Липофит®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Липофит®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Олеогель
Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар: мыңжапырақтың қою сығындысы 0.05 г, «Қызыл май» полифитті майы 94.95 г
қосымша зат: сары балауыз.
Сипаттамасы
Полифитті майға тән иісі бар, қызылдау-қоңыр түсті біртекті жұмсақ масса.
Фармакотерапиялық тобы
Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар
АТХ коды D03
Фармакологиялық қасиеттері
Мыңжапырақтың қою сығындысының құрамында липоидті компоненттер: эфир майлары, алкалоидтар, флавондар, иіткіш заттар, майда еритін витаминдер, пигменттер және полифитті майдың қабынуға қарсы және репаративті қасиеттерін күшейтетін басқа биологиялық белсенді заттар бар.
«Қызыл май» полифитті майының қабынуға қарсы, регенерациялаушы, сергітетін, түйілуді басатын, антиоксиданттық, уыттануға қарсы, жараны жазатын қасиеттері бар.
«Липофит»® олеогель қабынуға қарсы, жарақатты жазатын әсер етеді.
Қолданылуы
Ауыз қуысы мен мұрын-жұтқыншақтың ауруларында (стоматиттер, гингивиттер, парадонтиттер, жедел және созылмалы риниттер, тонзиллиттер, ларингиттер, фарингиттер).
Гинекологиялық және урологиялық ауруларда (кольпиттер, эндоцервититтер, жатыр мойнының эрозиялары).
Тері зақымдануларында (термиялық, химиялық және сәулеленуден кейінгі күйіктер, тесілулер, дерматиттер, дерматоздар, баяу жазылатын, соның ішінде жұқпаланған жаралар мен ойық жаралар).
Қолдану тәсілі
Ауыз қуысының, тамақ пен мұрынның ауруларында шырышты қабықты күніне 1-2 рет сылайды немесе мұрын жолдарына турунда түрінде пайдаланады.
Күйіктерді, тесілулерді, тері мен шырышты қабықтардың сәулемен зақымдануларын емдеуде олеогельді өңезден тазартылған беткейге жағады.
Анус жарықтарында, геморройда күніне 2-3 рет жағады.
Гинекологиялық ауруларда қынапқа жағу арқылы, тампондар түрінде күніне 1 рет қолданады.
Емдеу курсы 10-15 күн.
Жағымсыз әсерлері
- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүкті және бала емізетін аналарда емдік дозаларда пайдалануға болады.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі мен қаптамасы
15 г препараттан біріктірілген материалдан жасалған сықпаға салынған. Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан Республикасы
Алматы қ. Ипподром к-сі, 6
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан Республикасы
ҚР аумағында өнім сапасына қатысты тұтынушылардың шағымын қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Қызыл май» Фирмасы» ӨК
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
Т. 382-20-27, факс 382-19-20
E – mail: reception@kyzylmay.com
3