Линкас Бальзам

МНН: Камфора, Левоментол, Масло гвоздичное, Масло терпентинное, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013478
Информация о регистрации в РК: 04.07.2023 - 04.07.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Линкас Бальзам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай, 25 г

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: ментол 200 мг

эвкалипт майы 60 мг

камфора 70 мг

скипидар майы 20 мг

қалампыр майы 40 мг,

қосымша заттар: қатты парафин, жұмсақ ақ парафин.

Сипаттамасы

Түсі ақ немесе ақ дерлік жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Салқын тию симптомдары және жөтелді қайтаруға арналған препараттар.

Салқын тию симптомдарын қайтаруға арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.

АТХ коды R05X

 

Фармакологиялық қасиеттері

ЛИНКАС БАЛЬЗАМ – салқын тию ауруларында қолданылатын біріктірілген препарат. Препараттың фармакологиялық әсері оның компоненттерінің қасиеттеріне негізделген.

Ментолды теріге жаққан кезде салқынды сезінумен қатар жүретін жүйке ұштарын тітіркендіреді де, жергілікті ауыруды басатын әсер береді. Қабынуға қарсы және антисептикалық қасиеттері бар. Ингаляциялар кезінде қақырық түсіретін және муколитикалық әсері байқалады.

Эвкалипт майының құрамында 1,8-цинеол (эвкалиптол), пинен, миртенол бар. Бактерицидтік, вирусқа қарсы және фунгицидтік әсер береді. Теріге жаққан кезде жергілікті тітіркендіретін және ауыруды басатын әсер береді. Жергілікті жансыздандыратын жеңіл әсерінің арқасында терінің қышынуын кетіреді. Ингаляциялық қолданған кезде қақырықты түсіреді, муколитикалық және гипоксияға қарсы әсер береді.

Камфораның антисептикалық, жергілікті тітіркендіргіш, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Терінің сезімтал жүйке ұштарын қоздырып, ағзалар мен тіндер трофикасын рефлекторлы түрде жақсартады.

Мидың тыныс алу және тамырқозғалту орталықтарына қозу әсерін береді.

Скипидар майында терпен альфа-пинен бар. Жергілікті тітіркендіргіш, алаңдатқыш және трофикалық әсер береді. Ингаляциялық қолдануда қақырықты түсіретін және муколитикалық әсер ете отырып, жөтелді рефлекторлы көтермелейді.

Қалампыр майы құрамында антисептикалық, қабынуға қарсы және бактерицидтік қасиеттерге ие эвгенол бар. Бұлшықеттерде зат алмасу үдерістерін жақсартады, сонысымен бұлшықеттің ауыруын басады. Препарат құрамына кіретін дәрілік майлардың ұтымды үйлесімі қабынуға қарсы, ауыруды басатын әсерін қамтамасыз етеді, салқын тию мен тұмау симптомдарын жеңілдетеді, қақырықты сұйылтады, жөтелді азайтады. Мұрын және кеудедегі іркілулерді қайтарады. Бастың және бұлшықеттің ауыруын басады.

Қолданылуы

  • жөтелмен, ринитпен және бұлшықет ауыруымен қатар жүретін жедел респираторлы ауруларда

  • кеуде қуысында бөлініп шығуы қиын қақырық жиналғанда (бронхитте, трахеитте, пневмонияда).

Қолдану тәсілі және дозалары

Салқын тию ауруларына байланысты жөтелде жақпамайды кеуде, арқа және мойын терісіне жағады. Тиімді әсерге қол жеткізу үшін сыртынан жылы таңғыш таңу керек.

Мұрын бітелген кезде немесе тұмауда жақпамайды мұрын желбезегі терісіне жағады.

Дене бұлшықеттері ауырғанда жақпамайды ауыратын жерлеріне жағады. Тиімді әсерге қол жеткізу үшін сыртынан жылы таңғыш таңу керек.

Салқын тиюдің өте айқын құбылыстарында препаратты ингаляция түрінде қолданады: 1 шай қасық бальзамды ыстық суда ерітеді және ингалятор арқылы терең дем алады. Қоспаны қайтадан жылытуға болмайды.

Ингаляция тек ересектер үшін. Ингаляция жолымен енгізу жүкті әйелдерге ұсынылмайды.

Күніне 3-4 рет қолдану керек. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакция болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • 2 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препарат сыртқа қолдануға және ингаляцияға арналған.

Препаратты көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алмаған жөн.

Жақпамайды кездейсоқ көзге және шырышты қабыққа тигізіп алғанда мол сумен шаю ұсынылады.

Терінің зақымданған жеріне жағуға болмайды.

Балаларда қолданылуы

Ларингоспазм, конвульсия дамуы кезінде емдеуді тез тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет. Бала емізетін аналардың препаратты сүт бездері аумағына жағуына болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерінің күшеюі

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан бұрандалы қақпағы бар пластик құтыға салынған. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан (Пвт) Лтд

75400, Пәкістан, Карачи

Коранги өнеркәсіп аймағы, 30/28

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пәкістан (Пвт) Лтд, Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ. Чаплин /Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

Прикрепленные файлы

847091491477976744_ru.doc 50 кб
523808301477977910_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники