Линкас Лор (таблетки для рассасывания со вкусом мяты)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Линкас Лор
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жалбыз, бал және лимон, апельсин дәмімен соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: (қою сығындылары):
Тамырлы адхатод жапырақтары 30.0 мг Жалаң мия тамырлары 7.0 мг Ұзын бұрыш жемістері 6.0 мг
Жұпар шегіргүл гүлдері 2.0 мг Дәрілік сайсағыз жапырақтары 3.0 мг
Үлкен калган тамырсабақтары 3.0 мг
қосымша заттар:
жалбыз дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, жалбыз хош иістендіргіші, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин
бал және лимон дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, жалбыз хош иістендіргіші, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин, бал хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші
апельсин дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин, апельсин хош иістендіргіші
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән жалбыз дәмі бар таблеткалар (жалбыз дәмімен).
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән бал-лимон дәмі бар таблеткалар (бал-лимон дәмімен).
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән апельсин дәмі бар таблеткалар (апельсин дәмімен).
Фармакотерапиялық тобы
Қақырық түсіретін препараттар
АТЖ коды R05CA10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Линкас Лор препаратының әсер етуі оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес; барлық компоненттерді бірге маркерлердің немесе биологиялық зерттеулер көмегімен анықтап отыру мүмкіндігі жоқ. Осы себептерден препарат метаболиттерін де анықтау мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Соруға арналған таблеткалар Линкас Лор таблеткалары - әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттеріне негізделген кешенді препарат.
Тамырлы адхатод құрамында вазицин, вазицинол мен вазицинонды қоса алғанда, эфир майлары, витаминдер және алкалоидтар бар. Бұл тиімділігі жоғары қосылыстардың муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитикалық (бронхтар түйілуін басып, тыныс алуды жеңілдетеді) және қақырық түсіретін (альвеолярлы жасушалар қызметін жақсартатын сурфактанттың синтезін көтермелейді, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың шығарылуын жылдамдатады) қасиеттері бар. Мұнан басқа, бронхты гистаминнің әсерінен болатын түйілуден қорғай отырып, ентікпеге қарсы әсер етеді.
Жалаң мияның тамырында және тамырсабағында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, витаминдер, эфир майы, ащы дәмді заттар және басқа қосылыстар бар. Олар иммунитетті күшті көтермелейтін, антиоксидантты, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы қасиеттерге ие.
Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.
Хош иісті шегіргүл микробқа қарсы әсер етеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), тыныштандыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жұмсартады, тітіркенуді басады және қақырықтың жылдам шығарылуына ықпал етеді.
Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты бөліп шығаратын, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диуретикалық қасиеттері бар.
Үлкен калган қақырықты шығарушы зат болып табылады. Құрамында эфир майлары, камферид, галангин және альпинин бар.
Пастилкалар құрамындағы дәрілік өсімдіктердің табиғи сығындылары қақырық түсіргіш, қабынуға қарсы, антисептикалық және ауыруды басатын қасиетке ие. Пастилкаларды баяу сору керек, бұл орайда дәрілік заттар жұтқыншақтың шырышты қабығын біркелкі бүркемелеп, тамақтағы қабыну мен ауыру сезімдерін жеңілдетеді. Жөтелдің ұзаққа созылуы мен ауырлығын айтарлықтай төмендетеді.
Қолданылуы
Жөтелмен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін тыныс алу жолдары ауруларына симптоматикалық ем жүргізуде.
Қолдану тәсілдері және дозасы
Ересектерге: 1 таблеткадан 2-3 сағат сайын.
Ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка.
Балаларға 6 жастан бастап: 1 таблеткадан күніне 4 рет.
Толық ерігенше баяу сору керек. Емдеу курсы 5-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жөтелге қарсы препараттармен, сондай-ақ қақырықтың түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Шәрбаттың құрамында қант бар, сондықтан қант диабетімен ауыратын науқастар, сондай-ақ гипокалориялы ем-дәм кезінде ескеру қажет.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек, жүктілік кезінде препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңескен дұрыс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат ұйқы шақырмайды және психомоторлық реакцияларды баяулатпайды, сондықтан жұмысы көлікпен және басқа да механизмдермен байланысты адамдардың қолдануына болады.
Артық дозаланғанда
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 8 таблеткадан.
2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Хербион Пәкістан Пвт Лтд,
30/28 Коранги өнеркәсіп аймағы,
Карачи қ., Пәкістан.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Хербион Пәкістан Пвт Лтд», Пәкістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы өкілдігі:
«Фармация Юниверсал» ЖШС
Алматы қ., Халлиулин/Чаплин к-сі, 66/71
Тел: 234-48-53, 234-44-88
Факс: 234-41-47
E-mail: info.kz@herbion.com