Магния сульфат (порошок, ТОО Шаншаров-Фарм)

МНН: Магния сульфат
Производитель: ТОО Шаншаров-Фарм
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Magnesium sulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010068
Информация о регистрации в РК: 07.08.2018 - 07.08.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 21.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Магний сульфаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 г, 50 г, 100 г ұнтақ

Құрамы

Бір қаптаманың ішінде

белсенді зат - 25 г, 50 г, 100 г магний сульфаты

Сипаттамасы

Ақ түсті кристалды ұнтақ немесе жылтыраған түссiз кристалдар.

Фармакотерапиялық тобы

Осмостық іш жүргізетін дәрі. Магний сульфаты

АТХ коды А06AD04

Фармакологиялық қасеттері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңеді (20% аспайды). Гематоэнцефалдық бөгет және плацента арқылы өтеді, емшек сүтінде плазмадағы концентрациядан 2 есе жоғары концентрация туындатады. Шығарылуы бүйрекпен жүзеге асырылады, бүйрек экскрециясының жылдамдығы плазмадағы концентрациясына және шумақтық сүзіліс деңгейіне пропорционалды. Кішкентай балалардағы іш жүргізетін тұздардың аздаған мөлшерінің сіңуі мүмкін. Бұл арада олардың бүйректері тұздарды баяу шығарады, сондықтан олардың жинақталу қаупі бар.

Фармакодинамикасы

Магний сульфаты іш жүргізетін дәрі ретінде ішектің өне бойына, бірақ негізінен аш ішекте әсер етеді. Әсері препаратты қабылдаудан 4-6 сағат өткен соң ғана басталады. Магний сульфаты ішектің саңылауында осмостық қысымды жоғарылатады, бұл судың сіңірілуін (дәрімен бірге қабылданған және ішек секретінің құрамындағы) іркеді, ішектің ішіндегі заттың көлемін үлкейтіп, ішектің созылуын туындатып және ішектің рефлексті жиырылуын ынталандырады. Сонымен қатар, аш ішектің саңылауында осмостық қысым көтерілгенде оның шырышты қабығынан холецистокинин секрециялануы жоғарылайды, ол ішектің жиырылуын күшейтіп қана қоймай асқазан-ішек жолдарындағы қан ағынын ұлғайтып, ас қорыту сөлінің секрециясын жоғарылатады, Одда сфинктерін босаңсытады, өт қабының жиырылуын күшейтеді және өттің ішекке қарай ағуын арттырады.

Қолданылуы

Іш жүргізетін дәрі ретінде тоқ ішекті зерттеуге дайындау үшін және еритін барий тұздарымен уланған жағдайда ара арасында қолданады.

Қолдану тәсілі және дозалануы

Ересектерге іш жүргізетін дәрі ретінде (түнде немесе тамақ ішерден жарты сағат бұрын аш қарынға) жарты стақан сумен 10-30 г-дан ішке тағайындалады. Созылмалы іш қатуында клизма қолданылуы мүмкін ( 100 мл 20-30 % ерітінді).

Еритін барий тұздарымен уланған жағдайда асқазанды магний сульфатының 1% ерітіндісімен шаяды немесе ерімейтін барий сульфаты түзілуі үшін ерітіндіні ішке береді (200 мл судағы 20 г).

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы, құсу, диарея

  • асқазан- ішек жолдарының қабыну ауруларының асқынуы

  • тыныс алу қиындау мүмкіндігі

  • гипотензия

  • тыныштандыратын және ұйықтататын әсер беруі мүмкін

  • ас ингредиенттерін қорытудың және бір уақытта тағайындалған дәрілік заттарды қорытудың бұзылуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жоғары сезімталдық

  • айқын брадикардия

  • АV блокадасы

  • бүйрек қызметінің бұзылуы

  • тыныс мүшелерінің ауруы

  • асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну аурулары

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • етеккірде

  • 16 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Магний сульфатын тетрациклиндермен бiр уақытта ішу арқылы қолдану кезiнде соңғысының әсері олардың сорылуының төмендеуіне байланысты азаюы мүмкiн.

Шеткергі әсері бар миорелаксанттармен бiр уақытта қолданғанда жүйкелiк-бұлшықеттiк берілістің бәсеңсуі күшейеді.

Нифедипинмен бір уақытта қолданылғанда бұлшық еттердің айқын босаңсуы мүмкін.

Кальций препараттарымен, алкогольмен (жоғары концентрацияларда), карбонаттармен, бикарбонаттармен және сілтілік металдар фосфаттарымен, мышьяк қышқылының тұздарымен, бариймен, стронциймен, новокаин гидрохлоридімен, салицилаттармен және тартраттармен фармацевтикалық сыйымсыз (тұнба түзеді).

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ мерзім емделгенде артериялық қысымның, жүрек қызметінің, сіңір рефлекстерінің, бүйрек қызметінің, тыныс алу жиілігінің мониторингін жүргізу ұсынылады.

Балалардың бүйрегінде тұз жиналу қаупіне байланысты, жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі барларда іш жүргізетін тұзды заттарды қолданғанда сақтық жасау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сақтық шараларын сақтау қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, артериялық қысымның күрт төмендеуі, брадикардия, тыныстың және орталық жүйке жүйесінің бәсеңсуі.

Емі: у қайтарғы ретінде кальций препараттарын (кальций хлоридін немесе кальций глюконатын) көктамыр ішіне (баяу) енгізеді, перитонеальді диализ немесе гемодиализ, симптоматикалық (ОЖЖ және жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін түзететін) дәрілер.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г, 50 г, 100 г препараттан полипропиленнен жасалған пакеттерге немесе полимер банкілерге салынады. Банкілер немесе пакеттер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісінше нұсқаулық мөлшерімен және құтылар саны көрсетілген қаптама парағымен бірге гофрланған қорапқа салынады және жылу сақтағыш үлбірмен керіліп жабылады.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 300С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров- Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Бұлкышев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров- Фарм» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров- Фарм» ЖШС, Алматы қ.,

Бұлкышев к-сі, 4е

Тел/ факс +7727233-27-58,

Е-mail: farm-4@mail.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

837397721477976827_ru.doc 46 кб
371249111477977986_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники