Листата

МНН: Орлистат
Производитель: ООО "Изварино Фарма"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Orlistat
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022802
Информация о регистрации в РК: 28.12.2021 - 28.12.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Листата

Халықаралық патенттелмеген атауы

Орлистат

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат: орлистат – 120,0 мг;

қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, акация шайыры, маннитол, коповидон, кросповидон, магний стеараты.

қабық құрамы:

Опадрай II көгілдір (85F205040) (поливинил спирті, титанның қостотығы, макрогол 3350, тальк, көгілдір алюминий лагы (Е133), темірдің сары тотығы (Е172);

Опадрай күміс түстес (63F97546) (поливинил спирті, тальк, макрогол 3350, перламутр пигменті (Е555/Е171), полисорбат-80).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы және екінші жағында «f» символы бар, перламутр тәрізді көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасындаақ немесе ақ түсті ядро.

Фармакотерапиялық тобы

Семіздікті емдеуге арналған препараттар (диеталық өнімдерді қоспағанда). Семіздікті емдеуге арналған шеткері әсер ететін препараттар. Орлистат

АТХ коды А08АВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Дене салмағы қалыпты және семіздікке шалдыққан еріктілерде орлистаттың жүйелі әсер етуі тым аз. Бір рет 360 мг дозада ішке қабылдаудан кейін қан плазмасында өзгермеген орлистат анықталмайды, бұл оның концентрациясының сандық анықтау шегінен төмен (5 нг/мл аз) болатынын білдіреді.

Жалпы, емдік дозаларын қабылдаудан кейін сирек жағдайларда ғана қан плазмасында өзгермеген орлистатты анықтаудың сәті түсті, бұл орайда оның концентрациялары тіптен аз (10 нг/мл немесе 0,02 мкмоль аз) болды. Жинақталу белгілері жоқ, бұл орлистаттың тым аз сіңетінін растайды.

Таралуы. Орлистат өте нашар сіңетіндіктен таралу көлемін анықтау мүмкін емес. In vitro орлистат 99%-дан аса қан плазмасы ақуыздарыменегізінен, липопротеиндермен және альбуминмен) байланысады. Өте аз мөлшерлерде орлистат эритроциттерге өтуі мүмкін.

Метаболизмі. Орлистат метаболизмі, ең алдымен, ішек қабырғасында жүзеге асады. Семіздігі бар пациенттерде орлистаттың жүйелі сіңуге ұшырайтын тым аз фракциясының 42% шамасы екі негізгі метаболит - М1 (төрт мүшелік гидролизденген лактон сақинасы) және М3 (N-формиллейциннің ыдыраған қалдығымен М1) үлесіне тиеді.

М1 және М3 молекулаларында ашық b-лактонды сақина болады және липазаны өте әлсіз (орлистатқа қарағанда, тиісінше, 1000 және 2500 есе әлсіз) тежейді. Емдік дозаларын қабылдаудан кейін осындай төмен тежеу белсенділігін және төмен плазмалық концентрацияларын (орта есеппен, тиісінше, 26 нг/мл және 108 нг/мл) есептеумен, бұл метаболиттер фармакологиялық белсенді емес болып қарастырылады.

Шығарылуы. Дене салмағы қалыпты және шамадан тыс тұлғаларда негізгі шығарылу жолы ішек арқылы сіңген орлистаттың шығарылуы болып табылады. Ішек арқылы қабылданған дозаның 97% жуығы шығарылады, бұл орайда 83% - өзгермеген орлистат түрінде.

Құрылымы жағынан орлистатпен байланысқан барлық субстанциялардың жиынтық бүйректік экскрециясы қабылданған дозаның 2%-дан азын құрайды. Орлистаттың организмнен толық шығарылу уақыты (ішек арқылы және бүйрекпен) 3-5 күнге теңеледі. Дене салмағы қалыпты және шамадан тыс еріктілерде орлистаттың шығарылу жолдарының арақатынасы бірдей болды. Орлистат сияқты, М1 және М3 метаболиттері де өтпен экскрецияға ұшырауы мүмкін.

Ерекше клиникалық топтардағы фармакокинетикасы. Балаларда қан плазмасындағы орлистат пен оның метаболиттерінің (М1 және М3) концентрациялары, орлистаттың бірдей дозаларын салыстырғанда, ересектердегі осындайдан ерекшеленбейді. Орлистатпен емделу кезінде майдың нәжіспен тәуліктік экскрециясы тамақпен қабылданған мөлшерінен 27% құрайды.

Фармакодинамикасы

Орлистат – әсері ұзаққа созылатын асқазан-ішек липазаларының қуатты, спецификалық және қайтымды тежегіші. Оның емдік әсері асқазан саңылауында және жіңішке ішекте жүзеге асып, асқазан және панкреатин липазаларының белсенді сериндік бөліктерімен ковалентті байланыс түзеді. Белсенділігі жойылған фермент бұл орайда бос сіңген май қышқылдарына триглицеридтер және моноглицеридтер түрінде түсетін тағам майларын ыдырату қабілетінен айрылады. Ыдырамаған триглицеридтер сіңбейтіндіктен, соның салдарынан туындайтын организмге түсетін калориялар азаюы дене салмағының кемуіне әкеледі. Осылайша, препараттың емдік әсері жүйелі қан ағымына сіңусіз жүзеге асады.

Нәжістегі май мөлшерінің нәтижелері бойынша, орлистат әсері қабылдаудан кейін 24-48 сағаттан соң басталады. Орлистатты тоқтатқан соң нәжістегі май мөлшері 48-72 сағаттан соң, әдетте, емнің басталуына дейін орын алған деңгейіне оралады.

Клиникалық тиімділігі

Орлистат қабылдайтын пациенттерде, диеталық емде жүрген пациенттермен салыстырғанда, дене салмағын көп жоғалту байқалады. Дене салмағының кемуі емдеу басталған соң алғашқы 2 апта ішінде-ақ байқалады және тіпті диетамен емдеуге жауабы болмаған пациенттерде 6-дан 12 айға дейін жалғасады. 2 жыл бойына семіздікпен қатар жүретін метаболизмдік қауіп факторлары бейінінің статистикалық мәнді жақсаруы байқалады. Бұдан бөлек, плацебо қабылдаумен салыстырғанда, организмдегі май мөлшерінің едәуір азаюы білінеді. Орлистат қайтадан дене салмағын қосып алмау тұрғысынан тиімді. Пациенттердің шамамен жартысында жоғалтқан салмақтың 25%-нан көп емес қайтадан дене салмағын қосып алу байқалады, ал осы пациенттердің жартысында дене салмағын қайта қосу байқалмайды немесе тіпті оның әріқарай төмендеуі білінеді.

Орлистатты 6 айдан 1 жылға дейін қабылдайтын артық дене салмағы немесе семіздігі және 2 типті қант диабеті бар пациенттерде, тек диеталық ем алатын пациенттермен салыстырғанда, дене салмағын көп жоғалту байқалады. Дене салмағын жоғалту негізінен организмдегі май мөлшерінің азаюы есебінен жүреді. Орлистатпен ем жүргізілгенде гликемияны бақылаудың статистикалық және клиникалық мәнді жақсаруы байқалады. Бұдан бөлек, орлистатпен ем аясында гипогликемиялық дәрілер дозасының, инсулин концентрациясының төмендеуі, сондай-ақ инсулинге төзімділіктің кемуі байқалады.

Орлистатты 4 жыл бойы қолданғанда 2 типті қант диабетінің даму қаупі едәуір төмендейді (плацебомен салыстырғанда, шамамен 37%). Глюкозаға төзімділіктің бастапқы бұзылуы бар (шамамен 45%) пациенттерде қауіптің азаю дәрежесі де едәуір төмен. Дене салмағының жаңа деңгейде сақталуы препаратты қолданған бүкіл кезең бойына байқалады.

Семіздігі бар жасөспірімдерде орлистатты 1 жыл бойы қолданғанда, плацебо тобымен салыстырғанда, дене салмағы индексінің кемуі, сондай-ақ бел және сан шеңберінің азаюы байқалады. Орлистатпен ем алған пациенттерде де, плацебо тобымен салыстырғанда, диастолалық артериялық қысымның едәуір төмендеуі білінеді.

Қолданылуы

Орташа гипокалориялық диетамен біріктірілімде

  • 30 кг/м2 кем емес дене салмағы индексінде (ДСИ) семіздігі бар пациенттерді немесе 28 кг/м2 кем емес ДСИ тұсында артық дене салмағы, соның ішінде семіздікпен астасқан қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ уақыт емдеуде, орташа гипокалориялық диетамен біріктірілімде

  • семіздігі бар 2 типті қант диабеті бар пациенттерде гипогликемиялық препараттармен (метформин, сульфонилмочевина туындылары және/немесе инсулин) және/немесе орташа гипокалориялық диетамен біріктірілімде.

Емнің басталуынан 12 апта өткенде салмақтың бастапқы көрсеткіштен кемінде 5% төмендеуі болмаған жағдайда препаратпен емдеу тоқтатылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, су ішумен.

30 кг/м2 кем емес дене салмағы индексінде (ДСИ) семіздігі бар пациенттерді немесе 28 кг/м2 кем емес ДСИ тұсында артық дене салмағы, соның ішінде семіздікпен астасқан қауіп факторлары бар пациенттерді орташа гипокалориялық диетамен біріктірілімде емдеу

Ересектер

Листата препаратының ұсынылатын дозасы – 1 таблетка (120 мг) әрбір негізгі ас ішумен (тамақтану кезінде немесе тамақтанудан кейін 1 сағат өтуінен кешіктірмей).

Семіздігі немесе артық дене салмағы бар 2 типті қант диабеті бар пациенттерде гипогликемиялық препараттармен (метформин, сульфонилмочевина туындылары және/немесе инсулин) және/немесе орташа гипокалориялық диетамен біріктірілімде

Егер ас ішуді өткізіп алса немесе егер тағам құрамында май болмаса, Листата препаратын қабылдауды да өткізіп жіберуге болады.

Листата препаратын құрамында май түріндегі калораж 30%-дан аспайтын теңестірілген орташа гипокалориялық диетамен біріктілімде қабылдау керек. Май, көмірсу және ақуыздардың тәуліктік тұтынылуын 3 негізгі тамақтану арасында бөлу қажет.

Листата препаратының дозасын ұсынылғанынан асыра арттыру (күніне 3 рет 120 мг) оның емдік әсерінің күшеюіне алып келеді.

Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде және 12 жасқа дейінгі балаларда Листата препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың жағымсыз әсерлері кездесу жиілігіне қарай ағзалар жүйесінің әрқайсысына қатысты келесі жіктеуді пайдаланып жүйеленген: өте жиі (1/10-нан көп); жиі (1/100-ден көп, 1/10-нан аз); жиі емес (1/1000-нан көп, 1/100-ден аз); сирек (1/10000-нан көп, 1/1000-нан аз); өте сирек, бірлі-жарым хабарламаларды қоса (1/10000-нан аз).

Жағымсыз реакциялар орлистатты қолданғанда, ең алдымен, асқазан-ішек жолы (АІЖ) тарапынан туындады және тағам майының сіңуін бөгейтін орлистаттың фармакологиялық әсер ету себебінен болды. Тік ішектен майлы бөліністер, бөліндінің аздаған мөлшерімен газдардың бөлініп шығуы, нәжіске императивтік қысылу, стеаторея, нәжістің жиілеуі, сұйық нәжіс, метеоризм, іштің ауыруы немесе жайсыздану сияқты құбылыстар өте жиі білінді. Олардың жиілігі тағамда май мөлшері көбейгенде артады. Пациенттерді АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың туындауы мүмкін екенінен хабардар етіп, оларды әсіресе құрамындағы май мөлшеріне қатысты диета ұстанумен қалай жоюға болатынын үйрету керек. Май мөлшері төмен диета қолдану АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлер ықтималдығын азайтып, сол арқылы пациенттерге май тұтынуды бақылауға және реттеуге көмектеседі.

Аталған жағымсыз реакциялар, әдетте, әлсіз білінеді және өтпелі болады. Олар ерте емдеу сатыларында туындайды (алғашқы 3 айда), бұл орайда пациенттердің көпшілігінде осындай реакциялар бір көріністен көп болды.

Орлистатпен емдеуде АІЖ тарапынан келесі жағымсыз құбылыстар туындайды: «жұмсақ» нәжіс, тік ішектің ауыруы немесе жайсыздануы, нәжістің ұстамауы, іштің кебуі, тістің зақымдануы, қызылиектердің зақымдануы.

Сонымен қатар, өте жиі білінгендері: бас ауыру, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, тұмау; жиі: төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, дисменорея, үрей, әлсіздік.

Жағымсыз құбылыстар сипаты мен жиілігі 2 типті қант диабеті бар пациенттерде артық дене салмағымен және семіздікпен қант диабетінсіз тұлғалардағы осындаймен салыстырмалы болды. 2 типті қант диабеті бар пациенттердегі бірден бір жаңа жағымсыз құбылыстар, плацебомен салыстырғанда өмірсу алмасу компенсациясын жақсарту нәтижесінде туындауы мүмкін), 2%-дан көп жиілікте және кемінде 1% оқиғаның орын алуымен туындаған гипогликемиялық жағдайлар және жиііштің кебуі болды.

4 жылдық клиникалық зерттеуде жалпы қауіпсіздік бейіні 1 және 2 жылдық зерттеулерден алынған осындайдан ерекшеленбеген. Бұл орайда АІЖ тарапынан жағымсыз құбылыстардың жалпы туындау жиілігі препаратты қабылдаған 4 жылдық кезең ішінде азайды.

Аллергиялық реакциялардың сирек жағдайлары сипатталған, басты клиникалық көріністері тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі және анафилаксия болды.

Буллезді бөртпе, трансаминазалар белсенділігі және сілтілі фосфатаза жоғарылаған өте сирек жағдайлар, сондай-ақ жекелеген, күрделі болуы да мүмкін, гепатит дамыған жағдайлар сипатталған (орлистат қабылдаумен себеп-салдарлы байланысы немесе патофизиологиялық даму механизмдері анықталмаған).

Орлистатты тікелей әсер ететін антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда протромбиннің төмендеуі, халықаралық қалыптасқан қатынастар (ХҚҚ) мәндерінің артуы және антикоагулянттармен теңестірілмеген ем жағдайлары тіркелген, бұл гемостатикалық параметрлер өзгерісіне алып келді.

Ректальді қан кету, дивертикулит, панкреатит, холелитиаз және оксалатты нефропатия жағдайлары тіркелді (туындау жиілігі белгісіз).

Орлистат пен эпилепсияға қарсы препараттарды бір мезгілде қабылдағанда құрысулар дамыған жағдайлар тіркелген («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз).

Қолданылуы

  • орлистатқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • созылмалы мальабсорбция синдромы

  • холестаз

  • жүктілік және бала емізу кезеңі

  • балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Орлистаттың амитриптилин, аторвастатин, бигуанидтермен, дигоксин, фибраттар, флуоксетин, лозартан, фенитоин, ішуге арнаған контрацептивтермен, фентермин, правастатин, варфарин, ГИЕЖ (гастро-интестинальді емдік жүйе) нифедипинімен және баяу босап шығатын нифедипинмен, сибутрамин немесе этанолмен өзара әрекеттесуі (дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесу зерттеулері негізінде) анықталмаған. Алайда, варфаринмен немесе тікелей әсер етпейтін басқа антикоагулянттармен бір мезгілде емдегенде ХҚК көрсеткіштерін қадағалау қажет.

