керек.
Майсепт-С препаратымен емдеуді жүктілікке теріс тестісіз бастамау керек. Майсепт-С препаратымен емдеуді бастар алдында, емдеу кезінде және оны аяқтағаннан кейін алты апта бойы контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалану қажет.
Тератогендік әсерлері
Микофенолат адам үшін күшті тератогендік дәрі болып табылады. Жүктілік кезінде микофенолат мофетил әсер етуінен кейін өздігінен болатын түсіктер және туа біткен туралы мәлімделді. Сондықтан Майсепт-С препаратын, егер трансплантаттың ажырауына жол бермеу үшін емдеудің баламалы әдістері жоқ болса, қолдануға болмайды. Бала туу потенциалы бар пациенттер шарана үшін қауіптері туралы хабардар болуы және Майсепт-С препаратымен емделуге дейін, емделу кезінде және емделуден кейін «арнайы ескертулер» бөлімінде берілген нұсқауларды (мысалы, контрацепция әдістері, жүктілікке тест) орындауы тиіс. Дәрігерлер миофенолатты қабылдап жүрген әйелдердің, егер жүкті болып қалуы мүмкін болса, оның нәрестеге зиян келтіру қаупін түсінетіндігіне, сондай-ақ контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану қажеттілігін және емдеуші дәрігерден дер кезінде кеңес алу керектігін түсінетіндігіне көз жеткізуі тиіс.
Контрацепция
Жүктілік кезінде микофенолат мофетил қолданған кезде түсік тастау және туа біткен даму кемістіктері қаупінің жоғарылағанын көрсететін сенімді клиникалық деректер бар болғандықтан, барлық күшті емделу кезінде жүктіліктің басталуына жол бермеуге жұмсау керек. Бала туа алатын потенциалы бар әйелдер Майсепт-С препаратымен емделуді бастар алдында, емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін алты апта бойы контрацепцияның сенімді бір әдісін пайдалануы тиіс, егер бұл контрацепцияның таңдап алынған әдісі болып табылмаса ғана. Жүктіліктің болу ықтималдылығын барынша азайту үшін контрацепцияның бір мезгілде өзара бірін-бірі толықтыратын екі түрін пайдалану дұрысырақ.
Еркектердегі контрацепция жөніндегі ақпаратты «арнайы ескертулер» бөлімінен қараңыз.
Үлгі алатын материалдар
Пациенттерге микофенолаттың шаранаға әсер етуіне жол бермеуіне және қауіпсіздігі туралы қосымша қажетті ақпарат алуға жәрдемдесу үшін тіркеу куәлігінің ұстаушысы денсаулық саласының мамандарына үлгі алатын материалдарды береді. Оқулық материалдарында микофенолаттардың тератогендік қасиеттері туралы алдын ала ескертетін ақпарат күшейтілетін болады, сондай-ақ емдеудің бастағанға дейін контрацепция туралы нұсқаулар және жүктілікке тест жүргізу қажеттілігі туралы нұсқаулар берілетін болады. Дәрігер бала туа алатын потенциалы бар әйелдерге тератогендік әсердің қауіптері және жүктілікке профилактика шаралары туралы және, қажет болса, еркек жынысты пациенттерге де толық ақпарат беруі тиіс.
Қосымша сақтық шаралары
Пациенттер емделу кезінде немесе микофенолатпен емдеу аяқталғаннан кейін, ең кемінде, 6 ай бойы қан тапсырмауы керек. Еркектер емделу кезінде немесе микофенолатпен емдеу аяқталғаннан кейін, ең кемінде, 9 ай бойы сперма тапсырмауы тиіс.
Қосымша заттар
Майсепт-С препаратының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қабылдамауы керек.
Бала туу потенциалы бар әйелдер
Микофенолатты қабылдаған кезде жүктіліктің басталуына жол бермеу керек. Демек, бала туа алатын потенциалы бар әйелдер Майсепт-С препаратымен емделуді бастар алдында, емделу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін алты апта бойы сенімді контрацепцияның, ең кемінде, бір әдісін пайдалануы тиіс, егер бас тарту бұл контрацепцияның таңдап алынған әдісі болып табылмаса ғана. Бір мезгілде контрацепцияның өзара бірін-бірі толықтыратын екі түрі дұрысырақ.
Жүктілік және лактация кезінде
Майсепт-С препаратын, егер трансплантаттың қабылданбай ажырауын болдырмау үшін қолайлы баламалы ем жоқ болса, қолдануға болмайды.
Жүктілік кезінде байқамай пайдалануға жол бермеу үшін оны тестінің теріс нәтижесінсіз бастамау керек.
Бала туу потенциалы бар әйелдер емнің бас кезінде түсік тастаудың және туа біткен даму кемістіктері қаупінің жоғарылығы туралы хабардар болуы тиіс, сондай-ақ жүктілікке жол бермеу және жоспарлау мәселелері бойынша кеңес алуы қажет.
Майсепт-С препаратымен емдеуді бастар алдында бала туа алатын потенциалы бар әйелдерде микофенолаттың эмбрионға әдейі емес әсеріне жол бермеу үшін, сарысуда немесе несепте сезімталдық кем дегенде 25 мХБ/мл болатын, жүктілікке теріс екі тест болуы қажет. Алғашқыдан кейін 8-10 күннен соң екінші тест жүргізу ұсынылады. Қайтыс болған донордан алынған трансплантаттар үшін, егер емдеуді бастағанға дейін 8-10 күн аралықпен екі тест жасауға мүмкіндік болмаса (трансплантатқа қол жеткізу мерзіміне байланысты), жүктілікке тестіні емдеуді тура бастар алдында, сондай-ақ қосымша ретінде 8-10 күн өткен соң жүргізу керек. Жүктілікке тестіні қажетіне қарай (мысалы, контрацепцияда кез келген аралықтан кейін) қайталау керек. Барлық тестілердің нәтижелерін пациентпен бірге талқылау керек. Пациент жүктіліктің басталғаны туралы емдеуші дәрігерге дереу мәлімдеуі тиіс.
Микофенолат адамда жүктілік кезінде әсер еткен жағдайда өздігінен болатын түсіктер және туа біткен даму кемістіктері қаупін арттыратын күшті тератоген болып табылады:
- микофенолат мофетилден айырмашылығы бар иммунодепрессанттар қабылдаған, қатты ағзалар трансплантациясы бар пациенттерде тіркелген 12-ден 33%-ға дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда, өздігінен болатын түсіктер микофенолат мофетил әсеріне ұшыраған жүкті әйелдердің 45–49%-да тіркелді.
- даму кемістіктері жүктілік кезінде микофенолат мофетил әсеріне ұшыраған әйелдерден тірі туған нәрестелердің 23-27%-да орын алды (жалпы популяциядағы тірі туған нәрестелердің 2-3%-мен және микофенолат мофетилден айырмашылығы бар иммунодепрессанттар қабылдаған, тығыз ағзалар трансплантациясы бар реципиенттерден тірі туған нәрестелердің шамамен 4-5%-мен салыстырғанда).
Туа біткен даму кемістіктері, соның ішінде дамудың көптеген кемістіктері туралы мәлімдемелер жүктілік кезінде басқа иммунодепрессанттармен біріккен микофенол қышқылының әсеріне ұшыраған пациенттердің балаларында байқалды. Көбінесе келесі даму кемістіктері туралы мәлімделді:
- құлақ аномалиялары (мысалы, аномальді пішіні немесе сыртқы құлақтың болмауы), сыртқы есту жолының (ортаңғы құлақ) атрезиясы
- жырық ерін, қоянжырық, микрогнатия және көз шарасының гипертелоризмі сияқты беттегі даму кемістіктері
- көз патологиялары (мысалы, колобома)
- мысалы, жүрекшелер мен қарыншалар қалқаларының ақаулары сияқты жүректің туа біткен кемістіктері
- саусақтардың даму кемістіктері (мысалы, полидактилия, синдактилия)
- кеңірдек пен өңештің даму кемістіктері (мысалы, өңеш атрезиясы)
- жүйке жүйесінің, мысалы, омыртқалардың жарығы сияқты даму кемістіктері
- бүйректік аномалиялар.
Бұдан басқа, дамудың келесі кемістіктері туралы жекелеген мәлімдемелер түсті:
- микрофтальм
- қантамыр өрімдерінің туа біткен кистасы
- мөлдір перденің агенезиясы
- иіс сезу жүйкесінің агенезиясы.
Клиникаға дейінгі зерттеулер репродукциялық уыттылығын анықтады.
Адамның емшек сүтімен МФҚ-ның бөлініп шығатыны-шықпайтыны белгісіз. Емшек еміп жүрген балаларда күрделі жағымсыз реакциялардың болуына байланысты әйелдер Майсепт-С препаратын лактация кезеңінде қолдануына болмайды.
Еркектер
Шектеулі клиникалық деректер еркектерде микофенолат мофетилдің әсер етуі нәтижесінде кемістіктердің даму немесе түсік тастату қаупінің жоғарылығын көрсеткен жоқ.
МФҚ күшті тератоген болып табылады. Спермада МФҚ-ның секрецияланатыны-секрецияланбайтыны белгісіз. Жануарларға негізделген деректік есептер әйелдерге МФҚ-ның өте аз ықтимал мөлшерде берілетінін, бұл іс жүзінде ешқандай да ықпалын тигізбейтіндігін айғақтайды. Клиникаға дейінгі зерттеулерде микофенолат адамға емдік әсерінен аздап артық болатын концентрацияларда гендік уытты қасиеттер танытты, демек, сперманың жасушаларына гендік уытты әсер ету қаупін толық жоққа шығаруға болмайды. Осы деректерді негізге алсақ, келесі сақтық шаралары ұсынылады: сексуальді белсенді еркек пациенттерге немесе олардың серіктес сыңарларына пациенттің (еркектің) емделуі кезінде және микофенолатпен емдеу аяқталғаннан кейін кем дегенде 90 күн бойы контрацепцияның сенімді құралдарын пайдалану ұсынылады. Бала тудыру потенциалы бар еркек-пациенттер бала туылған кездегі потенциалды қауіптер туралы хабардар болуы және оларды маманданған медицина қызметкерімен бірге талқылауы тиіс.
Фертильділік
Фертильділігіне ықпал етуіне баға беру үшін адамдардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық бейіні, сондай-ақ жағымсыз әсерлері туралы мәлімдемелер мұндай ықпал етуі мүмкін деп болжам жасамайды.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Емдеуге трансплантация жөніндегі кәсіби мамандар түрткі болуы және демеуі тиіс.
Ұсынылатын доза тәулігіне екі рет 720 мг құрайды (тәуліктік доза 1440 мг). Натрий микофенолатының осы дозасы микофенол қышқылының мөлшері тұрғысынан алғанда тәулігіне екі рет енгізілетін 1 г (тәуліктік дозасы 2 г) микофенолат мофетилге (МФҚ) сәйкес келеді.
Пациенттерде Майсепт-С препаратын de novo қабылдауды трансплантациядан кейін 72 сағат ішінде бастау керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балалар мен жасөспірімдерде препараттың тиімділігін және қауіпсіздігін айғақтау үшін деректер жеткіліксіз. Бүйрек трансплантаты бар балаларда қолдану жөнінде шектеулі фармакокинетикалық деректерге қолжетімді.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне екі рет 720 мг құрайды.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Операциядан кейін бүйрек трансплантатының функциясы кідірген пациенттерде дозаны түзетудің қажеті болмайды.
Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы <25 мл/мин-1*1,73 м-2) пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс, ал Майсепт-С препаратының тәуіктік дозасы 1440 мг-ден аспауы тиіс.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі ауыр, бүйрек трансплантаты бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті болмайды.
Қабылданбай ажырау көріністері кезіндегі ем
Бүйрек трансплантатының қабылданбай ажырауы микофенол қышқылының (МФҚ) фармакокинетикасының өзгеруіне әкелмейді; дозаны түзетуді немесе Майсепт-С препаратын қабылдауды доғаруды қажет етпейді.
Енгізу әдісі және жолы
Майсепт-С препаратын тамақпен бірге немесе тамақсыз қабылдай беруге болады. Пациенттер кез келген тәсілді таңдай алады, бірақ олар өздері таңдаған нұсқаны ұстануы тиіс. Ішекте еритін қабығының тұтастығын сақтау үшін таблетканы ұсақтауға болмайды. Егер таблетканы ұсақтау қажет болса, ұнтақтың деммен тартылуына немесе оның терімен/шырышты қабықпен тікелей жанасуына жол бермеу керек. Тигізіп алған жағдайда жанасқан жерді сабындап, сумен мұқият жуып-шайыңыз; көзді жай сумен шайыңыз. Осы шаралар микофенолаттың тератогендік әсерімен байланысты.
Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар
Микофенол қышқылының әдейі және әдейі емес артық дозалануы жағдайлары туралы мәлімделді, алайда онымен байланысты жағымсыз әсерлер пациенттердің барлығында бірдей байқалған жоқ.
Жағымсыз құбылыстар туралы мәлімделген артық дозалану жағдайларында бұл жайттар осы кластың (негізінен қан дискразиясы, сепсис...) белгілі қауіпсіздік бейінінің ықпалында болады.
ГМФҚ-ның белсенді емес метаболитін шығарып тастау үшін диализді пайдалануға болады, ол МФҚ-ның белсенді фрагментінің клиникалық тұрғыдан маңызды мөлшерін шығарады деп күтпеу керек. Бұл МФҚ-ның едәуір дәрежеде плазма ақуыздарымен өте жоғары 97%-да байланысуымен байланысты. МФҚ-ның энтерогепатиттік айналымына кедергі жасай отырып, холестирамин сияқты өт қышқылының секвестранттары МФҚ-ның жүйелік әсерін төмендетуі мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкеріне кеңес алу бару ұсынылады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Қатерлі жаңа түзілімдер
Препараттардың біріктірілімін, соның ішінде МФҚ-ны қамтитын иммуносупрессанттар сызбасы бойынша ем қабылдап жүрген пациенттерде лимфомалардың және басқа да, әсіресе терінің, қатерлі жаңа түзілімдерінің жоғары даму қаупі бар.
Оппортунистік инфекциялар
Барлық пациенттер трансплантациядан кейін оппортунистік инфекциялардың жоғары қаупіне ұшырайды; жалпы иммуносупрессиялық жүктемеде қауіп ұлғаяды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер, әдеттегідей, иммуносупрессияға байланысты препараттың жағымсыз реакциясының жоғары қаупіне ұшыраған.
Жағымсыз реакциялары келесі санаттар бойынша берілген:
Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін)
Өте жиі
- вирустық, бактериялық және зеңдік инфекциялар
- лейкопения
- гипокальциемия, гипокалиемия, гиперурикемия
- үрейлену
- гипертензия
- диарея
- артралгия
Жиі
- жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, пневмония
- анемия, тромбоцитопения
- гиперкалиемия, гипомагниемия
- бас айналу, бас ауыру
- гипотензия
- жөтел, ентігу
- іштің кебуі, іштің ауыруы, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастрит, жүректің айнуы, құсу
- бауырдың қалыптан ауытқыған функциональді тестілері
- акне, терінің қышуы
- миалгия
- қандағы креатининнің жоғарылауы
- астения, қажығыштық, шеткері ісінулер, гипертермия
Жиі емес
- жаралар инфекциясы, сепсис, остеомиелит
- тері папилломасы, базальді-жасушалы карцинома, Капоши саркомасы, лимфопролиферациялық ауру, жалпақ жасушалы карцинома
- лимфопения, нейтропения, лимфаденопатия
- анорексия, гиперлипидемия, қант диабеті, гиперхолестеринемия, гипофосфатемия
- аномальді ұйқылар, сандырақтау сезімі, ұйқысыздық
- тремор
- конъюнктивит, көздің анық көрмеуі
- тахикардия, қарыншалық экстрасистолиялар
- лимфоцеле
- өкпенің интерстициальді ауруы, өкпедегі іркіліс, сырылдар, өкпенің ісінуі
- іштің аурушаңдығы, асқазан-ішектік қан кету, кекіру, ауыздан жағымсыз иістің шығуы, ішек бітелісі, еріннің ойылып жара болуы, эзофагит, subileus, тіл түсінің өзгеруі, ауыз ішінің құрғауы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, қызылиектердің гиперплазиясы, панкреатит, құлақ маңы өзектерінің обструкциясы, ойық жара ауруы, перитонит
- алопеция
- артрит, арқаның ауыруы, бұлшықет спазмдары
- гематурия, бүйрек өзекшелерінің некрозы, уретра стриктурасы
- импотенция
- тұмау тәріздес ауру, аяқтардың ісінуі, ауыру, қалтырау, шөлдеу, әлсіздік
- соғылу
Тіркеуден кейінгі тәжірибе негізінде бөртпе және агранулоцитоз жағымсыз дәрілік реакциялар ретінде білінді.
Келесі қосымша жағымсыз реакциялар кластық әсер ретінде МФҚ туындыларына жатады:
Инфекциялар және инвазиялар
Өзіне менингитті, инфекциялық эндокардитті, туберкулезді және атипиялық микобактериялық инфекцияны қамтитын, өмір үшін ауыр және қауіпті инфекциялар. Микрофенол қышқылын қоса, иммунодепрессанттар қабылдаған пациенттерде ВК вирусымен байланысты нефропатия жағдайлары, сондай-ақ JC вирусымен байланысты үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ) жағдайлары туралы мәлімделді.
Қан түзу және лимфалық жүйелер тарапынан бұзылулар
Нейтропения, панцитопения.
Микофенол қышқылының туындыларын қабылдаған пациенттерде сүйек кемігінің парциальді қызыл жасушалы аплазиясы (ПҚЖА) жағдайлары туралы мәлімделді.
Иммундық жүйе тарапынан
Микофенол қышқылын басқа иммуносупрессанттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде гипогаммаглобулинемия туралы мәлімделді.
Тыныс алу, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Микофенол қышқылын басқа иммуносупрессанттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде өкпенің интерстициальді ауруы туралы жекелеген мәлімдемелер түсті. Сондай-ақ басқа иммуносупрессанттармен біріктірілгенде бронхоэктазиялар туралы мәлімдемелер де түсті.
МФҚ туындыларын қабылдаған пациенттерде жүре пайда болған Пельгер-Хуэ аномалиясын қоса, нейтрофилдердің аномальді морфологиясының жекелеген жағдайлары байқалды. Бұл өзгерістер нейтрофилдер функциясының бұзылуымен байланысты емес. Осындай өзгерістер гематологиялық зерттеулерде нейтрофилдер жетілуінің «солға қарай ығысқанын» көрсетуі мүмкін, бұл иммунитеті әлсіреген, мысалы, МФҚ қабылдап жүрген пациенттерде инфекциялардың белгілері ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.
Асқазан-ішек бұзылыстары
Колит, ЦМВ-гастрит, ішектің, асқазанның және он екі елі ішектің тесілуі.
Жүктілік, босанудан кейінгі кезең және перинатальді жағдайлар
Микофенолаттардың әсеріне, негізінен, алғашқы триместрде ұшыраған пациенттерде өздігінен түсік тастау жағдайларының болғаны туралы мәлімделді.
Туа біткен бұзылулар
Тіркеуден кейін болған туа біткен кемістіктердің даму жағдайлары ата-аналары басқа иммуносупрессанттармен біріктірілген микофенолдың әсеріне ұшыраған балаларда байқалды.
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі жағдайлар
Пуриндердің de novo синтезінің тежегіштерімен байланысты «сирек» жиіліктегі жедел қабыну синдромы тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінде микофенолат мофетилмен және қызбамен, артралгиямен, артритпен, бұлшықеттің ауыруымен және қабынудың жоғары маркерлерімен сипатталатын микофенол қышқылын қабылдаумен байланысты қабынуға қарсы әдеттен тыс реакция ретінде сипатталды. Ауру жағдайлары туралы оқулықтағы мәлімдемелерде препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жағдайдың қарқынды түрде жақсарғаны айтылған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметттер
Дәрілік препараттың құрамы
Босап шығуы ұзаққа созылатын қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - натрий микофенолаты микофенол қышқылына баламалы 180.00 мг және 360.00 мг;
қосымша заттар: сусыз лактоза (Super Tab21AN), жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон (А типі) (полипласдон XL), повидон К-30, магний стеараты;
қабық: опадри II 21K580006: гипромеллоза 2910 (Е 464), триацетин, этилцеллюлоза 10 сР;
ішекте еритін қабық: гипромеллоза фталаты (55 мПа ∙ с), тальк, триэтилцитрат.
Бояғыш заттар: темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызғылт-қоңыр қабықпен қапталған, екі жақ беті тегіс дөңгелек таблеткалар (180 мг дозасы үшін).
Қызғылт-қоңыр қабықпен қапталған, екі жақ беті тегіс ұзынша таблеткалар (360 мг дозасы үшін).
Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты 3, 6 және 12 қаптамадан медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Panacea Biotec Pharma Ltd.,
Malpur/Малпур, Baddi, Distt. Solan, H.P. – 173205, Үндістан
Тел.+91-1795-304000
Факс. +91-1795-246834
e-mail: pharma@panaceabiotec.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Panacea Biotec Pharma Ltd.,
Malpur/Малпур, Baddi, Distt. Solan, H.P. – 173205, Үндістан
Тел.+91-1795-304000
Факс. +91-1795-246834
e-mail: pharma@panaceabiotec.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Rogers Pharma» ЖШС, Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ш/ауд., үй 157, блок 2, т.е. 819.
Тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: office.secretary@rogersgroup.in
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Канумуру И. Г. ЖК,
Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ш/ауд., үй 157, т.е. 819.
Тел.:(727) 311-81-96/97, +77479911904,
e-mail: irina.volovnikova@gmail.com