Линкас Плюс Экспекторант
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Линкас Плюс Экспекторант
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
120 мл шәрбат
Құрамы
10 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар:
сары жемісті Алқа жемістерінің 30.0 мг
тамырлы Адхатод жапырақтарының 70.0 мг
жалаң Мия тамырының 15.0 мг
кәдімгі Насыбайгүл гүлдері және жапырақтарының 30.0 мг
жалпақ жапырақты Кордия жемістерінің 10.0 мг
ұзын Бұрыш жемістерінің 10.0 мг
дәрілік Жалбызтікен жемістерінің 15.0 мг
Бадьян жемістерінің 50.0 мг
қою сығындылары бар
қосымша заттар: сахароза, сусыз лимон қышқылы, аммоний хлориді, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, пропиленгликоль, эвкалипт майы, бұрыш жалбызы майы, «шайнайтын резеңке» хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар қоңыр түсті шәрбат
Фармакотерапиялық тобы
Салқын тию және жөтел симптомдарын қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттардың біріктірілімі
АТХ коды R05CA10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген жоқ.
Фармакодинамикасы
Әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттеріне байланысты болатын кешенді препарат.
Сары жемісті Алқа құрамында стероидты алкалоидтар (соласонин, соламарин), мукополисахаридтер, С витамині бар. Жөтелді жұмсартады және қақырықтың тез шығарылуына ықпал етеді. Аллергияға қарсы әсер етеді.
Тамырлы Адхатод құрамында эфир майлары, витаминдер мен алкалоидтар, вазицинді, вазицинолды және вазицинонды қоса есептегенде, бар. Бұл қосылыстардың муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитиктік (бронхтың түйілуін қайтарып, тынысты жеңілдетеді) және қақырық түсіретін (альвеолалық жасушалардың қызметін жақсартатын сурфактант синтезін стимуляциялайды, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың шығуын тездетеді) қасиеттері бар. Бұдан басқа, гистаминнен болған бронхтың түйілуін тежей отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.
Жалаң мия тамырларында және тамырсабақтарында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, витаминдер, эфир майы, дәмі ащы заттары және басқа да қосылыстары бар. Олардың иммунитетті стимуляциялайтын, антиоксидантты, қабынуға қарсы және алллергияға қарсы қасиеттері бар.
Кәдімгі насыбайгүл құрамында эфир майлары, иіткіш заттар, камфора, С витамині бар. Бактерицидтік, спазмолитикалық, жансыздандырушы және қабынуға қарсы қасиеттері бар. Тынысты стимуляциялайды, организмнің жалпы тонусын арттырады.
Жалпақ жапырақты Кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсер береді.
Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.
Дәрілік жалбызтікен құрамында полисахаридтер, крахмал, пектин, қант, аспарагин, каротин, лецитин, фитостерин, минералдық тұздар және майлылығы жоғары майлар бар. Бүркеуіш, жұмсартқыш, қақырық түсіретін, қабынуға қарсы әсер береді. Өсімдік текті шырыш жұқа қабатпен шырышты қабықты жауып, бетінде ұзақ уақыт сақталады және оны тітіркенуден қорғайды.
Бадьян жемістері құрамында эфир майлары, қанттар, ақуыздар бар және муколитикалық және ыстықты түсіретін әсер береді.
Линкас Плюс Экспекторант өнімді жөтел кезінде жұмсартушы және тыныштандырушы әсер береді, тұтқыр қақырықты сұйылтып, оның ұзақ уақыт бойы тыныс жолдарынан шығарылуына ықпал етеді. Бронхтардың шырышты қабатының ісінуі мен қабынуын азайтады, иммундық жүйені белсенді етеді. Сурфактант өнімінің ұлғаюының арқасында, ол өкпе бетінің тартылуын төмендетеді, альвеолалардың қызметін тұрақтандырады, экспираторлы кезеңнің соңында олардың жабысып қалуына жол бермейді, бұл газ алмасудың талапқа сай болуына мүмкіндік береді, ол тыныс бұлшықеттерінің дем алу-демді шығару циклінің орындалуын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, сурфактант альвеола деңгейінде бактериялардың сіңу және қорытылу үдерісін стимуляциялайды. Линкас Плюс Экспекторанттың жұтқыншақ пен бронхтардың шырышты қабатына жергілікті антисептикалық, сондай-ақ жалпы бронхолиттік және спазмолитикалық әсері бар.
Қолданылуы
-
тұтқыр қақырықтың бөлінумен қатарласа жүретін тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларында (бронхит, бронх демікпесі, пневмония)
-
шырышты сұйылтуды қажет ететін ЛОР ағзаларының қабыну ауруларында (синуситтер, трахеиттер)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектерде: 1 ас қасықтан (10 мл) күніне 3 рет
Балаларда (6 жастан 18 жасқа дейін): 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 3 рет
Препаратты тамақтануға қарамай-ақ қабылдайды.
Емдеу курсы – 5-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
-
6 жасқа дейінгі балалар
-
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
-
жүктілік пен лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталған жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Жөтелге қарсы препараттармен (мысалы, кодеинмен) бір мезгілде қолданбаған жөн.
Шәрбаттың құрамында сахароза бар, осыны қант диабетімен, экссудативті диатезбен ауыратын науқастар, сондай-ақ гипокалориялы диета кезінде ескеру қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қазіргі таңға дейін жеткілікті зерттеулердің болмауына байланысты, препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданбаған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпалын тигізбейді.
Артық дозалануы
Анықталған жоқ
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұралатын пластмасса қақпағы және балалардың ашып қоюынан қорғағышы бар, янтарь түсті шыны құтыларға препарат 120 мл-ден құйылған.
1 құты өлшеуіш стаканымен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 8 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептсіз
Өндіруші
Хербион Пәкістан Пвт. Лтд.
75400, Пәкістан, Карачи
Коранги өндіріс аймағы, 30/28
Тіркеу куәлігінің иесі
Хербион Пәкістан Пвт. Лтд., Пәкістан
Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Фармация Юниверсал» ЖШС
Алматы қ-сы, Чаплин /Халиуллин к-сі 71/66
Тел: 234-48-53, 234-44-88
Факс: 234-41-77