Лотадрин

Производитель: Варшавский фармацевтический завод Польфа АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Искусственные слезы и прочие индифферентные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019326
Информация о регистрации в РК: 06.11.2012 - 06.11.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Лотадрин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

14 мг/мл, 5 мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар – 14.0 мг поливинил спирті,

қосымша заттар: натрий гидрофосфат додекагидраты, натрий дигидрофосфат моногидраты, натрий хлориді, бензалконий хлоридінің ерітіндісі*, тазартылған су.

* - 0.1 мг 100% бензалконий хлоридіне сәйкес келеді

Сипаттамасы

Ерімейтін бөлшектері жоқ, түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жасанды көз жасы және басқа да индифферентті препараттар.

АТХ коды S01XA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Конъюнктивальді қапқа жергілікті қолданылатын препарат жүйелі қан ағымына түспейді.

Фармакодинамикасы

«Жасанды көз жасы» типті препарат.

Лотадрин құрамында фармакологиялық әсерінен айырылған поливинил спирті бар. Жастың жеткіліксіз бөлінуімен байланысты тітіркену симптомдарын жұмсартады. Препарат мөлдір қабық эпителийін көлегейлеп, көз протезін тағатын адамдарда конъюнктиваның тітіркенуіне қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

  • көздің құрғауы синдромымен байланысты ауруларды симптоматикалық емдеуде, мысалы, коллагеноз, қабақтың жеткілікті жабылмауы аясында немесе жел мен күннің әсерінен мөлдір қабықтың қабынуы уақытында

  • көз протезін тағу кезінде конъюнктива тітіркенуіне қарсы әсер етуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті, конъюнктивальді қапқа.

Дәрі тамызар алдында қолды мұқият жуу қажет.

Қақпағын ашып, дәріні көзге (екі көзге де) тамызады. Егер дәрі көзге түспесе, келесісін тамызу керек. Көзді (екі көзді де) абайлап жыпылықтатады. Құтының аузын тығындау керек.

Ересектер мен балаларға конъюнктивальді қапқа 1-2 тамшыдан күніне 4-6 рет тағайындайды.

Емнің дозасын немесе ұзақтығын өзгерту қажеттілігін әрбір нақты жағдайда дәрігер жекелей белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте дәріге деген төзімділік жақсы.

- өтпелі шаншу, тітіркену немесе ашыту

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 8 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесу жағдайлары айқындалмаған.

Басқа көз тамшы дәрілерімен бір мезгілде қолданған кезде Лотадринді соңынан, алдыңғы дәріні енгізген сәттен 15 минут өткеннен кейін, тамызған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Тамшылатқыштың ұшына ештеңе тигізуге болмайды, өйткені бұл көз тамшы дәрісін ластауы мүмкін. Көз тамшыларын тамызар алдында қатты жанаспалы линзаны алу керек, оны препаратты қолданғаннан кейін кем дегенде 15-20 минут өткен соң ғана қайта салуға болады.

Препарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, препаратты қолдану кезеңінде жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзаны тақпаған дұрыс. Препаратты тамызар алдында жанаспалы линзаны алу керек және қайта 15 минуттан ерте тағуға болмайды.

Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін (иритті) туындатуы мүмкін және жанаспалы линзаның түсін өзгертеді.

Егер емдеу аясында жергілікті тітіркенудің тұрақты симптомдары немесе жүйелі реакцияларының дамуы байқалса, препаратты тоқтатқан жөн.

Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені өршіп кетсе, немесе сіз нұсқаулықта көрсетілмеген басқа кез келген жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілік препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданудан кейін көру айқындылығын уақытша жоғалтатын емделушілер көз тамшы дәрісін тамызғаннан кейін бірден көлік құралын басқармауы және механизмдермен жұмыс істемегендері жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан тамшылатқышы кепілдік сақинасы бар қақпақпен жабылған полиэтилен құтыға құйылған.

2 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін ерітіндінің жарамдылық мерзімі – 4 апта.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Варшава фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ

Карольков к-сі 22/24, 01-207 Варшава, Польша.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Варшава фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Adalan» ЖШС

Тимирязев к-сі 42, 23 павильон, 202 кеңсе, 050057 Алматы

тел. + 727 269 54 59, поштасы reg@adalan.kz

Прикрепленные файлы

923705941477977082_ru.doc 72 кб
674976371477978248_kz.doc 97 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники