Лоробен®

МНН: Бензидамина гидрохлорид, Хлоргексидина глюконата (в виде 20 % раствора)
Производитель: Дрогсан Илачлары Сан. ве Тидж. А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzydamine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024967
Информация о регистрации в РК: 26.03.2021 - 26.03.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Лоробен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Ауыз қуысына арналған 30 мл спрей

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар. Бензидамин.

АТХ коды A01AD02

Қолданылуы

Ересектерге:

- ауыз қуысының, тамақтың шырышты қабығының қабынуы (гингивит, стоматит, фарингит, тонзиллит, афтозды зақымданулар)

- жұтылуды жеңілдету және гингивит симптомдарын төмендету үшін ауыз қуысы мен тамаққа арналған антисептик ретінде

- периодонтальді араласымдарға дейін және кейін қабыну профилактикасында

- сәулемен емдеу, химиотерапия, басқа араласымдар мен жарақаттардан болған ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында

- тіс өңезінің профилактикасында.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бензидаминге, хлоргексидинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Тек сыртқа қолдануға арналған.

Спрейде бояғыштардың - хинолинді сары (Е 104) және патенттелген көк V (Е 131) болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Препарат тек ауыз қуысында қолданылады; көз бен құлаққа тигізуге болмайды. Көзге тиген жағдайда судың көп мөлшерімен шаю қажет.

Тіл мен тістің қайтымды боялуын тудыруы мүмкін. Қолданар алдында хлоргексидин глюконаттың бояғыш әсерін төмендету үшін тісті тазалаған жөн.

Лоробен® сұйылтусыз пайдаланылады. Жұтуға болмайды.

Егер пациент тамағының ауыруы  бактериялық инфекциядан туындаған болса, бактерияға қарсы препараттарды қосымша қабылдау мүмкіндігін қарастырған жөн.

Бензидамин бауырда белсенді метаболизденеді; бензидамин және оның метаболиттері бүйрекпен шығарылады. Сондықтан бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түріне шалдыққан пациенттер жүйелі сіңірілуі мүмкін болғандықтан, препаратты сақтықпен пайдалануы тиіс.

Құрамындағы пропиленгликоль жергілікті қолдануды байланысты арнайы нұсқауларды талап етпейді.

Препарат құрамында сорбиттің болуына байланысты фруктозаға генетикалық көтере алмаушылығы бар пациенттерге қолданылмауы керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Лоробен® басқа препараттармен белгілі өзара әрекеттесуі жоқ.

Препараттың белсенді компоненті хлоргексидин:

  • сабынмен және басқа анионды қосылыстармен

  • катионды және иондық емес беттік-белсенді заттармен (бірақ жоғары концентрацияда бірге пайдаланған кезде, мицеллярлық байланыстырудың салдарынан хлоргексидин белсенділігі төмендеуі мүмкін).

  • гуммиарабик, натрий альгинаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, крахмал және гумми трагачанта сияқты анионды полиэлектролиттермен, себебі әсердің төмендеуі байқалады

  • бриллиантты көкпен, хлорамфениколмен, мыс сульфатымен, натрий флуоресцеинімен, формальдегидпен, күміс нитратымен, мырыш сульфатымен үйлесімсіздігі бар.

Хлоргексидинді кермек сумен сұйылтқан кезде ерімейтін тұздар түрінде тұнба түзуі мүмкін, себебі ол Ca және Mg катиондарымен өзара әрекеттеседі.

Хлоргексидин тұздарының ерігіштігі цетримид және лиссапол NX сияқты беттік белсенді заттардың көмегімен артады.

Егер хлоргексидин тұздарының ерітінділері концентрациясы 0,05% - дан асатын бензоаттармен, бикарбонаттармен, карбонаттармен, бораттармен, нитраттармен, фосфаттармен, сульфаттармен біріктірілсе, олар шөгедік, себебі анағұрлым аз еритін тұздар түзеді. Цетримид осы тұздардың ерігіштігін арттыратындықтан, олар цетримидпен бірге шөкпейді.

Хлоргексидин глюконаты цетримидпен және бензалконий хлоридімен үйлесімді. Синергиялы түрде әсер ете отырып, олар бактерицидтік әсерді күшейтеді.

Хлоргексидин мен оның тұздары, хлоргексидин глюконатын қоспағанда, суға қарағанда алкогольде жақсы ериді. Хлоргексидин глюконаты ерітіндісіне спирт қосылған кезде тұнба түзілуі мүмкін.

Бензидаминнің дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

Препаратта бояғыштардың - хинолинді сары (Е 104) және патенттелген көк V (Е 131) болуына байланысты 18 жасқа толмаған балаларға ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Осы топтарда қолдану қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты препарат жүктілік және лактация кезеңінде әйелдерге қарсы көрсетілімді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зейін қоюды талап ететін автомобиль мен механизмдерді басқару қабілетіне қандай да бір қолайсыз әсер байқалмады.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектерде

Препаратты тікелей ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығына бүрку арқылы қолданады. Доза 5-10 бүркуді құрайды. Қажет болса, емшараны әр 1,5-3 сағат сайын қайталайды. Қолдану ұзақтығы бар көрсетілімдерге байланысты жекелей анықталады.

Енгізу әдісі мен жолы

Лоробен® сұйылтусыз пайдаланылады. Препаратты жұтуға болмайды.

Алғаш рет қолданған кезде тұрақты шашыратуға қол жеткізілгенге дейін бүріккіш-помпаға бірнеше рет басу керек (ерітіндінің бетке шашырап кетпеуін болдырмау үшін оны дұрыс қолдану керек).

Ауызды кеңінен ашып, қондырғыны ауыз қуысына енгізіп және ауыз қуысының кем дегенде 4 түрлі нүктесіне бүрку қажет.

Қолданғаннан кейін құтыны түпнұсқалық қаптамасында тік күйінде сақтау керек,

Препаратпен емдеу кезеңінде оның құрамындағы хлоргексидин тіс өңезінің түзілуін және гингивит симптомдарының ауырлығын төмендетеді. Ауыз қуысының гигиенасына балама ретінде пайдаланған кезде препаратты ауыз қуысында кемінде 1 минут ұстау керек.

Хлоргексидиннен туындаған тіс эмалінің боялуын мейлінше азайту үшін қолданар алдында тісті тазалау ұсынылады.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар

Ұсынылған қолдану әдісінде артық дозалану мүмкін емес.

Лоробенді® ішке қате/кездейсоқ қабылдаған жағдайда

симптомдары: аса жоғары сезімталдық реакциясы, жағымсыз әсерлер болуыы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидот жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болғанда)

Лоробен® әдетте жақсы көтерімді. Жағымсыз әсерлер әдетте тек жергілікті сипатта болады; жүйелік жағымсыз әсерлер байқалмайды немесе ауыр болып табылмайды.

Өте жиі (≥ 1/10)

- дәм сезудің уақытша бұзылуы

- бөртпемен, есекжеммен, фотодерматитпен, ауыз қуысы шырышының десквамациясымен (қабыршақтануымен) қатар жүретін тітіркенуден, қышынудан туындаған тері реакциялары.

Жиі (≥1 / 100 <1/10 дейін)

- ауыздағы шаншу және күйдіру сезімі

- жүрек айнуы, құсу

Өте сирек (<1/10000)

- аллергиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық және анафилаксия

- құлақ маңы безінің өтпелі ісінуі

- ларингоспазм, бронхоспазм

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- бас айналу, бас ауыру, ұйқышылдық

- фарингеальді тітіркену, жөтел

- ауыздың құрғауы

Жалпы бұзылулар, сондай-ақ жергілікті жағымсыз реакциялар:

Жалпы: Дәм сезудің өзгеруі, тіс пен ауыз қуысының шырышты қабығының боялуы, тіс тасы түзілуінің жоғарылауы сияқты басқа да жағымсыз әсерлер әдетте сирек.

Тістің боялуы өтпелі болып табылады және қолданар алдында әдеттегі тіс тазалау арқылы мейлінше азайтуға болады.

Өте сирек: жергілікті құрғау немесе шөлдеу, күйдіру, ауыздағы балғындық сезімі.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді заттар: хлоргексидин глюконаты - 0.036 г

(20% ерітінді түрінде),

бензидамин гидрохлориді - 0.045 г

қосымша заттар: полисорбат 20, сорбитол (70%), пропиленгликоль, патенттелген көк V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), жалбыз эссенциясы, экокул MP (Flavour), сукралоза, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитрат дигидраты, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сергітетін жалбыз иісі бар тәтті-ащы дәмді жасыл түсті мөлдір ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл препараттан ауыз арқылы бүркуге арналған сорғымен тығыздығы жоғары полиэтиленнен (HDPE) жасалған құтыларға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Дрогсан Илачлары Сан. ве Тидж. А.Ш.

Мекенжайы: Esenboga Merkez Mah. Cubuk Cad. No:31, Чубук-Анкара. Түркия.

Teл.: +90 312 827 12 92,

Факс: +90 312 827 11 15

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

АСФАРМА МЕДИКАЛ ДЕНТАЛ УРУНЛЕР ВЕ ИЛАЧ САНАИ ТИДЖАРЕТ АНОНИМ ШИРКЕТИ компаниясының өкілдігі

050000 Қазақстан, Алматы қ., Қармысов к-сі, 90 үй

Тел: 8 (727) 291-31-47

Эл. поштасы: info.kz@asfarma.com

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

АСФАРМА МЕДИКАЛ ДЕНТАЛ УРУНЛЕР ВЕ ИЛАЧ САНАИ ТИДЖАРЕТ АНОНИМ ШИРКЕТИ компаниясының өкілдігі

050000 Қазақстан, Алматы қ., Қармысов к-сі, 90 үй

Тел: 8 (727) 291-31-47

Эл. поштасы: info.kz@asfarma.com

Прикрепленные файлы

Лоробен_каз.docx 0.05 кб
Лоробен_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту