Линкомицин (300 мг/мл)

МНН: Линкомицин
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lincomycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019356
Информация о регистрации в РК: 16.02.2018 - 16.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 23.42 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Линкомицин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Линкомицин

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 300 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 300 мг линкомицин гидрохлориді моногидраты (линкомицин негізге қайта есептегенде),

қосымша заттар: динатрий эдетаты; 0,1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Линкозамидтер.

АТХ коды J01FF02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Өкпенің, бауырдың, бүйректің зақымданған тіндеріне, плацентарлы бөгет арқылы, емшек сүтіне жақсы өтеді; сүйек тіндері мен буындарда жоғары концентрацияларда байқалады. Линкомицин гематоэнцефалиялық бөгет арқылы аздап өтеді, менингитте – өткізгіштігі жоғарылайды.

Бауырда ішінара метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 5 сағат. Өтпен және бүйректер арқылы өзгермеген күйінде және метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Streptomyces lincolniensis өндірілетін антибиотик, бактериостатикалық әсер береді. Рибосоманың 50S суббірлігімен қайтымды байланысуы салдарынан бактериялардың ақуыз синтезін басады, пептидтік байланыстардың түзілуін бұзады.

Грамоң кокктарға (Staphylococcus spp., Streptococcus spp., соның ішінде Streptococcus pneumoniae); Haemophilus influenzae; Bacillus anthracis, Mycoplasma spp., Bacteroides spp., Corynebacterium diphtheriae, Clostridium perfringens, Clostridium tetani қатысты белсенді.

Пенициллинге, тетрациклиндерге, хлорамфениколға, стрептомицинге, цефалоспориндерге төзімді Staphylococcus spp.-ге қатысты тиімді (эритромицинге төзімді 30% Staphylococcus spp.-нің линкомицинге айқаспалы төзімділігі бар).

Enterococcus spp (соның ішінде Enterococcus faecalis), грамтеріс микроорганизмдерге, саңырауқұлақтарға, вирустарға, қарапайымдыларға әсер етпейді; спора түзетін анаэробтарға, Neisseria spp., Corynebacterium spp. қатысты белсенділігі бойынша эритромициннен кем.

Қолайлы әсер сілтілік ортада (pH 8-8,5) болады. Линкомицинге төзімділігі баяу дамиды. Жоғары дозаларда бактерицидтік әсері бар.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден пайда болған бактериялық жұқпаларда:

- сепсисте

- баяу өрбитін сепсистік эндокардитте

- созылмалы пневмонияда

- өкпе абсцесінде

- плевра эмпиемасында

- плевритте

- отитте

- остеомиелитте (жедел және созылмалы)

- іріңді артритте

- іріңді синуситте

- іріңді тонзиллитте

- операциядан кейінгі іріңдік асқынуларда

- жара жұқпаларында

- пиодермияда, фурункулезде, флегмонада, тілме қабынуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Парентеральді түрде: көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне.

Ересектер үшін тәуліктік доза парентеральді түрде енгізген кезде – 1,8 г, бір ретік – 0,6 г. Жұқпаның барысы ауыр болғанда тәуліктік доза 2,4 г-ға дейін арттырылуы мүмкін (8 сағат аралықпен 3 қабылдау).

Көктамыр ішіне, балаларға – жасына қарамай, тәуліктік дозасы 10 - 20 мг/кг. Көктамыр ішіне – тек тамшылатып, минутына 60-80 тамшы жылдамдықпен. Енгізер алдында 2 мл (0,6 г) препаратты 250 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады.

Емдеу ұзақтығы аурудың түріне және ауырлығына байланысты 7 - 14 күнді құрайды (остеомиелитте - 3 апта және одан астам).

Ұзақ немесе қайталанатын курстарда емдеуді бауыр және бүйрек қызметтеріне бақылау жасай отырып, жүргізген жөн.

Бүйрек-бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде 1,8 г-нан аспайтын тәуліктік дозада, енгізуді кем дегенде 12 сағат аралықпен парентеральді түрде қолданған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

- жүректің айнуы, құсу, эпигастрий тұсының ауыруы, іштің ауыруы, диарея, глоссит, стоматит

Кейде:

- қан плазмасында бауыр трансаминазасы және билирубин деңгейлерінің транзиторлы жоғарылауы, жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда асқазан-ішек жолының кандидозы, жалған жарғақшалы колит пайда болуы мүмкін.

Сирек:

- қайтымды лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, агранулоцитоз

- бауыр қызметінің бұзылуы, сарғаю

Өте сирек:

- нейтропения, лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопениялық пурпура, апластикалық анемия, панцитопения

- аллергиялық реакциялар: есекжем, эксфолиативті дерматит, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок, көп пішінді эритема (кейбір жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромына ұқсас)

- бүйрек қызметінің бұзылуы (азотемия, олигурия, протеинурия), вагинит

- құлақ ішінің шуылдауы, вертиго

- жергілікті реакциялар: бұлшықет ішіне енгізген кезде жергілікті тітіркену, ауырушылық, қатаю және стерильді абсцестің түзілуі. Көктамыр ішіне енгізген кезде – флебит

- тағы басқалар: несеп-жыныс жолының зеңдік жұқпалары.

Көктамыр ішіне тез енгізген кезде – артериялық қысымның төмендеуі, бас айналу, астения, қаңқа бұлшықеттерінің босаңсуы, тыныстың және жүректің тоқтап қалуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне және басқа да линкозамидтерге асқын сезімталдық

- жүктілік (бұл "өмірлік" көрсетілімдері бойынша қажет болатын жағдайлардан басқасында)

- лактация кезеңі

- бауыр және/немесе бүйрек қызметтерінің жеткіліксіздігі

- ерте емшек жасындағылар (1 айлыққа дейін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Линкомицин канамицинмен және новобиоцинмен бір еккіште немесе тамызғышта фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Ампициллинмен, барбитураттармен, теофиллинмен, кальций глюконатымен, гепаринмен және магний сульфатымен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді.

Пенициллиндермен, цефалоспориндермен, хлорамфениколмен немесе эритромицинмен бірге – антагонизм, аминогликозидтермен бірге – синергизм.

Миорелаксанттардан пайда болған жүйке-бұлшықет бөгетін күшейтеді (әсіресе парентеральді түрде енгізген кезде).

Диареяға қарсы препараттар линкомициннің әсерін төмендетеді.

Есірткілік анальгетиктермен және кодеинмен бірге қолданған кезде тыныстың тоқтап қалу қаупі артады.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: терінің, ауыз қуысының, қынаптың шырышты қабығының зеңдік аурулары, миастения.

Асептикалық некроздың пайда болуына жол бермеу үшін бұлшықет ішіне терең етіп енгізген жақсы.

Көктамыр ішіне алдын ала сұйылтпайынша енгізуге болмайды.

Ұзақ емдеу аясында «бауыр» трансаминазасы белсенділігін және бүйрек қызметін оқтын-оқтын бақылап отыру қажет.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерге тек «өмірлік» көрсетілімдері бойынша ғана тағайындауға болады.

Жалған жарғақшалы энтероколит белгілері (диарея, лейкоцитоз, қызба, іштің ауыруы, нәжіспен бірге қанның және шырыштың бөлініп шығуы) пайда болғанда, жеңіл жағдайларда препаратты тоқтату және ионды алмастыратын шайырларды (колестирамин) тағайындау жеткілікті, ауыр жағдайларда сұйықтықтың, электролиттердің және ақуыздың орнын толтырады, ванкомицинді 10 күн бойы ішке, 0,5 - 2 г тәуліктік дозада (3 - 4 қабылдауға) немесе бацитрацинді қолданады.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емдеу: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 300 мг/мл ерітінді.

Сыйымдылығы 1 мл бейтарап шыны ампулаларда 1 мл-ден.

10 ампула медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған қорапқа салынған.

Ашық, пішінді ұяшықты қаптамаларға 5 ампуладан салынған.

Ашық, пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картон пәшкеге салынған.

Сындыратын сақинасы бар ампуланы қолданған жағдайда ампулалық скарификаторды салмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Синтез» ААҚ.

Ресей, 640008, Қорған қ-сы, Конституция даңғылы, 7.

тел./факс (3522) 48-16-89

Тіркеу куәлігінің иесі

"Синтез" ААҚ, Ресей

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ-сы, Уральская к-сі, 14

тел. 714 228 01 79, E-mail: real@kurgansintez.ru

Прикрепленные файлы

551518791477977111_ru.doc 57.5 кб
563269291477978280_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники