Люмидин (150 мг)

МНН: Ламивудин
Производитель: Лок-Бета Фармасьютикалс (I) Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamivudine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019855
Информация о регистрации в РК: 02.05.2013 - 02.05.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 111.72 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Люмидин-150

Люмидин-300

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламивудин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 150 мг, 300 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –150 мг немесе 300 мг ламивудин

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, повидон, изопропил спирті, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, натрий крахмалының гликоляты, тазартылған тальк, магний стеараты,

қабығының құрамы: гипромеллоза (150 мг доза үшін), повидон 30, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е172) (150 мг доза үшін), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172) (300 мг доза үшін), метиленхлорид, изопропил спирті.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (150 мг доза үшін).

Каплет пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (300 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер - кері транскриптаза тежегіштері. Ламивудин.

ATХ коды J05AF05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ламивудин асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жақсы сіңеді. Ламивудин биожетімділігі ересектерде ішке қабылдағаннан кейін әдетте 80-85% құрайды. Ламивудиннің сарысудағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты (ТC max) 1 сағатқа жуық құрайды. Ламивудин емдік дозаларда ( 12 сағат аралықпен 2 қабылдауға 4 мг/кг/тәулік) тағайындалғанда ең жоғары концентрациясы (Cmax) 1-1.9 мкг/мл құрайды.

Ламивудинді тамақпен бірге қабылдау ТCmax-ты ұзартады және Cmax-ты 47% төмендетеді, алайда жалпы сіңірілу дәрежесіне («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы - AUC негізінде есептелген) әсер етпейді, сондықтан ламивудинді тамақпен қабылдағанда дозаны реттеу қажет емес.

Дозалардың емдік ауқымында ламивудин дозаға байланысты фармакокинетика иеленеді және плазма ақуыздарымен мардымсыз дәрежеде байланысады (35%).

Ламивудин орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) және жұлын сұйықтығына (ЖС) өтеді. Ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң ликвордағы ламивудин концентрациясының сарысудағы концентрациясына арақатынасы шамамен 1:8 құрайды.

Ламивудин көбінесе бүйрекпен (70%-дан астам) белсенді өзекшелік сөлініс жолымен, сондай-ақ бауырдағы метаболизм арқылы, өтпен (10%-дан аз) шығарылады.

Ламивудиннің белсенді түрі - жасушаішілік ламивудин трифосфаты, оның плазмадан шығатын Т1/2 5-7 сағатпен салыстырғанда, жасушалардан 16-19 сағатқа созылатын ұзақ жартылай шығарылу кезеңін иеленген.

Тепе-тең жағдайда тәулігіне бір рет 300 мг доза қабылдаған кездегі ламивудиннің фармакокинетикалық параметрлері жасушаішілік фосфатқа тән AUC24 пен Cmax көрсеткіштері бойынша тәулігіне 2 рет 150 мг доза қабылдаған кездегі осындай мәндерге баламалы.

Балалардағы фармакокинетикасы

Балалардағы ламивудин фармакокинетикасы ересектердегі осындайымен ұқсас, 12 жасқа толмаған балаларда абсолютті биожетімділігі ғана (55-65%) төмен. Жасы кіші балалардағы жүйелік клиренсі жоғары және 12 жасқа қарай біртіндеп төмендейді. Осы айырмашылықтарды ескеріп, 3 айдан асқан және салмағы 30 кг-ден аз балаларға ұсынылатын дозасы күніне 2 рет 4 мг/кг-ге тең, осындай доза тұсындағы AUC0-12 – 3800-5300 нг∙cағ./мл. 6 жасқа толмаған балалардағы экспозициясы, балалардың басқа жас топтарымен салыстырғанда, 30% төмен.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілердегі фармакокинетикасы

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде плазмадағы ламивудин концентрациясы оның организмнен шығарылуының баяулауына орай жоғарылаған. Креатинин клиренсі (КК) 50 мл/мин аз науқастарға ламивудин дозасын азайту қажет.

Орташа және ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілердегі фармакокинетикасы

Орташа және ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде ламивудин қолдану жөніндегі деректер бауыр қызметі бұзылуының ламивудин фармакокинетикасына онша ықпал етпейтінін айғақтайды. Фармакодинамикасы

Люмидин-150 немесе Люмидин-300 АИВ-1 және АИВ-2 репликациясын таңдамалы тежеу тиімділігі жоғары вирусқа қарсы препарат.

Ламивудин жасушаішілік киназалармен 5М'-трифосфатқа (ТФ) дейін біртіндеп метаболизденеді. Ламивудин-ТФ АИВ кері транскриптазасына тән субстрат және осы ферменттің бәсекелес тежегіші болып табылады. Препараттың вирусқа қарсы белсенділігі оның монофосфатты түрінің вирустық ДНҚ тізбегіне қосылуымен жүзеге асады, соның нәтижесінде тізбектің үзілуі болады. Ламивудин трифосфаты адам жасушаларының ДНҚ-полимеразаларымен тектестігі едәуір аз болып келеді.

Ламивудинге АИВ-1 төзімділігінің даму себептерінің бірі - АИВ кері транскриптазасының белсенді бөлігімен тығыз байланысты вирустық геномның M184V локусында өзгерістердің пайда болуы. M184V мутациялары бар АИВ-1 штаммдары in vitro ретінде де, ламивудин қамтылатын біріктірілген антиретровирустық ем алатын науқастардың организмінде де пайда болуы мүмкін. Вирустың мұндай штаммдары ламивудинге төмен сезімталдығымен және in vitro репликациясына әлсіз қабілеттілігімен сипатталады. In vitro зидовудинге төзімді АИВ штаммдары ламивудинге төзімділік бір мезгілде дамыған жағдайда оған сезімтал болып кетеді. Осы құбылыстың клиникалық мәні анықталмаған.

M184V локусында болатын мутациялар кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерінің тобындағы препараттарға ғана АИВ айқаспалы төзімділігінің туындауына алып келеді. Зидовудин мен ставудин ламивудинге төзімді АИВ-1 штаммдарына қатысты өз белсенділігін сақтайды. Абакавир ламивудинге төзімді M184V мутациясын иеленетін АИВ-1 штаммдарына қатысты антиретровирустық белсенділігін сақтайды. M184V мутациялары бар АИВ штаммдарында диданозин мен залцитабинге сезімталдықтың 4 еседен көп емес төмендеуі білінеді, бұл құбылыстың клиникалық мәні анықталмаған.

Клиникалық зерттеулер деректеріне сай, зидовудинмен біріктіріп Люмидин-150 немесе Люмидин-300 қолдану қандағы АИВ-1 вирустық жүктемесін азайтады және CD4-лимфоциттер мөлшерін көбейтеді. Люмидин-150 немесе Люмидин-300 зидовудинмен немесе зидовудинмен және басқа препараттармен біріктірілгенде АИВ жұқпасының үдеу және өліммен аяқталу қаупін едәуір төмендетеді. Ламивудин алған науқастардан бөлініп шыққан АИВ штаммдарында ламивудинге сезімталдықтың in vitro төмендегені білінді.

Люмидин-150 немесе Люмидин-300 және зидовудинмен біріктіріп емдеу бұрын антиретровирустық ем алмаған емделушілерде зидовудинге төзімді АИВ штаммдарының пайда болуын бөгейді. Ламивудин кері транскриптазаның өзге нуклеозидті тежегіштерімен немесе басқа топтардағы препараттармен (протеаза тежегіштері, нуклеозидті емес кері транскриптаза тежегіштері) үйлестірілімді біріктірілген антиретровирустық емнің компоненті ретінде кеңінен таралған.

Люмидин-150 немесе Люмидин-300 қамтылатын біріктірілген антиретровирустық емнің M184V локусындағы мутациялары бар АИВ штаммдарына қатысты тиімді болатыны көрсетілген.

Қолданылуы

- біріктірілген антиретровирустық ем құрамында АИВ жұқпасын емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Ас ішуге байланыссыз ішке қабылданады. Таблеткаларды шайнамастан жұтып жіберген жөн. Таблетканы бүтін жұту мүмкін болмаса, таблетканы ұсақтап, оны сұйық немесе жартылай сұйық тамақпен араластырып, әзірлегеннен кейін бірден қабылдау ұсынылады.

Люмидин-150 немесе Люмидин-300 монотерапия ретінде қолданылмайды, зидовудинмен біріктірілген ем құрамында қолданылады.

Ересектерге және дене салмағы 30 кг-ден көп 12 жастан асқан жасөспірімдерге ұсынылатын доза тәулігіне 300 мг құрайды. Тәулігіне 2 рет 150 мг немесе тәулігіне 1 қабылдауға 300 мг тағайындауға болады.

Бүйрек қызметі орташа және ауыр дәрежеде бұзылған емделушілерде плазмадағы ламивудин концентрациясы ламивудин клиренсінің төмендеуі салдарынан жоғарылаған. Сондықтан 50 мл/мин аз креатинин клиренсінде препарат дозасын төменде ұсынылған кестеде көрсетілгендей азайту қажет. Бүйрек қызметі бұзылған балаларда препарат дозасын дәл ересектердегідей креатинин клиренсінің (КК) мәніне қарай төмендету сызбасы ұсынылады.

Ересектердегі және дене салмағы 30 кг-ден көп жасөспірімдердегі бүйрек жеткіліксіздігі кезінде креатинин клиренсіне қарай дозаны іріктеу

Креатинин клиренсі

(мл/мин)

Старттық доза

Демеуші доза

30 – < 50

150 мг

тәулігіне 1 рет 150 мг

5 – < 30

150 мг

тәулігіне 1 рет 150 мг

< 5

50 мг (5 мл)

Басқа дәрілік түр – ішке қабылдауға арналған ерітінді қолдану қажет

Орташа және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде, егер тек бауыр қызметінің бұзылуы бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүрмесе, Люмидин-150 (Люмидин-300) дозасын азайту қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- қан сарысуындағы сүт қышқылы концентрациясының жоғарылауы

- бас ауыру, ұйқысыздық

- тәбеттің төмендеуі, эпигастрий аумағындағы ауыру және жайсыздану, жүрек айну, құсу, диарея

- бөрту, алопеция

- миалгия, артралгия, рабдомиолиз

- жөтел, тыныс алу жолдарының жұқпалары, ринорея, мұрынның қышуы, түшкіру

- шаршау сезімі, дімкәстану, қызба

Жиі емес

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

Кейде

- бауыр трансаминазалары белсенділігінің, креатинкиназа деңгейінің транзиторлы жоғарылауы

- бауырдың майлы дистрофиясы, гепатомегалия

Сирек

- сүт қышқылды ацидоз

- май тінінің қайта таралуы/жиналуы (осы жағымсыз әсер жиілігі көптеген факторларға, соның ішінде антиретровирустық препараттардың нақты біріктіріліміне байланысты)

- гепатит, панкреатит (осы асқынудың ламивудин емімен байланысы дәлелденбесе де), сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы

- рабдомиолиз

Өте сирек

- парестезиялар

- шеткергі нейропатия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі

- нейтропения

- 12 жасқа толмаған және дене салмағы 30 кг-ге дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Ламивудин организмнен көбінесе органикалық катиондарды тасымалдау жүйесі арқылы белсенді өзекшелік сөлініс жолымен шығарылады. Ламивудиннің шығарылу механизмі дәл осындай препараттармен, мысалы, триметоприммен өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру керек. Басқа да препараттар (мысалы, ранитидин, циметидин) организмнен аталған механизм көмегімен ішінара ғана шығарылады және ламивудинмен өзара әрекеттеспейді.

Көбінесе органикалық аниондар тасымалы арқылы белсенді өзекшелік сөлініс жолымен немесе шумақтық сүзілу арқылы шығарылатын препараттар, көрінісі бойынша, ламивудинмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуге түспейді.

Ламивудин мен зидовудин бір мезгілде қолданылғанда плазмада зидовудин Сmax (28%) орташа ұлғаюы байқалады, бұл орайда соңғысында AUC онша өзгермейді. Зидовудин ламивудин фармакокинетикасынɑ әсер етпейді. Ламивудин мен триметопримді бір мезгілде қабылдау плазмадағы ламивудин концентрациясының 40% ұлғаюына алып келеді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде Ко-тримосазол мен ламивудинді бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет.

Ламивудин бір мезгілде қабылдаған кезде зальцитабиннің жасушаішілік фосфорлануын бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан ламивудинді зальцитабинмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Люмидин-150 (Люмидин-300) немесе басқа антиретровирустық препараттар алатын емделушілерде оппортунистік жұқпалар немесе өзге де асқынулар дамуы мүмкін, сондықтан олар АИВ жұқпасын емдеу тәжірибесі бар дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс. Ламивудин алған емделушілерде панкреатит дамыған бірнеше жағдайлар болды. Алайда, осы асқынуды препараттың туындатқаны немесе оның АИВ жұқпасының өзінен болғаны түсініксіз күйінде қалды. Люмидин-150 (Люмидин-300) алатын емделушіде іштің ауыруы, жүрек айну, құсу немесе биохимиялық көрсеткіштердің сипаттас өзгерістері пайда болғанда панкреатиттің бар-жоғын анықтау керек. Панкреатит диагнозы жоққа шығарылғанша препарат қабылдауды тоқтата тұрған дұрыс.

Бүйрек қызметі орташа және ауыр дәрежеде бұзылған емделушілерде плазмадағы ламивудин концентрациясы препарат клиренсінің төмендеуі салдарынан жоғарылаған, сондықтан дозаны реттеу қажет. Нуклеозидтер аналогтары тобынан антиретровирустық препараттарды монотерапия ретінде немесе ламивудинмен біріктіріп қабылдаған АИВ жұқтырған емделушілерде (көбінесе әйелдерде) әдетте айқын гепатомегалиямен және бауырдың майлы дистрофиясымен қатар жүрген, соның ішінде өліммен аяқталған лактацидоз жағдайлары сипатталған.

Лактацидоз дамуын көрсететін белгілерге жалпы әлсіздік, тәбеттен айрылу, дене салмағын күрт түсініксіз жоғалту, АІЖ және тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар (ентігу) жатады.

Люмидин-150 (Люмидин-300) емі әр уақытта, әсіресе, емделушіде бауыр аурулары дамуының қауіп факторлары болғанда сақ болуды талап етеді. Лактацидоз немесе бауыр қызметі бұзылуының клиникалық немесе зертханалық белгілері (гепатомегалия және бауырдың майлы дистрофиясын қоса, тіпті бауыр трансаминазалары деңгейінің айқын жоғарылауы болмаса да) пайда болған жағдайда Люмидин-150 (Люмидин-300) қабылдауды тоқтату керек.

Кейбір емделушілерде біріктірілген антиретровирустық ем теріасты-май тінінің қайта таралуымен/жиналуымен, соның ішінде шеткергі май тіні мөлшерінің азаюымен және висцеральді май көбеюімен, аяқ-қол мен беттің жүдеуімен, сүт бездерінің үлкеюімен және мойын мен арқаның артқы беткейіне май жиналуымен («буйвол өркеші»), сондай-ақ сарысуда липидтер концентрациясының және қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Липодистрофия синдромының шығу тегі көп факторлы екенін атап өту керек; мысалы, АИВ жұқпасының сатысы, егде жас және антиретровирустық ем ұзақтығы осы асқынудың дамуында маңызды, мүмкін, синергиялы рөл атқарады.

Емделушілерді клиникалық тексеруден өткізгенде май тінінің қайта таралуының физикалық белгілері бағалануы тиіс. Сарысудағы липидтер концентрациясы мен қандағы глюкоза деңгейін де өлшеген жөн. Липидтік алмасу бұзылуларын, олардың клиникалық көріністеріне сүйеніп, ретке келтіру қажет.

Иммунитеттің қайта белсенділену синдромы: иммунитет тапшылығы ауыр АИВ жұқтырған емделушілерде антиретровирустық ем (APЕ) басталған кезде белгісі білінбейтін немесе баяу өтетін оппортунистік жұқпадан болатын қабыну үдерісінің өршуі мүмкін, бұл жағдайдың күрделі нашарлауына немесе симптоматиканың ауырлай түсуіне себеп болады. Әдетте, осыған ұқсас реакциялар APЕ басталғаннан кейінгі алғашқы апталар мен айларда байқалды. Кез келген қабыну белгілерін шұғыл анықтап, дереу емдей бастау қажет.

АИВ және В гепатиті вирусынан болатын қосылымды жұқпасы бар кейбір емделушілерде Люмидин-150 (Люмидин-300) тоқтатылғаннан кейін гепатит қайталануының клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болады, бұл бауыр қызметі қалпына келмесе ауыр зардапты болуы ықтимал. Мұндай емделушілерде Люмидин-150 (Люмидин-300) емі аяқталғаннан кейін бауыр қызметінің биохимиялық көрсеткіштерін және В гепатиті вирусы репликациясының маркерлерін қадағалау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне тигізетін әсері анықталмаған.

Артық дозалануы

Люмидин-150 (Люмидин-300) артық дозалануының қандай да бір спецификалық белгілері мен симптомдары анықталмаған.

Емі белгісіне қарай, асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір тағайындау, қарқындатылған диурез, өмірлік маңызды қызметтерге мониторинг жасау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 3 немесе 10 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Лок-Бета Фармасьютикалс (I), Пвт.Лтд, Үндістан

Корпорайт Центр, Нирмал, Лайфстаил,

Л. Б. C. Марг, Мулунд (W), Мумбай – 400 080, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Лок-Бета Фармасьютикалс (I), Пвт.Лтд, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Гоголь к-сі, 86

«ABMG Expert» ЖШС

т. 2508-445

Прикрепленные файлы

502530061477976965_ru.doc 74 кб
534915711477978137_kz.doc 96 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники