Ломексин (600 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ломексин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Фентиконазол
Дәрілік түрі
Қынаптық 200 мг, 600 мг, 1000 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында:
белсенді зат - 200 мг, 600 мг, 1000 мг фентиконазол нитраты
200 мг доза үшін қосымша заттар: қаныққан май қышқылдары триглицеридтері, коллоидты кремнийдің қостотығы,
капсула құрамы: желатин, глицерол, титанның қостотығы (Е 171), натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий этилпарагидроксибензоаты;
600 мг және 1000 мг доза үшін қосымша заттар: соя лецитині, сұйық парафин, ақ вазелин,
капсула құрамы: желатин, глицерол, титанның қостотығы (Е 171), натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий этилпарагидроксибензоаты.
Сипаттамасы
Құрамында қою біртекті майлы ақ түсті суспензия бар жұмсақ, сопақша, жылтыр сарғыш түсті капсулалар
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда). Имидазол туындылары. Фентиконазол АТХ коды G01AF12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ломексин іс жүзінде жүйелік сіңуге ұшырамайды, ұзақ уақыт бойы қынапқа қолданғанда, қанда оның концентрациясы анықталмайды. Шырышты қабық арқылы сіңу дәрежесі елеусіз.
Фармакодинамикасы
Ломексин – зеңге қарсы әсер ету ауқымы кең, гинекологияда жергілікті қолдануға арналған препарат. Фентиконазол (Ломексиннің әсер етуші заты) имидазолдың синтетикалық туындылары болып табылады (оның рацематтық қоспасы фентиконазол азотқышқылды тұзы түрінде). Жергілікті фунгицидті, фунгистатикалық және бактерияларға қарсы әсер етеді. Әсер ету механизмі зеңдердің жасуша жарғақшасының өткізгіштігін реттейтін эргостеролдың синтезін тежеуден тұрады. Candida spp. (оның ішіңде Candida albicans), грамоң бактерияларға (Staphylococcus aureus, Streptococcus spp.) ашытқы зеңдеріне қатысты, сондай-ақ Trichomonas vaginalis қатысты белсенді.
Басқа белгілі азольді қосылыстарға (ішінара, эконазол, миконазол және кетоконазол) қарағанда фентиконазол Candida spp. протеазаларының биосинтезін тежейді. Бұл әрекет микозға қарсы белсенділіктің шамасына тәуелді емес және ашытқыға ұқсас зеңдердің протеолитикалық ферменттерінің түзілу сатысының бірін тежеумен шартталған.
Қолданылуы
- вульвовагинальді кандидозда
- кольпиттерде
- қынаптық бөліністерде
- Ломексин, қынаптық 1000 мг капсулалары сонымен қатар Trichomonas vaginalis пен Candida albicans тудырған аралас қынаптық инфекцияларда қолданылады.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Қынаптық 200 мг капсулалар - 3 күн бойы ұйықтар алдында жатқан қалыпта қынап ішіне тәулігіне 1 рет бір капсуладан терең енгізіледі;
Қынаптық 600 мг капсулалар - ұйықтар алдында жатқан қалыпта қынап ішіне бір рет бір капсуладан терең енгізіледі. Егер симптомдар сақталып қалса, 3 күннен кейін бір капсуланы қайта қолдануға болады;
Қынаптық 1000 мг капсулалар - ұйықтар алдында жатқан қалыпта қынап ішіне бір рет бір капсуладан терең енгізіледі.
Трихомониазда және Trichomonas vaginalis пен Candida albicans тудырған аралас инфекцияларда 24 сағаттан кейін бір капсуланы қайта қолдануға болады;
Кандидоз кезінде - симптомдар сақталған жағдайларда 3 күннен кейін бір капсуланы қайта қолдануға болады.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек:
-
жеңіл қызару, препаратты қолданған жерінде шымылдатып ашытқанды сезіну.
Ломексин әдетте жақсы көтерімді, жағымсыз әсерлері өткінші сипатта болады және препаратты тоқтату талап етілмейді.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ұзақ қолданғанда сенсибилизация дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда емді тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралған жөн. Қынапқа енгізген кезде, артынан тез басылатын, уақытша аздаған күйдіріп ашыту сезімі пайда болуы мүмкін.
Қынаптық капсулаларды бөгеттік контрацептивтермен бірге қолдануға болмайды.
Препараттың құрамына кіретін майлар латекстен жасалған контрацептивтердің зақымдануына алып келуі мүмкін. Ломексин қынаптық капсулаларының құрамында аллергиялық реакциялар (кейіннен болатын) туындатуы ықтимал натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий этилпарагидроксибензоаты бар.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Жүйелі қан айналымына сіңу деңгейінің төмен болуына байланысты артық дозалану ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 капсуладан (600 мг доза үшін), 2 капсуладан (1000 мг доза үшін) немесе 6 капсуладан (200 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.
Сақтау шарттары
30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«КАТАЛЕНТ ИТАЛИ С.П.А.»
Виа Неттуненсе км. 20, 100, 04011, Априлья, Италия
Тіркеу куәлігінің иесі
«Рекордати Ирландия Лтд.», Ирландия
Рахинз Ист, Рингаскидди, Ко. Корк, Ирландия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы қ., Қазақстан
тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25
e-mail: fic_kz@ficmedical.kz