Орлистатпен бір мезгілде қабылдағанда D, Е дәрумендерінің және бета-каротин сіңуінің азаюы білінген. Егер көп құрамды дәрумендер ұсынылса, оларды орлистат қабылдаудан кейін кем дегенде 2 сағаттан соң немесе ұйықтар алдында қабылдау керек.

Орлистат пен циклоспорин бір мезгілде қабылданғанда қан плазмасында циклоспорин концентрациясының төмендеуі білінген, сондықтан циклоспорин мен орлистат бір мезгілде қабылданғанда қан плазмасында циклоспорин концентрациясын жиірек анықтап отыру ұсынылады.

Орлистатпен ем кезінде амиодаронды ішке қабылдағанда амиодарон мен дезэтиламиодарон жүйелі экспозициясының төмендеуі (25-30%) білінген, алайда, амиодаронның күрделі фармакокинетикасына байланысты, осы құбылыстың клиникалық мәні анық емес. Орлистатты амиодаронмен ұзақ уақыттық емге қосу амиодаронның емдік әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін (зерттеу жүргізілмеген).

Фармакокинетикалық зерттеулер деректерінің болмауына орай, орлистат пен акарбозаны бір мезгілде қабылдаудан сақтану керек.

Орлистат пен эпилепсияға қарсы препараттарды бір мезгілде қабылдағанда құрысулар дамыған жағдайлар байқалған. Құрысулардың дамуы мен орлистатпен емдеу арасындағы себеп-салдарлы байланыс анықталмаған. Дегенмен де, құрысу синдромы жиілігінің және/немесе ауырлығының болжамды өзгерістері тұрғысынан пациенттердің жағдайына мониторинг өткізу керек.

Айрықша нұсқаулар

Листата препараты дене салмағын ұзақ уақыт бақылау (дене салмағының төмендеуі және оны сақтап тұру, дене салмағын қайта қосып алудан сақтану) тұрғысынан тиімді. Листата препаратымен емделу қауіп факторлары және гиперхолестеринемияны, 2 типті қант диабетін, глюкозаға төзімділіктің бұзылуын, гиперинсулинемияны, артериялық гипертензияны қоса, семіздікпен қатар жүретін аурулар бейінінің жақсаруына және висцеральді май мөлшерінің азаюына алып келеді.

Артық дене салмағы (28 кг/м2 кем емес ДСИ) немесе семіздігі (30 кг/м2 кем емес ДСИ) бар 2 типті қант диабеті бар пациенттерде метформин, сульфонилмочевина туындылары және/немесе инсулин сияқты гипогликемиялық препараттармен біріктірілімде қолданғанда орташа гипокалориялық диетамен біріктірілген Листата препараты көмірсу алмасу компенсациясының қосымша жақсаруына ықпал етеді.

Клиникалық зерттеулерде пациенттердің көпшілігінде орлистатпен төрт жыл емделу барысында A, D, E, К дәрумендері мен бета-каротин концентрациялары қалып шегінде қалды. Барлық минералды заттардың талапқа сай түсуін қамтамасыз ету үшін көп құрамды дәрумендерді қолдануға болады.

Пациент құрамындағы май түріндегі калораж 30%ан көп емес теңестірілген, орташа гипокалориялық диета ұстануы тиіс. Жемістері мен көкөністері мол тамақтану ұсынылады. Май, көмірсу және ақуыздардың тәуліктік тұтынылуын негізгі үш қабылдауға бөлу қажет.

Егер Листата препараты майы мол тамақтану аясында қабылдансаысалы, 2000 ккал/тәулік, олардың 30%-дан астамы май түрінде, бұл шамамен 67 г майға тең болады) асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз реакциялар ықтималдығы артуы мүмкін. Егер Листата препараты майы өте мол тамақпен қабылданса, асқазан-ішек реакцияларының ықтималдығы артады.

2 типті қант диабеті бар пациенттерде Листата препаратымен емделу көмірсу алмасу компенсациясының жақсаруымен қатар жүреді, бұл гипогликемиялық препараттардың (мысалы, сульфонилмочевина туындыларының) дозасын азайту мүмкіндігін беруі немесе оны талап етуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жануарларға жүргізілген тұқым өрбітуге уыттылық зерттеулерінде орлистат препаратының тератогенді және эмбриоуытты әсері байқалмаған. Жануарларға жүргізілген тератогенді әсері болмағандықтан адамда осындай әсері күтілмейді. Жүктілік кезінде орлистат қолдану жөнінде клиникалық деректер болмағандықтан, Листата препаратын жүкті әйелдерде қолдану қарсы көрсетілімді.

Орлистаттың емшек сүтімен бөліну деректерінің болмауына байланысты, Листата препаратын бала емізу кезеңінде қолдану қарсы көрсетілімді.

Педиатрияда қолдану

Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зейін қою қабілетін нашарлататын жағымсыз реакциялардың даму мүмкіндігін ескеру керек.

Листата препаратын гипогликемиялық препараттармен біріктірілімде қолданатын 2 типті қант диабеті бар пациенттер, бас айналумен, көрудің нашарлауымен қатар жүретін гипогликемияның даму мүмкіндігіне байланысты, көлік құралдарын және механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасы қадағалануы тиіс.

Артық дозалануы

Дене салмағы қалыпты тұлғаларда және семіздігі бар пациенттерде 15 күн бойы 800 мг бір реттік дозаларды қабылдау немесе тәулігіне 3 рет 400 мг орлистатты көп рет қабылдау елеулі жағымсыз құбылыстардың пайда болуымен қатар жүрмеген. Бұдан бөлек, семіздігі бар пациенттерде 6 ай бойы тәулігіне 3 рет 240 мг орлистат қолдану тәжірибесі бар, бұл жағымсыз құбылыстар жиілігінің нақты артуымен қатар жүрмеген.

Орлистат артық дозаланған жағдайларда жағымсыз құбылыстардың болмағаны хабарланған, немесе жағымсыз құбылыстар орлистатты қабылдау кезінде байқалғандардан ерекшеленбеген.

Орлистаттың артық дозалануы айқын жағдайда пациентті 24 сағат бойы қадағалауға кеңес беріледі. Адамда және жануарларда жүргізілген зерттеулер деректері бойынша, орлистаттың липазаны тежеу қасиеттерімен байланыстыруға болатын кез келген жүйелі әсерлері тез қайтымды болуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

МемСТ 25250-88 бойынша ЭП-73 таңбалы поливинилхлоридті үлбірден немесе MKF-ERGIS SP z o.o., Польша өндірушісінің ПВХ үлбірінен немесе Еур.Ф. бойынша ПВХ үлбірінен және МемСТ 745-2003 бойынша баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 1, 2, 3, 6 немесе 9 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге МемСТ 7933-89 бойынша қораптық картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Изварино Фарма» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

142750, Мәскеу қ-сы, Изварино д., БҰМДЕО аумағы, 1 бет

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«Изварино Фарма» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

142750, Мәскеу қ-сы, Изварино д., БҰМДЕО аумағы, 1 бет

Тіркеу куәлігінің иесі

«Изварино Фарма» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

142750, Мәскеу қ-cы, Изварино д., БҰМДЕО аумағы, 1 бет

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттардың тұтынушыларынан шағымдар қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Фарм-Евро» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Тел.: 8 (727) 271-10-17

8 (777) 392 80 80

E-mail: farmevro@mail.ru

Прикрепленные файлы

Листата_инструкция_рус.doc 0.08 кб
Листата_инструкция_каз.doc 0.12 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники