Линкас Плющ (Хербион Пакистан Пвт. Лтд)

МНН: Плюща листьев экстракт
Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Плюща листьев экстракт
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023824
Информация о регистрации в РК: 08.08.2023 - 08.08.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Линкас Плющ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді зат – шырмауық жапырақтары құрғақ ұнтақ экстрактісі – 5.00 мг,

қосымша заттар: изомальт, лимон қышқылы, аскорбин қышқылы, ментол, қызыл бояғыш, моноаммоний глицирризинаты, бал хош иістендіргіші, жалбыз хош иістендіргіші, эвкалипт майы

Сипаттамасы

Бал сияқты дәмі бар ашық қызылдан қызғылт түске дейінгі дөңгелек пастилкалар

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар. Шырмауық жапырақтары экстрактісі.

ATХ коды R05CA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикасы бойынша деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Линкас Плющ – құрамында шырмауық жапырақтарының құрғақ ұнтақ экстрактісі бар, тыныс жолдарының катарын және бронхит, демікпе, бронхоэктаза және пневмония сияқты бронх ауруларының созылмалы қабыну симптомдарын емдегенде расталған тиімділігі бар өсімдік текті препарат. Шырмауық жапырақтары құрамында муколитикалық және спазмолитикалық әсер ететін ингредиенттер бар.

Қолданылуы

- тамақтың ауыруында

- бронхтың созылмалы қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде

- қақырықты жөтелмен бірге жүретін тыныс жолдарының жедел катаральді ауруларында

Қолдану тәсілі мен дозалары:

Ересектерде және балалар (12 жас және одан үлкен): Бір немесе екі пастилкадан күніне 3-4 рет;

Балаларда 6 жастан 12 жасқа дейін: Бір пастилкадан күніне 4 рет;

Балаларда 3 жастан 6 жасқа дейін: Бір пастилкадан күніне 3 рет;

немесе дәрігер нұсқауындағыдай.

Емнің ұзақтығы жай-күйінің сипатына және ауырлығына байланысты. Дегенмен тыныс жолдарының аздаған қабынуында емдеуді ең кемі 7 күн жалғастыру керек. Бұдан басқа, оны толық сауығуды қамтамасыз ету үшін симптомдары тоқтағаннан кейін 2-3 күн бойына ұстап тұруға болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар

Кейде

- асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • 3 жасқа дейінгі балалық жас

  • препараттың компоненттеріне немесе Аралия тұқымдас басқа өсімдіктерге жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықтың ерекше шаралары талап етілмейді

Препараттың ұсынылған тәуліктік дозасын ұлғайтуға болмайды.

Егер шағымдар ұзақ уақыт бойына сақталса немесе ентігу, температура жоғарылауы туындағанда, сондай-ақ іріңді қақырық немесе қан аралас қақырық болса дереу дәрігерге қаралу керек.

Қант диабетімен ауыратын науқастар үшін нұсқаулар:

Қантсыз Линкас Плющ құрамында қант және алкоголь болмайды және сондықтан қант диабеті бар науқастарға және алкоголь қабылдамайтын пациенттер үшін жарамды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды (клиникалық деректер жеткіліксіз болуына байланысты).

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сақтықтың ерекше шаралары талап етілмейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея.

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 8, 9 пастилкадан.

8 пастилкасы бар 1, 2 пішінді ұяшықты қаптамадан және 9 пастилкасы бар 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептсіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт Лтд,

Коранги өнеркәсіп аймағы, 30/28,

Карачи қ., Пәкістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хербион Пәкістан Пвт Лтд», Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың

сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және

дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин /Халиуллин к-сі 71/66

Тел. 234-48-53, 234-44-88

Факс 234-41-47

E-mail: info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

Линкас_Плющ,_пастилки_09.08_._.doc 0.05 кб
Н_каз_Линкас_Плющ,_пастилки_26_июль.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту