Магнезиум фосфорикум D6 соль доктора Шюсслера №7

Производитель: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель Гмбх и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие разные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020574
Информация о регистрации в РК: 15.05.2014 - 15.05.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Магнезиум фосфорикум D6 доктор Шюсслердің тұзы №7

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: Magnesium phosphoricum trit. D6 - 250 мг;

қосымша заттар: бидай крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар және бір жағында "7" және екінші жағында – "DHU" деп таңбаланған, ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да терапиялық өнімдер.

АТХ коды V03A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қолданылмайды

Фармакодинамика

Магнезиум фосфорикум D6 доктор Шюсслердің тұзы №7 доктор Шюсслердің потенциалды 12 минералды тұздарының бірі болып табылады. Минералды тұздар организмге жасуша функциясын демеп отыруға қажет. Доктор Шюсслердің теориясына сәйкес осы минералдар таралуын реттеудің бұзылуы аурулардың дамуына және дімкәстікке әкелуі мүмкін. Доктор Шюсслердің минералды тұздармен емдеу әдісі организм жасушаларының функционалдық қабілеттілігін минералды тұздар теңгерімін үйлестіре отырып, реттейді.

Магнезиум фосфорикум D6 доктор Шюсслердің тұзы №7 - гомеопатиялық дәрі, бұлшықеттің құрысуы мен ауыруы кезінде қолданылатын минералды тұз болып табылады.

Қолданылуы

- бұлшықеттің құрысуы мен түйілуін, сондай-ақ бұлшықеттің ауыруын, мысалы, асқазан-ішек жолының түйілуін емдеуде, мойын мен иық аумағының миалгиясы кезінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Егер өзге ұсынымдар болмаса, төмендегі дозалау тәртібін пайдаланыңыз:

Емделушінің жасы

Жедел ауру

Созылмалы ауру

12 жастан асқан балалар және ересектер

1 таблетка ең көбі тәулігіне 6 рет

1 таблетка тәулігіне

1-3 рет

6-11 жастағы балалар

1 таблетка ең көбі тәулігіне 4 рет

1 таблетка тәулігіне

1-2 рет

1-5 жастағы балалар

1 таблетка ең көбі тәулігіне 3 рет *

тәулігіне 1 таблетка ++

1 жасқа дейінгі балалар

1 таблетка ең көбі тәулігіне 2 рет*

тәулігіне 1 таблетка ++

* 6 жастан кіші балаларға таблетканы аздаған су мөлшерінде еріту ұсынылады.

++ 1 таблетканы жарты стақан суда ерітіңіз және осы ерітіндіні балаға бір шай қасықпен тәулігіне 1-3 рет беріңіз.

Таблетканы тамақтанудың алдында жарты сағат бұрын немесе одан кейін, оның ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, қабылдаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Құрамында бидай крахмалы болғандықтан, препаратты қолданғанда болуы мүмкін:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары. Мұндай жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- құрамында бидай крахмалының болуына байланысты бидайға аллергиясы бар емделушілерге қолдануға болмайды

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі туралы мәліметтер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Гомеопатиялық дәрілерді қолданған кезде уақытша бастапқы нашарлаудың дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдану кезіндегі арнайы ескертулер мен сақтандыру шаралары

1 таблетканың құрамында 0,021 ХБ болады. Құрамында лактоза моногидраты бар.

Осы препарат құрамында лактоза бар екендігін лактозаны көтере алмаушылығы бар емделушілердің ескергені жөн.

Препарат құрамында бидай крахмалы бар. Бидай крахмалының құрамында глютен болады, бірақ өте аз мөлшерде ғана, сондықтан препарат глютенге сезімтал целиакиясы бар емделушілер үшін қауіпсіз деп саналады.

Жүктілік және лактация

Тек дәрігердің ұсынымы бойынша қолдануға болады.

Балаларда қолданылуы

Бұл препаратты балаларға қолдануға болады (жасына шектеу қойылмайды).

1 жастан кіші балаларға дәрігердің ұсынымы бойынша ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

80 таблеткадан алюминий герметикалық дискісімен бұрандалы пластмасса қақпағы бар қоңыр түсті шыны құтыға салынған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25 ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші және тіркеу куәлігінің иесі

Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ, Германия

Эсклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ, Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

 

Прикрепленные файлы

243716371477976719_ru.doc 54 кб
114536141477977872_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники