Липертанс® (10/5/5 мг)

МНН: Амлодипин, Аторвастатин, Периндоприл
Производитель: Ле Лаборатуар Сервье Индастри
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ингибиторы ГМГ-КоА-редуктазы, другие комбинации
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022884
Информация о регистрации в РК: 05.03.2022 - 05.03.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Липертанс ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг/5 мг/5 мг

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг/5 мг/5 мг

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг/10 мг/5 мг

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг/10 мг/10 мг

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 40 мг/10 мг/10 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат -

10 мг/5 мг/5 мг таблеткалар: 10,82 мг аторвастатин кальций тригидраты, бұл 10 мг аторвастатинге баламалы, 5 мг периндоприл аргинині, бұл 3,40 мг периндоприлге сәйкес келеді, және 6,94 мг амлодипин бесилаты, бұл 5 мг амлодипинге сәйкес келеді

20 мг/5 мг/5 мг таблеткалар: 21,64 мг аторвастатин кальций тригидраты, бұл 20 мг аторвастатинге баламалы, 5 мг периндоприл аргинині, бұл 3,40 мг периндоприлге сәйкес келеді, және 6,94 мг амлодипин бесилаты, бұл 5 мг амлодипинге сәйкес келеді

20 мг/10 мг/5 мг таблеткалар: 21,64 мг аторвастатин кальций тригидраты, бұл 20 мг аторвастатинге баламалы, 10 мг периндоприл аргинині, бұл 6,79 мг периндоприлге сәйкес келеді, және 6,94 мг амлодипин бесилаты, бұл 5 мг амлодипинге сәйкес келеді

20 мг/10 мг/10 мг таблеткалар: 21,64 мг аторвастатин кальций тригидраты, бұл 20 мг аторвастатинге баламалы, 10 мг периндоприл аргинині, бұл 6,79 мг периндоприлге сәйкес келеді, және 13,87 мг амлодипин бесилаты, бұл 10 мг амлодипинге сәйкес келеді

40 мг/10 мг/10 мг таблеткалар: 43,28 мг аторвастатин кальций тригидраты, бұл 40 мг аторвастатинге баламалы, 10 мг периндоприл аргинині, бұл 6,79 мг периндоприлге сәйкес келеді, және 13,87 мг амлодипин бесилаты, бұл 10 мг амлодипинге сәйкес келеді

қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций карбонаты (E170), гидроксипропилцеллюлоза (E463), натрий крахмалгликолаты (А типі), микрокристалды целлюлоза (Е460), мальтодекстрин, магний стеараты (E572)

үлбірлі қабығының құрамы: глицерин (E422), гипромеллоза (E464), макрогол 6000, магний стеараты (E572), титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (E172)

Сипаттамасы

Липертанс® 10/5/5 мг: дөңгелек пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «1» және екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (10/5/5 мг дозасы үшін);

Липертанс® 20/5/5 мг: дөңгелек пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «2» және екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (20/5/5 мг дозасы үшін);

Липертанс® 20/10/5 мг: шаршы пішіні төртбұрышты, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «3» және екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (20/10/5 мг дозасы үшін);

Липертанс® 20/10/10 мг: сопақша пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «4» және екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (20/10/10 мг дозасы үшін);

Липертанс® 40/10/10 мг: сопақша пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «5» және екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (40/10/10 мг дозасы үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Липид-модификациялаушы препараттар, гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктаза тежегіштері, басқа біріктірілімдері, АТХ коды: C10BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аторвастатин

Сіңірілуі

Аторвастатин ішу арқылы қабылдағаннан кейін жылдам сіңіріледі; плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына (Cmax) 1-2 сағаттан соң жетеді. Сіңірілу дәрежесі аторвастатиннің дозасына пропорциональді артады. Үлбірлі қабықпен қапталған аторвастатин таблеткаларын ішу арқылы қабылдағаннан кейін препараттың биожетімділігі, ішуге арналған ерітіндісімен салыстырғанда 95%-дан 99%-ға дейін құрайды. Аторвастатиннің абсолюттік биожетімділігі шамамен 12% құрайды, ал гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктазаның тежелуіне қатысты жүйелі тиімділігі шамамен 30% құрайды. Жүйелі тиімділігінің төмендігіне асқазан-ішек жолының шырышты қабығындағы жүйеалдылық клиренсі және/немесе бауырдағы жүйеалдылық метаболизмі түрткі болады.

Таралуы

Аторвастатиннің орташа таралу көлемі шамамен 381 л құрайды. Аторвастатиннің плазма ақуыздарымен байланысуы ≥ 98% құрайды.

Биоөзгерісі

Аторвастатин P450 цитохромы 3A4 изоферментінің қатысуымен орто- және парагидроксилденген туындыларына және бета-тотығудың түрлі өнімдеріне дейін метаболизденеді. Бұл жолдарынан өзге, аталған өнімдер ары қарай глюкурондану жолымен метаболизденеді. In vitro орто- және пара-гидроксилденген метаболиттері гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктазаға қатысты, аторвастатиннің әсеріне баламалы тежегіштік әсер береді. ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіштік әсері шамамен 70%-ға айналымдағы метаболиттерінің белсенділігімен анықталады.

Шығарылуы

Аторвастатин негізінен, бауырдағы және/немесе бауырдан тыс метаболизмінен кейін өтпен шығарылады. Алайда, аторвастатиннің айқын ішек-бауыр рециркуляциясына ұшырамайтыны анық. Адамда аторвастатиннің плазмадан жартылай шығарылуының орташа кезеңі шамамен 14 сағатты құрайды. Белсенді метаболиттерінің болуының арқасында, ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіштік белсенділігі 20–30 сағатқа жуық сақталады.

Пациенттердің ерекше санаттары

Егде жастағы адамдар. Егде жастағы адамдарда аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің плазмалық концентрациялары, жастау ересек пациенттерге қарағанда жоғарырақ, ал липидтер алмасуының көрсеткіштері жастау пациенттер популяцияларындағы көрсеткіштермен салыстырымды.

Жыныстық ерекшелік. Аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің концентрациялары әйелдер мен ерлерде өзгешеленеді (әйелдерде Cmax мәндері шамамен 20%-ға жоғары, ал AUC шамамен 10%-ға төмен). Бұл өзгешеліктердің клиникалық маңызы жоқ; нәтижесінде, ерлер мен әйелдердегі липидтер алмасуы көрсеткіштерінде клиникалық тұрғыдан елеулі өзгешеліктер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек аурулары аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің плазмалық концентрацияларына немесе оның липидтер алмасуының көрсеткіштеріне ықпалына әсер етпейді.

Бауыр жеткіліксіздігі. Бауырдың созылмалы алкогольдік ауруы бар пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша В класы) аторвастатиннің концентрациялары едәуір жоғары (Cmax шамамен 16 есе, AUC нормадан 11 есе жоғары).

SLOC1B1 полиморфизмі. Аторвастатинді қоса, ГМГ-КоА-редуктазаның барлық тежегіштерінің бауырлық қармалуы OATP1B1 тасымалдағыш ақуызының қатысуымен жүреді. SLCO1B1 полиморфизмі бар пациенттерде аторвастатин әсерінің жоғарылау қаупі бар, бұл рабдомиолиздің даму қаупінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. OATP1B1 кодтайтын гендегі полиморфизм (SLCO1B1 c.521CC), генотиптің бұл нұсқасы жоқ адамдардағы әсерімен салыстырғанда аторвастатиннің әсерінің 2,4 есе жоғарылауымен (AUC) астасады. Бұл пациенттерде аторвастатиннің бауырлық қармалуының генетикалық бұзылуы да болуы мүмкін. Тиімділігіне қатысты болуы мүмкін салдарлары белгісіз.

Периндоприл

Сіңірілуі

Ішке қабылдаған кезде периндоприлдің сіңірілуі жылдам жүреді, ең жоғарғы концентрациясына 1 сағат ішінде жетеді. Периндоприлдің плазмадағы жартылай ыдырау кезеңі 1 сағатты құрайды.

Биоөзгерісі

Периндоприл ізашар дәрі болып табылады. Периндоприлдің қабылданған дозасының жиырма жеті пайызы қан ағымына белсенді метаболиті, периндоприлат түрінде түседі. Белсенді периндоприлаттан өзге, организмде белсенді емес тағы бес метаболиті түзіледі. Периндоприлат плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң жетеді.

Ас ішу периндоприлдің периндоприлатқа өзгеруін, соған сәйкес, оның биологиялық тиімділігін де төмендетеді, сондықтан да периндоприл аргининін таңертеңгілік, ас ішкенге дейін, тәулігіне бір рет ішу арқылы қабылдау ұсынылады.

Дозаға тәуелділігі

Периндоприлдің дозасы мен оның плазмадағы экспозициясы арасындағы байланыс дозаға тәуелді болып табылатыны көрсетілді.

Таралуы

Байланыспаған периндоприлаттың таралу көлемі құрайды шамамен 0,2 л/кг құрайды. Периндоприлаттың плазма ақуыздарымен байланысуы 20% құрайды және негізінен ангиотензинөзгертуші фермент арқылы жүреді, бірақ, препараттың концентрациясына тәуелді.

Шығарылуы

Периндоприлат несеппен бөлініп шығады, оның бос фракциясының жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 17 сағатқа жуықты құрайды, бұл 4 күн ішінде тепе-теңдік жағдайына жетуіне мүмкіндік береді.

Пациенттердің ерекше санаттары

Егде жастағылар. Периндоприлаттың шығарылуы егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде баяулайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын таңдауды бүйрек функциясының бұзылу дәрежесін (креатинин клиренсін) ескере отырып жүргізу ұсынылады.

Диализ кезінде периндоприлаттың клиренсі 70 мл/минутты құрайды.

Бауыр циррозы бар пациенттер. Периндоприлдің кинетикасы бауыр циррозы бар пациенттерде өзгереді: бастапқы молекуласының бауырлық клиренсі жартысына азаяды. Алайда, түзілген периндоприлаттың мөлшері төмендемейді, сондықтан да дозасын түзету қажет емес.

Амлодипин:

Сіңірілуі

Емдік дозаларын ішу арқылы қабылдағанда амлодипин жақсы сіңіріледі; қандағы мөлшерінің ең жоғарғы деңгейіне дозасын қабылдағаннан кейін 6-12 сағаттан соң жетеді. Бағалаулар бойынша, абсолюттік биологиялық тиімділігі 64-80% құрайды. Амлодипиннің биологиялық тиімділігі ас ішуге тәуелді емес.

Таралуы

Таралу көлемі шамамен 21 л/кг құрайды. In vitro зерттеулер, айналымдағы амлодипиннің шамамен 97,5% қан ақуыздарымен байланысатынын көрсетті.

Биоөзгерісі, шығарылуы

Плазмадан жыртылай шығарылуының ақырғы кезеңі шамамен 35-50 сағатты құрайды және күніне бір дозасын қабылдауға сәйкес келеді. Амлодипин бауырда белсенді емес метаболиттеріне қарқынды метаболизденеді; бастапқы қосылысының 10%-ы мен метаболиттерінің 60% несеппен шығарылады.

Пациенттердің ерекше санаттары

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер. Амлодипинді бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындауға қатысты клиникалық деректер саны жеткіліксіз. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипиннің клиренсі төмендейді, бұл жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына және AUC шамамен 40-60%-ға жоғарылауына алып келеді.

Егде жастағы адамдар. Амлодипиннің плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты егде жастағылар мен жастау пациенттерде ұқсас. Егде жастағы пациенттерде қанның амлодипиннен тазаруында төмендеу үрдісі бар, бұл AUC жоғарылауына және жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келеді. Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттердегі AUC жоғарылауы мен жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы зерттеліп отырған жас тобындағы пациенттер үшін күтілгендерге сәйкес болып шықты.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Аторвастатин

Аторвастатин гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктазаның іріктелген бәсекелес тежегіші, 3-гидрокси-3-метил-глутарил-кофермент А-ның мевалонатқа өзгеруіне жауап беретін жылдамдық-лимиттейтін фермент, стериндердің, соның ішінде холестериннің прекурсоры болып табылады. Бауырдағы триглицеридтер мен холестерин тығыздығы өте төмен липопротеиндердің (ТӨТЛП) ішінде орналасқан және щеткері тіндерге жету үшін плазмаға босап шығады. ТӨТЛП-ден тығыздығы төмен липопротеин (ТТЛП) түзіледі және негізінен ТТЛП-ға аффинділігі жоғары рецептор (ТТЛП рецепторы) арқылы катаболизденеді.

Периндоприл

Периндоприл — бұл, ангиотензин I-ді ангиотензин II-ге өзгертетін ферменттің (ангиотензинөзгертуші фермент, АӨФ) тежегіші. Өзгертуші фермент, немесе киназа, — бұл, ангиотензин I тамырды тарылтатын ангиотензин II-ге өзгеруін катализдейтін, сондай-ақ тамырды кеңейтетін брадикининнің белсенді емес гептапептидке өзгеруін туғызатын экзопептидаза. АӨФ тежелуі ангиотензин II плазмадағы деңгейінің төмендеуіне алып келеді, бұл плазмадағы ренин белсенділігінің жоғарылауын (рениннің босап шығуының теріс қайтымды байланысын тежеудің есебінен) және альдостерон секрециясының төмендеуін туғызады. АӨФ брадикинин белсенділігінің жойылуын туғызатындықтан, АӨФ тежелуі де айналымдағы және жергілікті калликреин-кинин жүйесі белсенділігінің жоғарылауына (сондай-ақ, простагландиндер жүйесінің белсенділенуіне) алып келеді. Бұл механизмнің АӨФ тежегіштерінің гипотензиялық әсер етуінде маңызы болуы мүмкін және олардың жағымсыз әсерлерінің кейбіреулеріне (жөтел) ішінара жауапты.

Периндоприл белсенді метаболиті, периндоприлат арқылы әсер етеді.

Амлодипин

Амлодипин кальций иондарының дигидропиридин (баяу өзекшелердің блокаторы немесе кальций иондарының антагонисі) тобына жататын және кальций иондарының жүрек бұлшықеттері мен қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріне жарғақшаішілік ағып шығуын тежейтін жарғақшалар арқылы түсуінің тежегіші болып табылады.

Фармакодинамикалық әсері

Аторвастатин

Аторвастатин холестериннің плазмадағы концентрациясын және сарысудағы липопротеиндердің концентрациясын гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктазаны бәсеңдетуы және ары қарай бауырдағы холестерин биосинтезі арқылы төмендетеді, сондай-ақ, ТТЛП қармауы мен катаболизмін күшейту үшін жасуша беткейіндегі ТТЛП бауырлық рецепторларының санын арттырады.

Аторвастатин ТТЛП өндірілуін және ТТЛП бөлшектерінің санын азайтады. Аторвастатин ТТЛП рецепторлары белсенділігінің елеулі және тұрақты жоғарылауын, сондай-ақ, айналымдағы ТТЛП бөлшектері сапасының жағымды өзгеруін туғызады. Аторвастатин әдетте, гиполипидемиялық препараттармен емдеуге жауап бермейтін популяцияотбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде ТТЛП холестеринін тиімді төмендетеді.

Периндоприл

Гипертензия

Периндоприл гипертензияның барлық: жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі кезінде әсер етеді; шалқадан жатқан немесе тігінен тұрған қалыпта систолалық және диастолалық артериялық қысымның төмендеуі байқалады.

Периндоприл шеткері қантамырлардың қарсыласуын төмендетеді, бұл артериялық қысымның төмендеуіне алып келеді. Соның салдары ретінде, шеткері қан ағымы жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпей ұлғаяды.

Әдетте, бүйректік қан ағымы ұлғаяды, бұл кезде шумақты сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) әдетте өзгеріссіз қалады.

Жүрек жеткіліксіздігі

Периндоприл жүрек қарыншаларының алдыңғы жүктемесі мен кейінгі жүктемесін азайту арқылы жүректің жұмысын жеңілдетеді.

Амлодипин

Амлодипиннің гипотензиялық әсерінің механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріне тікелей босаңсытқыш әсер етуіне негізделеді. Амлодипин сол арқылы стенокардия көріністерін төмендететін нақты әсер ету механизмі толығымен анықталған жоқ, бірақ бұл препарат жалпы ишемиялық жүктемені мына екі әсердің есебінен төмендетеді:

1) Амлодипин шеткері артериолаларды кеңейтеді және сол арқылы, жүрекке түсетін жүктемені азайта отырып, жалпы шеткері қарсыласуды (кейінгі жүктемені) төмендетеді. Жүректің жиырылу жиілігі тұрақты күйінде қалатындықтан, жүрек жүктемесінің бұл жеңілдеуі миокардтың энергия тұтынуын және оған оттегінің қажеттілігін төмендетеді.

2) Амлодипиннің әсер ету механизміне, миокардтың қалыпты және ишемияланған аймақтарындағы негізгі коронарлық артериялар мен коронарлық артериолалардың кеңеюі де кіруі ықтимал. Бұл кеңеюі коронарлық артерияның түйілуі бар (Принцметал стенокардиясы немесе нұсқалық стенокардия) пациенттерде оттегінің миокардқа жеткізілуінің артуына алып келеді.

Аторвастатин

Аторвастатин жалпы холестериннің (30% - 46%), ТТЛП холестеринінің (41% - 61%), аполипопротеин B (34% - 50%) мен триглицеридтердің (14% - 33%) концентрациясын төмендетеді, сонымен қатар ТЖЛП холестерині мен аполипопротеин A1 концентрациясының айнымалы жоғарылауын туғызады. Нәтижелері инсулинге тәуелсіз қант диабеті бар пациенттерді қоса, отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемиясы бар, гиперхолестеринемияның отбасылық емес түрлері және аралас гиперлипидемиясы бар пациенттерде салыстырымды.

Периндоприл

Гипертензия

Гипотензиялық әсерінің ең жоғарғы шегіне бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан 6 сағатқа дейінгі аралықта жетеді және кемінде 24 сағат бойы сақталады; қалдықтық әсері ең жоғарғы әсерінің 87-100%-ын құрайды.

Артериялық қысымның төмендеуі жылдам жүреді. Жауап білінген пациенттерде қалыпқа түсуіне бір ай ішінде жетеді және тахифилаксияның басталуынсыз сақталады.

Емдеудің тоқтатылуы рикошет әсеріне алып келмейді.

Периндоприл сол жақ қарыншаның гипертрофиясын азайтады.

Ерлерде периндоприлдің тамырды кеңейтетін қасиеттерін танытатыны расталды. Ол артериялардың созылғыштығын жақсартады және ұсақ артериялардағы медиа - саңылау арақатынасын төмендетеді.

Тиазидтік диуретикпен қосымша емдеу аддитивті синергиялық әсер береді. АӨФ тежегіші мен тиазидтің біріктірілімі диуретиктермен емдеуден туындаған гипокалиемия қаупін де төмендетеді.

Қолданылуы

- эссенциальді гипертензияны және/немесе жүректің тұрақты ишемиялық ауруын емдеу үшін, ересек пациенттерде бастапқы гиперхолестеринемиямен немесе аралас гиперлипидемиямен байланысты орынбасушы ем ретінде, біріктірілген препараттағыдай дозада бір мезгілде қолданған кезде аторвастатиннің, периндоприлдің және амлодипиннің көмегімен талапқа сай бақылауға алынатын жағдайда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішу арқылы қабылданады. Липертанс® таблеткаларын күн сайын бір реттік дозада күніне бір рет, таңертеңгілік ас ішер алдында қабылдау керек.

Дозалау режимі

Әдеттегі дозасыкүн сайын күніне бір рет 1 таблетка.

Бекітілген дозаларының біріктірілімі бастапқы ем үшін жарамсыз.

Егер дозалау режимін өзгерту қажет болса, жекелеген компоненттерін титрлеу керек.

Педиатриялық популяция

Липертанс® препаратының балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Деректер жоқ. Сондықтан да, препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10000, <1/1000), өте сирек (>1/10000), жиілігі анықталмаған (қолда бар деректердің негізінде даму жиілігін бағалау мүмкін болмай отыр).

Жиі

- назофарингит, бас ауыруы, фаринголарингеальді ауыру, мұрыннан қан кету

- жүрек айнуы, диарея, іш қатуы, метеоризм

- буындардың ісінуі, аяқ-қолдардың ауыруы, артралгия, бұлшықет түйілулері, миалгия, арқаның ауыруы, сирақтың ісінуі

- бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқулары, қандағы креатинкиназа деңгейінің жоғарылауы, гипергликемия

- вертиго

- жөтел, ентігу,

- қызару

- ұйқышылдық, бас айналуы, дисгевзия, парестезия

- тиннитус

- жүрек қағуын сезіну

- гипотензия (және гипотензиямен байланысты әсерлер)

- құсу,

- шеткері ісіну

- астения

- қышыну, бөртпе,

- көру бұзылулары

- іштің жоғарғы және төменгі бөліктерінің ауыруы

Жиі емес

- Эозинофилия

- Препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды гипогликемия, гипонатриемия, гиперкалиемия, несепте лейкоциттердің болуы

- Анорексия, ұйқысыздық, шым-шытырық түстер көру, гипостезия, депрессия, ұйқы бұзылыстары, көңіл-күйдің ауытқулары, естен тану, тремор

- Амнезия, бұлыңғыр көру

- тахикардия

- бронх түйілуі

- ауыздың құрғауы, панкреатит, кекіру, дефекация ырғағының өзгеруі (диарея мен іш қатуын қоса)

- Гепатит, цитолиздік немесе холестаздық

- аллергиялық реакциялар, есекжем, пурпура, алопеция, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз, экзантема, пемфигоид

- бұлшықеттің шаршауы, астения, кеуденің ауыруы, ауырсыну, дімкәстану, бұлшықеттердің құрсуы

- пирексия, дене салмағының артуы, дене салмағының азаюы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, астения, шаршау

- несеп шығарудың бұзылуы, никтурия, несеп шығару жиілігінің артуы, бүйрек жеткіліксіздігі, импотенция/эректильді дисфункция

- құлау

- васкулит

- диспепсия,

- гинекомастия

- жарыққа сезімталдық реакциясы

- Квинке ісінуі

Сирек

-Тромбоцитопения

- шеткері нейропатия

- сананың шатасуы

- холестаз

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, полиморфты эритема

- Миопатия, миозит, рабдомиолиз, кейде үзілумен асқынған тендинопатия

- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

- бауыр жеткіліксіздігі

Өте сирек

- ринит

- лейкопения/нейтропения

- агранулоцитоз немесе панцитопения

- туа біткен G-6PDH жеткіліксіздігі бар пациенттердегі гемолиздік анемия

- гемоглобин және гематокрит деңгейінің төмендеуі

- Анафилаксия

- естімей қалу

- жоғары қауіп тобындағы пациенттердегі айқын гипотензиядан туындаған миокард инфарктісі

- стенокардия

- аритмия

- жоғары қауіп тобындағы пациенттердегі айқын гипотензиядан туындауы мүмкін инсульт

- эозинофильді пневмония

- гастрит

- гипертрофиялық гингивит

- сарғаю

- эксфолиативтік дерматит

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- гипертония

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі

* Жиілігі, өздігінен келіп түскен хабарламалар бойынша тіркелген жағымсыз құбылыстарына жүргізілген клиникалық зерттеулер деректерінің негізінде есептеп шығарылды

**Холестазға көбірек сәйкес келеді

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • дигидропиридин туындыларына, статиндерге немесе қосымша заттарының біреуіне аса жоғары сезімталдық

  • белсенді сатыдағы бауыр ауруы немесе сарысудағы трансаминазалар деңгейінің шығу тегі белгісіз, қалыптың жоғары шегінен 3 еседен артық тұрақты жоғарылауы

  • жүктілік, бала емізу және бала тууға қабілетті және тиімді контрацепция құралдарын қолданып жүрмеген әйелдерде қолданылуы

  • ауыр гипотензия, шок (соның ішінде кардиогендік шок).

  • сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы (мысалы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия және қолқаның жоғары дәрежедегі стенозы)

  • жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі

  • анамнезде осының алдындағы АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты Квинке ісінуінің болуы

  • тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық Квинке ісінуі

  • қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м²) пациенттерде құрамында алискирен бар препараттарды бір мезгілде қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клиникалық зерттеулер деректері, АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторлары немесе алискирен блокаторларын біріктіріп пайдалану арқылы жүретін ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы, РААЖ-ға әсер ететін бір препаратты пайдаланумен салыстырғанда, гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (бүйректің жедел жеткіліксіздігінің дамуын қоса) сияқты жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауымен қатар жүретінін көрсетті.

Гиперкалиемияны туғызатын препараттар

Кейбір препараттар немесе препараттар класы гиперкалиемияның туындау жиілігін арттыруы мүмкін: алискирен, калий тұздары, калий жинақтаушы диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ангиотензин-II рецепторларының антагонистері, ҚҚСД, гепариндер, иммунодепрессанттар, мысалы, циклоспорин немесе такролимус, триметоприм. Бұл препараттардың бірігуі гиперкалиемия қаупін арттырады.

Гиперкалиемия, бүйрек функциясының нашарлауы және жүрек-қантамыр аурулары жиілігінің артуы мен жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім қаупіне байланысты, Липертанспен және алискиренмен үйлестіріп емдеу қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м²) пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Аторвастатин P450 3A4 (CYP3A4) цитохромы арқылы метаболизденеді және тасымалдағыш ақуыздардың, мысалы, OATP1B1 тасымалдағыш ақуызының бауырлық қармалуына қатысатын субстрат болып табылады. CYP3A4 тежегіштері немесе тасымалдағыш ақуыздар болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау, аторвастатиннің плазмадағы концентрациясының артуына және миопатия қаупінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Қауіп аторвастатинді фиброй қышқылының туындылары және эзетимиб сияқты миопатия туғызуы ықтимал басқа препараттармен бір мезгілде қабылдағанда да артуы мүмкін.

CYP3A4 күшті тежегіштері аторвастатин концентрациясының айқын жоғарылауына алып келетіні дәлелденді. Мүмкін болса, CYP3A4 күшті тежегіштері (циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, посаконазол және ритонавир, лопинавир, атазанавир, индинавир, дарунавир және т.б. қоса, АИТВ протеазасы тежегіштері сияқты) мен Липертанстың бір мезгілде қабылдануын болдырмау керек. Бұл препараттарлдың Липертанспен бір мезгілде қабылдануын болдырмау мүмкін болмаса, Липертанстың құрамындағы аторвастатиннің төменірек дозаларын пайдалану керек және пациентке сәйкесінше клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады (1 кестені қараңыз).

Диабеті және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерден басқаларға Липертанспен және алискиренмен үйлестіріп емдеу ұсынылмайды.

Жүректің анықталған атеросклероздық ауруы, жүрек жеткіліксіздігі немесе нысана-ағзалардың зақымдануымен жүретін диабеті бар пациенттерде Липертанстың құрамындағы периндоприл сияқты АКФ тежегішімен, және ангиотензин рецепторларының блокаторымен үйлестіріп емдеу, ренин-ангиотензин‑альдостерон жүйесіне әсер ететін жеке-дара препаратты қолданумен салыстырғанда, гипотензия, естен танулар, гиперкалиемия жиілігінің жоғарылауымен және бүйрек функциясының нашарлауымен (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) байланысты. Қосарлы блокада (мысалы, АКФ тежегішін ангиотензин II рецепторларының антагонисімен үйлестіру арқылы) белгілі бір жекелеген жағдайлармен шектелуі және бүйрек функциясын, калий деңгейі мен артерялық қысымды мұқият қадағалаумен жүргізілуі тиіс.

Липертансты Эстрамустинмен үйлестіру ұсынылмайды, Квинке ісінуі (ангиоісіну) сияқты жағымсыз әсерлері жиілігінің арту қаупі бар.

Литий мен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда сарысудағы литий концентрациясының және уытты әсерінің қайтымды арту жағдайлары тіркелді. Липертансты литиймен пайдалану ұсынылмайды, бірақ, егер мұндай бір мезгілде қабылдау аса қажет болса, онда қан сарысуындағы литий деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек.

Калий жинақтаушы диуретиктер (триамтерен, амилорид, эплеренон, спиронолактон), калий тұздары:

Бұл препараттар, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігімен үйлескенде (аддитивті гиперкалиемиялық әсері) гиперкалиемияны (өлімге соқтыруы ықтимал) туғызады. Липертансты бұл препараттармен үйлестіру ұсынылмайды) (»). Егер бұл препараттарды, асқынулардың болуы мүмкіндігіне қарамастан қатарлас қолдану көрсетілсе, онда оларды қабылдау кезінде ерекше сақтық таныту және қан сарысуындағы калий мөлшеріне жиі мониторинг жүргізіп отыру керек.

Амлодипинмен байланысуы:

Амлодипинді грейпфрупен бірге немесе грейпфрут шырынымен қабылдау ұсынылмайды, өйткені кейбір пациенттерде биожетімділігі артып, қан қысымын төмендету әсерінің күшеюіне алып келуі мүмкін (1 кестені қараңыз).

CYP3A4 тежегіштері: аторвастатинді CYP3A4 орташа тежегіштерімен (мысалы, эритромицин, дилтиазем, верапамил және флуконазол) бірге қолдану аторвастатиннің плазмадағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін (1 кестені қараңыз). Эритромицинді статиндермен бірге қолданғанда миопатия қаупінің жоғарылағаны байқалады. Амиодарон, және верапамил CYP3A4 әсерін бәсеңдетеді және аторвастатинмен бірге қабылдау аторвастатин әсерінің күшеюіне алып келуі мүмкін. Сондықтан да, Липертанстың құрамында аторвастатиннің төменірек ең жоғарғы дозасын пайдалану керек және CYP3A4 орташа тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде пациентке қадағалау жүргізу ұсынылады. Емдеуді бастағаннан кейін және тежегіштің дозасын таңдап алғаннан кейін қадағалау жүргізу ұсынылады.

CYP3A4 индукторлары: аторвастатин мен P450 3A цитохромы индукторларын (эфавиренц, рифампицин, шайқурай сияқты) бір мезгілде қолдану аторвастатиннің плазмадағы концентрацияларының өзгермелі төмендеуіне алып келуі мүмкін (1 кестені қараңыз). Рифампициннің қосарлы өзара әрекеттесу механизміне (P450 3A цитохромының индукциясы және бауырлық қармалуына қатысатын тасымалдағыш ақуыз OATP1B1 бәсеңдеуі) байланысты, Липертансты рифампицинмен бір мезгілде қолдану ұсынылады, өйткені рифампицинді қабылдағаннан кейін аторвастатинді енгізудің кідіруі аторвастатиннің плазмадағы концентрациясының елеулі төмендеуімен байланысты болып отыр. Алайда, рифампициннің бауыр жасушаларындағы аторвастатин концентрациясына әсері белгісіз, және бір мезгілде қолданбауға мүмкіндік болмаса, пациенттерді емдеудің тиімділігіне қатысты мұқият қадағалау керек.

Дигоксиннің көп реттік және дозалары мен 10 мг аторвастатинді бір мезгілде қолданғанда, дигоксиннің тепе теңдік күйіндегі концентрациялары болар-болмас артқан (2 кестені қараңыз). Дигоксинді қабылдап жүрген пациенттер тиісінше қадағалауда болуы тиіс.

Эзетимибті монотерапия ретінде қолдану бұлшықеттік құбылыстармен, соның ішінде рабдомиолизбен байланысты. Сондықтан да, эзетимиб пен Липертансты бір мезгілде қолданғанда ол құбылыстардың қаупі артуы мүмкін. пациенттерге тиісінше қадағалау жүргізу ұсынылады.

Аторвастатин мен фусид қышқылын бір мезгілде қолданғанда, рабдомиолизді қоса, бұлшықет құбылыстары байқалған. Бұл өзара әрекеттесуінің механизмі белгісіз. Пациенттер мұқият қадағалауда болуы тиіс, және Липертанспен емдеуді уақытша тоқтата тұру қажеттілігі туындауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тасымалдағыш ақуыздардың тежегіштері (мысалы, циклоспорин) аторвастатиннің жүйелі әсерін арттыруы мүмкін (1 кестені қараңыз). Бір мезгілде қолданбауа мүмкінді болмаса, дозасын төмендету және емдеудің тиімділігіне қатысты клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.

АКФ тежегіштері мен диабетке қарсы препараттарды (инсулин, пероральді гипогликемиялық препараттар) бір мезгілде қолдану олардың гипогликемиялық әсерінің, гипогликемияның даму қаупімен жоғарылауын туғызуы мүмкін. Біріктіріп емдеудің алғашқы апталары ішінде және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бұл феноменнің туындау ықтималдығы зор. Емдеудің алғашқы айы бойына гликемияға мұқият мониторинг жүргізу керек.

Баклофен гипотензиялық әсерінің айқындығын күшейтедіҚ деңгейін бақылау және Липертанстың дозасын түзету қажет).

АКФ тежегіштерін қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (мысалы, қабынуға қарсы дозалардағы ацетилсалицил қышқылымен, ЦОГ-2 тежегіштерімен және селективті емес ҚҚСП) бірге тағайындағанда, олардың гипотензиялық әсерлері төмендеуі мүмкін.

АКФ тежегіштері мен ҚҚСП біріктіріп қолдану, бүйректің жедел жеткіліксіздігі дамуы мүмкіндігін қоса, бүйрек функциясының нашарлауы қаупін арттыруы және әсіресе, бұрыннан бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Липертансты ҚҚСП-мен бірге әсіресе, егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану керек. Пациенттерде гидратацияның жеткілікті болуы қадағалау қажет. Біріктірілген емнің басында, сондай-ақ емдеу кезінде мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын бақылап отыру керек.

Амлодипинді CYP3A4 күшті немесе орташа тежегіштерімен (протеаза тежегіштерімен, зеңге қарсы азолдық препараттармен, эритромицин немесе кларитромицин сияқты макролидтік антибиотиктермен, верапамилмен немесе дилтиаземмен) бір мезгілде қабылдау, амлодипин экспозициясының елеулі жоғарылауына алып келуі мүмкін.

CYP3A4 индукторларын (мысалы, рифампицинді, шілтерлі шайқурайды) біріктіріп қабылдау амлодипиннің плазмадағы концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Липертансты CYP3A4 индукторларымен біріктіріп қабылдағанда сақтық таныту керек.

Аторвастатин мен колхицинді бір мезгілде қолданғандағы миопатия жағдайлары туралы хабарламалар болды, сондықтан да аторвастатинді колхицинмен бірге сақ болып тағайындау керек.

Колестипол мен аторвастатинді бір мезгілде қабылдағанда аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің плазмалық концентрациялары төмендеді (шамамен 25%-ға). Алайда, бұл препараттардың әрқайсысын монотерапия ретінде қабылдауға қарағанда, колестипол мен аторвастатинді бір мезгілде қабылдағанда липидтердің әсері көбірек болды.

Аторвастатин мен оральді контрацептивтерді бір мезгілде қолдану норэтидрон мен этинилэстрадиолдың плазмалық концентрацияларының жоғарылауын туғызды (2 кестені қараңыз).

Глиптиндер (линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин):

АКФ тежегішін қабылдап жүрген пациенттерде, глиптиннің дипептидилпептидаза IV (DPP-IV) белсенділігін төмендетуінің нәтижесінде Квинке ісінуінің даму қаупі жоғарылады.

Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.

Анестетиктерді, трициклдық антидепрессанттар мен психозға қарсы дәрілерді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның одан әрі төмендеуіне алып келуі мүмкінАйрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Алтын препараттарымен (алтын ауротималаты) инъекциялық ем және АКФ тежегіштерімен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде нитритоидтық реакциялар (беттің қызаруы, жүрек айнуы, құсу және гипотензия) туралы сирек хабарламалар болды.

Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін клиникалық зерттеулерде аторвастатин, дигоксин, варфарин немесе циклоспориннің фармакокинетикасына амлодипиннің әсері бары анықталған жоқ.

Гипертензияға қарсы препараттар мен тамырды кеңейтетін дәрілер

Нитроглицеринмен және басқа нитраттармен немесе тамырды кеңейтетін басқа дәрілермен үйлестіріп қолдану артериялық қысымның одан әрі төмендеуіне алып келуі мүмкін.

1 кесте. Бірге қолданылатын препараттың аторвастатин фармакокинетикасына әсері

Бірге қолданылатын препарат және қолдану кестесі

Аторвастатин

Дозасы

AUC& өзгерісі

Клиникалық ұсынымдар#

Типранавир 500 мг 2 р/тәул/ритонавир 200 мг 2 р/тәул, 8 күн (14 21 күндер аралығы)

1 күні 40 мг, 20 күн 10 мг

в 9,4 есе

Аторвастатинмен бір мезгілде қолдану қажет болса, аторвастатиннің күнделікті дозасы 10 мг аспауы тиіс. Ондай пациенттерге клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады.

Телапревир 750 мг, әр 8 сағат сайын, 10 күн

20 мг, БД

7,9 есе

Циклоспорин 5,2 мг/кг/тәул, тұрақты дозасы

10 мг р/тәул, 28 күн

8,7 есе

Лопинавир 400 мг 2 р/тәул/ритонавир 100 мг 2 р/тәул, 14 күн

20 мг р/тәул, 4 күн

5,9 есе

Аторвастатинмен бір мезгілде қолдану қажет болса, аторвастатиннің төменірек демеуші дозасын қолдану ұсынылады. Аторвастатиннің 20 мг асатын дозаларында, ондай пациенттерге клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады.

Кларитромицин 500 мг 2 р/тәул, 9 күн

80 мг р/тәул, 8 күн

4,4 есе

Саквинавир 400 мг 2 р/тәул/ритонавир (300 мг 2 р/тәул 5-7 күннен бастап, 8 күні 400 мг 2 р/тәул дейін арттыру), 4-18 күндері, аторвастатинді қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң.

40 мг р/тәул, 4 күн

3,9 есе

Аторвастатинмен бір мезгілде қолдану қажет болса, аторвастатиннің төменірек демеуші дозасын қолдану ұсынылады. Аторвастатиннің 40 мг асатын дозаларында, ондай пациенттерге клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады.

Дарунавир 300 мг 2 р/тәул/

ритонавир 100 мг 2 р/тәул, 9 күн

10 мг р/тәул, 4 күн

3,3 есе

Итраконазол 200 мг р/тәул, 4 күн

40 мг, БД

3,3 есе

Фосампренавир 700 мг 2 р/тәул/ритонавир 100 мг 2 р/тәул, 14 күн

10 мг р/тәул, 4 күн

2,5 есе

Фосампренавир 1400 мг 2 р/тәул, 14 күн

10 мг р/тәул, 4 күн

2,3 есе

Нелфинавир 1250 мг 2 р/тәул, 14 күн

10 мг р/тәул, 28 күн

1,7 есе^

Ерекше ұсынымдар жоқ

Грейпфрут шырыны, 240 мл р/тәул*

40 мг, БД

↑ 37%

Грейпфрут шырынын аторвастатинді қабылдаумен бір мезгілде көп мөлшерде пайдалану ұсынылмайды.

Дилтиазем 240 мг р/тәул, 28 күн

40 мг, БД

↑ 51%^

Емдеу басталғаннан немесе дилтиаземнің дозасы таңдалғаннан кейін бұл пациенттерге сәйкесінше клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады

Эритромицин 500 мг 4 р/тәул, 7 күн

10 мг, БД

↑ 33%^

Төменірек ең жоғарғы дозасын қолдану және мұндай пациенттерге клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады

Амлодипин 10 мг, бір реттік дозасы

80 мг, БД

18%

Ерекше ұсынымдар жоқ

Циметидин 300 мг 4 р/тәул, 2 апта

10 мг р/тәул, 4 апта

1%^-дан аз

Ерекше ұсынымдар жоқ

Магний және алюминий гидроксидтерінің антацидтік суспензиясы, 30 мл 4 р/тәул, 2 апта

10 мг р/тәул, 4 апта

35%^

Ерекше ұсынымдар жоқ

Эфавиренц 600 мг р/тәул, 14 күн

10 мг, 3 күн

↓ 41%

Ерекше ұсынымдар жоқ

Рифампицин 600 мг р/тәул, 7 күн (бір мезгілде қолданғанда)

40 мг, БД

30%

Бірге қолданбауға мүмкіндік болмаған жағдайда, аторвастатин мен рифампицинді клиникалық қадағалау жүргізу отырып бір мезгілде қабылдау ұсынылады.

Рифампицин 600 мг р/тәул, 5 күн (дара дозалары)

40 мг, БД

80%

Гемфиброзил 600 мг 2 р/тәул, 7 күн

40 мг, БД

35%

Төменірек бастапқы дозасын қолдану және мұндай пациенттерге клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады

Фенофибрат 160 мг р/тәул, 7 күн

40 мг, БД

3%

Төменірек бастапқы дозасын қолдану және мұндай пациенттерге клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады

Боцепревир 800 мг 3 р/тәул, 7 күн

40 мг, БД

2,3 есе

Төменірек бастапқы дозасын қолдану және мұндай пациенттерге клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады. Боцепревирмен бірге қабылдау кезінде аторвастатиннің тәуліктік дозасы 20 мг аспауы тиіс.

р/тәул = тәулігіне бір рет, БД = бір реттік дозасы, 2 р/тәул = тәулігіне екі рет, 4 р/тәул = тәулігіне 4 рет, 3 р/тәул = тәулігіне 3 рет

Жоғарылауы «↑» белгішесімен, төмендеуі — «↓» белгішесімен белгіленген.

& x есе өзгеріс ретінде келтірілген деректер, аторвастатинді біріктіріп қолдану мен монотерапия ретінде қолдану арасындағы қарапайым арақатынас болып табылады (яғни 1 есе = өзгеріссіз). %-дық өзгеріс түрінде келтірілген деректер аторвастатинмен монотерапияға қатысты пайыздық айырмашылықты білдіреді (яғни, 0% = өзгеріссіз).

# Клиникалық маңыздылығы 4.4 және 4.5 бөлімдерінде келтірілген.

*Құрамында CYP3A4 бәсеңдететін және CYP3A4 арқылы метаболизденетін препараттардың плазмалық концентрацияларын арттыруы мүмкін бір немесе бірнеше компонент бар. Сыйымдылығы 240 мл бір стақан грейпфрут шырынын пайдаланудың нәтижесінде белсенді орто-гидрокси-метаболитінің AUC 20,4%-ға төмендеген. Грейпфрут шырынын көп мөлшерде (5 күн бойы күніне 1,2 л-ден көп) пайдалану аторвастатиннің AUC және белсенді затының (аторвастатин мен метаболиттерінің) AUC 2,5 есе арттырды.

^ Аторвастатиннің жалпы мөлшеріне баламалы белсенділік

2 кесте. Аторвастатиннің бірге қолданылатын препараттардың фармакокинетикасына әсері

Аторвастатинді қабылдау кестесі

Бірге қолданылатын препарат

Дәрілік препарат/доза (мг)

AUC& өзгеруі

Клиникалық ұсынымдар

80 мг р/тәул, 10 күн

Дигоксин, 0,25 мг р/тәул, 20 күн

↑ 15%

Дигоксинді қабылдап жүрген пациенттер тиісінше қадағалауда болуы тиіс

40 мг р/тәул, 22 күн

Оральді контрацептив р/тәул, 2 ай

  • норэтиндрон, 1 мг

  • этинилэстрадиол, 35 мкг

↑ 28%

↑ 19%

Ерекше ұсынымдар жоқ

80 мг р/тәул, 15 күн

*Феназон, 600 мг, БД

3%

Ерекше ұсынымдар жоқ

10 мг, БД

Типранавир 500 мг 2 р/тәул/ритонавир 200 мг 2 р/тәул, 7 күн

Өзгеріссіз

Ерекше ұсынымдар жоқ

10 мг р/тәул, 4 күн

Фосампренавир 1400 мг 2 р/тәул, 14 күн

27%

Ерекше ұсынымдар жоқ

10 мг р/тәул, 4 күн

Фосампренавир 700 мг 2 р/тәул/ритонавир 100 мг 2 р/тәул, 14 күн

Өзгеріссіз

Ерекше ұсынымдар жоқ

р/тәул = тәулігіне бір рет, БД = бір реттік дозасы, 2 р/тәул = тәулігіне екі рет

Жоғарылауы «↑» белгішесімен, төмендеуі — «↓» белгішесімен белгіленген.

& Өзгеріс ретінде %-бен берілген деректер, аторвастатинмен монотерапияға қатысты пайыздық айырмашылықты білдіреді (яғни 0% = өзгеріссіз).

* Аторвастатин мен феназонның көп реттік дозаларын бірге қолдану болымсыз әсер берді немесе феназонның клиренсіне анықталатындай әсер берген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Бауырға әсері

Липертанс® препаратының құрамында компонент ретінде аторвастатин бар болғандықтан, мезгіл-мезгіл бауырдың функционалдық сынамаларын жүргізіп отыру керек. Бауыр функциясының бұзылуын блдіретін қандай-да бір белгілер немесе симптомдар пайда болған пациенттерге бауырдың функционалдық сынамалары жүргізілуі тиіс. Трансаминазалар деңгейі жоғарылаған пациенттер, патология жойылғанша қадағалауда болуы тиіс. Егер трансаминазалардың қалыптың жоғары шегінен (ҚЖШ) 3 есе артық болатын жоғары деңгейі сақталып қалса, аторвастатиннің дозасын, жекелеген компоненттерін пайдалана отырып төмендету, немесе оны қабылдауды тоқтату ұсынылады. Липертансты алкогольді елеулі мөлшерде пайдаланатын және/немесе анамнезінде бауыр ауруы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Сирек жағдайларда, АӨФ тежегіштерін қабылдау холестаздық сарғаюдан басталып, бауырдың фульминанттық некрозына дейін үдеген және (кейде) өлімге соқтыратын синдроммен қатар жүрді. Бұл синдромның әсер ету механизм әзірге түсініксіз. Липертанс® препаратын қабылдап жүрген, сарғаю дамып келе жатқан немесе бауыр ферменттерінің деңгейі елеулі дәрежеде жоғарылаған пациенттер Липертанс® препаратын қабылдауды тоқтатуы және ары қарай медициналық қадағалауда болуы тиіс.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі мен АUC мәндері арта түседі; дозасына қатысты ұсынымдар жасалмаған. Липертанс® препаратымен емделіп жүрген және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді мұқият қадағалау қажет болуы мүмкін.

Аторвастатиннің, периндоприл мен амлодипиннің әсерін ескерсек, Липертанс белсенді сатыдағы бауыр аурулары немесе сарысудағы трансаминазалар деңгейінің шығу тегі белгісіз, қалыптың жоғары шегінен 3 еседен артық тұрақты жоғарылауы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Липертанс® препаратын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және, алкогольді елеулі мөлшерде пайдаланатын және/немесе анамнезінде бауыр ауруы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Егер дозалау режимін өзгерту қажет болса, жекелеген компоненттерін титрлеу керек.

Қаңқа бұлшықеттеріне әсері

Аторвастатин, гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктазаның басқа тежегіштері сияқты, сирек жағдайларда қаңқа бұлшықеттеріне әсер етуі және креатинкиназы (КК) деңгейлерінің айқын жоғарылауымен (ҚЖШ-дан >10 есе жоғары) сипатталатын, өмірге төндіретін қаупі зор жағдай — рабдомиолизге дейін үдеуі мүмкін миалгияны, миозит пен миопатияны, бүйрек жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін миоглобинемия мен миоглобинурияны тудыруы мүмкін.

Креатинкиназа деңгейін анықтау

Креатинкиназа (КК) деңгейін ауыр дене жүктемесінен кейін немесе КК жоғарылауының кез келген басқа ықтимал себебі болған жағдайда өлшемеген дұрыс, өйткені бұл мәндерінің интерпретациялануын қиындатады. Егер КК деңгейлері бастапқы деңгейінде айтарлықтай жоғары болса (ҚЖШ-дан > 5 есе), нәтижелерді растау үшін өлшеуді 5–7 күннен соң қайта жүргізу керек.

Емдеуге дейін

Аторвастатинді рабдомиолизге бейім факторлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Келесі жағдайларда КК деңгейін статинмен емдеу басталғанша анықтап алу керек:

  • бүйрек функциясының бұзылуы;

  • гипотиреоз;

  • жеке және отбасылық анамнездегі тұқым қуалайтын бұлшықет бұзылулары;

  • бұрын статин немесе фибратты қабылдаудың салдарынан бастан өткерген бұлшықет уыттылығы;

  • бастан өткерген бауыр аурулары және/немесе алкогольді елеулі мөлшерде пайдалану;

  • егде жастағы адамдарда (> 70 жас шамасындағы) ондай өлшеулердің қажеттілігін рабдомиолизге бейім басқа факторларға байланысты қарастыру керек;

  • плазмадағы деңгейінің жоғарылауы орын алуы мүмкін жағдайлар, мысалы, өзара әрекеттесулері және генетикалық субпопуляцияларын қоса, ерекше популяциялары.

Басқа медициналық препараттармен қолданыстағы ем

Препараттың компоненті ретінде аторвастатиннің болуына байланысты, Липертанс® препаратын CYP3A4 күшті тежегіштері немесе тасымалдағыш ақуыздар (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, посаконазол және ритонавир, лопинавир, атазанавир, индинавир, дарунавир және т. б. қоса, АИТВ протеазасы тежегіштері) сияқты аторвастатиннің плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін кейбір медициналық препараттармен бір мезгілде қабылданғанда рабдомиолиз қаупі арта түседі. Гемфиброзил мен фиброй қышқылының басқа туындыларын, эритромицинді, ниацин және эзетимибті, телапревирді немесе типранавир мен ритонавирдің біріктірілімін бірге қолданғанда миопатия қаупі де артуы мүмкін. Бұл дәрілік препараттардың орнына мүмкіндігінше, баламалы (өзара әрекеттеспейтін) емдеу құралдарын пайдалану керек.

Бұл препараттарды Липертанс® препаратымен бірге қолдану қажет жағдайларда, қатарлас қабылдаудың пайдасы мен арақатынасын мұқият зерттеу керек. Пациенттер, аторвастатиннің плазмадағы концентрациясына арттыратын препараттарды қабылдаған кезде, аторвастатиннің төмендетілген ең жоғарғы дозасын қабылдау ұсынылады, демек, жекелеген компоненттерінің дозасын төмендету керек. Аторвастатин мен фусид қышқылын бірге қолдану ұсынылмайды, сондықтан да фусид қышқылымен емдеу кезінде аторвастатинді қабылдауды уақытша тоқтата тұру керек.

Өкпенің интерстициальді ауруы

Кейбір статиндермен, әсіресе ұзақ уақыт емдеу кезінде өкпенің интерстициальді ауруының шектеулі жағдайлары туралы хабарланды. Пайда болған белгілерге ентігу, әлсіз жөтел, жалпы денсаулық жағдайының төмендеуі (шаршау, салмақтың азаюы және ысыну) кіруі мүмкін. Егер пациентте өкпенің интерстициальді ауруы туындағанына күдік болса, Липертанспен емдеуді тоқтату керек.

Қант диабеті

Кейбір деректер, статиндер препараттар класы ретінде қандағы глюкоза деңгейін арттырады деп есептеуге мүмкіндік береді, және болашақта диабет дамуының жоғарылауы қаупіне ұшыраған кейбір пациенттерде, гипергликемияның диабет кезінде нақты емдеу орынды болуы мүмкін деңгейі байқалуы мүмкін. Алайда бұл қауіп статиндер қамтамасыз ететін қантамырлық қауіптің төмендеуімен таразыға түседі, және сондықтан да Липертанс® препаратымен емдеуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Қауіп тобындағы пациенттер (аш қарындағы глюкоза деңгейі 5,6-дан 6,9 ммоль/л дейін, ДСИ > 30 кг/м², триглицеридтер деңгейі жоғары, гипертензиясы бар), Липертанспен емдеу кезінде ұлттық нұсқаулықтарға сәйкес, клиникалық және биохимиялық қадағалауда болуы тиіс.

Диабеті бар, диабетке қарсы пероральді препараттарды немесе инсулинді қабылдап жүрген пациенттерге, құрамында Липертанс® сияқты АӨФ тежегіші бар препараттармен емдеудің алғашқы айы ішінде, гликемияға мұқият мониторинг жүргізу керек.

Жүрек жеткіліксіздігі

Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге құрамында кальций өзекшелерінің блокаторлары бар препараттарды сақтықпен тағайындау керек, өйткені олар болашақта жүрек-қантамырлық құбылыстар мен өлім қаупін арттыруы мүмкін.

Гипотензия

Периндоприл сияқты АӨФ тежегіштері, артериялық қысымның төмендеп кетуін туғызуы мүмкін. Жүректің симптоматикалық жеткіліксіздігі бар пациенттерде, бүйректің астасқан жеткіліксіздігі болған немесе болмаған жағдайда, симптоматикалық гипотензия байқалуы мүмкін. Ілмектік диуретиктердің жоғары дозаларына, гипонатриемия немесе бүйректің функционалдық жеткіліксіздігіне байланысты, оның туындау ықтималдығы жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде көбірек. Симптоматикалық гипотензия қаупі жоғары пациенттер емдеудің басында және дозасын таңдау кезінде мұқият қадағалауда болуы тиіс. Тура осындай қадағалау шаралары жүректің ишемиялық ауруы немесе ми қанайналымының бұзылулары бар, артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке алып келуі мүмкін пациенттер үшін де қолданылуы тиіс.

Гипотензия дамыған жағдайда пациентті шалқасынан жатқызу және қажет болған жағдайда, вена ішіне натрий хлоридінің 0,9% (9 мг/мл) ерітіндісін енгізу қажет. Өтпелі гипотензия препаратты ары қарай қабылдау үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды, оны АҚК салдарынан артериялық қысым жоғарылағаннан кейін жалғастыруға болады.

Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар кейбір, артериялық қысымы қалыпты немесе төмен пациенттерде, периндоприл жүйелі артериялық қысымның қосымша төмендеуін туғызуы мүмкін. Бұл күтілетін әсері болып табылады және әдетте, емдеуді тоқтатуға себеп болмайды. Егер гипотензия симптоматикалық жағдайға айналса, Липертанс® препаратының дозасын төмендету немесе онымен емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін.

Қолқа мен митральді клапанның стенозы

Құрамында периндоприл сияқты АӨФ тежегіштері бар басқа дәрілік препараттар сияқты Липертанс® препаратын да, митральді клапанның стенозы бар немесе жоғары дәрежедегі емес қолқаның елеулі стенозы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Липертанс® препаратын қолдану сол жақ қарыншаның шығар жолының ауыр обструкциясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Бүйректі ауыстырып қондыру

Периндоприл аргининін жуырда бүйрек трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Липертанс® препаратын креатинин клиренсі 60 мл/минутты құрайтын пациенттердің қабылдауына болады, бірақ ол креатинин клиренсі < 60 мл/минут (бүйрек функциясының ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі бұзылуы бар) пациенттер үшін жарамайды. Бұл пациенттер үшін монокомпоненттерінің дозаларын жеке-жеке титрлеу ұсынылады. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін калий мен креатинин деңгейлерінің стандартты мониторингі әдеттегі медициналық тәжірибенің бір бөлігі болып табылады.

Жүректің симптоматикалық жеткіліксіздігі бар пациенттерде периндоприл сияқты АӨФ тежегіштерімен емдеу басталғаннан кейінгі гипотензия бүйрек функциясының ары қарай нашарлауына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда әдетте бүйректің қайтымды болып келетін жедел жеткіліксіздігі байқалды.

Бүйрек артериясының екіжақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар, АӨФ тежегіштерімен емделіп жүрген кейбір пациенттерде, қандағы мочевина мен сарысудағы креатинин деңгейі жоғарылаған жағдайлар байқалды, олар емдеуді тоқтатқан жағдайда қайтымды болды. Ондай өзгерістердің ықтималдылығы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зор. Реноваскулярлық гипертензия кезінде де ауыр гипотензия мен бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары.

Бүйрек қантамырларының көзге айқын зақымдануынсыз гипертензиясы бар кейбір пациенттерде қандағы мочевина мен сарысудағы креатинин деңгейінің жоғарылауы туындады, олар әдетте, әсіресе, периндоприл мен диуретикті біріктіріп қабылдағанда елеусіз және өтпелі болды. Бүйрек жеткіліксіздігі бұрыннан бар пациенттерде мұның ықтималдығы анағұрлым зор. Дозасын төмендету және/немесе диуретикті және/немесе Липертансты қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін.

Амлодипинді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге әдеттегі дозаларында тағайындауға болады. Плазмадағы амлодипин концентрациясының өзгерістері бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесіне тәуелсіз.

Біріктірілген Липертанс® препаратының әсері бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сыналған жоқ. Липертанс® препаратының дозалары жекелеген компоненттерінің дара қабылданғандағы дозаларына қатысты ұсынымдарды ескере отырып тағайындалуы тиіс.

Гемодиализдегі пациенттер

Гидравликалық өткізгіштігі жоғары жарғақшалармен жүргізілетін гемодиализдегі, АӨФ тежегішін бір мезгілде қабылдаған пациенттерде анафилактоидтық реакциялар байқалды. Бұл пациенттер үшін диализдік жарғақшалардың басқа типтерін немесе гипертензияға қарсы препараттардың басқа класын пайдалану керек.

Аса жоғары сезімталдық/ Квинке ісінуі

АӨФ тежегіштерін, соның ішінде периндоприлді қабылдаған пациенттерде беттің (Квинке ісінуі), аяқ-қолдардың, еріннің, шырышты қабықтардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі туындаған сирек жағдайлар тіркелді. Мұндай реакция емдеу барысында кез келген уақытта туындауы мүмкін. Ондай жағдайларда Липертанс® препаратын қабылдауды дереу тоқтату және симптомдары толықтай жойылғанға дейін, қажетінше мониторинг жүргізу керек. Әдетте, ісіну тек бет пен ерінді қамтыған жағдайларда, ол қандай-да бір емдеусіз басылған, әйтсе де антигистаминдік препараттар симптомдарын жеңілдеткен болатын.

Көмейдің ісінуімен қатар жүретін ангионевроздық ісіну өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Тыныс жолдарының обструкциясы ықтималдылығы бар тілдің, дауыс саңылауының немесе көмейдің ісінуі кезінде тез арада алғашқы көмек көрсету керек. Оған адреналинді тағайындауды және/немесе тыныс жолдарының өткізгіштігін демеп отыруды кіргізуге болады. Пациент симптомдары толық және түбегейлі жойылғанға дейін мұқият медициналық қадағалауда болуы тиіс.

Липертанс® препаратын қабылдау кезіндегі ангионевроздық ісінудің даму қаупі АӨФ тежегіштерін қабылдаумен байланыссыз ангионевроздық ісінуді бастан өткерген пациенттерде жоғарылауы мүмкін ()».

Тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) аферезі емшарасы кезіндегі анафилактоидтық реакциялар

Сирек жағдайларда, АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде, тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) декстрансульфатпен жүргізілетін аферезі емшарасы кезінде өмірге қауіп төндіретін анафилактоидтық реакциялар байқалды. Ол реакцияларды әрбір аферезді жүргізер алдында АӨФ тежегішін тоқтату арқылы болдырмауға болады.

Десенсибилизация кезіндегі анафилактоидтық реакциялар

Құрамында Липертанс сияқты АӨФ тежегіштері бар препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде, десенсибилизациялаушы ем кезінде (мысалы, жарғаққанатты жәндіктердің уымен) анафилактоидтық реакциялар туындады. Дәл осындай пациенттерде АӨФ тежегіштерін уақытша тоқтату арқылы аталған реакциялардың алдын алуға мүмкіндік болды, бірақ олар препаратты байқаусызда қайтадан қабылдағанда қайта басталып отырды.

Нейтропения/агранулоцитоз/тромбоцитопения/анемия

АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия байқалды. Бүйрек функциясы қалыпты және басқа асқындырғыш факторлары жоқ пациенттерде нейтропения сирек туындады. Липертанс® препаратын коллагеноздары бар пациенттерге, иммунодепрессанттық ем қабылдап жүрген пациенттерге, аллопуринолмен немесе прокаинамидпен ем қабылдап жүрген, немесе осы асқындыратын факторлардың барлығы бар пациенттерге, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы бұрыннан барларға тағайындаған кезде аса сақ болу керек. Мұндай пациенттердің кейбіреулерінде күрделі инфекциялар дамып отырды, және жекелеген жағдайларда антибиотиктермен қарқынды ем тиімсіз болып шықты. Липертанс® препаратын мұндай пациенттерге тағайындағанда лейкоциттер деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізу және оларға кез келген инфекция белгілері (мысалы, тамақтың ауыруы, температура жоғарылауы) туралы хабарлап отыру қажеттілігі туралы нұсқау беру ұсынылады.

Нәсіл

АӨФ тежегіштерімен емдеу кезіндегі Квинке ісінуі басқа нәсілді пациенттерге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде жиі туындайды.

Құрамында АӨФ тежегіші периндоприл бар Липертанс® препаратының артериялық қысымды төмендету үшін тиімділігі басқа нәсілді пациенттерге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде төменірек болуы мүмкін. Мұның себебі, қара нәсілді пациенттердегі гипертензияның көбіне ренин мөлшерінің төмендеуі аясында өтетіндігі болуы мүмкін.

Жөтел

АӨФ тежегіштерін пайдалану кезінде жөтелдің туындағаны байқалды. Құрғақ, тыйылмайтын жөтел емдеуді тоқтатқан кезде басылады. Липертанс® препаратын қабылдап жүрген пациенттерде АӨФ тежегішін қабылдаудан туындаған жөтелді, жөтелдің дифференциациялық диагнозы аясында қарастыру керек.

Хирургиялық араласым /анестезия

Ауқымды хирургиялық араласым немесе гипотензия тудыратын препараттармен жүргізілетін анестезия кезінде, Липертанс® рениннің компенсаторлық босап шығуы салдарынан ангиотензин II түзілуін бөгеуі мүмкін. Емдеуді операцияға дейін тоқтатқан дұрыс. Осы әсер ету механизмімен байланысты болуы мүмкін гипотензия туындаған жағдайда, оны АҚК арттыру арқылы түзетуге болады.

Гиперкалиемия

АӨФ тежегіштерімен, соның ішінде периндоприлмен ем қабылдап жүрген кейбір пациенттерде, қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылағаны байқалды. Гиперкалиемия дамуының қауіп факторларына бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының нашарлауы, жас шамасы (> 70 жас), қант диабеті, организмнің сусыздануы сияқты кездейсоқ құбылыстар, жүректің жедел декомпенсациясы, метаболизмдік ацидоз және калий жинақтаушы диуретиктерді (спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид сияқты), калий препараттарын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды, сондай-ақ, сарысудағы калий деңгейінің жоғарылауын туғызатын басқа дәрілік препараттарды (мысалы, гепаринді) бір мезгілде қабылдау кіреді. Калий препараттарын, калий жинақтаушы диуретиктерді немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарын, әсіресе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттердің қабылдауы, сарысудағы калий деңгейінің елеулі жоғарылауына алып келуі мүмкін. Гиперкалиемия ауыр, кейде өлімге соқтыратын аритмияны туғызуы мүмкін. Егер жоғарыда аталған препараттар мен Липертансты бір мезгілде тағайындау қажет деп есептелсе, оларды сақтықпен және қан сарысуындағы калий мөлшеріне жиі мониторинг жүргізе отырып қолдану керек.

Литиймен бірігуі

Литий мен Липертанс сияқты құрамында периндоприл бар препараттарды біріктіру ұсынылмайды(»).

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы

АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді қолдану гипотензия, гиперкалиемия қаупін арттыратындығы және бүйрек функциясының төмендеуін (бүйректің жедел жеткіліксіздігінің дамуын қоса) туғызатындығы дәлелденді. Сондықтан да, АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп пайдалану арқылы РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды.

Егер қосарлы блокада абсолютті түрде қажет болып табылса, оны тек маманның бақылауымен және бүйрек функциясының, электролиттер мен артериялық қысым деңгейлерінің жиі мұқият мониторингі жағдайында ғана жүргізу керек.

Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларын бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Қосымша заттар

Құрамында лактозаның болуы себепті, Липертанс® препаратын сирек кездесетін тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық, глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясы синдромы немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар пациенттер қабылдамауы тиіс.

Фертильділік, Жүктілік және бала емізу

Липертанс жүктілік және бала емізу кезінде қарсы көрсетілімді.

Жүкті болуы мүмкін әйелдер

Липертанспен емделу кезінде жүкті болуға қабілетті әйелдер контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануы тиіс. Аторвастатиннің ана организміне әсер етуі шаранада холестерин биосинтезінің прекурсоры болып табылатын мевалонаттың деңгейлерін төмендетуі мүмкін. Атеросклероз — бұл созылмалы үдеріс, және әдетте, жүктілік кезінде гиполипидемиялық препараттарды қабылдауды тоқтату бастапқы гиперхолестеринемиямен байланысты ұзаққа созылатын қауіпке болар-болмас әсерін тигізуі тиіс.

Осы себептерге байланысты, жүкті әйелдер, жүкті болуға тырысып жүрген немесе жүктілікке күдігі туындаған әйелдер аторвастатинді қабылдамауы тиіс. Жүктілік кезінде немесе жүктіліктің бар-жоқтығы анықталғанша аторвастатинмен емдеуді үзе тұру керек.

Периндоприл

Жүктіліктің алғашқы триместрі кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдау ұсынылмайды. АӨФ тежегіштерін жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері кезінде қабылдау қарсы көрсетілімді».

АӨФ тежегіштерін жүктіліктің алғашқы триместрі кезінде қабылдағандағы тератогендік әсерінің қаупіне қатысты эпидемиологиялық дәлелдер нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік бермейді, дегенмен, белгілі бір қауіптің барын жоққа шығаруға болмайды. Жүктілікті жоспарлап жүрген пациент әйелдер, жүктілік кезінде қолданылуының қауіпсіздігі анықталған баламалы гипотензиялық препаратқа ауысуы тиіс. Егер жүктілік фактісі расталса, АӨФ тежегіштерімен емдеуді дереу тоқтату, және қажет болса, басқа препаратты тағайындау керек.

АӨФ тежегіштерін жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде қабылдаудың шаранаға (бүйрек функциясының төмендеуі, қағанақ суының аздығы, бассүйек оссификациясының кідіруі) және жаңа туған нәрестеге уытты әсер етуіне (бүйрек жеткіліксіздігі, гипотензия, гиперкалиемия) алып келетіндігі белгілі.

Егер АӨФ тежегіштерін қабылдау жүктіліктің екінші триместрінен бастап орын алса, бүйрек пен бассүйекке ультрадыбыстық зерттеу жүргізу ұсынылады. Егер анасы жүкті кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдаған болса, онда сәби гипотензияға қатысты мұқият қадағалауға алынуы тиіс.

Амлодипин

Амлодипиннің адамда жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препаратты жоғары дозаларында қолданғанда ұрпақ өрбітуге уыттылық белгілері байқалған.

Бала емізу

Аторвастатин

Аторвастатин немесе оның метаболиттерінің адамда сүтпен бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз.

Күрделі жағымсыз реакциялардың болуы мүмкіндігіне байланысты, аторвастатинді қабылдап жүрген әйелдер бала емізбеуі тиіс. Бала емізу кезінде аторвастатинді қабылдау қарсы көрсетілімді.

Периндоприл

Периндоприлдің бала емізу кезінде қабылдануы жөнінде ақпарат жоқ, сондықтан да периндоприлді тағайындау ұсынылмайды. Бала емізу, әсіресе жаңа туған немесе шала туған нәрестелерді емізу кезінде, қауіпсіздік бейіні анықталған басқа емдеу әдістерін таңдаған дұрыс.

Амлодипин

Амлодипиннің емшек сүтіне бөлінетін-бөлінбейтіндігі әзірге белгісіз.

Фертильділік

Препараттың ұрпақ өрбіту қабілетіне немесе фертильділікке әсері анықталған жоқ.

Дәрілік заттың автокөлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Липертанс® препаратын қабылдаған пациенттерде көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасу қабілеті бұзылуы мүмкін. Әсіресе, емдеудің басында сақтық таныту ұсынылады.

Артық дозалануы

Симптомдары

АӨФ тежегіштерінің артық дозалануы келесі симптомдарды туғызуы мүмкін: гипотензия, циркуляторлық шок, электролит теңгерімінің бұзылулары, бүйрек жеткіліксіздігі, гипервентиляция, тахикардия, жүрек соғуының күшеюі, брадикардия, бас айналуы, үрейлену және жөтел.

Емі

Артық дозалануы кезіндегі ұсынылатын ем 0,9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісінің вена ішіне жасалатын инфузиясынан тұрады. Гипотензия дамыған жағдайда, пациентті шокқа қарсы қалыпта жатқызу керек (шалқасынан, аяғын жүрек деңгейінен 20-30 см жоғары көтеріп). Мүмкіндігінше, ангиотензин II инфузиясын және/немесе катехоламиндерді вена ішіне енгізуді бастау керек. Периндоприлді жүйелі қанайналымнан гемодиализ арқылы шығаруға болады. Емдеуге резистентті брадикардия жағдайында, электрокардиостимуляция жүргізу көрсетіледі. Тіршілік әрекетінің негізгі көрсеткіштерін, сарысудағы электролиттер мен креатинин деңгейін тұрақты түрде қадағалап отыру керек. Аторвастатиннің артық дозалануы кезнде арнайы емі жоқ. Артық дозаланған жағдайда, пациент симптоматикалық ем қабылдауы және қажет болса демеуші шаралар қолданылуы тиіс. Бауырдың функционалдық тестілерін жүргізу және КК деңгейлерін бақылау қажет. Аторвастатин плазма ақуыздарымен жақсы байланысатындықтан, гемодиализ аторвастатин клиренсінің елеулі жоғарылауына алып келмеуі мүмкін. Кальций глюконатын вена ішіне енгізу кальций өзекшелері блокадасының пайда болуын басуы мүмкін. Кей жағдайларда асқазанды шаюды жүргізген дұрыс. Амлодипин плазма ақуыздарымен жақсы байланысатындықтан, гемодиализдің әсер ету ықтималдылығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тығынмен жабдықталған, ішінде 3 г жуық ылғал сіңіргіші бар полипропилен тубаларға салынады.

1 тубадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші /Қаптаушы

Les Laboratoires Servier Industrie, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Les Laboratoires Servier, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім, сондай-ақ дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігінің қадағалануы  жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Сервье Казахстан» ЖШС

050020, Алматы қ., Достық д-лы 310г, Бизнес орталығы, 3 қабат

Тел.: (727) 386 76 62/63/64/70/71

Факс: (727) 386 76 67

e-mail: kazadinfo@servier.com

Прикрепленные файлы

Липертанс_инструкция_рус.doc 0.25 кб
Липертанс_инструкция_каз.doc 0.43 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники