Итирес спаг. Пека (мазь)

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021435
Информация о регистрации в РК: 28.12.2020 - 23.06.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Итирес спаг. Пека

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Жақпамай, 35 г

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар барлығы. Басқа дәрілік препараттар

АТХ коды V03AX

Қолданылуы

Кешенді терапияның бөлігі ретінде

- әлсіреген лимфа жүйесін қалпына келтіру (лимфа түйіндері кеңейтілген және / немесе қаныққан кезде)

- лимфа дренажын ынталандыру

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- зақымданған теріге пайдалануға болмайды

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Арнайы сақтандырулар

Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Ересектер және 1 жастан асқан балалар.

Лимфалық түйіндердің үстіне жұқалап жағып, 5 минут бойы абайлап ысқылау керек. Күніне 1-2 рет қолданады.

Ысқылаудың орнына жақпамайымен таңғышты пайдалануға болады.

Ауру басталуының жедел жағдайларында жақпамайды күніне 4 ретке дейін жағуға болады. Одан әрі жоғарыда көрсетілгендей әдеттегі пайдалануға көшу керек.

Алдыңғы ем-шарасын өткізіп алсаңыз, екі еселенген дозаны пайдаланбаңыз.

Әдеттегі емнің ұзақтығы 7 – 10 күн.

Егер жағдайыңыз нашарлап кетсе немесе жақсару 7 күннен соң басталмаса, дәрігерге көрініңіз.

Емнің оң нәтижелерін бекіту, мысалы, жарақаттардан немесе хирургиялық операциялардан кейін лимфалық дренажды көтермелеу үшін 2 – 3 ай бойы жақпамайды күніне 2 рет (таңертең және кешке) жоғарыда көрсетілгендей қосымша қолдану ұсынылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультация алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз .

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдау қажет шаралар (қажет болған жағдайда)

Препарат компоненттері – цетеарилді және цетилді спирттер – жергілікті тері реакцияларын туындатуы мүмкін (жанаспалы дерматит типті).

Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Итирес спаг.Пека (жақпамай) қолдануды тоқтату қажет.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

10 грамм жақпамайдың құрамында:

белсенді заттар

Arnica montana spag. Peka D8 0.25 г

Calcium fluoratum D8 0.20 г

Calcium jodatum D6 0.25 г

Clematis recta D3 0.25 г

Conium maculatum D3 0.25 г

Scrophularia nodosa D2 0.15 г

Aesculus hippocastanum D4 0.35 г

Hedera helix spag. Peka D6 0.40 г

қосымша заттар: орташа ұзындықтағы тізбегімен триглицеридтер, А типті эмульгациялайтын цетеарилді спирт, цетилді спирт, цетил пальмитаты, тазартылған су, глицерин 85%.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Иіссіз немесе этанолдың әлсіз иісі бар, ақ біркелкі жақпамай, теріге жеңіл жағылады және жылдам сіңеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

35 г препараттан ішкі лак жабыны мен бұрандалы пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сықпаны алғаш ашқаннан кейін – 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Фирма «Санжар» ЖШС, Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 34, тел: 248-33-02, e-mail: info@sanzharpharma.kz

Прикрепленные файлы

Инструкция_Итирес_спаг.Пека_мазь_рус_.docx 0.03 кб
Итирес_спаг._Пека,_ЛВ_каз_.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники