Лома Люкс Псориасис

Производитель: Апотека Инк.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения псориаза для системного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021488
Информация о регистрации в РК: 03.03.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Лома Люкс Псориасис

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Ішуге арналған гомеопатиялық  ерітінді, 237 мл

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Псориазды емдеуге арналған препараттар. Псориазды емдеу үшін жүйелі қолдануға арналған препараттар. Псориазды емдеу үшін жүйелі қолдануға арналған басқа препараттар.

АТХ коды D05BХ

Қолданылуы

- инверсиялық псориаз

- пустулезді псориаз

- эксфолиативті псориаз

- бет пен бастың шашты бөлігінің псориазы

- жыныс мүшелерінің псориазы

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белгілі бір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гломерулонефрит

- жүктілік және лактация кезеңі

- 10 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер сіз белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аллергия болса, Лома Люкс Псориасис препаратын қабылдамаңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Белгіленбеген

Арнайы ескертулер

Препаратты қолдану кезінде алкоголь тұтынуды және арахис және құрамында арахис бар өнімдерді тұтынуды тоқтату, ащы, тәтті, қуырылған және аллергогенді өнімдерді (цитрустар, шоколад, газдалған сусындар) тұтынуды шектеу керек.

Пациент аллергиялық реакциялар дамығанда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек екендігі туралы хабарланған болуы тиіс.

Препаратты қабылдағанда бір ай бойы өт айдайтын өсімдік препараттарын немесе гомеопатиялық дәрілер, сонымен қатар шүйгіншөптің және сасықшөп тұндырмаларын қабылдау ұсынылады.

Педиатрияда қолдану

10 жастан бастап балаларға арналған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препараттын жүктілік және лактация кезінде қолдануға ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Доза дене салмағына тәуелді және келесіні құрайды:

Дене салмағы кг-мен Дозалар мл-мен

22-45 кг

0,5 шай қасық (2,5 мл)

45-68 кг

1 шай қасық (5 мл)

68-90 кг

1-1,5 шай қасық (7,5 мл)

90 кг-ден аса

2 шай қасық (10,0 мл)

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы 4-5 айды құрайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Күніне бір рет ашқарынға ішіп қабылдайды. Препаратты қабылдағаннан кейін 1 сағат бойы тағам және сусын қабылдамаған жөн.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар (қажет болған жағдайда)

Жиі (≥1/100, <1/10)

- аллергиялық реакциялар. Теріде бөртпе пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл препарат құрамында

белсенді заттар: Калий бромиді D1 3.5 мг, натрий бромиді D2 3.0 мг, никель сульфаты D3 0.6 мг, мырыш бромиді D4 0.025 мг, калий сульфаты D4 0.004мг.

қосымша заттар: этанол 2.0%, метилпарабен 0.15%, пропилпарабен 0.03%, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе ашық көгілдір-жасыл реңге (GY7)  дейінгі ерітінді. Қауыз түріндегі шөгінді болуы мүмкін

Шығарылу түрі және қаптамасы

237 мл ерітіндіден полимер бөтелкеде. Полимер бөтелке тығынмен және қорғаныш сақинамен тығындалған. Әрбір полимер бөтелке медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Алғашқы ашқаннан кейін құтының ішіндегісін 5 ай бойы, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау кезінде пайдалану керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Апотека Инк., АҚШ

201 Apple Blvd.Woodbine, IA 51579 USA

телефон: +1-440-542-0762

E-mail: info@apothecaco.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Лома Люкс Лэборэториз, АҚШ

www.lomalux.com , www.lomalux.ru

телефон: +1-440-710-2050

E-mail: info@lomalux.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

"Нұр-Туған" ЖШС

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 58-үй, 6-пәтер.

телефон: +7 (7172) 39-54-19

E-mail: info@lomalux.com

Прикрепленные файлы

Лома_люкс_каз.docx 0.03 кб
Лома_Люкс_рус.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники