Линимент бальзамический (по Вишневскому) (Шаншаров-Фарм ТОО)

МНН: Деготь, Трибромфенолята висмута и Висмута оксида комплекс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009676
Информация о регистрации в РК: 26.09.2017 - 26.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Бальзамдық линимент (Вишневский бойынша)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Линимент

Құрамы

100г препараттың құрамында

белсенді заттар: 3,0 г қайың қара майы

3,0 г ксероформ

қосымша заттар: аэросил, күнбағыс майы

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ашық-сарыдан қоңыр түске дейінгі линимент.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар

АТЖ коды D08AX

Фармакологиялық қасиеттері

Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Микробқа қарсы, қабынуға қарсы және тіндер регенерациясын жақсартатын әсері бар.

Қолданылуы

- іріңді жараларда

- трофикалық ойық жараларда

- тесілулерде

- күйіктерде

- тромбофлебиттерде

- тілмелік қабынуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты сыртқа қолданады. Терінің зақымданған аймақтарына компресс, таңғыш түрінде күніне 2 рет жағады. Емдеу ұзақтығын аурудың сипаты мен өтуіне қарай емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- терінің тітіркенуі мүмкін (ұзақ қолданғанда)

- бөрту, қышу, қызару, терінің аллергиялық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық реакциялар туындағанда препаратты қолдану тоқтатылады да, десенсибилизациялаушы ем жүргізіледі.

Линименттің жағымсыз иісі бар және киімде дақ қалдырады.

Педиатрияда қолданылуы

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Қажеттілігіне қарай дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г, 15 г, 25 г, 40 г тығыздайтын элементі бар қақпақпен тығындалған үшбұрыш күлтелі шыны массадан жасалған банкаларға немесе бұралатын қақпақтармен тығындалып, мойны бұрандалы шыны массадан жасалған банкаларға немесе полимер банкаларға салынған.

Банкалар 40 және 150 данадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың жеткілікті санымен бірге топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.

Б. Бұлқышев к-сі, 4е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электронды поштасы: farm-4@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

773465561477977106_ru.doc 38 кб
596333591477978265_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники