Магнефар В6

Производитель: Биофарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Магния аспарагинат
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020693
Информация о регистрации в РК: 26.05.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Магнефар В6

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 500 мг магний гидроаспарагинат тетрагидраты, ол 34 мг магний иондарына және 5 мг пиридоксин гидрохлоридіне (В6 витамині) сәйкес;

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, гипромеллоза.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералдық қоспалар. Басқа да минералдық қоспалар. Магний препараттары, магний аспарагинаты.

АТХ коды A 12 CC 05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі: магний аспарагинаты тетрагидраты жақсы еритін қосылыс болып табылады, ол АІЖ сіңуіне ықпал етеді. Бұл үдерісті ақуызға бай (әсіресе жануарлардан) қышқылды емдәм, қанықпаған майлар, B6 витамині, натрий, лактоза және D витаминінің аздаған мөлшері күшейтеді.

Пиридоксин гидрохлориді аш ішекте сіңеді, жасушаларға ене отырып, қан ағымымен тіндерге таралады.

Таралуы: ересек адамның организмінде магнийдің жалпы құрамы 25 г (14 ммоль/кг мт.) жуықты құрайды, олардың 50% астамы сүйек тіндерінің құрамына, 25% жуығы қаңқа бұлшықеттері құрамына, ал қалған 25%-ы бүкіл организмге (негізінен: жүйке жүйесіне, жүрек бұлшықетіне, бауырға, 1% жасушадан тыс сұйықтыққа) таралады.

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді) магнийдің асқазан-ішек жолынан сіңуін арттырады және организмнен магнийдің шығуын азайтады.

Шығарылуы: магний және В6 витамині негізінен несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Магний жүйке, сүйек-буын, тыныс алу, жүрек-қантамыр, гормональді, қан түзу және иммундық жүйелердің физиологиялық үдерістеріне қатысады. Есту және көру жүйкесі белсенділігіне әсер етеді. Күйзеліске сезімталдықты (эмоционалдық тепе-теңдік болмағанда, тынышсыздық, етеккір алдындағы ширығу синдромымен байланысты шаршау сезімі, депрессия, бас сақинасы, қиын ақыл-ой еңбегі кезінде) азайтады, жүйке-бұлшықет қозғыштығын (бұлшықет дірілінде, балаларда зейін қою тапшылығы синдромы және жоғары қимыл белсенділігі, жоғары қимыл белсенділігі – ауыр дене жұмысы, спортпен айналысу кезінде) төмендетеді, бұлшықеттердің физиологиялық жиырылуының шарты (мысалы балтырдың түнгі құрысулары кезінде) болып табылады, жүрек бұлшықеттеріне қорғағыш әсер береді (жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертония кезінде), жүрек бұлшықеттері ишемиясына қарсы әсер етеді. Антикоагулянттық фактор рөлін атқарады және қан тамырларында кальцийдің шөгуін болдырмайды, сондай-ақ сүйек жүйесінің дұрыс дамуы мен минералдануына әсері етеді. Ересек адамда магний қажеттілігі күніне 5 мг/кг мт. құрайды (яғни 270-350 мг, немесе 11-14 ммоль Mg2+). Жоғары тапшылық жағдайында, қарқынды дене жүктемесі, балалардың жылдам өсуі кезеңінде, жүкті және бала емізетін әйелдердегі қажеттілік дене салмағының 7-10 мг/кг дейін артады.

Магний тапшылығы дене және психикалық шаршаумен, жоғары ашушаңдықпен, күйзеліске төзімсіздікпен, бұлшықеттің ширығуымен, жүрек ырғағының бұзылуы және артериялық гипертониямен байқалуы мүмкін.

В6 витамині кофермент ретінде организмнің көптеген метаболикалық үдерістеріне қатысады. Ішек жолында магнийдің барынша жылдам қорытылуына, оның жасуша ішіне енуі мен ондағы деңгейін ұстап тұруға ықпал етеді.

Қолданылуы

Магнефар В6 магний тапшылығын емдеуге ұсынылады, мұны төменде аталған симптомдар дәлелдейді:

- дене немесе психикалық шаршау, жоғары тітіркенгіштік, ашушаңдық, үрейлік жағдай

- бұлшықеттің ширығуы, бұлшықеттің шаншуын сезіну

- жүрек ырғағының бұзылуы және артериялық гипертония

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды пероральді қабылдаған жөн. Магнефар В6 ең дұрысы тамақтан кейін, сұйықтықтың аздаған мөлшерімен қабылдау керек.

  • ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: тәулігіне 3 рет 1 немесе 2 таблеткадан;

  • 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан.

Алдын алу үшін:

  • ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: тәулігіне 1 рет 1 немесе 2 таблеткадан.

Жағымсыз әсері

Өте сирек

- атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы

- жүрек айну және диарея, әдетте өздігінен қайтады

- терінің қызаруы

- аллергиялық реакциялар, оның ішінде терінің қызаруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

- леводопамен, антибиотиктермен бір мезгілде қабылдау («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз)

- диарея

- гипермагниемия (қанда магнийдің жоғары концентрациясында)

- В6 витамині гипервитаминозы (қандағы В6 витаминінің жоғары концентрациясында)

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- айқын артериялық гипотония

- атриовентрикулярлық блокада

- myasthenia gravis (жылдам шаршағыштықпен және қаңқа бұлшықеттері әлсіреуімен сипатталатын жүре пайда болған созылмалы ауру)

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аздау)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мынадай біріктірілімде ұсынылмайды:

- флюорохинолондар мен тетрациклиндер тобының антибиотиктерімен

- пероральді антикоагулянттармен – ең алдымен варфарин туындыларымен,

- фосфатты немесе кальций тұздарымен – темір қосылыстарымен, өйткені бұл ретте олардың аш ішекте сіңуі өзара бәсеңдейді.

Циклосерин, гидралазин, изониазид, пеницилламинді қолдану организмде

B6 витамині құрамының төмендеуіне әкеледі. Ұсынылатын күндізгі қабылдаудан аз ғана асып түсетін дозаларда B6 витамині метаболизмді жеделдетеді және декарбоксилаза тежегіштерінсіз қабылданған L-допаның (Паркинсон ауруы кезінде тағайындалатын препарат) әсерін өзгертеді.

Несеп айдайтын препараттар (фуросемид, этакрин қышқылы) магнийдің несеппен шығарылуын арттырады. Ұзақ қолданылатын калий сақтағыш несеп айдайтын препараттар бүйрек өзекшелерінде магний резорбциясын арттырады және гипермагниемияға әкеледі.

Магний гидроаспарагинатымен бір мезгілде қолданылатын іш жүргізетін дәрілер және асқазан сөлін бейтараптандыратын құрамында магний бар басқа өнімдер әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар тұлғаларда магниймен улану симптомдарын туындатуы мүмкін.

Оймақгүл гликозидтерімен сақтықпен қолдану керек.

Айрықша нұсқаулар

Сақтандырулар

Дәріні аш қарынға қабылдамаған жөн. Ұсынылғкан дозадан асыруға болмайды, мұның диареяның туындауына әкелуі, әрі осы жағдай сақталған болса, өзінің салдары қауіпсіз болмайтын организмнің сусыздануына әкелуі мүмкін. Препаратты ұзақ қолданғанда плазмада магний концентрациясын бақылау қажет.

Педиатрияда. 6 жастан кіші балаларда қолданылатын дәрілік түрлері болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Магний жүктіліктің кез келген мерзімінде тек дәрігердің тағайындауымен қажеттілік туындағанда қолданыла алады.

Әрбір компонент, магний немесе В6 витамині өз алдына лактациямен үйлесімді саналады. Қолжетімді деректердің шектеулі екенін назарға ала отырып, В6 витаминінің лактация кезеңінде ең жоғарғы ұсынылатын дозасы - күніне 20 мг.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрі психофизикалық белсенділіктің бұзылуына әкелмейді және автомобиль басқаратын және қозғалыстағы механизмдермен қызмет көрсететін адамдар қолдануына болады.

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде сирек пайда болады.

Симптомдары: аллергиялық реакциялар, жүрек айну, іштің ауыруы, диарея және организмнің сусыздануы. Артық дозаланудың басқа белгілері: асистолия, брадикардия, ұйқышылдық, кома, гипотензия, бұлшықеттің зақымдануы, бүйрек жеткіліксіздігі, тыныс алудың бұзылуы.

Емі: артық дозаланудың алғашқы белгілерінде құрамында магний бар өнімдерді қабылдауды тоқтату, тыныс алуды демеу қажет. Арнайы у қайтарғысы – кальций глюконаты.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биофарм ЖШҚ

Валбжиска к-сі 13

60-198 Познань

Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Биофарм ЖШҚ, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Adalan» ЖШС

Тимирязев к-сі 42, 23 пав. 202 кеңсе, 050057 Алматы қ.

Тел. + 727 269 54 59; e-mail: reg@adalan.kz

 

 

 

6

 

Прикрепленные файлы

468573781477976700_ru.doc 79 кб
150320491477977834_kz.doc 98 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники