Лоридамин Форте (Бензидамин)

МНН: Бензидамина гидрохлорид
Производитель: КП Флумед-Фарм
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzydamine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026209
Информация о регистрации в РК: 11.07.2024 - 11.07.2029

Инструкция

Саудалық атауы

Лоридамин Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензидамин

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған спрей, 3 мг/мл, 30 мл

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар. Бензидамин.

ATХ коды A01AD02

Қолданылуы

- Ауырсыну синдромы (тонзиллит, гингивит, глоссит, фарингит, стоматит, афта сияқты және т.б.) қатар жүретін ауыз қуысы мен ЛОР-ағзаларындағы қабыну жағдайларын симптоматикалық емдеу.

- Консервативті стоматологиялық емшаралардан немесе тіс экстракциясынан кейін жергілікті симптоматикалық емдеу.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бензидаминге немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты ұзақ уақыт қолдану препараттың құрамындағы белсенді немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдыққа әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда емдеуді тоқтату керек.

Кейбір жағдайларда ауыр қабыну процесі ұрттың немесе жұтқыншақтың шырышты қабығының ойық жарасын тудыруы мүмкін. Егер емдеудің 3 күнінде жақсару байқалмаса немесе қабыну симптомдары күшейсе, емдеуші дәрігерге немесе стоматологқа жүгіну қажет.

Бензидаминді салицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға сезімталдығы жоғары пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Бронх демікпесі бар пациенттерге (оның ішінде анамнезінде) препаратты қабылдау аясында бронх түйілудің даму мүмкіндігіне байланысты препаратты сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу анықталмаған.

Арнайы ескертулер

Препараттың құрамында өкпеден ауыз арқылы деммен шығарылған ауада анықтауға болатын дозасына/17,0 мг этанолдың аз мөлшері бар.

Препарат құрамында аллергиялық реакцияларды (баяу типті болуы мүмкін) және ерекше жағдайларда бронх түйілуін тудыруы мүмкін метилпарагидроксибензоат бар.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде бензидаминді қолдану туралы деректер жоқ. Жануарларда репродуктивті уыттылығына жүргізілген зерттеулер жеткіліксіз. Жүктілік кезінде Лоридамин Форте препаратын қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу кезеңінде бензидаминді қолдану туралы жеткілікті ақпарат жоқ. Емшек сүтімен бензидамин гидрохлоридінің бөлінуі зерттелмеген. Сондықтан, бала емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бензидаминді ұсынылған дозада қолдану көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препарат тамақты шаюмен проблемалары бар ересек пациенттерде қолдануға арналған.

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер: 2-4 рет бүркуден (дозасы), тәулігіне 2-6 рет.

Ұсынылған дозадан асырмаңыз.

Енгізу әдісі мен жолы

Жергілікті, тамақтан кейін.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы дәрігердің кеңесінсіз 7 күннен аспауға тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Улану бензидаминнің көп мөлшерін (> 300 мг) кездейсоқ жұтып қойған кезде ғана болуы ықтимал.

Симптомдары

Ішке қабылдаған кезде бензидаминмен артық дозалануға байланысты негізгі симптомдары асқазан-ішектік бұзылулар және орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар болып табылады. Асқазан-ішектің жиі кездесетін бұзылулары жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы және өңештің тітіркенуі болып табылады. Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылуларға бас айналу, елестеу, қозу, мазасыздық және ашушаңдық кіреді.

Емі

Жедел артық дозалану жағдайында тек симптоматикалық ем мүмкін болады. Пациентке қатаң медициналық бақылау жүргізу және демеуші емдеу тағайындау қажет. Тиісті гидратацияны қамтамасыз ету керек.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануға тиісті шаралар

Жиі емес

- фотосезімталдық

Сирек

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- ауызды ашыту сезімі және құрғауы (ксеростомия)

Өте сирек

- ларингоспазм

- бронх түйілуі

- ангионевроздық ісіну

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- анафилаксиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат-бензидамин гидрохлориді 3.0 мг,

қосымша заттар: глицерин, этанол 96 %, сахарин, натрий гидрокарбонаты, метилпарагидроксибензоат, бұрыш жалбызы майы, полисорбат 20, тазартылған су.

Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жалбызға тән иісі бар мөлдір, түссіз ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бүріккіш құрылғымен және мөлдір қалпақшамен жабдықталған күңгірт шыны құтыларда 30 мл-ден.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптаманы алғаш ашқаннан кейін сақтау мерзімі 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

КК «Флумед-Фарм» ЖШҚ, Молдова Республикасы

Четатя Албэ көш., 176, Кишинев қ.

Тел.: (+373 22) 52 14 52

Эл. пошта: flumed-farm@hushmail.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ, Рашидов көш., 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Автожауап беру нөмірі +7 7252 (561342)

Электрондық поштасы complaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ, Рашидов көш, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610150)

Электрондық поштасы phv@santo.kz; infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

Каз_ЛВ_Лорадамин_Форте.docx 0.02 кб
ИМП_на_Лоридамин_Форте.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники