Маалокс® (таблетки жевательные)

МНН: Алюминия гидроксид, Магния гидроксид
Производитель: Санофи-Авентис С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Стандартные комбинации соединений
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013767
Информация о регистрации в РК: 14.03.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Маалокс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 400,0 мг алюминий гидроксиді (алюминий тотығына баламалы 200,0 мг), 400,0 мг магний гидроксиді,

қосымша заттар: крахмал қосылған сахарозадан алынған ұнтақ**, сорбитол, маннитол, натрий сахаринаты, магний стеараты, жалбыз дәмі бар хош иістендіргіш, бұрыш ұнтағы, сахароза.

** - құрамында 3% крахмал бар кондитерлік қант

Сипаттамасы

Дөңгелек, жалпақ, екі жағында да ойығы және “MX” өрнегі бар, жалбыздың иісі бар шайнайтын таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қышқылдылықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Алюминий, кальций және магний препараттарының біріктірілімі. Тұздардың қарапайым үйлестірілімі.

АТХ коды A02AD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Магний гидроксиді және алюминий гидроксиді АІЖ нашар сіңеді.

Еритін алюминий тұздарының елеусіз мөлшері асқазан-ішек жолына сіңеді, содан соң несеппен шығарылады. Сіңірілген магний де несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препарат бос тұз қышқылын бейтараптандырады, бұл асқазан сөлі белсенділігінің азаюына әкеледі. Салдарлы гиперсекрецияны туындатпайды. Сондай-ақ шырышты қабықты зақымдайтын факторлардың ықпалын азайта отырып, сіңірілу және бүркемелеу әсерін береді.

Қолданылуы

- ересектер мен 15 жастан бастап балалардағы қыжыл және қышқыл кекірікте

Қолдану тәсілі және дозалары

15 жастан асқан балалар мен ересектер:

Қыжыл және қышқылды кекіру кезінде 1-2 таблеткадан сору немесе шайнау керек.

Күндік дозасының ең жоғары мөлшері: 6 доза (1 дозаның құрамында 1-2 таблетка болуы мүмкін; демек, 6 доза х 1-2 таблетка = күніне 6 - 12 таблеткадан).

Күніне 12 таблеткадан артық қабылдамау керек.

Маалокспен 10 күн емдеуден кейін симптомдары сақталып қалса немесе олар күшейсе, себебін анықтау және емдеуді қайта қарастыру қажет.

Жағымсыз құбылыстар

- асқазан-ішек жолындағы транзиттің бұзылуы (іш өтуі немесе іштің қатуы)

- бұл препараттың құрамында алюминий болуына байланысты, препаратты ұзақ уақыт қолданғаннан немесе жоғары дозаларынан кейінгі гипофосфатемия.

Гипофосфатемияның жеңіл түрі симптомсыз жүреді, айқын түрі сүйектердің зақымдануына алып келеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің қандай да біреуіне жоғары сезімталдық

- препарат құрамында магний мен алюминий бар болғандықтан, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (KK < 30 мл/мин/1,73м2)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антацидтермен бір мезгілде қолданғанда басқа дәрілік препараттардың асқазан-ішек сіңуінің төмендегені білінген. Сақтық үшін антацидтер және басқа да препараттарды қабылдаулар арасындағы аралыққа жол беріледі. Мүмкіндігінше, Маалокс® және ацетилсалицил қышқылы, антисекреторлық Н2 антигистаминдік препараттар, атенолол, бифосфонаттар, натрий сульфонаты катиониті, хлорохин, циклиндер, оймақгүл гликозидтері, этамбутол, фексофенадин темір (тұздары), фтор, фторхинолондар, глюкокортикоидтар, гидрокортизон-орынбасу емін қоспағанда (преднизолон мен дексаметазон үшін сипатталады), тироидтық гормондар, индометацин, изониазид, кетоконазол (асқазандағы рН жоғарылығына байланысты кетаконазолдың асқазан-ішектен сіңірілуі төмен), лансопразол, линкозамидтер, метопролол, фенотиазиндік нейролептиктер, фосфор (қоспалар), пропранолол, сульпиридті қабылдау арасында 2 сағаттан астам уақыт аралығы болуы тиіс.

Ескерілуі қажет үйлестірілімдер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емдеушілерде цитраттармен бірге қабылдау қандағы алюминий деңгейін арттыруы мүмкін.

Улипристал: улипристалдың әсері сіңірілуінің азаюы нәтижесінде төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Науқастар мына жағдайларда дәрігермен қаралуы тиіс:

- дене салмағының төмендеуі

- жұтынудың қиындауы және іштегі сақталған жайсыздық сезімі

- алғаш пайда болған асқорыту бұзылыстары немесе асқорыту бұзылыстарында таяуда болған өзгерістер

- бүйрек жеткіліксіздігі.

Қолдану кезіндегі сақтық шаралары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе созылмалы диализдегі науқастар жағдайында, препараттағы алюминий және магний құрамын ескеру керек. Осы заттардың жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдау энцефалопатияға, деменцияға, микроцитарлық анемияға алып келуі немесе диализден туындаған остеомаляцияны нашарлатуы мүмкін.

Алюминий гидроксидін қабылдау порфириясы бар, гемодиализдегі емделушілер үшін қауіпті болуы мүмкін.

Құрамында сорбитол болғандықтан, фруктозаны көтере алмаушылығы (сирек тұқым қуалайтын ауру) бар емделушілерге ұсынылмайды.

Егер емдеу кезінде симптомдары 10 күн бойы сақталса немесе нашарлауы байқалса, қосымша тексеру және емдеу тактикасын қайта қарастыру қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде цитраттармен бір мезгілде қабылдау плазмадағы алюминий деңгейінің артуына алып келуі мүмкін

(«Басқа дәрілік өнімдермен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің өзге де түрлерін» қараңыз).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде препаратты тек қажет болған жағдайда ғана қолдануға болады. Маалокс қолдану жүктілік кезіндегі мүмкіндігін дәрігер жекелей шешеді. Препараттың ұзақ уақыт және жоғары дозаларда қабылдануын болдырмау керек. Емдеу кезінде бала емізуді жалғастыра беруге болады.

Бұл дәрілік препараттың құрамында алюминий немесе магний иондары бар, олар тамақтың асқазан-ішек жолы бойымен тасымалдануына әсер етуі мүмкін, демек ескерілуі тиіс. Магний гидроксид тұздары диарея туғызуы мүмкін. Алюминий тұздары жүктілік кезінде жиі байқалатын іштің қатуын туындатуы мүмкін. Бұл дәрілік препаратты ұзақ уақыт бойы және жоғары дозада қабылдамауға тырысу керек. Емдеу кезінде бала емізуді жалғастыра беруге болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Магнийдің пероральді артық дозалануы бүйрегі қалыпты жұмыс істейтін емделушілерде уыттылық реакциясын туындатпайды. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде магниймен уланудың дамуы мүмкін (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

Уыттылық әсері сарысудағы магний концентрациясына байланысты. Уыттылықтың әсерінің белгілері мынадай болып табылады: қан қысымының төмендеуі, жүрек айну, құсу, бас айналу, рефлекстердің төмендеуі, бұлшықеттің шаршауы, нейробұлшықеттің салдануы, брадикардия, ЭКГ бұзылуы, гиповентиляция, анағұрлым күрделі жағдайларда тыныс алудың салдануы, кома, бүйректің жұмыс істемей қалуы немесе жүректің тоқтап қалуы, ануриялық синдром.

Магнийдің артық дозалануының емі: гипермагнезиемия әсерлерін көктамыр ішіне кальций глюконатын қабылдау жолымен жоюға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/қаптаушы

Санофи-авентис С.П.А., Италия

SS 17 KM 22 – 67019 SCOPPITO (AQ), Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

Санофи-авентис С.П.А., Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050013 Алматы қ., Фурманов к-сі 187 «б»

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-25-96

e-mail:  quality.info@sanofi.com

 

Прикрепленные файлы

752837051477976825_ru.doc 53.5 кб
610116991477977995_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники