Люголя раствор с глицерином (25 мл, ТОО Шаншаров-Фарм)

МНН: Йод, Калия йодид
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты йода
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009434
Информация о регистрации в РК: 22.08.2016 - 22.08.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 77 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Люголь ерітіндісі глицеринмен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл ерітінді

Құрамы

100 г ерітінді құрамында

белсенді зат: йод -1,0 г

қосымша заттар: калий йодиді, глицерин, тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір, йод иісі бар қызыл-қоңыр-түсті шәрбат тәрізді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Йод препараттары.

ATХ коды D08AG

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері және ауыз қуысы шырышты қабығы арқылы йодтың сіңуі елеусіз. Шырышты қабықтармен жанасқан кезде 30% йодидқа айналады.

Байқаусызда жұтып қойғанда йод жылдам сіңеді. Сіңірілген бөлігі ағзалар мен тіндерде жақсы сіңеді. Ең алдымен бүйрек, аз дәрежеде ішек және тер арқылы шығады.

Емшек сүтіне өтеді.

Фармакодинамикасы

Негізгі әсер етуші заты антисептикалық және жергілікті тіркендіруші әсер беретін молекулалық йод болып табылады.

Грамтеріс және грамоң флораларға қатысты бактерицидті әсер етеді, сондай-ақ патогенді зеңдерге (оның ішінде ашытқыларға) әсер етеді; Staphylococcus spp. йодқа төзімділігі, алайда препаратты ұзақ қолданған кезде 80 % жағдайда стафилококктық флораны бәсеңдеткені байқалды; Pseudomonas aeruginosa препараттың әсеріне төзімді. Терінің ауқымды беткейіне және шырышты қабығына жаққанда йод резорбциялық әсер байқатқан: Т3 және Т4 синтезіне қатысады.

Құрамына кіретін калий йодиді йодтың суда еруін жақсартады, ал глицерол жұмсартатын әсерге ие.

Қолданылуы

Жұтқыншақ пен көмей шырышты қабықтарының қабыну ауруларында (созылмалы ларингит, тонзиллит, фарингит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. 5-10 тамшыдан (препаратты сұйылтпастан) көмей, жұтқыншақ шырышты қабықтарына күніне 2 рет жағу үшін қолданылады. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • йодизм құбылыстары дамуы мүмкін (тұмау, есекжем, Квинке ісінуі, жастың ағуы, сілекейдің ағуы, безеулі бөртпе).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • гипертиреоз

  • өкпе туберкулезі

  • геморрагиялық диатездер

  • бауыр мен бүйректің ауыр түрдегі аурулары

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий тиосульфат йодтың белсенділігін жояды.

Препарат құрамындағы йод металлдарды тотықтырады.

Фармацевтикалық тұрғыдан эфир майымен, аммиак ерітіндісімен үйлесімсіз.

Сілтілік немесе қышқыл орта, майлардың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық белсенділікті әлсіретеді.

Препарат ішке түскен жағдайда қалқанша бездің функциясын бәсеңдететін дәрілік заттың әсерін төмендетуі ықтимал, сондай-ақ қалқанша без функциясының көрсеткіштері өзгеруі мүмкін.

Йод препараттары асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына кейбір дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Йод емшек сүтіне өтеді және емшек еметін балаларда қалқанша безінің функциясына зор әсер етуі мүмкін.

Күннің жарығы және 40 ºС-ден жоғары температура белсенді йодтың ыдырауын жылдамдатады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Препараттың автокөлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жоғарғы тыныс алу жолдарының тітіркенуі (күю, ларинго және бронхоспазм); ішке түскен кезде – асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, гемолиз, гемоглобинурия.

Емі: натрий тиосульфатының 0,5 % ерітіндісімен, натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен асқазанды шаю, көктамыр ішіне 30 % натрий тиосульфаты – 300 мл-ге дейін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпақпен жабылған, бұрама мойны бар қызыл-сары шыныдан жасалған құтыдағы препарат 25 мл.

Құтылар картоннан жасалған қорапқа немесе бумалар мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б.Бұлқышев к-сі, 4Е

Тіркеу куәлігінің иесі

Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б.Бұлқышев к-сі, 4Е

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б.Бұлқышев к-сі, 4Е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

Прикрепленные файлы

324451101477976156_ru.doc 43.5 кб
801489571477977445_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники