Линкас (сироп)

МНН: Адхатоды сосудистой листья, Алтея лекарственного плоды, Зизифуса обыкновенного плоды, Иссопа лекарственного листья, Калгана большого корневище, Кордии широколистной плоды, Оносмы прицветниковой листья, Перца длинного плоды и корни, Солодки голой корни, Фиалки душистой цветки
Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005556
Информация о регистрации в РК: 22.04.2022 - 22.04.2032
Номер регистрации в РБ: 9136/04/09/14/15/21
Информация о регистрации в РБ: 14.05.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ЛИНКАС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат 90 мл, 120 мл, 150 мл

Құрамы

10 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

(қою сығындылар)

Тамырлы адхатод жапырақтары 163.3 мг

Жалаң мия тамырлары 17.3 мг

Ұзын бұрыш жемістері мен тамырлары 23.3 мг

Жұпар шегіргүл гүлдері 5.6 мг

Дәрілік сайсағыз жапырақтары 11.3 мг

Үлкен калган тамырсабақтары 17.7 мг

Жалпақ жапырақты кордия жемістері 23.3 мг

Дәрілік жалбызтікен жемістері 23.0 мг

Қарапайым зизифус жемістері 23.0 мг

Гүлқасындағы оносма жапырақтары 23.0 мг

қосымша заттар: қант, сусыз лимон қышқылы, глицерин, метилпарабен, пропилпарабен, пропиленгликоль, бұрышты жалбыз майы, қалампыр майы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жалбыз дәмі және өзіне тән иісі бар қоңыр түсті шәрбат.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Линкас препаратының әсері оның құрамдастарының жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес; барлық құрамдастарды бірге маркерлердің немесе биологиялық зерттеулер көмегімен анықтап отыру мүмкіндігі жоқ. Осы себептерден препарат метаболиттерін де анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Линкас шәрбаты - әсері оның құрамына кіретін құрамдас бөліктердің қасиеттеріне негізделген жиынтық препарат.

Тамырлы адхатод құрамында вазицин, вазицинол мен вазицинонды қоса, эфир майлары, витаминдер және алкалоидтар бар. Бұл тиімділігі жоғары қосылыстардың муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитикалық (бронхтар түйілуін басып, тыныс алуды жеңілдетеді) және қақырық түсіретін (альвеолярлы жасушалар қызметін жақсартатын сурфактанттың синтезін көтермелейді, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың шығарылуын жылдамдатады) қасиеттері бар. Бұдан басқа, тамырлы Адхатод бронхты гистаминнің әсерінен болатын түйілуден қорғай отырып, ентікпеге қарсы әсер етеді.

Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.

Жалпақ жапырақты кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсер береді.

Дәрілік жалбызтікеннің құрамында полисахаридтер, крахмал, пектин, қант, аспарагин, каротин, лецитин, фитостерин, минералды тұздар мен майлар бар. Протектор ретінде әсер ете отырып, тығыз қабыну өңезін (мысалы, көмейдің шырышты қабығындағы өңезді) жұмсартады, қақырықты түсіреді және қабынуға қарсы әсер етеді.

Жалаң мияның тамырында және тамырсабағында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, витаминдер, эфир майы, ащы дәмді заттар және басқа қосылыстар бар. Олар иммунитет көтермелейтін, антиоксидантты, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы қасиеттерге ие.

Үлкен калган қақырықты бөліп шығаруы күшті зат болып табылады. Құрамында эфир майлары, камферид, галангин және альпинин бар.

Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты бөліп шығаратын, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диуретикалық қасиеттері бар.

Жұпар шегіргүл микробқа қарсы әсер етеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), жайландыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жұмсартады, тітіркенуді басады және қақырықтың жылдам шығарылуына ықпал етеді.

Қарапайым зизифустың құрамында витаминдер (A, B, C, b-каротин), амин қышқылдары, микроэлементтер, майлар, органикалық қышқылдар бар.

Қақырық түсіретін, сергітетін және бактерияға қарсы қасиеттерге ие, тамақтың ауыруын азайтады. Жоғары тыныс жолдарының қабыну үдерістері кезінде (ларингитте, трахеитте, бронхитте) жұмсартқыш және жөтелге қарсы әсер етеді.

Гүлқасындағы оносма – ыстықты түсіретін және сергітетін әсер береді, ентігудің азаюына ықпал етеді.

Линкас шәрбаты – қақырықтың шығуын жеңілдететін өсімдік тектес препарат, қақырық түсіретін және муколитикалық дәрі ретінде әсер етеді.

Қабынуға қарсы, спазмолитикалық және бронхолитикалық қасиеттері бар. Уыттану симптомдарын әлсіретеді, аллергияға қарсы әсер береді. Дәмі жағымды, құрамында спирт жоқ.

Қолданылуы

  • жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының қақырық қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларында

  • фарингитте, трахеитте, бронхитте

Қолдану тәсілдері және дозасы

Ересектерге: 2 шай қасықтан (10 мл) күніне 3-4 рет

Балаларға: 6 айлықтан 3 жасқа дейін ½ шай қасықтан (2,5 мл) күніне 3 рет

3-тен 8 жасқа дейін 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 3 рет

8-ден 18 жасқа дейін 2 шай қасықтан (10 мл) күніне 4 рет

Емделу курсы – 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- қант диабеті

- экссудативті диатез

- 6 айға дейінгі балаларға

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Шәрбаттың құрамында қант бар, сондықтан қант диабетімен, экссудативті диатезбен ауыратын науқастар, сондай-ақ калориясы төмен емдәм кезінде ескеру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

90 мл препараттан мойны бұрандалы, картон төсемі бар алюминий қалпақшамен тығындалған янтарь шыны құтыларға құйылған. Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан өлшеуіш стақанымен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

120 мл және 150 мл препараттан балалардың ашып алуынан қорғалған қақпағы бар янтарь түсті шыны құтыға салынған. Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан өлшеуіш стақанымен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Хербион Пәкістан (Пвт) Лтд», Пәкістан

30/28 Коранги өнеркәсіп аймағы,

Карачи қ, Пәкістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хербион Пәкістан (Пвт) Лтд», Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин /Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88 Факс: 234-41-47

E-mail: info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

883055771477977041_ru.doc 51 кб
915518461477978218_kz.doc 56.5 кб
9136_04_09_14_15_21_p.pdf 0.18 кб
9136_04_09_14_15_21_s.pdf 0.18 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