Мазь серная простая - ТК
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Жай күкірт жақпамайы-ТК
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасыСыртқа қолдануға арналған жақпамай
Фармокотерапиялық тобыПаразиттерге қарсы препараттар, инсектицидтер және репелленттер. Эктопаразиттерді (қышыма кенесін, инсектицид және репеллентерді қоса) жоюға арналған препараттар. Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қышыма кенесін қоса). Құрамында күкірті бар қосылыстар.АТХ коды Р03ААҚолданылуы
- қышымада
Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 3 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Егер препарат көзге түссе, оларды мол сумен жақсылап шайыңыз. Препаратты қолданғаннан кейін қолыңызды жуу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіАнықталмағанАрнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларға 3 жастан бастап тек дәрігердің тағайындауымен және ұдайы бақылауымен ғана қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқауларДозалау режимі
Сыртқа. Жақпамайды зақымданған жерге 5 күн бойы күніне 2-3 рет жағады. Емдеу курсын жүргізіп болғаннан кейін пациенттің ванна қабылдағаны және іш киімін және төсек-орынның тысын ауыстырғаны жөн.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінекеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- қышыну, гиперемия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер Дәрілік препарат құрамы100 г жақпамайдың құрамындабелсенді зат: 33.0 г сыртқа қолдануға арналған күкірт
қосымша заттар: 40.2 г вазелин, 6.7 г эмульгатор Т-2, 20.1 г тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмініңсипаттамасы
Сары түсті жақпамай
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г-ден нығыздағыш элементі бар бұрандалы полиэтилен қақпағы бар мойны бұралатын шыныдан жасалған банкілерде.
Банкілерге өзі желімделетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Банкілер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге орама қағазынан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшіктерге салынады.
25 г-ден дәрілік затқа арналған біріктірілген материалдан жасалған сықпада.
Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.
Картон қорапшалар сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Екінші қаптамасыз сықпалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Сақтау мерзімі
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд., Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34.
е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд., Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекен жайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд., Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru