Линкас со вкусом малины
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Таңқурай дәмі бар Линкас
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Жөтелге қарсы шәрбат, 90мл, 120мл, 150мл
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тиюде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді басатын біріктіруді қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.
АТХ коды R05CA10
Қолданылуы
жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының қақырық қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларында
фарингитте, трахеитте, бронхитте
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- қант диабеті
- экссудативті диатез
- 6 айға дейінгі балаларға
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Ақпарат жоқ
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ақпарат жоқ
Арнайы алдын алу шаралары
Шәрбаттың құрамында сахароза бар, сондықтан қант диабетімен, экссудативті диатезбен ауыратын науқастар, сондай-ақ калориясы төмен диета кезінде ескеру қажет.
Педиатрияда қолдану
6 айға дейінгі балаларға қолдануға болмайды
Жүктілік және лактация кезеңі.
Жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық зерттеу деректері жоқ.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі ұсынымдар
Дозалау режимі
Ересектерге: 2 шай қасықтан (10 мл) күніне 3-4 рет
Балаларға: 6 айлықтан 3 жасқа дейін ½ шай қасықтан (2,5 мл) күніне 3 рет
3-тен 8 жасқа дейін 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 3 рет
8-ден 18 жасқа дейін 2 шай қасықтан (10 мл) күніне 4 рет
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емделу курсы – 5-7 күн
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Ақпарат жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алыңыз
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте сирек
- препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар
Белгісіз
- баяу типті аллергиялық реакция (метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат болуына байланысты)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
6T7T6TUUUhttp://www.ndda.kzUUU6T
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
10 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар:
(қою экстрактілер)
Тамырлы адхатода жапырақтары 163.3 мг
Жалаң мия тамырлары 17.3 мг
Ұзын бұрыш жемістері мен тамырлары 23.3 мг
Жұпар шегіргүл гүлдері 5.6 мг
Дәрілік сайсағыз жапырақтары 11.3 мг
Үлкен түзу қазтабан тамырсабақтары 17.7 мг
Жалпақ жапырақты кордия жемістері 23.3 мг
Дәрілік жалбызтікен жемістері 23.0 мг
Қарапайым зизифус жемістері 23.0 мг
Ілмешекті айлауық жапырақтары 23.0 мг
қосымша заттар: сахароза, сусыз лимон қышқылы, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, пропиленгликоль, бұрышты жалбыз майы, қалампыр майы, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таңқурай дәмі және өзіне тән иісі бар қоңыр түсті шәрбат.
Шығарылу түрі және қаптамасы
90 мл препараттан мойны бұрандалы, полипропилен қалпақшамен тығындалған янтарь шыны құтыларға құйылған.Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан өлшеуіш стақанымен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
120 мл және 150 мл препараттан балалардың ашып алуынан қорғалған қақпағы бар янтарь түсті шыны құтыға салынған. Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан өлшеуіш стақанымен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Құтының қақпағын ашқаннан кейін 25ºС-ден аспайтын температурада 8 аптадан асырмай сақтау керек.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Хербион Пәкістан Пвт. Лтд, Пәкістан
30/28 Коранги өнеркәсіптік аймағы,
Карачи, Пәкістан
Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6
Факс: (90-11) 35044263
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Хербион Пәкістан Пвт. Лтд, Пәкістан
30/28 Коранги өнеркәсіптік аймағы,
Карачи, Пәкістан
Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6
Факс: (90-11) 35044263
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және 36Tдәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты 36Tұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация Юниверсал» ЖШС
Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы, 15-үй, 4В корпусы, 1604-кеңсе
Телефон: 311-10-80
Е-mail:6T6T7Tinfo.kz@herbion.com7T