Магне В6®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
МАГНЕ B6®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 470 мг магний лактат дигидраты
(48 мг магнийге баламалы), 5 мг пиридоксин гидрохлориді
қосымша заттар: сахароза, ауыр каолин, мамыргүл шайыры, карбомер 35000 мПа.с, тальк, магний стеараты,
қабықтың құрамы: акация шайыры, сахароза, титанның қостотығы (Е 171), карнауб балауызы, тальк.
Сипаттамасы
Сопақ пішінді, тегіс, жылтыр, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар. Магний препараттары. Әр түрлі магний тұздарының біріктірілімі АТХ коды А12СС30
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Магний тұздарының асқазан-ішекте сіңуі басқалардың арасында тұздың ерігіштігі айқындаушы фактор болып табылатын бәсең механизмді қозғайды. Асқазан-ішек жолынан магний тұздарының сіңуі 50%-дан аспайды. Олар организмнен негізінен несеп арқылы шығарыла алады. Фармакодинамикасы
Магний негізінен жасушаішілік катион болып табылады. Нейрондардың қозғыштығын және жүйке-бұлшықеттік өткізгіштік жылдамдығын төмендетеді, көптеген ферментативтік үдерістерге қатысады. Магний организмнің алмастырылмайтын құрамдас элементі болып табылады, организмдегі магний қоры мөлшерінің жартысы сүйек тіндерінде болады.
Клиникалық деректер: магнийдің сарысудағы деңгейлері:
- 12 мен 17 мг/л арасы (1 – 1,4 мЭкв/л немесе 0,5 – 0,7 ммоль/л) магний тапшылығының орташа екендігін көрсетеді;
-
12 мг/л төмен (1 мЭкв/л немесе 0,5 ммоль/л) магний тапшылығының ауыр екендігін көрсетеді.
Магний тапшылығы мынадай болуы мүмкін:
- бастапқы, метаболизмнің туа біткен патологиясы салдарынан (туа біткен созылмалы гипомагниемия),
-
салдарлы, сыртқы заттардың талапқа сай емес (ұзақ уақыт тоя тамақ ішпеу, алкоголизм, біржақты парентеральді қоректендіру), асқазан ішек сіңуінің бұзылуларына (созылмалы диарея, асқазан-ішектік жыланкөздер, гипопаратиреоидизм) немесе бүйректік деңгейдегі артық мөлшерлі жоғалуларға орай (өзекшелер ақауы, айқын полиурия, диуретиктерді шамадан тыс қолдану, созылмалы пиелонефрит, алғашқы гиперальдостеронизм, цисплатинмен емдеу).
Сондай-ақ, магний тапшылығы магнийге қажеттілік ұлғайған кезде орын алуы мүмкін (дене және ақыл-ой жүктемесінің жоғарылауы, стресс, жүктілік, диуретиктерді қолдану кезінде).
Пиридоксин (В6 витамині) кофермент ретінде организмнің көптеген метаболикалық үдерістерінде жүйке жүйесі қызметін реттеуге қатысады. Магнийдің ішек жолында анағұрлым жылдам қорытылуына, жасуша ішіне енуі мен оның деңгейін ұстап тұруға ықпал етеді.
Қолданылуы
-
Магнийдің анықталған, оқшауланған немесе астасқан тапшылығында.
Келесі белгілердің бірігуі магний тапшылығын айғақтай алады:
- жүйкенің тозуы, ашушаңдық, жеңіл үрейлену ахуалдары, өтпелі шаршаңқылық, ұйқының аздаған бұзылулары
- асқазан-ішектің түйілуі немесе жүрек соғуының жиілеуі сияқты үрей нышандары (жүрек жағынан қандай да бір патологиясыз)
- бұлшықеттік құрысулар, бұлшықеттердің шаншуын сезіну
Қолдану тәсілі және дозалары
Дозалануы
Тек ересектер мен 6 жастан асқан балалар үшін.
Ересектер: күніне 6-8 таблеткадан, оларды тамақтану кезінде 2-3 қабылдауға бөліп.
Балалар: тәулігіне 10 - 30 мг/кг (тәулігіне 0,4 – 1,2 ммоль/кг), яғни 6 жастан асқан балаларға (салмағы 20 кг жуық) күніне 4 - 6 таблеткадан, оларды тамақтану кезінде 2-3 қабылдауға бөліп.
Емдеуді қандағы магний деңгейі қалыптанғаннан кейін тоқтату керек.
Енгізу тәсілі
Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды бір стақан сумен іше отырып, бүтіндей жұту керек.
Жағымсыз әсерлері
- диарея
- абдоминальді ауыру
- тері реакциялары
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз)
- леводопамен бір мезгілде қабылдау
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қарсы көрсетілімді біріктірілімдер
- леводопамен бір мезгілде тағайындамаған дұрыс, егер осы препаратты қабылдау шеткергі допа-декарбоксилазаның тежегіштерін қабылдаумен үйлеспесе, леводопаның белсенділігі тежеледі. Егер леводопамен бір мезгілде шеткергі допа-декарбоксилазаның тежегіштері тағайындалмаса, құрамында пиридоксин бар кез келген препаратты қабылдамаған жөн.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
- Фосфат немесе кальций тұздары
Бұл өнімдер магнийдің аш ішекте сіңуін бәсеңдетеді.
Назарға алынуға тиісті біріктірілімдер
- Ішу арқылы тағайындалған тетрациклиндер
Ішу арқылы қабылданатын тетрациклин мен магнийдің арасында екі сағаттан кем емес аралық сақталу қажет, өйткені магний тетрациклиндердің асқазан-ішектік сіңірілуін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Сақтандырулар
Жеткіліксіздіктің ауыр түрімен ауыратын науқастарды емдеуді препаратты көктамыр ішіне енгізуден бастаған жөн. Бұл сіңудің бұзылуымен зардап шегуші науқастарға да ұсынылады. Гипокальцемияны емдеуге кіріспес бұрын магний жеткіліксіздігін түзету ұсынылады.
Бұл препарат құрамында сахароза болғандықтан, оны фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза және галактоза сіңуінің бұзылу синдромы немесе сахараза және изомальтаза тапшылығы бар емделушілерге қолдануға болмайды.
Сақтандыру шаралары
Бұл дәрілік препарат ересектерге және 6 жастан асқан балаларға арналған.
6 жастан кіші балалар үшін анағұрлым оңтайлы дәрілік түрі де бар.
Орташа бүйрек жеткіліксіздігінде гипермагниемиямен байланысты қауіптен сақтану мүддесінде сақтық таныту керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қажет болғанда магний жүктіліктің кез келген мерзімінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолданыла алады.
Әрбір компонент, магний немесе В6 витамині өз алдына лактациямен үйлесімді саналады. Қолжетімді деректердің шектеулі екенін назарға ала отырып, В6 витаминінің лактация кезеңінде ең жоғарғы ұсынылатын дозасы - күніне 20 мг.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қолданылмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: Ішу арқылы қабылдау жолымен магниймен артық дозалану әдетте бүйрек қызметі қалыпты науқастарда уыттану реакцияларына әкелмейді. Уыттану әсерлері қандағы магнийдің деңгейіне байланысты, олардың симптомдары мынадай:
- қанның артериялық қысымының түсіп кетуі
- жүрек айнуы, құсу
- ОЖЖ бәсеңдеуі, рефлекстердің бұзылуы
- ЭКГ патологиялық өзгерістері
- тыныс алудың тарылуы, кома, жүректің тоқтап қалуы және тыныстық салдану
- анурия
Емі: регидратация, қарқынды диурез. Бүйрек жеткіліксіздігінде гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет.
Шығарылу түрі
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Санофи Винтроп Индустрия, Франция
Орналасқан мекенжайы: 1 Rue de la Vierge, Ambares, ФРАНЦИЯ
Тіркеу куәлігінің иесі
санофи-авентис франс, ФРАНЦИЯ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы, Қонаев к-сі, 21Б
телефон: 8-727-244-50-96
факс: 8-727-258-25-96
e-mail: quality.info@sanofi.com
5