Липидекс® СР

МНН: Фенофибрат
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenofibrate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014810
Информация о регистрации в РК: 05.08.2016 - 05.08.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 138.32 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Липидекс ® СР

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенофибрат

Дәрілік түрі

Босап шығуы ұзартылған капсулалар, 250 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 334.20 мг фенофибрат микропеллеті (250 мг фенофибратқа баламалы),

капсула құрамы: корпусы - «күн батар түстес» сары FCF (E110), желатин

қақпақшасы - «күн батар түстес» сары FCF (E110), титанның қостотығы (Е171), желатин

микропеллет құрамы: бейтарап ұсақ түйіршіктер (өлшемі 30), бутилденген негізгі метакрилат кополимері (Эудрагит E 100), метакрил қышқылы - метилметакрилат кополимері (1:1) (Эудрагит L 100), тальк

Сипаттамасы

Ашық қызғылт сары түсті күңгірт қақпақшасы және қызғылт сары түсті мөлдір корпусы бар өлшемі № 1 қатты желатин капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақшыл-крем түсті сфералық микропеллеттер.

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. Фибраттар. Фенофибрат.

АТХ коды С10АВ05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі. Липидекс® СР асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Ұзақ қолданғанда фенофиброй қышқылының концентрациясы пациенттің жекелей ерекшеліктеріне байланыссыз плазмада тұрақты болып қалады. Тамақпен бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасындағы Cmax және микрондалған фенофибраттың жалпы әсері жоғарылайды.

Таралуы. Фенофиброй қышқылы тұрақты және 99%-дан аса плазма альбуминімен байланысады.

Метаболизм және шығарылуы. Фенофиброй қышқылын ішу арқылы қабылдағаннан кейін 4-5 сағаттан соң жетеді. Сіңген соң фенофибрат эстеразалардың қатысуымен гидролизге ұшырап, белсенді метаболит – фенофиброй қышқылын түзеді. Фенофиброй қышқылының жартылай шығарылу кезеңі 20 сағатқа жуық құрайды. Фенофибрат ішке қабылдағаннан кейін оның негізгі белсенді метаболиті болып табылатын эстеразалармен жылдам гидролизденеді.Фенофибрат плазмада болмайды. Фенофибрат CYP3A4 үшін субстрат болып табылмайды, бауырда микросомальді метаболизмге қатыспайды.

Фенофибрат ең бастысы фенофиброй қышқылы және глюкуронид конъюгаты түрінде несеппен шығарылады. Фенофибрат іс жүзінде 6 тәулік ішінде толық шығарылады. Егде жастағы пациенттерде фенофиброй қышқылының жалпы клиренсі өзгермейді. Фенофиброй қышқылының жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) - 20 сағатқа жуық. Гемодиализ кезінде шығарылмайды. Кинетикалық зерттеулер фенофибраттың бір реттік қабылдаудан кейін және ұзақ қолданған кезде жинақталмайтынын көрсеткен.

Фармакодинамикасы

Липидекс® СР – фиброй қышқылының туындылары тобына жататын гиполипидемиялық препарат. Фенофибрат PPAR-α рецепторларын, липопротнинлипазаны белсендіру және С-III (апо С- III) апопротеин синтезін азайту жолымен құрамында триглицеридтер жоғары атерогенді липопротеиндердің липолизін және плазмадан шығарылуын күшейтеді. Жоғарыда сипатталған әсерлері тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) мен құрамына апопротеин В (апо В) кіретін тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) фракциясының азаюына және құрамына апопротеин А-I (апо А-I) және апопротеин А-II (апо А-II) кіретін жоғары липопротеиндер (ТЖЛП) фракциясының ұлғаюына әкеледі. Липопротеинлипазаны белсендіреді және сол арқылы триглицеридтер алмасуына ықпал етеді; май қышқылдары мен холестериннің синтезін бұзады, бауырдағы тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) -рецепторлар санының көбеюіне ықпал етеді.

Фенофибрат тромбоциттер агрегациясын азайтады, плазмадағы фибриногеннің жоғарылаған деңгейін төмендетеді, қант диабетімен науқастарда глюкоза деңгейін біршама төмендетуі мүмкін, қандағы несеп қышқылының деңгейін төмендетеді.

Липидекс® СР диетамен түзетілмейтін гиперлипидемияда және кейіннен білінетін жағымсыз әсерлерінің қаупі емдеуге байланысты болатын пациенттерде патологияның нағыз себебін анықтау үшін толық тексеру өткізілгеннен кейін ғана пайдаланылу керек. Гипертензия мен шылым шегу сияқты қауіп факторлары да бақылауды талап етеді.

Эпидемиологиялық зерттеулер липидтер деңгейінің жоғарылауы мен жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) дамуы арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті. Бірақ ЖИА кезінде жорамалданатын фенофибраттың жайлы әсері және өлімге ұшырауға ықпалы әлі дәлелденбеген.

Фенофибраттың липопротеин фракциясына әсерін зерттеу тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) және тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) деңгейінің азайғанын көрсеткен. Тығыздығы төмен және тығыздығы өте төмен липопротеиндердің (ТӨТЛП) тығыздығы жоғары липопротеиндерге қатысты төмендеуі эпидемиологиялық зерттеулерде атерогендік қауіптің төмендеуімен өзара байланысты болған. Аполипопротеин-А және аплипопротеин-В деңгейлері сәйкесінше тығыздығы жоғары липопротеиндер (ТЖЛП), тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) және тығыздығы өте төмен липопротеиндердің (ТӨТЛП) деңгейлерімен қатар өзгерген.

Фенофибрат тығыздығы өте төмен липопротеиндердің (ТӨТЛП) құрамына кіретін триглицеридтер синтезін төмендетеді; тығыздығы өте төмен липопротеиндерді (ТӨТЛП) ыдырататын липопротеинлипаза белсенділігін ұлғайтады; тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) және тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) рецепторлық емес және мүмкін рецепторлық қармалуын арттырады.

Фенофибратпен ем кезінде ксантоманың қайтуы байқалған. Несеп қышқылының плазмалық деңгейі гиперлипидемияға шалдыққан шамамен 20 % науқаста, әсіресе, гиперлипидемияның IV типімен пациенттерде жоғарылаған. Липидекс® СР урикозуриялық әсерге ие, сондықтан да осындай науқастарда қосымша артықшылығы бар.

Қолданылуы

- диетамен немесе басқа да дәрілік емес емдік іс-шаралармен (салмақтың төмендеуі немесе дене белсенділігі сияқты) түзетуге келмейтін, әсіресе артериялық гипертензия және темекі шегу сияқты қауіп факторлары болғанда оқшауланған немесе біріктірілген (II a, II b, III, IV және V типі) гиперхолестеринемия және гипертриглицеридемияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге ұсынылатын бастапқы дозасын негізгі тамақтану кезінде 1 капсуладан ішке қабылдаған жөн. Ұсынылатын дозаны егде жастағы пациенттер үшін де пайдалануға болады. Емдеу ұзақтығын дәрігер белгілейді. Препаратты ұзақ уақыт қабылдау керек, бірақ бір мезгілде ЛИПИДЕКС® СР емдеуді бастағанға дейін пациент ұстанған диетаны сақтауы керек.

Емдеуге жауап реакциясын липидтік алмасу (жалпы холестерин, тығыздығы төмен холестерин, триглицеридтер) көрсеткіштерінің өзгерісі бойынша бақылап отыру керек.

Егер 3 ай ішінде липидтік бейін көрсеткіштерінің жақсаруына қол жеткізілмесе, қосымша немесе баламалы ем тағайындау мүмкіндігін қарастыру ықтималдығы бар.

Жағымсыз әсерлері

Препаратпен емдеу кезінде байқалған жағымсыз әсерлері жиі емес; әдетте, олар елеусіз, өткінші және емге кедергі келтірмейді.

Жиі

- іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, ауырлығы орташа диарея және метеоризм

- бауыр трансаминазалары белсенділігінің орташа жоғарылауы

Жиі емес

- бас ауыру

- панкреатит, өтте тас түзілуі

- терідегі аса жоғары реакциялар: бөртпе, қышыну, есекжем

- тереңдегі көктамыр тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- холелитиаз

- миалгия, миозит, бұлшықет түйілуі, бұлшықет әлсіздігі

Сирек

- алопеция, фотосенсибилизация реакциялары

- гемоглобин деңгейінің және лейкоциттер санының төмендеуі

- қан плазмасында мочевина деңгейінің жоғарылауы

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- гепатит

Постмаркетингтік тәжірибеден хабарлама, жиілігі белгісіз:

- интерстициальді пневмония

- рабдомиолиз

- сарғаю, холецестит, өттің шаншуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фенофибратқа немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- анамнезде фотосенсибилизацияның болуы немесе фибраттармен немесе кетопрофенмен емдеу кезіндегі фотоуыттылық

- созылмалы немесе жедел панкреатит, ауыр гипертриглицеридемия салдарынан болатын жедел панкреатитті қоспағанда

- бауыр жеткіліксіздігі (бауыр циррозын және айқындалмаған себептерсіз бауырдың персистелген бұзылуын қоса)

- басқа да фибраттармен және ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен (рабдомиализдің даму қаупі артады) бір мезгілде тағайындау

- ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (КК˂20 мл/мин)

- туа біткен галактоземия, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза және галактоза сіңуінің бұзылуы (препарат құрамында лактоза бар)

- өт қалтасының аурулары

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Липидекс® СР бір мезгілде қолданылғанда:

Оральді антикоагулянттарды Липидекс® СР бір уақытта тағайындау ұсынылмайды. Фенофибрат пероральді антикоагулянттардың әсерін күшейтеді және қан кету қаупін жоғарылатуы мүмкін. Фенофибратпен емдеудің басында антикоагулянттар дозасын шамамен үштен бір бөлігіне төмендету ұсынылады, әрі қарай дозаны біртіндеп таңдайды. Дозаны ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) деңгейін бақылай отырып таңдау ұсынылады.

Циклоспорин. Фенофибратпен және циклоспоринмен бір мезгілде емдеу кезінде бүйрек функциясының ауыр қайтымды төмендеуі жағдайлары туралы хабарланды. Сондықтан мұндай пациенттердегі бүйрек функциясының жағдайын бақылау және зертханалық параметрлердің күрделі өзгеруі жағдайында Липидекс® СР қолдануды тоқтату қажет.

ГМГ-КоА редуктазасының тежегіштері және басқа да фибраттар. Фенофибратты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштермен немесе басқа да фибраттармен бір уақытта қолданғанда бұлшықет талшықтарына ауыр уытты әсер ету қаупі жоғарылайды. Аталған топтағы препараттарды Липидекс® СР қолданудан аулақ болу немесе қажет жағдайда сақтықпен қолдану қажет, пациенттер бұлшықеттің уыттану белгілерінің анықталуына қатысты мұқият қадағалауды керек етеді.

Глитазондар. Фенофибратты глитазондар тобының препаратымен біріктірілімде бір уақытта қолданғанда ТЖЛ-холестерол деңгейінің парадоксальді қайтымды төмендеуі туралы хабарламалар бар. Сондықтан препараттарды бірге қолданғанда ТЖЛ-холестерол деңгейін мониторингілеу немесе ТЖЛ -холестерол деңгейі өте төмен кезде олардың біреуін қолдануды тоқтату ұсынылады.

Р450 цитохромының энзимдері. Адам гепатоциттерінің микросомаларын in vitro зерттеулер фенофибрат және фенофиброй қышқылы CYP3A4, CYP2D6, CYP2E1 немесе CYP1A2 изоферменттерінің тежегіштері болып табылмайтынын көрсетті. Емдік концентрацияларда бұл қосылыстар CYP2C19 және CYP2A6 изоферменттерінің әлсіз тежегіштері және CYP2C9 әлсіз немесе орташа тежегіштері болып табылады.

Фенофибратпен бір уақытта метаболизміне CYP2C19, CYP2A6 және әсіресе CYP2C9 энзимдері қатысатын емдік индексі тар препараттарды қабылдайтын пациенттер мұқият қадағалауды қажет етеді. Қажет жағдайда бұл препараттардың дозасын түзету ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Ем тиімділігін қан сарысуындағы липидтер (Хс, ТТЛП, триглицеридтер) мөлшерімен бағалау керек. Бірнеше ай емдеуден кейін (әдетте, 3 айдан соң) емдік әсер болмаса қатарлас немесе баламалы ем тағайындауды қарастыру керек.

Салдарлы гиперлипидемия себептері. ЛИПИДЕКС® СР препаратымен емдеуге кірісуден бұрын салдарлы гиперлипидемия себептерін, мысалы, бақыланбайтын 2 типті қант диабеті, гипотиреоз, нефроздық синдром, диспротеинемия, бауырдың обструктивтік аурулары, дәрі-дәрмекпен емдеу салдары, алкоголизм сияқты ауруларда жою үшін тиісті ем жүргізу керек. Эстроген немесе құрамында эстроген бар гормональді контрацептивтер қабылдап жүрген гиперлипидемиясы бар пациенттерде гиперлипидемия шығу тегі бастапқы ма, салдарлы ма, соны анықтау қажет. Мұндай жағдайларда липидтер деңгейінің жоғарылауы эстрогендер қабылдаудан туындаған болуы мүмкін.

Бауыр функциясы. ЛИПИДЕКС® СР және липидтердің концентрациясын төмендететін басқа препараттарды қабылдағанда кейбір пациенттерде бауыр трансаминазаларының белсенділігі жоғарылағаны сипатталған. Көптеген жағдайларда мұндай жоғарылау уақытша, елеусіз және симптомсыз болған. Емдеудің алғашқы 12 айында әрбір 3 ай сайын бауыр трансаминазаларының (АЛТ, ACT) деңгейін бақылап отыру ұсынылады. Емдеу аясында трансаминазалар деңгейі жоғарылаған пациенттер аса көңіл қоюды талап етеді. АЛТ және ACT белсенділігі ҚЖШ (қалыптың жоғарғы шегінен) 3 есе жоғары болған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатады. Гепатит симптомдары (сарғаю, қышыну) пайда болғанда және диагноз зертханалық тестілермен расталса ЛИПИДЕКС® СР қабылдауды тоқтату керек.

Бұлшықет тініне уытты ықпалы. Рабдомиолизді қоса, фибраттардың бұлшықет тініне әсер етуі туралы деректер бар. Бұл үдерістер сарысулық альбумин деңгейі төмендегенде және осының алдындағы бүйрек жеткіліксіздігінде жиірек байқалады. Егер пациентте диффузиялық миалгия, креатининфосфокиназаның (КФК) жоғарылауы (5 еседен көп) білінсе, препарат қабылдауды тоқтату керек. Рабдомиолиздің даму қаупі 70 жастан асқандарды, тұқым қуалайтын бұлшықет аурулары бойынша ауырлап кеткен анамнезді, бүйрек функциясының бұзылуын, гипотиреоз, шамадан тыс алкоголь тұтынуды қоса, миопатияға және/немесе рабдомиолизге бейімділікте, сондай-ақ ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда артады. Осыған байланысты статинмен біріктіріп Липидекс® СР тағайындауға пациентте ауыр аралас дислипидемия және жоғары жүрек-қантамырлық қауіп болғанда, анамнезде бұлшықет аурулары болмағанда және бұлшықеттік уыттанудың даму белгілерін анықтауға бағытталған жіті бақылау жағдайларында ғана жол беріледі. Фенофибратпен емделу кезінде панкреатиттің даму жағдайлары сипатталған. Бұл жағдайларда панкреатиттің болжамды себептері мыналар болды: ауыр гипертриглицеридемиясы бар пациенттердегі препарат тиімділігінің жеткіліксіз болуы, препараттың тікелей әсері, сондай-ақ жалпы өт ағымының бітелісімен қатар жүретін өт қалтасында тастардың болуымен немесе шөгінді түзілуімен байланысты салдарлы құбылыстар.

Бүйрек функциясы. Креатинин концентрациясы ҚЖШ 50% жоғары болған жағдайда емді тоқтата тұру керек. Креатинин концентрациясын мезгіл- мезгіл: алғашында ем тағайындағаннан кейін 3 айдан соң, әрі қарай қажеттілігі бойынша анықтау ұсынылады.

ЛИПИДЕКС® СР құрамында лактоза бар, сондықтан сирек туа біткен патологиясы - галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты тағайындамау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

ЛИПИДЕКС® СР препаратының көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы төмен немесе жоқ.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде фенофибратты қолдану туралы деректер көп емес. Адам үшін потенциалды қаупі белгісіз, осыған байланысты препарат жүкті әйелдерге тағайындалмайды. ЛИПИДЕКС® СР қолданудың қауіпсіздігі туралы деректер болмауына байланысты лактация (емшекпен қоректендіру) кезеңінде қолдануға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомы: спецификалық симптомдары айқындалмаған.

Жағымсыз әсерлерінің айқындылығы күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Арнайы антидоты белгісіз. Гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7, 10 немесе 15 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді қаптамадан (7 және 15 капсуладан) немесе 3 пішінді қаптамадан (10 капсуладан) қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электрондық пошта nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

075671291477976173_ru.doc 86 кб
025917561477977478_kz.doc 88.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники