Лимфомиозот Н (капли для приема внутрь)

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022609
Информация о регистрации в РК: 17.05.2021 - 17.05.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Лимфомиозот Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 30 мл

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар:

Araneus diadematus D6

5.0 г

Calcium phosphoricum D12

5.0 г

Equisetum hiemale D4

5.0 г

Ferrum iodatum D12

10.0 г

Fumaria officinalis D4

5.0 г

Gentiana lutea D5

5.0 г

Geranium robertianum D4

10.0 г

Levothyroxinum D12

5.0 г

Myosotis arvensis D3

5.0 г

Nasturtium officinale D4

10.0 г

Natrium sulfuricum D4

5.0 г

Pinus silvestris D4

5.0 г

Scrophularia nodosa D3

5.0 г

Smilax D6

5.0 г

Teucrium scorodonia D3

5.0 г

Veronica officinalis D3

5.0 г

қосымша заттар:

тазартылған су, этанол 96% (35 % (к/к) немесе 29.0 % (м/м)).

Сипаттамасы

Сәл ашық сарыдан ашық сарыға дейінгі түсті мөлдір, этанол иісі бар ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа терапиялық өнімдер. Басқа да дәрілік өнімдер.

АТХ коды V03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Лимфомиозот Н кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Лимфомиозот Н организмнің спецификалық емес қорғанысына және лимфодренаждағы ісінуге бейімділігіне байланысты жай-күйлерде немесе бадамша бездер немесе басқа лимфа түйіндер гипертрофиясымен лимфа диатезінде демеуші әсер етеді. Препарат әсері организмнің қорғаныс күшінің белсенуіне және препарат құрамына кіретін заттар есебінен бұзылған функцияны қалыпқа келтіруге негізделген.

Қолданылуы

Лимфа түйіндерінің ұлғаюына байланысты инфекцияларда лимфа жүйесін демеуде; аяқ-қол ісінуімен бірге жүретін организмдегі сұйықтың іркілуінің жеңіл түрінде демеуші ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Стандартты дозасы:

Ересектер (және 12 жастан үлкен балалар):

10 тамшы күніне 3 рет.

Педиатрияда:

Жаңа туған нәрестелер (емшектегі балалар) балалар және 2 жасқа дейінгі балалар: 3 тамшыдан күніне 3 рет.

2-5 жас: 5 тамшыдан күніне 3 рет.

6-11 жас: 7 тамшыдан күніне 3 рет.

Жедел жай-күйдегі бастапқы дозасы:

Ересектер (және 12 жастан үлкен балалар): 10 тамшыдан әрбір 30 мин. – 1 сағ, күніне 12 реттен асырмай, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.

Педиатрияда:

Жаңа туған нәрестелер (емшектегі балалар) балалар және 2 жасқа дейінгі балалар: 3 тамшыдан әрбір 30 мин. – 1 сағ, күніне 12 реттен асырмай, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.

2-5 жас: 5 тамшыдан әрбір 30 мин. – 1 сағ, күніне 12 реттен асырмай, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.

6-11 жас: 7 тамшыдан әрбір 30 мин. – 1 сағ, күніне 12 реттен асырмай, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.

Емдеу курсы - 2-5 апта.

Препаратты тамақ ішу аралығында қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Аллергия (аса жоғары сезімталдық) аса сирек жағдайларда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препараттың бір немесе одан көп ингредиенттеріне аллергия жағдайлары белгілі (аса жоғары сезімталдық).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің бір де бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтумен байланысы күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Лимфомиозот Н құрамында 35 к. % этил спирті бар. Егер симптомдары сақталса немесе нашарласа, сіз дәрігермен немесе маман медициналық қызметкермен кеңесуіңіз керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілікте және бала емізгенде препарат құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың уыттылығы зерттелмеген. Жүктілікте және бала емізу кезеңінде қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді, бірақ Лимфомиозот Н құрамында этанол барын ескеру керек.

Артық дозалануы

Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтумен байланысы күтілмейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тамшылатқыш-ендірмесі және полипропилен қақпағы бар қоңыр шыны құтыларда 30 мл-ден.

1 құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Қазақстан Республикасы аумағындағы: тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«AEM Services» ЖШС

050040, ҚР, Алматы, әл-Фараби даңғ., 75А үй, 102-103 кеңсе

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83

Прикрепленные файлы

Лимфомиозот_Н_капли_инструкция_рус.docx 0.04 кб
Лимфомиозит_Н_капли_инструкция_каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники