Лирика® (75 мг)

МНН: Прегабалин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pregabalin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011792
Информация о регистрации в РК: 02.05.2018 - 02.05.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 60.18 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Лирика®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Прегабалин

Дәрілік түрі

75 мг, 150 мг және 300 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында:

белсенді зат: 75 мг, 150 мг немесе 300 мг прегабалин,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк,

капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы Е172, натрий лаурилсульфаты, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы,

қара сияның құрамы SW-9008/-9009: шеллак, темірдің қара тотығы Е 172, пропиленгликоль, калий гидроксиді.

Сипаттамасы

Ақ түсті корпусы және қақпағы бар қатты желатинді №2 капсулалар (150 мг доза үшін) немесе ақ түсті корпусы және қызғылт сары-қызыл түсті қақпағы бар №4 және №0 капсулалар (тиісінше, 75 мг және 300 мг дозалар үшін).

Капсуланың корпусында қара сиямен дозасы және өнімнің коды «PGN 75» (75 г доза үшін), «PGN 150» (150 г доза үшін), «PGN 300» (300 мг доза үшін), қақпағында «Pfizer» деп жазылған.

Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ түсті дерлік ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар. Прегабалин.

АТХ коды N03AX16

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Прегабалиннің тепе-теңдік жағдайындағы фармакокинетикалық көрсеткіштері дені сау еріктілерде, эпилепсиясы бар, эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде және созылмалы ауырулары бар пациенттерде ұқсас.

Сіңірілуі Прегабалин ашқарынға тез сіңеді. Препараттың қан плазмасындағы концентрациясы ең жоғарғы шыңына бір рет қолданғанда да, бірнеше рет қолданғанда да бір сағаттан соң жетеді. Прегабалиннің ішке қабылдағандағы биотиімділігі > 90 % құрайды және қабылданған дозасына тәуелді емес. Қайталап қолданған кезде тепе-теңдік жағдайына 24-48 сағат ішінде жетеді. Ас ішу прегабалиннің сіңірілуін нашарлатады. Сонымен қатар Сmax шамамен 25-30 %-ға төмендейді, ал ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты (tmax) шамамен 2,5 сағатқа дейін артады. Алайда, прегабалинді тамақпен бірге қолдану оның сіңірілу дәрежесіне клиникалық тұрғыдан елеулі әсер етпейді.

Таралуы Прегабалиннің ішке қабылдағаннан кейінгі таралу көлемі шамамен 0,56 л/кг құрайды. Препарат қан плазмасы ақуыздарымен байланыспайды.Метаболизмі Прегабалин елеусіз метаболизмге ұшырайды. Прегабалиннің радиобелсенді таңбасымен таңбаланған дозасын қабылдағаннан кейін несепте анықталған 98 %-ға жуық радиобелсенді зат өзгермеген прегабалин болып табылды. Прегабалиннің несепте анықталатын негізгі метаболиті болып табылатын прегабалиннің N метилденген туындысының үлесіне препараттың қабылданған дозасының 0,9 %-ы келді.

Шығарылуы Прегабалин  жүйелі қан ағымынан көбінесе өзгеріссіз күйде  бүйреекпен шығарылады. 

Прегабалиннің жартылай шығарылуының орташа кезеңі  6,3 сағатты құрайды. Прегабалиннің плазмалық және бүйректік клиренсі креатинин клиренсіне тікелей пропорциональді. 

Дозаға тәуелділігі/тәуелсіздігі

Прегабалиннің фармакокинетикасы ұсынылған тәуліктік дозалары ауқымында дозаға тәуелді сипатқа ие. Прегабалиннің түраралық фармакокинетикасының ауытқымалылығы төмен (< 20 %). Препараттың бірнеше рет қабылданғандағы фармакокинетикасын оны бір рет қабылдағандағы фармакокинетикасына қарап болжауға болады. Сондықтан прегабалиннің қан плазмасындағы концентрациясына дағдылы мониторинг жүргізу қажеттілігі жоқ.

Жыныс Клиникалық зерттеулер, жыныстық ерекшелік прегабалиннің плазмадағы концентрациясына клиникалық тұрғыдан елеулі әсер етпейтіндгін көрсетеді.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Прегабалиннің клиренсі креатинин клиренсіне тікелей пропорциональді. Бұдан өзге, прегабалин гемодиализ кезінде (гемодиализден кейін 4 сағаттан соң прегабалиннің қан плазмасындағы концентрациясы шамамен 50 %-ға азаяды) қан плазмасынан тиімді шығарылады. Элиминациясының негізгі жолы бүйрекпен шығарылуы болып табылатындықтан, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын азайту талап етіледі, ал гемодиализден кейін қосымша дозаларын қабылдау қажет.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттердің фармакокинетикасына арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Прегабалин айтарлықтай метаболизмге ұшырамайтын және несеппен негізінен өзгермеген түрінде шығарылатын болғандықтан, бауыр функциясының бұзылуы прегабалиннің қан плазмасындағы концентрациясына айтарлықтай әсер етпейді.

Бала жастағы пациенттер

Прегабалиннің фармакокинетикасы эпилепсиясы бар бала жастағы пациенттерде (жас топтары: 1 айдан 23 айға дейін, 2 жастан 6 жасқа дейін, 7 жастан 11 жасқа дейін және 12 жастан 16 жасқа дейін) фармакокинетикасы мен көтерімділігін зерттеуде тәулігіне 2,5; 5; 10 және 15 мг/кг дозаларының деңгейінде бағаланды.

Прегабалинді бала жастағы пациенттер аш қарынға ішу арқылы қабылдағаннан кейін, әдетте, қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына жеткенге дейінгі уақыт басрлық жас топтары үшін ұқсас болды және дозасын қабылдағаннан кейінгі 0,5-тен 2 сағатқа дейінді құрады. Дозасын арттырған кездегі Cmax және AUC параметрлерінің мәндері әр жас тобында дозасына байланысты артып отырды. Дене салмағы 30 кг дейінгі бала жастағы пациенттерде AUC мәні, бұл пациенттерде дене салмағына қарай түзетілген клиренсінің 43% артуы себепті, дене салмағы ≥ 30 кг пациенттермен салыстырғанда 30% аз болды.

6 жасқа дейінгі бала пациенттерде прегабалиннің жартылай шығарылуының терминальді кезеңі орташа алғанда 3 сағаттан 4 сағатқа дейінді, ал 7 жас шамасындағы және одан үлкен балаларда – 4 сағаттан 6 сағатқа дейінді құрады. Популяциялық фармакокинетикалық талдау, креатинин клиренсі ішу арқылы қабылдаған кезде прегабалин клиренсінің елеулі ковариатасы болғанын, дене салмағы прегабалинді ішу арқылы қабылдаған кезде болжалды таралу көлемінің елеулі ковариатасы болғанын, және бұл тәуелділіктердің бала жастағы пациенттер популяциясы мен ересек пациенттер популяциясы үшін ұқсас болғанын көрсетті.

Прегабалиннің 3 айға толмаған пациенттердегі фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)

Прегабалин клиренсі егде жастағы тұлғаларда төмендеу үрдісіне бейім. Клиренсінің бұл төмендеуі прегабалинді ішу арқылы қабылдағанда креатинин клиренсінің төмендеуімен салыстырмалы, ол егде жаспен байланысты. Бүйрек функциясының жасына байланысты бұзылуымен пациенттерге прегабалиннің дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Бала емізетін әйелдер

150 мг дозадағы прегабалиннің  фармакокинетикасы  әр 12 сағат сайын (тәуліктік дозасы 300 мг) бала емізіп жүрген әйелдерде босанғаннан кейін кемінде 12 апта өткен соң бағаланды. Лактация прегабалиннің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ немесе елеусіз әсер етті. Прегабалин емшек сүтіне анасының қан плазмасындағы тепе-теңдік концентрациялары мәнінің 76 % тепе-теңдік концентрацияларының орташа мәнімен бөлінді. Прегабалиннің балада тәулігіне 300 мг немесе тәулігіне 600 мг ең жоғарғы дозасын қабылдап жүрген әйелдердің емшек сүтімен қабылданатын теориялық орташа тәуліктік дозасы (сүттің болжалды орташа тұтынылуы: тәулігіне 150 мл/кг) сәйкесінше тәулігіне 0,31-ден 0,62 мг/кг дейінді құрайды. Бұл есептік доза анасы үшін мг/кг дене салмағына есептелген жалпы тәуліктік дозасының шамамен 7 %-ын құрайды.

Фармакодинамикасы

Лирика® препаратының әсер етуші заты – гамма- аминмай қышқылының ((S)-3-(аминометил)-5-метилгексан қышқылы) аналогы  – прегабалин болып табылады.

Әсер ету механизмі

Прегабалин орталық жүйке жүйесіндегі потенциал-тәуелді кальций өзекшелерінің  қосымша субъбірлігімен (α2-дельта-ақуыз) байланысады.

Қолданылуы

- ересектердегі шеткері және орталықтық нейропатиялық ауыруды емдеуде - салдарлы жайылумен немесе онсыз жүретін парциальді құрысулары бар ересектердегі эпилепсияда (қосымша дәрі ретінде)

- ересектердегі жайылған үрейлі бұзылысты емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке тәулігіне екі немесе үш қабылданатын 150-ден 600 мг-ге дейінгі дозада қолданады. Препаратты ас ішуге қарамай-ақ қабылдауға болады.

Нейропатиялық ауыру

Емдеуді екі немесе үш қабылдауға бөлінген тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Пациенттің жекелей жауабына және препараттың жағымдылығына байланысты, 3-7 күннен кейін дозаны тәулігіне 300 мг-ге дейін, ал қажет болса, тағы 7 күннен кейін ең жоғары доза 600 мг-ға дейін арттыруға болады.

Эпилепсия

Емдеуді екі немесе үш қабылдауға бөлінген тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Пациенттің жекелей жауабына және препараттың жағымдылығына қарай, бір аптадан кейін дозаны тәулігіне 300 мг-ге дейін, ал тағы бір аптадан кейін тәулігіне 600 мг-ге дейін арттыруға болады.

Денеге жайылған үрейлі бұзылыстарда

Препаратты тәулігіне екі немесе үш рет қабылданатын 150-ден 600 мг-ге дейінгі дозада қолданады. Емдеу қажеттілігі үнемі қайта қаралып отыру керек. Емдеуді тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Пациенттің жекелей жауабына және препараттың жағымдылығына қарай, бір аптадан кейін дозаны тәулігіне 300 мг-ға дейін, ал тағы бір аптадан кейін тәулігіне 450 мг-ге дейін, ал тағы бір аптадан кейін тәулігіне ең жоғары доза 600 мг-ге дейін арттыруға болады.

Прегабалинді тоқтату

Егер емдеуді тоқтату қажет болса, оны көрсетіліміне байланыссыз, кем дегенде бір апта бойы біртіндеп тоқтату керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Прегабалин жүйелі қан ағымынан көбінесе өзгеріссіз күйде бүйрекпен шығарылады. Прегабалиннің клиренсі креатинин клиренсіне тікелей пропорциональді болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылуы бар  пациенттерде дозасын төмендету креатинин клиренсі (КрКл) бойынша, 1 кестеде көрсетілгендей жекелей тәртіппен жүзеге асырылуы, және келесі формула бойынша анықталуы тиіс:

 

1,23 х [140 – жас шамасы (жас)] х дене салмағы (кг)

(х 0,85 әйелдер үшін)

 

К

Сарысулық креатинин (мкмоль/л)

лКр (мл/мин) =

 

Прегабалин гемодиализдің көмегімен қан плазмасынан тиімді шығарылады (4 сағаттан соң препараттың 50 %-ы). Гемодиализ жүргізіліп жүрген пациенттерде, препараттың тәуліктік дозасын бүйрек функциясын ескере отырып таңдайды. Препараттың тәуліктік дозасына қосымша әр 4 сағаттық гемодиализ сайын қосымша дозасы тағайындалады (1 кестені қараңыз).

1 кесте. Прегабалиннің дозасын бүйрек функциясына байланысты түзету

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Прегабалиннің жалпы тәуліктік дозасы1

Дозалау режимі

 

Бастапқы дозасы (мг/тәул.)

Ең жоғарғы дозасы (мг/тәул.)

 

> 60

 

150

600

Тәулігіне 2 рет немесе тәулігіне 3 рет.

> 30-дан < 60 дейін

75

300

Тәулігіне 2 рет немесе тәулігіне 3 рет.

>15-ден < 30 дейін

25-50

150

Тәулігіне 1 рет немесе тәулігіне 2 рет.

< 15

25

75

Тәулігіне 1 рет.

Гемодиализден кейінгі қосымша дозасы (мг)

 

25

100

Бір рет2

1Жалпы тәуліктік дозасы (мг/тәул.) қажетті мг/доза мәнін алу үшін, дозалау режиміне сәйкес бөлінуі тиіс

2 Қосымша дозасы – бұл бір реттік қосымша доза

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес.

Балалық және жасөспірімдік жастағы пациенттер

Лирика® препаратының 12  жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердегі (12-17 жас шамасындағы) қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолда бар мәліметтер «Жағымсыз әсерлері», «Фармакологиялық қасиеттері» бөлімдерінде келтіріледі, бірақ олар бойынша дозалау жөнінде ұсынымдар беру мүмкін емес.

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер

Егде жастағы пациенттерге бүйрек функциясының төмендеуіне байланысты, препараттың дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Лирика® препаратын қолданғанда жағымсыз әсерлер тіркелді, олар біліну жиілігіне байланысты былайша жіктелді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000) және белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша анықтау мүмкін емес).

Өте жиі

- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық

Жиі

- назофарингит

- тәбеттің артуы

- эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдардан адасу, ұйқысыздық, либидо төмендеуі

- атаксия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тремор, дизартрия, амнезия, жадының нашарлауы, зейіннің бұзылуы, парестезия, гипестезия, седативті әсер, тепе-теңдіктің бұзылуы, мәңгіру

- анық көрмеу, диплопия

- вертиго

- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы*, құсу, метеоризм, іштің кебуі, іштің қатуы, диарея*

- эректильді дисфункция

- қатты қажу, шеткері ісіну, ісіну, жүріс-тұрыстың бұзылуы, құлау, масаю сезімі, өзін нашар сезіну

- дене салмағының артуы

- бұлшықет құрысулары, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, омыртқа бағанының мойын бөлігі бұлшықеттерінің түйілуі

Жиі емес

- нейтропения

- аса жоғары сезімталдық*

- анорексия, гипогликемия

- елестеулер, үрей ұстамалары, мазасыздық, үрейлі қозу, депрессия, депрессиялық көңіл-күй, көңіл-күйдің көтеріңкілігі, озбырлық*, көңіл-күйдің құбылмалылығы, өзін-өзі танымау, сөз таңдауға қиналу, әдеттен тыс түстер көру, либидо жоғарылауы, аноргазмия, апатия

- естен тану, мелшию, миоклонус, естен айырылу*, аса жоғары психомоторлық белсенділік, дискинезия, постуральді бас айналуы, интенционды тремор, нистагм, когнитивтік бұзылыс, психикалық бұзылыс *, сөйлеу бұзылысы, гипорефлексия, гиперестезия, күйдіріп ашыту сезімі, агевзия, дімкәстану*

- шеткері көрудің жоғалуы, көрудің бұзылуы, көздің ісінуі, көру аймағының ақауы, көру жітілігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, құрғақ көз синдромы, көзден жас ағудың артуы, көздің тітіркенуі

- гиперакузия

- тахикардия, I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі*

- гипотензия, гипертензия, ысынулар, гиперемия, қол мен аяқтың мұздауы

- ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорыл, мұрынның шырышты қабығының құрғауы

- гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, сілекей бөлінуінің артуы, оральді гипестезия

- папулездік бөртпе, есекжем, гипергидроз, қышыну*

- буындардың домбығуы, миалгия, бұлшықет құрысулары, мойынның ауыруы, бұлшықеттердің сіресуі

- несепті ұстай алмау, дизурия

- жыныстық дисфункция, эякуляция іркілісі, дисменорея, сүт бездерінің ауыруы

- жайылған ісіну, беттің ісінуі*, кеуденің қысылу сезімі, ауыруы, пирексия, шөлдеу, қалтырау, астения

- қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер санының азаюы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия, дене салмағының төмендеуі

Сирек

- ангионевроздық ісіну*, аллергиялық реакция*

- сергектік

- құрысулар*, паросмия, гипокинезия, дисграфия

- көрмей қалу*, кератит*, осциллопсия, көру арқылы қабылдау тереңдігінің өзгеруі, мидриаз, қитарлық, көру арқылы қабылдаудың айқындығы

- QT аралығының ұзаруы*, синустық тахикардия, синустық аритмия

- тамақтағы қысылу сезімі, өкпенің ісінуі*

- тілдің ісінуі*, дисфагия, асцит, панкреатит

- Стивенс-Джонсон синдромы *, суық тер

- рабдомиолиз

- олигурия, несептің іркілуі*, бүйрек жеткіліксіздігі

  • аменорея, сүт бездерінің ұлғаюы, сүт бездерінен бөліністердің бөлінуі, гинекомастия*

- лейкоциттер санының азаюы

* Препаратты тіркеуден кейінгі зерттеу кезінде тіркелген қосымша реакциялар

Бала жастағы пациенттер

Прегабалиннің бала жастағы пациенттердегі зерттеулерде байқалған қауіпсіздік бейіні ересек пациенттердегі осындаймен ұқсас болды.

Болжалды жағымсыз реакциялары туралы деректерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркеуден кейін анықталған болжалды жағымсыз реакциялар туралы деректерді хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден кез келген жағымсыз реакциялар туралы, медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға хабарлау сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Адамда прегабалин көбінесе өзгеріссіз күйде несеппен шығарылатындықтан, елеусіз метаболизмге ұшырайды ( дозасының <2 %-ы несеппен метаболиттер түрінде шығарылады), басқа препараттардың метаболизмін in vitro тежемейді және қан плазмасы ақуыздарымен байланыспайды, оның басқа дәрілік препараттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

In vivo зерттеулер және популяциялық фармакокинетикалық талдау

Лирика® препаратының фенитоинмен, карбамазепинмен, вальпрой қышқылымен, ламотриджинмен, габапентинмен, лоразепаммен, оксикодонмен немесе этанолмен клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу белгілері байқалған жоқ. Диабетке қарсы пероральді дәрілер, диуретиктер, инсулин, фенобарбитал, тиагабин мен топирамат Лирика® препаратының клиренсіне клиникалық тұрғыдан маңызды ықпал етпейтіні анықталды.

Пероральді контрацептивтер, норэтистерон және/немесе этинилэстрадиол

Прегабалинді пероральді контрацептивтермен, норэтистеронмен және/немес этинилэстрадиолмен бір мезгілде қабылдау бұл заттардың тепе-теңдік жағдайындағы фармакокинетикасына әсер етпейді.

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік препараттар

Лирика® препараты этанол мен лоразепамның әсерін күшейтуі мүмкін.

Бақыланатын клиникалық зерттеулер кезінде Лирика® препаратын оксикодонмен, лоразепаммен немесе этанолмен бірге ішу арқылы бірнеше рет қабылдағанда тыныс алу функциясына клиникалық тұрғыдан маңызды әсерлері бақалған жоқ.

Препаратты тіркеуден кейін қолдану кезінде алынған, Лирика® препараты мен орталық жүйке жүйесінің басқа депрессанттарын қабылдап жүрген пациенттердегі тыныс алу жеткіліксіздігі мен кома туралы хабарламалар бар.

Лирика® препараты, оксикодонның когнитивтік және жалпы моторлық функцияның бұзылуынан тұратын әсерін аддитивті күшейтеді.

Өзара әрекеттесулер және егде жастағы пациенттер

Егде жастағы дені сау еріктілерде фармакодинамикалық өзара әрекеттесулеріне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Дәріаралық өзара әрекеттесулерін зерттеулер тек ересек пациенттердің қатысуымен жүргізілді.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар пациенттер

Прегабалинді қолдану кезінде дене салмағының жоғарылауы байқалатын, қант диабеті бар кейбір пациенттерге гипогликемиялық препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Ангионевроздық ісіну жағдайларын қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар бар. Беттің ісінуі, ауыздың айналасының ісінуі немесе жоғарғы тыныс жолдарының ісінуі сияқты ангионевроздық ісіну симптомдары пайда болса, дереу прегабалинді қабылдауды тоқтату керек.

Бас айналуы, ұйқышылдық, естен тану, сананың шатасуы және психикалық бұзылыстар

Прегабалинмен емдеу бас айналуымен және ұйқышылдықпен қатар жүрді, олар егде жастағы пациенттерде байқаусызда жарақат алу (құлап қалу) қаупін арттыруы мүмкін. Препаратты тіркеуден кейін қолдану барысында естен тану, сананың шатасуы және психикалық бұзылыстар туралы хабарламалар келіп түсті. Сондықтан пациенттер, өздеріне препараттың ықтимал әсерлері белгілі болғанша сақтық танытуы керек.

Көрумен байланысты әсерлері

Прегабалинмен ем қабылдаған пациенттердегі бақыланатын зерттеулерде көру жітілігінің нашарлауы плацебо қабылдаған пациенттерге қарағанда жиі байқалды; көп жағдайларда бұл жағымсыз әсері препаратты қолдануды жалғастырған кезде жоғалып кетті. Офтальмологиялық тексеру жүргізілген клиникалық зерттеулер кезінде көру жітілігінің төмендеуі мен көру аймағының өзгерістері жағдайларының жиілігі плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, прегабалинді қабылдаған пациенттерде жоғары болды; көз түбі тарапынан болатын өзгерістердің жиілігі плацебо қабылдаған пациенттерде жоғары болды.

Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде де көру мүшелері тарапынан жағымсыз құбылыстар, соның ішінде көрмей қалу, анық көрмеу және көру жітілігінің басқа өзгерістері тіркелді, олардың көпшілігі қысқа мерзімді сипатты иеленді. Препаратты тоқтату көру тарапынан болатын аталған симптомдардың жоғалуына немесе айқындығының азаюына алып келуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды, және кейбір жағдайларда прегабалинді тоқтату аталған жағымсыз реакцияның қайтымдылығына алып келді.

Эпилепсияға қарсы қатарлас дәрілік препараттарды тоқтату

Бұл препаратты эпилепсияға қарсы емге қосқан жағдайда, оны монотерапия ретінде қолдану мақсатында, прегабалиннің көмегімен құрысу ұстамаларының бақылануына қол жеткізгеннен кейін эпилепсияға қарсы қатарлас дәрілік препараттардың тоқтатылғаны туралы мәліметтер жеткіліксіз.

Тоқтату симптомдары

Прегабалинмен қысқа және ұзақ мерзімді емдеуді тоқтатқаннан кейін кейбір пациенттерде тоқтату симптомдары байқалды. Келесі құбылыстар:   ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек айнуы, үрейлену, диарея, тұмау тәрізді синдром, күйгелектік, депрессия, ауыру, құрысулар, гипергидроз және бас айналуы байқалды. Бұл туралы пациентке емдеудің басында хабарлап айту керек.

Прегабалинді қолдану барысында немесе оны тоқтатқаннан кейін жуық арада эпилепсиялық статус пен ауқымды құрысу ұстамаларын қоса, құрысулар туындауы мүмкін.

Прегабалинмен ұзақ уақыт емдеуді тоқтатуға қатысты деректер тоқтату симптомдарының жиілігі мен ауырлығы препараттың дозасына байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Прегабалинді тіркеуден кейінгі кезең ішінде қабылдаған кейбір пациенттерде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді. Бұл реакциялар прегабалинді нейропатиялық көрсетілімдер бойынша қолдану кезінде көбінесе жүрек-қантамырлық бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде байқалды. Прегабалинді мұндай пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Прегабалинді тоқтату реакцияның басылуына алып келуі мүмкін.

Жұлын зақымдануынан болған орталықтық нейропатиялық ауыруды емдеу

Жұлын зақымдануынан болған орталықтық нейропатиялық ауыруды емдеу кезінде, жағымсыз реакциялардың жалпы жиілігі, орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялардың жалпы жиілігі және ұйқышылдық жиілігі жоғары болды. Бұл қатар қабылданатын осы ауруды емдеу үшін қажетті дәрілік препараттармен (мысалы, түйілуге қарсы препараттар) туындаған, аддитивті әсерлерге байланысты болуы мүмкін. Бұны прегабалинді осы ауруды емдеу үшін тағайындағанда ескеру керек.

Суицидтік ойлар мен мінез-құлық

Эпилепсияға қарсы препараттарды бірнеше көрсеткіштер бойынша қабылдаған пациенттерде суицидтік ойлар мен мінез-құлықтар тіркелді. Эпилепсияға қарсы дәрілік препараттардың рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулерінің мета-талдауы да суицидтік ойлар мен мінез-құлықтардың пайда болу қаупінің аздаған жоғарылауын көрсетті. Осы қауіптің механизмі белгісіз, және қол жетімді деректер прегабалинді қабылдауды қаупінің жоғарылау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осыған байланысты пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлықтардың белгілерінің пайда болуына мониторингіленуі және сәйкес емнің мүмкіндігін қарастыру керек. Пациенттерге (сондай-ақ пациенттерге күтім жасайтын тұлғаларға) суицидтік ойлар мен мінез-құлықтардың белгілері пайда болған жағдайда, медициналық көмекке жүгінуді ұсыну керек.

Асқазан-ішек жолының төменгі бөліктері функциясының төмендеуі

Тіркеуден кейінгі кезеңде прегабалин апиынды анальгетиктер секілді іш қатуын туындатуы мүмкін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданылғанда асқазан-ішек жолдарының төменгі бөлігінің функциясының төмендеуімен (мысалы, ішектің бітелуі, ішектің салданған бітелуі және іш қату) байланысты құбылыстар тіркелді. Прегабалин мен апиындық препараттарды бір мезгілде қолданғанда іш қатуды болдырмау үшін шаралар қолдану мүмкіндігін қарастыру керек (әсіресе әйел жынысты және егде жастағы пациенттерде).

Препаратты тиісінше қолданбау, шамадан тыс қабылдау және тәуелділік

Препаратты тиісінше қолданбау, шамадан тыс қабылдау немесе оған тәуелділік жағдайлары туралы хабарланды. Анамнезінде психоактивті заттарды шамадан тыс қабылдаған пациенттерге прегабалинді сақтықпен тағайындау керек, және мұндай пациенттерді препаратты тиісінше қолданбау, шамадан тыс қабылдау немесе оған тәуелділік (толеранттылықтың дамуы, дозаны жоғарылату, препаратты қажетсініп іздейтін мінез құлық) симптомдарын анықтау мақсатында қадағалауға алу керек. Энцефалопатия

Көбінесе энцефалопатияға әкелуі мүмкін қатар жүретін аурулармен пациенттердегі энцефалопатия жағдайлары туралы хабарланды.

Лактозаны көтере алмаушылық

Лирика® препаратының құрамында лактоза моногидраты бар. Препаратты сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастарға тағайындамау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бала тууға қабілетті әйелдер/ әйелдер мен ерлердегі контрацепция

Адам үшін әлеуетті қаупі белгісіз болғандықтан, бала тууға қабілетті әйелдерге контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану қажет.

Жүктілік

Прегабалиннің жүкті әйелдерде қолданылуы жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз.

Лирика® препаратын жүктілік кезінде нақты қажеттілігі болмаса қолданбау керек (анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін болуы мүмкін қауіптен анық асып түсетін жағдайларды қоспағанда).

Лактация кезеңі

Прегабалин емшек сүтіне бөлінеді. Прегабалиннің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге әсері белгісіз. Бала емізуді тоқтату немесе прегабалинмен емдеуді тоқтату туралы шешім бала емізудің сәби үшін артықшылығын және емдеудің әйел үшін пайдасын ескере отырып қабылдануы тиіс.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Прегабалиннің әйелдердің ұрпақ өрбіту функциясына әсері туралы клиникалық деректер жоқ.

Клиникалқ зерттеу деректері бойынша прегабалиннің ерлердегі сперматозоидтардың қозғалғыштығына әсері болмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лирика® препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне елеусіз немесе орташа әсер етуі мүмкін. Лирика® препаратын бас айналуы мен ұйқышылдықты туғызуы және сол арқылы көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Пациенттерге, аталған препараттың өздерінің осы қызметтерді жүзеге асыру қабілетіне әсер ететін-етпейтіндігі анықталғанша, көлік құралдарын басқарудан, күрделі механизмдермен жұмыс жасаудан немесе кез келген қауіптілігі зор қызметті жүзеге асырудан бас тарту ұсынылады.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, сананың шатасуы, үрейлі қозу, мазасыздық, сирек жағдайларда кома.

Емі: жалпы демеуші ем және қажет болған кезде гемодиализ жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 капсуладан салынған.

1 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ,

Моосвальдале 1, 79090 Фрайбург, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн, АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан осы өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн» компаниясының өкілдігі (АҚШ)

Алматы қ., Фурманов к-сі, 100/4

тел.: (727)  250-09-16

факс: (727)  250-42-09

электронды поштасы: PfizerKazakhstan@pfizer.com

Прикрепленные файлы

520578361477976825_ru.doc 140 кб
239140051477977983_kz.doc 167.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники