Локсоф

МНН: Левофлоксацин
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриес Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022712
Информация о регистрации в РК: 23.01.2017 - 23.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Локсоф

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 512.77 левофлоксацин гемигидраты (левофлоксацинге баламалы - 500 мг),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), гипромеллоза 5 сps, полисорбат 80;

сыртқы түйіршігі: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 102), кросповидон, магний стеараты;

үлбірлі қабық Сары Опадрай 03В52874: НРМС 2910/Гипромеллоза 6сР Е 464, титанның қостотығы Е171, макрогол/PEG 400, темірдің сары тотығы Е172, темірдің қызыл тотығы Е172

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, бір жағында «500» таңбасы бар, ашық шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдаланылатын бактерияға қарсы қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин.

АТХ коды J01МА12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаудан кейін левофлоксацин тез және толық дерлік сіңеді. Жоғары шекті плазмалық концентрацияларға, әдетте, препаратты ішу арқылы қабылдаудан кейін 1-2 сағаттан соң жетеді. Левофлоксациннің ішілетін 500 мг дозасының толық биожетімділігі шамамен 99% құрайды. Тұрақты концентрацияларға тәулігіне бір рет 500 мг дозалау режимінде 48 сағат ішінде жетеді. Препаратты аспен ішу арқылы қабылдау жоғары шекті плазмалық концентрацияға жету уақытын шамамен 1 сағатқа сәл ұзартады, сондай-ақ жоғары шекті плазмалық концентрациялары шамамен 14% мардымсыз төмендейді. Демек, левофлоксацинді ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Левофлоксациннің орташа таралу көлемі 500 мг дозасын бір рет және көп рет қабылдаудан кейін 74-тен 112 л дейін ауытқиды, бұл препараттың организм тіндерінде кеңінен таралуын айғақтайды. Левофлоксацин өкпе тініне де жақсы өтеді. Өкпе тініндегі левофлоксацин концентрациясы, әдетте, қан плазмасындағы концентрациядан 2-5 есе асып кетеді және 500 мг ішілетін дозасын бір рет қабылдаудан кейін 24 сағаттан соң шамамен 2.4-11.3 мкг/мл құрайды. Левофлоксациннен 24-38% көбіне қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.

Бір реттік 250 және 500 мг дозада қан плазмасындағы Сmax мәніне 1,3 сағаттан соң жетіп, тиісінше, 2.7-3.0 мкг/мл және 5.2-6.9 мкг/мл құрайды.

Левофлоксацин плазма мен несепте стереохимиялық тұрғыда тұрақты күйде қалады және метаболизм нәтижесінде өз энантиомері D-офлоксацинге айналмайды.

Левофлоксацин мардымсыз метаболизмге ұшырайды. Ішке қабылдаудан кейін қабылданған дозаның 5%-дан азы адамда табылған бірден-бір метаболиттер – десметил мен N тотығы түрінде несеппен шығарылады. Бұл метаболиттердің болымсыз фармакологиялық белсенділігі бар.

Левофлоксацин негізінен өзгермеген зат түрінде несеппен шығарылады. Плазмадан орташа соңғы жартылай шығарылу кезеңі бір реттік немесе көп реттік дозаларын қабылдаудан кейін 6-дан 8 сағатқа дейін ауытқиды. Препараттың орташа жалпы киренсі және бүйректік клиренсі, тиісінше, шамамен 144-226 мл/мин және 96-142 мл/мин құрайды.

Фармакодинамикасы

Локсоф – фторхинолондар тобының антибиотигі. Локсоф офлоксациннің рацемиялық қоспасының L-изомері, бактерияға қарсы хинолонды препарат. Локсофтың бактерияға қарсы белсенділігі бәрінен бұрын L-изомерде айқындалады. Локсоф және фторхинолондар тобындағы басқа антибиотиктердің әсер ету механизмі бактериялық IV топоизомераза мен ДНҚ-гираза тежелісін (екеуі де топоизомеразаның ІІ типі), ДНҚ репликациясы – транскрипциясы, репарациясы немесе рекомбинациясы үшін қажет болатын ферменттерді қамтиды.

Локсоф пенициллиндерге, цефалоспориндерге және/немесе аминогликозидтерге төзімді штаммдарды қоса, грамоң және грамтеріс патогенді микроорганизмдерге қатысты белсенді. Төзімділіктің дамуы тура осы жергілікті штаммдардың препаратқа сезімталдығына едәуір ықпал етуі мүмкін, осылайша, препаратты тағайындағанда, әсіресе, ауыр инфекцияларды емдеу жағдайында осы ақпаратты ескерген дұрыс. Локсофтың келесі микроорганизмдерге қатысты әсер ету өрісі кең ауқымды:

сезімтал микроорганизмдер:

аэробты грамоң микроорганизмдер: Enterococcus faecalis1, Staphylococcus aureus1 methi-S, коагулаза-теріс метициллинге сезімтал Staphylococcus, Staphylococcus saprophyticus, С және G топтарынан Streptococci, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae1 peni-I/S/R, Streptococcus pyogenes1; аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Acinetobacter baumannii1, Citrobacter freundii1, Eikenella corrodens, Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae1, Escherichia coli1, Haemophilus influenzae1 ampi-S/R, Haemophilus parainfluenzae1, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae1, Moraxella catarrhalis1 β+/β-, Moraxella morganii, Pasteurella multocida, Proteus mirabilis1, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa1, Serratia marcescens; анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides fragilis, Clostridium perfringens, Peptostreptococcus; басқа микроорганизмдер: Chlamydia pneumoniae1, Chlamydia psittaci, Chlamydia trachomatis, Legionella pneumophila 1, Mycoplasma pneumoniae1, Mycoplasma hominis, Ureaplasma urealyticum;сезімталдығы орташа микроорганизмдер:

аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Burkhoderia серасіа; анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotamicron, Bacteroides vulgatus, Clostridium difficile; төзімді: Staphylococcus aureus1 methi-R, коагулаза-теріс метициллинге сезімтал Staphylococcus.

(1Клиникалық тиімділігі клиникалық сынақтарда дәлелденген). Ps. Аeruginosa туғызған нозокомиальді инфекцияларда біріктірілген ем керек болуы мүмкін.

Қолданылуы

- төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында: пневмониялар, созылмалы бронхит өршуі

- ЛОР-ағзалар инфекцияларында, жедел синуситті қоса

- терінің және жұмсақ тіндердің бактериялық инфекцияларында

- несеп жолының инфекцияларында

- препаратқа сезімтал микроорганизмдер туғызған жүйелік инфекцияларда (кешенді ем құрамында)

- сібір жарасының ингаляциялық түрінде (жанасудан кейінгі): левофлоксацин Bacillus anthracis туғызған сібір жарасын емдеуге де арналған.

Қолдану тәсілі және дозасы

Препарат дозасы инфекция түріне және ауырлығына, сондай-ақ қоздырғыш сезімталдығына байланысты. Ем ұзақтығы аурудың ағымына байланысты (төмендегі кестені қараңыз). Локсоф таблеткаларын қабылдауды, бактерияға қарсы басқа дәрілер сияқты, дене температурасы қалыпқа түскен соң немесе ауру қоздырғышының эрадикация дәлелдері алынған соң тағы кемінде 48-72 сағат жалғастыру қажет. Локсоф таблеткаларын шайнамай, жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішіп, жұту қажет. Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе ас ішулер арасында қабылдауға болады. Локсоф таблеткаларын темір тұздарын, антацидтер немесе сукральфат қолданудан кем дегенде 2 сағат бұрын немесе одан кейін қабылдайды, өйткені соңғыларын қабылдау препараттың сіңуін төмендетуі мүмкін. Локсоф таблеткаларын дозалауға қатысты нұсқаулар:

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттер (креатинин клиренсі 50 мл/мин)

Көрсетілімдер

Тәуліктік дозалау сызбасы (дене салмағы есебімен)

Емдеу ұзақтығы, күндері

Жедел синусит

тәулігіне 1 рет 500 мг

10-14

Ауруханадан тыс пневмония

тәулігіне 1-2 рет 500 мг

7-14

Терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары

тәулігіне 1-2 рет 500 мг немесе 1000 мг

7-14

Созылмалы бактериялық простатит

тәулігіне 1 рет 500 мг

14

Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересектерде дозаларын реттеу

Локсоф бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап пайдаланылу керек. Мұқият клиникалық бақылау және тиісті зертханалық зерттеулер емдеуге дейін және ем кезінде жүргізілуі тиіс, өйткені Локсоф шығарылуы баяулауы мүмкін. Креатинин клиренсі ≥ 50 мл/мин кезінде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде <50 мл/мин креатинин клиренсінде Локсофтың клиренс төмендеуіне орай жинақталуына жол бермеу үшін дозаны реттеу қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин)

 

дәрілік затты қабылдау сызбасы

 

250 мг / 24 сағ.

500 мг / 24 сағ.

500 мг / 12 сағ.

креатинин клиренсі

Бірінші доза: 250 мг

бірінші доза: 500 мг

бірінші доза: 500 мг

50-20 мл / мин

артынан: 125 мг / 24 сағ.

артынан: 250 мг / 24 сағ.

артынан: 250 мг / 12 сағ.

19-10 мл / мин

артынан: 125 мг / 48 сағ.

артынан: 125 мг / 24 сағ.

артынан: 125 мг / 12 сағ.

<10 мл / мин (АПДЖ1 және гемодиализді қоса

артынан: 125 мг / 48 сағ.

артынан: 125 мг / 24 сағ.

артынан: 125 мг / 24 сағ.

Гемодиализ немесе үздіксіз амбулаторлық перитонеальді диализ жүргізілгенде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозалануы

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін препарат дозасын түзету қажет емес, өйткені Локсоф бауырда аздаған дәрежеде метаболизденіп, негізінен бүйрекпен экскрецияланады.

Егде жастағылар. Егде жастағы адамдарда, бүйрек функциясының бұзылуынан басқа, дозаны ешқандай реттеу қажет емес.

Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және 14 күннен асырылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- ұйқысыздық, бас айналу, бас ауыру

- ентігу, кеуденің ауыруы

- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш қатулар, диарея, диспепсия

- бөртпе, қышыну, ісіну

- вагинит

- бауыр ферменттерінің артуы, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Сирек

- зеңді инфекция, Candida инфекциясын қоса

- қоздырғыштың төзімділігі (патоген төзімділігі)

- тремор, парестезия, гипостезия, гипертония, гиперкинезия, жүріс-тұрыстың дұрыс болмауы, ұйқышылдық, естен тану, құрысулар, мазасыздық, қозу, конфузия, депрессия, елестеу, қорқынышты түстер, ұйқының бұзылуы, дұрыс түстер көрмеу

- тыныстың тарылуы, жүректің тоқтап қалуы, дірілдеуі, қарыншалық тахикардия, қарыншалық аритмия

- гастрит, стоматит, панкреатит, эзофагит, гастроэнтерит, анорексия, глоссит, жалған жарғақшалы колит, іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қату

- есекжем, фотосезімталдық, аллергиялық реакция

- артралгия, тендинит, миалгия, сүйектердің ауыруы

- қанда билирубин, креатинин мөлшерінің жоғарылауы

- бүйрек функциясының өзгеруі

- анемия, тромбоцитопения, гранулоцитопения, гипергликемия, гипогликемия, гиперкалиемия, лейкопения, эозинофилия

- көру өткірлігінің төмендеуі, диплопия, естудің кемуі, құлақтың шуылдауы, аносмия, дәм сезбей қалу

Өте сирек

- анемия (гемолиздік және апластикалық түрін қоса), тромбоцитопения (тромбоцитопениялық пурпураны қоса), лейкопения, агранулоцитоз

- интерстициальді нефрит, кристаллурия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- гепатит

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз

- суицидтік ойлар, конвульсиялар

- сіңірлердің үзілуі (мысалы, ахилл сіңірінің), бұлшықет әлсіздігі, рабдомиолиз

- қандағы қант мөлшерінің төмендеуі (гипоглиемия), әсіресе, қант диабетімен науқастарда

- жүректің жиі соғуы, артериялық қысымның төмендеуі

- дене температурасының көтерілуі

Белгісіз

- панцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия

- анафилаксиялық шок, эритема, васкулит, стоматит

- қандағы қанттың төмендеуі (гипогликемия), гипогликемиялық кома

- шеткері сенсорлы нейропатия, экстрапирамидалық бұзылыстар, естен танулар, бассүйек ішіндегі қатерсіз гипертензия

- көрудің өткінші бұзылулары

- жүрек тоқтап қалуы мүмкін қарыншалық тахикардия, көбінесе QT аралығының ұзаруы бар пациенттердегі қарыншалық аритмия

- бронх түйілуі, аллергиялық пневмонит

- энтероколит, жалған жарғақшалы колит салдарынан болуы мүмкін геморрагиялық диарея, панкреатит,

- сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы, әсіресе, бауыр аурулары бар пациенттерде, гепатит

- артрит, аяқ-қолдың ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- эпилепсия

- анамнездегі хинолондар қабылдауға байланысты сіңірлердің зақымдануы

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданылғанда:

- бір мезгілде қолданғанда QT аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік препараттар (мыcалы, IA және III класты аритмияға қарсы дәрілер, үш циклды антидепрессанттар, макролидтер) абайлап қолданылу керек

- антацидтермен, яғни құрамында катион бар поливалентті препараттармен (магний/алюминий антацидтері, сукральфат, диданозин) немесе құрамында кальций, темір немесе мырыш бар препараттармен (шайнайтын таблетка және балалар ұнтағы) бірге левофлоксациннің сіңуі елеулі төмендеуі мүмкін, бұл сарысу мен несептегі деңгейлерінің күтілуінен едәуір төмен болуына әкеледі. Бұл препараттар левофлоксацин қабылдаудан кемінде екі сағат бұрын немесе одан кейін екі сағаттан соң қабылдануы тиіс.

- теофиллинмен бірге сарысуда теофиллин концентрациясын арттыруы және жартылай шығарылу уақытын ұзартуы мүмкін. Бұл теофиллин қабылдаумен байланысты болатын жағымсыз әсерлер қаупінің артуымен аяқталуы мүмкін. Егер бірге қолданбауға болмаса, онда сарысудағы теофиллин деңгейі бақылануы тиіс және доза тиісінше түзетілуі тиіс.

- варфаринмен бірге протромбин уақыты, халықаралық қалыптасқан арақатынас (ХҚА) (international normalized ratio-NMR) немесе басқа да тиісті антикоагулянтты сынамалар бақылануы тиіс. Пациенттерде қан кету жағдайына да қатысты қадағалауда болуы тиіс.

- циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі 33% ұзарады

- дигоксинмен, пробенецидпен, циметидинмен бірге левофлоксацин немесе атап көрсетілген препараттардың дозаларын түзету қажет емес.

- қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ацетилсалицил қышқылын қоспағанда), хинолонды препараттардың өте үлкен дозасымен біріктірілімде клиникаға дейінгі зерттеулерде құрысуларға түрткі болды.

- гипогликемиялық препараттармен бірге пациенттерде қандағы глюкоза деңгейі мұқият бақылануы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Метициллинге төзімді алтын түстес стафилококктың, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болу ықтималдығы жоғары. Демек, метициллинге төзімді стафилококк туғызған инфекцияларды емдеуде немесе егер зертханалық талдаулар нәтижелері микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығы расталмағанда осындай күдіктер туындаса (сонымен қатар, егер әдетте метициллинге төзімді стафилококк туғызған инфекцияларды емдеуде тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілер қолдану мақсатқа сай саналса), левофлоксацин қолдану ұсынылмайды.

Левофлоксацинді жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхит өршуін емдегенде осы инфекциялар дұрыс диагностикаланған жағдайда қолдануға болады.

Тендинит және сіңірлердің үзілуі

Сирек жағдайларда тендинит туындауы мүмкін. Көбіне ахилл cіңірі жиі зақымданады, тендинит сіңірлердің үзілуіне әкелуі мүмкін. Тендинит және сіңірлердің кейбір жағдайларда екі жақты үзілуі левофлоксацинмен емделу басталған соң 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сондай-ақ емді тоқтатудан кейін бірнеше ай ішінде осы патологиялар пайда болған жағдайлар хабарланды. Тендинит және сіңірлер үзілуінің даму қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, 1000 мг тәуліктік дозалар қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтар қабылдағанда артады. Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсіне қарай түзету керек. Демек, левофлоксацин тағайындалғанда осындай пациенттерге мұқият мониторинг өткізу қажет. Тендинит симптомдары туындағанда барлық пациенттер емдеуші дәрігеріне қаралу керек. Тендинитке күдік туындағанда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, зақымданған сіңірді тиісінше емдеуді (мысалы, оны жеткілікті иммобилизациямен қамтамасыз етіп) бастау керек.

Clostridium difficile туғызған ауру

Левофлоксацинмен емделу кезінде немесе одан кейін, әсіресе, ауыр, үздіксіз және/немесе қан аралас диарея (ем аяқталудан кейінгі бірнеше аптаны қоса) Clostridium difficile туғызған аурудың симптомы болуы мүмкін.

Clostridium difficile туғызған аурулар ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қатерлісіне дейін ауытқуы мүмкін, бұл орайда ең ауыр түрі жалған жарғақшалы колит болып табылады. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацин қолданылатын ем кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыса, осы диагнозды ескеру маңызды. Clostridium difficile туғызған ауруға күдік туындағанда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, кідіріссіз тиісті емдеуді бастау керек. Осы клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы препараттар қолдану қарсы көрсетілімді.

Құрысулардың туындауына бейім болып келетін пациенттер

Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетіп, құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацин анамнезінде эпилепсия бар пациенттерге қарсы көрсетілімді, басқа да хинолондар сияқты, аталған препаратты құрысулардың туындауына бейім болып келетін пациенттерде немесе белсенді заттары құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттар (мысалы, теофиллин) қолданылатын қатарлас ем жүргізілгенде ерекше сақтықпен қолдану керек. Конвульсиялық құрысулар туындаған жағдайда левофлоксацин қолданылатын емді тоқтату керек.

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жасырын немесе айқын глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің бұзылуы бар пациенттерде бактерияға қарсы хинолонды препараттармен ем жүргізілгенде гемолиздік реакцияларға бейімділікті байқауға болады. Осылайша, ондай пациенттерде левофлоксацин қолдану қажет болғанда гемолиздің туындауы тұрғысынан оларды қадағалау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Левофлоксацин негізінен бүйрекпен экскрецияланатындықтан, оның функциясы бұзылған пациенттерде Левофлоксацин дозасын түзету керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Левофлоксацин кейде препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындайтын аса жоғары сезімталдықтың ауыр және өлімге ұшыратуы зор реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін апаратын ангионевроздық ісіну) туындатуы мүмкін. Пациенттерге дереу емдеуді тоқтатып, емдеуші дәрігерімен немесе тиісінше шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем дәрігерімен хабарласу керек.

Ауыр буллезді реакциялар

Левофлоксацин қолдану кезінде Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз сияқты ауыр буллезді тері реакциялары туындаған жағдайлар хабарланды. Пациенттерге емдеуді жалғастырмас бұрын теріде/шырышты қабықтарда реакциялар туындағанда емдеуші дәрігерімен дереу хабарласуға кеңес беру керек.

Дисгликемия

Барлық хинолондарды қолдану кезіндегідей, әдетте, ішуге арналған гипогликемиялық препараттар (мысалы, глибенкламид) немесе инсулин қолданылатын қатарлас емнен өтетін диабеті бар пациенттерде байқалған гипо-, немесе гипергликемия сияқты түрлерін қоса, қандағы глюкоза құрамының бұзылуы хабарланған. Гипогликемиялық кома жағдайлары хабарланды. Диабетке шалдыққан пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады.

Фотосенсибилизация профилактикасы

Левофлоксацин қолдану кезінде фотосенсибилизацияның туындауы хабарланған. Фотосенсибилизация дамуына жол бермеу үшін пациенттерге емделу кезінде және оны тоқтатқан соң 48 сағат ішінде күшті күн сәулесінің және жасанды УК сәулелену (мысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшырамауға кеңес беріледі.

K дәруменінің антагонистері қолданылатын емнен өтетін пациенттер

Коагуляциялық сынама көрсеткіштерінің (ПУ/ХҚҚ) жоғарылауы және/немесе қан кетудің туындауы мүмкін екеніне орай, левофлоксацин мен K дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімі қолданылатын емнен өтетін пациенттерде осы препараттар бір мезгілде қолданылғанда коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг өткізу қажет.

Психоздық реакциялар

Левофлоксацинді қоса, хинолондар алған пациенттерде психоздық реакциялар туындаған жағдайлар хабарланған. Өте сирек жағдайларда тіпті левофлоксацин дозасын бір рет қолданудан кейін осындай реакциялар суицидтік ойлардың және пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлықтың пайда болуына дейін үдеген. Осындай реакциялар білінген жағдайда левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, тиісті шаралар қолданылу керек. Левофлоксацин психозбен науқастарда немесе анамнезде психиатриялық аурулар болғанда абайлап қолданылу керек.

QT аралығының ұзаруы

Фторхинолондар, левофлоксацинді қоса, QT аралығы ұзаруының мынадай белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолданылу керек:

- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы

- QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттарды (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы препараттар, үш циклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қатарлас қолдану

- электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

Егде жастағы науқастар және әйелдер QT аралығының ұзаруын туындататын препараттарға аса сезімтал болуы мүмкін, сондықтан, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пациенттердің осы топтарында сақтықпен қолдану керек.

Шеткері нейропатия

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар қабылдаған пациенттерде мейлінше тез дамуы мүмкін шеткері сенсорлы нейропатия және шеткері сенсомоторлы нейропатияның туындауы хабарланған. Нейропатия симптомдары білінгенде қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау үшін левофлоксацин қолдануды тоқтату керек.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Левофлоксацин қолдану кезінде, ең алдымен, негізгі ауруы ауыр пациенттерде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін апаратын бауыр некрозы жағдайлары, мысалы: сепсис туралы хабарланған. Пациенттерге анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну және іштің ауырсынуы сияқты бауыр ауруының симптомдары мен белгілері білінгенде емдеуді тоқтатып, емдеуші дәрігермен хабарласуға кеңес беру керек.

Гравис миастениясының өршуі

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгеу белсенділігіне ие болып, гравис миастениясынан зардап шегетін пациенттерде бұлшықеттік әлсіздікті күшейтуі мүмкін. Гравис миастениясынан зардап шегетін пациенттерде, постмаркетингтік қадағалау кезеңінде туындаған қосымша өкпені жасанды желдету қажеттілігі мен өлім жағдайларын қоса, күрделі жағымсыз реакциялар фторхинолондар қолданумен байланысты болды. Анамнезінде гравис миастениясы бар пациентке левофлоксацин қолдану ұсынылмайды.

Көрудің нашарлауы

Көрудің нашарлауы пайда болса немесе препарат қабылдаудың көзге әсері білінсе, кідіріссіз офтальмологқа қаралу керек.

Асқын инфекция

Левофлоксацинді, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шектен тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Емделу кезінде асқын инфекция пайда болса, тиісті шаралар қабылдау керек.

Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері

Левофлоксацин қолданылатын емнен өтетін пациенттерде несептегі апиынды анықтауға жасалатын талдау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Апиынның бар-жоғын анықтауға ерекшелігі бар әдіс пайдаланылған талдаулардың нәтижелерін растау қажет болуы мүмкін.

Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін бәсеңдетіп, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған-теріс нәтижелеріне себеп болуы мүмкін.

Емделу кезеңінде алкоголь тұтынудан сақтану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде левофлоксацин қолдану деректері саны жағынан шектеулі. Клиникаға дейінгі зерттеулерде ұрпақ өрбітуге уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе жанама әсерлері анықталмаған. Демек, клиникалық деректер болмауына, сондай-ақ тәжірибелік деректерде өсімтал организмде салмақты ұстап тұратын шеміршектердің фторхинолондармен зақымдану қаупінің расталуына орай, жүкті әйелдерде левофлоксацин қолдануға болмайды.

Левофлоксацин бала емізу кезеңіндегі әйелдерге қарсы көрсетілімді. Қазіргі таңда левофлоксациннің емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ақпарат жеткіліксіз; алайда, басқа фторхинолондардың емшек сүтімен бөлінетіні белгілі. Клиникалық деректер болмағандықтан, сондай-ақ тәжірибелік деректерде өсімтал организмде салмақты ұстап тұратын шеміршектердің фторхинолондармен зақымдану қаупінің расталуына орай, бала емізу кезеңінде әйелдерде левофлоксацин қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналу, ұйқышылдық, көрудің нашарлауы сияқты жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлікті немесе басқа аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: сананың шатасуы, бас айналу, сана бұзылуы және құрысу ұстамалары, жүрек айну, шырышты қабықтардың зақымдануы, QT аралығының ұзаруы.

Емі: симптоматикалық. Асқазанды шаю ұсынылады. Пациент дәрігердің бақылауында болуы және тиісті гидратация жүргізілуі тиіс. QT аралығын ұзару мүмкіндігіне орай, кардиограмма бақылауы жүргізілуі тиіс. Антацидтерді асқазан шырышты қабығын қорғауға пайдалануға болады. Гемодиализ және перитонеальді диализ тиімсіз. Өзіне тән антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Мөлдір, түссіз поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек..

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Sun Pharmaceutical Ind Ltd

Plot № B-2 Madkai Industrial Estate,

Ponda,Goa-403404

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd ҚР өкілдігі

Алматы қ., Манас к-сі 32А, СӘТ БО, 602 кеңсе

тел.: 8-727-2378450

эл.пошта: regulatory.kz@sunpharma.com

Прикрепленные файлы

Локсоф_инструкция_рус.doc 0.11 кб
Локсоф_инструкция_каз.doc 0.13 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники