Лимонидин

Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№121779
Информация о регистрации в РК: 28.10.2015 - 28.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Лимонидин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

5% жақпамай 10 г және 30 г

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат 5.00 г лимонидин

қосымша заттар: 40% этанол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, жұмсақ ақ парафин (медициналық вазелин),

«Қатты-2» эмульгаторы (Қ-2), тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар сарғыш-қоңыр түсті жақпамай. Жақпамайдың бетінде жеңіл күңгірт бояудың болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және вирусқа қарсы дәрі.

АТХ коды D06BB

Фармакологиялық қасиеттері

Эрозияларға және вирустық инфекция туғызған шырыштардың және терінің ойық жараларына қатысты белсенді. Жақпамай терінің және шырышты қабықтардың (ауыз қуысының, гениталийдің) жұқтырылған жараларының некроздық өңезден жылдам тазалануына ықпал етеді; экссудатқа қарсы тиімді әсерінің арқасында қабыну үдерісін басады және зақымдану ошақтарының регенерациясын жеделдетеді.

Қолданылуы

  • герпесте (шырыштардың, соның ішінде гениталийдің, бет терісінің және дененің)

  • сүт безі ұштарының жарылуында

  • шатаралық тігістердің ашылуында

  • ауыз қуысы шырышындағы эрозиялы – ойық жаралы және ойық жаралы-некроздық үдерістерде

  • қабынған және пародонттың қабынған-деструкцияланған ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

1 және 2 түрдегі герпес вирусы туғызған инфекцияларда жақпамайды 10 күн бойына тәулігіне 3-4 рет шырышты және терінің зақымданған бөлімдеріне жағады.

Босанған әйелдердегі сүт безі ұштарының жарылуында жақпамайды 5-6 күн бойы емізулер арасында жарықтардың ауада кепкен беткі қабатына әбден жазылып кеткенше жағады, емізудің алдында жақпамайдың қалдығы сумен кетіріледі; әйелдерде шатаралық тігістер ашылып кеткенде 7-8 күн бойына тәулігіне 2-3 рет жарақатты 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісімен өңдеп, кептіреді де, әбден жазылып кеткенше жақпамайды жағады.

Ауыз қуысы шырышындағы эрозиялы – ойық жаралы және ойық жаралы-некроздық үдерістерде зақымданған ошақтарды 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісімен немесе 0,5% фурацилин ерітіндісімен өңдейді. Жақпамайды тәулігіне 2-3 рет жарақат толық тегістеліп кеткенше 10-15 минут бойы сіңдіре жағады; қабынған және қабынған-пародонттың деструкцияланған ауруларында жақпамайды қызылиекті қатайтатын таңғышты әзірлеуге арналған негіз ретінде пайдаланады, ол пародонтқа үдеріс белсенділігінің нышандары жойылғанша күн сайын 2 сағат таңылады.

Жағымсыз әсері

Препарат әдетте жақсы көтерімді. Жақпамайды жарақатты қабатқа сіңдіре жаққанда ашыту сезімі болуы мүмкін, ол жаққаннан кейін бірнеше минут өткенде өздігінен басылады және препаратты тоқтатуды қажет етпейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лимонидин жақпамайын, дәрілермен өзара әрекеттесудің қандай да бір реакциялары анықталмағандықтан, басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болады.

 

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Лимонидин жақпамайы ана мен ұрықтың ағзасына қандай да бір теріс әсерін тигізбейді. Босанған әйелдердегі емшек ұштарының жарылып кетуін және шатаралық тігістердің ішінара ашылып кетуін емдеу үшін қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Әсер етпейді

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г немесе 30 г препараттан медициналық жақпамайларға арналған алюминий сықпаларға салынған.

Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықтан алынған ақпаратты қорапшаға жазуға болады. Қорапшаларды тұтынушылар ыдысына арналған немесе гофрланған картоннан жасалған қораптарға салады. Топтық қаптамаға қаптамалық парақ салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 20°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

597291001477976367_ru.doc 67.5 кб
820609111477977561_kz.doc 78 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники